Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая работа.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
85.65 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3

  1. Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері.........................................................4

    1. «Ұлар» ЖШС техника – экономикалық сипаттамасы……………………………..4

    2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері………………………………………6

    3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны………………………………..13

2. Бухгалтерлік баланс аудиті…………………………………………………………..16

2.1. Бухгалтерлік баланстың талдау тәсілдері мен аудитін жетілдіру шаралары…...16

2.2. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін қажетті шараларды енгізуді жақсарту жолдары…………………………………...19

Қорытынды ………………………………………………………………………………27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….28

КІРІСПЕ

Елімізде мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы нарығына шығуы, шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы бухгалтерлік есеп жүйесін кезеңдеуді талап етеді.

Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік, жалпы еліміздің экономикасын көтеруге оң әсерін тигізеді. Еліміздегі кез – келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір – бірімен тығыз байланысты – жабдықтау, өнім өндіру өндірілген өнімдерді, тауарларды сатып - өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен тұрады.

Бүгінгі таңда әлемдік ғаламдану жағдайында ел Президентінің басты бағыт деп анықтаған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету маңызды рол ойнап отыр. Экономиканың бәлекеге қабілеттілігі мен транспатренттілігінің негізгі белгісі болып, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін ескеру керек.

Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары бұл Қазақстан тұтас экономикасының, Қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығының құрамдас бөлігі, сондай – ақ экономиканың жедел дамуы мен капиталды интеграциялауға қызмет ететін, қаржылық есептілікті жалпы және біріңғай түрде түсінуге қажет қазіргі заманғы стиль. Ал ҚЕХС білу және онымен жұмыс істеу қазіргі заман талабына сай бухгалтер мен аудитордың ғана емес, басшының да қажетті, сапалы бедел белгісі болып табылады.

Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде «баланс» деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі – қаржылық есептің құрамдас бөлігі бухгалтерлік баланстың көрінісі мен тәсілдерін қалыптастыруға негізделген. Баланс өтімділігін талдау мен өзгерістерін қарастыру және шетел тәжірибесін зерттеу курстық жұмыстың басты негізгі мақсаты мен міндеті.

1.Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері

1.1 «Ұлар» жшс техника – экономикалық сипаттамасы

«Ұлар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000 жылы құрылды. Мемлекеттік тіркеу куәлігі № 10135 – 1917 – ЖШС 19.01.2000 жылдан бастап.

Семей қаласында осы кезеңнен бастап тұрақты жұмыс істеп, даму үстінде. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын қаламыздағы дамыған өндіріс орны деп танылады және оның бірнеше қоймалары мен негізгі орындары да бар. Осы кәсіпорын құрылғаннан бастап, өздерінің көрсететін қыметтерінің сапалылығын айқындап, сапалығының ішкі бақылау жүйесі және де оны әр жыл сайын жетілдіріп отыруды қолға алған.

Сонымен қатар қызмет көрсету үшін Семей қаласы бойынша сату орындары орналастырып, қоймалары кәсіпорын аумағында орналастырылған.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі мақсаты – клиенттердің тұтыну деңгейін қамтамасыз етуге байланысты қыметтер көрсетіп, оларға жоғарғы сапалы өнімдерді ұсыну. Жеңілдіктер жасау.

«Ұлар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі таңда тағамдардың 300 ден аса түрін нарыққа шығарады. Тағамдардың ассортименті жыл сайын өзгеріп тұрады.

Қазіргі таңда «ҰЛАР» ЖШС-нің негізгі бірлесе жұмыс жасайтын кәсіпорындары ірі дүкендер мен қаладағы сауда орындары, сонымен қатар негізгі тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуде эффектіивті жұмыс жасау орындары.

Кәсіпорынның алға қоятын барлық өнімдері куәліктерге сай тексерілген таза өнімдер.

Негізгі қызмет түрлері мыналар:

  • сапалы, куәландырылған өнім ұсыну;

  • өнімді жеңілдікпен сату;

  • Тапсырыстар қабылдау;

  • қала бойынша жедел жеткізу;

  • клиенттің ұсыныстары мен талаптарын орындау;

  • Өнімнің әртүрлілігін қамтамасыз ету.

«Ұлар» ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - «Ұлар» ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2007 ж

2008 ж

Ауытқу

Абс.(+/-)

%

1

2

3

4

5

6

1

Өнімдерді сатудан табыс, мың теңге

200253

215160

+14907

+7

2

Өндірілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге

169199

178583

+9384

+5

3

Жалпы табыс, мың теңге

31054

36577

+5523

+17,7

4

Кезең шығыны, мың теңге

2122

2854

+732

+34,4

5

Салық салуға дейінгі табыс, мың теңге

28932

33723

+4791

+16,5

6

Корпоративтік табыс салығы

6450

6780

+330

+5,1

7

Таза табыс, мың теңге

22482

26943

+4461

+19

8

Сатылған өнімдердің 1 бірлігіне шығындар

84,5

83

-1,5

-2

9

Сату рентабельділігі, %

15,5

17

+1,5

+9

10

Негізгі құралдардың орта жылдық құны, мың теңге

217000

278300

+61300

+28

11

Ағымдағы активтердің орта жылдық құны, мың теңге

198300

212150

+13850

+7

12

Қор қайтарымдылығы, теңге

1,08

1,29

+0,21

+19,4

13

Қор сыйымдылығы, теңге

0,92

0,77

-0,15

-16,4

14

Ағымдағы активтердің айналымдылығы

1,01

1,02

+0,01

+0,9

15

Жұмысшылар- дың орта тізімдік саны, адам

190

280

+90

+15

16

Еңбекөнімділігі, мың теңге

712603

727913

+15310

+2

17

Еңбек ақы қоры, мың теңге

67260

90780

23520

+35

18

Дебиторлық қарыздар, мың теңге

3125

4356

+1231

+39,3

Бұл кестедегі “Ұлар” ЖШС – нің екі жылдық техника – экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Оларға нақты тоқталатын болсақ, кәсіпорын табысты болғанын байқауға болады. Жалпы өнімді сатудан түскен түсім 2008 мен 2007 жылды салыстырғанда 14 907 мың теңгеге немесе +7% өскендігі байқалады. Оған тауарға сұраныстың өсуі, яғни жаңа тұтынушылардың әсері мол. 2008 жылды 2007 жылмен салыстырсақ, ол +5%- ға, яғни 9384 мың теңгеге өскен. Жалпы табыс сомасы 2008-2007 жылдар аралығында – +17,7%, яғни 5523 мың теңгеге өскен, ал кезең шығындары 2008 жылы 2007 жылға қарағанда +34,4%, яғни 732 мың тг. өскен, бұған өнім өндірумен байланысты шығындардың өсуі әсер етті Салық салуға дейінгі табыс 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда +16,5%-ға, яғни 4791 мың тг. өскен. Корпоративтік табыс салығы 2008 мен 2007 жылдарды салыстырғанда 5,1%-ға, яғни 330 мың теңгеге өскен. Таза табыс көлемі 2008-2007 ж. салыстырғанда 19%-ға, яғни 4461 мың тг. өссе, сатылған өнімдердің бір бірлігіне шығындар 2008-2007 жылмен салыстырғанда -2%-ға, яғни 1,5-ке азайғанын көруге болады. Сату рентабельділігі +9%-ға, негізгі құралдардың орта жылдық құны +28 %-ға, яғни 61300 мың тг. өскен, оған комбинаттың жаңа негізгі құрал түрлерінің алғаны әсер еткен. Ағымдағы активтердің айналымдылығын 2008 ж мен 2007 ж салыстырсақ +7%-ға, яғни 13850 мың тг. өскен. Қор қайтарымдылығы 2008 ж мен 2007 ж. салыстырғанда –0,21% -ға, яғни 19,4 тг.өскен. Қор сыйымдылығы 2008 мен 2007 жылдарды салыстырып қарасақ, -16,4%-ға, яғни -0,15 мың тг. азайғандығын көреміз. Ағымдағы активтердің айналымдылығы 2008 ж. мен 2007 ж. салыстырсақ, +0,9%-ға, яғни 0,01 өскен. Жұмысшылардың орта тізімдік саны 2008 ж. мен 2007 ж. салыстырсақ 15%-ға немесе 90 адамға көбейген, еңбек өнімділігі +2% немесе 15310 мың тг. өскен, еңбекақы қоры +35% немесе 23520 мың тг. және дебиторлық қарыздар +39,3%, яғни 1231 мың теңгеге өскенін байқауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]