Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая (2).doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
139.75 Кб
Скачать

2 Сурет. Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды қалыптастыру

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды қалыптастыруда осы факторларды ескере отырып белсенді саясат жүргізу бәсекеге қабілетті өнім өндірісін құру үшін ауыл шаруашылығының тиімді қызметін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мақсатында аталмыш саланың дамуы, яғни оның тауарларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру тұрғысында бірқатар негізгі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар кешенін қабылдау тиімді болмақ [2].

  1. Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды жетілдіру бойынша практикалық іс-шараларды қабылдау осы салаға келіп түсетін отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыруды мемлекеттік қолдауды күшейту, республика Үкіметі баламалы бюджеттік, несиелік, салық саясатын жүргізуі, инвестицияларды тарту мен олардың экономикалық тиімділігін арттыруда қалыптасатын мәселелерді нақты үйлестіретін орагандардың қызмет ету аясын жетілдіру нәтижесінде оңтайлы жүргізілетін болады.

Аталған мәселелердің шешімін Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мен олардың тиімділігін арттыруды дамыту туралы тиісті заңнамалық нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу мен қабылдау жолымен шешуге болады.

  1. Ауыл шарушылығын бойынша инвестициялардың келіп түсуін арттыру жөнінде аймақтық саясат жүргізу.

Аймақтар бойынша маманданыруды қалыптасытру бойынша іс-шаралар қабылдау аса маңызды орын алады. Мәселен, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында – жеміс-жидек, көкөніс саласын, Жамбыл және Алматы облыстарында – қант өндіруді, Ақмола, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында – астық өңдеуді, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында – сүт өнімдерін, Атырау облысында – балық саласын дамыту қажет[3].

Бұл бағыттар нақты сала бойынша мамандануға, сол аймақтың өндірістік және еңбек ресуртарын жұмылдыруға, ауыл аумақтарының инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпорындар мен олардың өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осының барлығы жалпы саланың инвестициялық татымдылығын арттыруға өз септігін тигізетін болады.

  1. Институционалдық қамтамасыз етуді жетілдіру. Қазіргі кезеде ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын мемлекеттік бақылау мен қадағалау функциялары мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қызмет, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет, Қазақстанның Мемстандарт және шаруашылық субъектілеріне қызмет етуіне лицензия беруші мемлекеттік органдар арасында бөлінген. Бұл орайда осы құрылымдарың функциялары мен қызмет саласында көшірмелеуге жол бермеу керек.

  2. Өндіріс тізбегін – мемлекет аралық агроиндустриалдық кластерлер қалыптастыру. Қазіргі кезде мемлекет аралық кластерлерді: астық, жеміс-жидек пен көкөніс, қант, сүт, балық салаларын құру мен дамыту өзекті маңызға ие. Бұл бағыттар елдің аграрлық сектор экономикасын өсірудің жаңа нүктелеріне айналуы мүмкін.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары өз инвестицияларын кластер қалыптастыруға бағыттауы үшін шарт-жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда оларға кластердің анағұрлым ірі қатысушыларына тауар мен қызметтер жеткізу рөлі беріледі.

Аграрлық кластердің жұмыс істеуі өндіріс тізбегінде мелекеттің салықтық, кедендік, тарифтік саясатын жетілдіру арқылы белсенді қатысуын көздейді.

Республика Үкіметінің шетел компанияларын ынтымақтастыққа ынталандыру бойынша іс-шаралар қабылдауының маңызы зор. Мәселен, астық өңдеу кластерін ұйымдастыру барысында Қазақстанға комбайндар мен басқа ауыл шаруашылық машиналарын жеткізу үшін Ресей компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату тиімді болар еді [4].

Тұтастай алғанда республика экономикасын дамытудың кластерлік тетігін іске асыру ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен олар өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болады, экономиканың аграрлық секторына нвестицияларды белсенді тартуға және озық технологияларды ендіру мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесетін болады.

  1. Аграрлық сектордағы мемлекеттік инвестициялық саясат тетіктерін жетілдіру.

Бүінгі таңда аграрлық секторға шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бойынша іс-шараларды қабылдау аса маңызды. Ол үшін инвесторларға қолайлы шарт-жағдай жасау үшін тиісті заңдарды жетілдіру бойынша іс-шараларды қабылдау тиімді болмақ.

Осыған байланысты мынандай инвестициялық преференциялар берудің маңызы өте зор:

  • Тауар өндірушілерді инвестициялық жоба аясында жаңадан пайдалануға енгізілген негізгі қорларға қатысты салық төлеуден бес жылға дейінгі мерзімге босату;

  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін сатып алынған не қолданылатын жер учаскелері үшін салық төлеуден бес жылға дейінгі мерзімде босату.

Ұлттық заңнамаға ерекше резервке қою режимі бар инвестициялық несие санатын енгізу арқылы банк жүйесінің қызметіндегі инвестициялық бағытты күшейту маңызды. Аталған шарттарды қалыптастыру жағымды инвестициялық климат жасауға жол береді.

35