Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.63 Mб
Скачать

Интерлейкин-2

Ең бірінші анықталған цитокин- интерлейкин-2(ИЛ-2). Ил-2-нің негізгі продуциенттері Т- хелперлер болып табылады. Бұл типті клеткалардың 75% Ил-2 синтездейді. Цитотоксикалық Т- клеткалардың 20%-на дейін бұл цитокинді бөлуге қабілетті. Бұл клеткалардағы ИЛ-2 синтезіне антигендер немесе митогендер ғана әсер етпейді, басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың да әсер бар. Басқа клеткалар кластарымен бөлінетін белгілі цитокиндер (ИЛ-1,ИЛ-6,ФНО,ИФН), антигендермен белсендірілге Т-клеткалармен ИЛ-2-нің продукциясын ынталандырады. Тимус гармондары (тимозин, тимустың сары сулық факторы) ИЛ-2 продуцент клеткаларына жетілмеген тимоциттердің дифференцировкасын қамтамасыз етеді. Клетка ішілік Са2+ деңгейін күшейтуші ионофорлар жаңағы цитокиннің продукциясын күшейтеді.  ИЛ-2- нің реттеуші әсерінің нысанасы болып Т- клеткалардың субпопуляциялары, В- клеткалар, табиғи киллерлі клеткалар, макрофагтар болып табылады.  ИЛ-2 әсерінің негізі нәтижесі тыныштық күйдегі немесе антиген және митоген арқылы ынталандырылған клеткалардың пролиферациясын қамтамасыз етеді. Осы ИЛ-2-нің биологиялық белсенділігі лимфо- миелоидты комплексті клеткалардың өспелі фактор ретінде анықтайды.

Интерлейкин- 3

Интерлейкин-3(ИЛ-3)- қан түзуші клеткалардың ерте ізашарлары үшін өспелі және дифференцирлеуші фактор.  ИЛ-3-тің негізгі продуценті Тhy-1 және Тhy-2, сонымен қатар цитотоксикалық Т- лимфоциттердің бір бөлігі мен басқа клеткалар (тимустың эпителиальді клеткалары, В- лимфоцитер, миелоидтты және сүйек кемігінің страмалды клеткалары). Жаңағы цитокин барлық гемопоэтикалық өспелі дифференцировкалардың ерте ізашарларынан түрлі фенотипті клеткалардың жетілуіне мүмкіндік жасайды: лимфоидты, моноцитарлы, гранулоцитарлы, мегакариоцитарлы, эритроидты. ИЛ-3-тің Т- лимфоциттердің ерте ізшараларына дифференцирлеуші әсер етуін ескеру қажет. Осындай әсер ету нәтижесінде жетілмеген Тhy-1 Тhy-1+ Л- лимфоциттерге ауысады. Бұл цитокин пре- В- клеткалардың беткей иммуноглобулинді экспрессиясының басталуына дейінгі дифференцировкасына қатысады.

Интерлейкин-4

Ил-4-тің көзі митогенмен стимульденген Т- хелперлер (Тhy-2), мес клеткалар, сүйек кемігінің стромасының индентифицирленбеген клеткалары болып табылады. Сәйкес рецепторлары бар ИЛ-4-тің реттеуші әсерінің нысанасына Т және В лимфоциттер, макрофагтар, фибробласттар, НК- клеткалар, мес клеткалар, гемопоэздің сүйек кемігінің ізшаралары жатады. ИЛ-4 В-клеткалардың пролиферациясына костимулятор ретінде қатысады. Сонымен қатар ИЛ-4 Jg Е- нің продукциясының деңгейін жоғарлатуға қабілетті. ИЛ-4 макрофактормен синтезделетін қабынуды шақыратын цитокиндердің ( IL-1 b, 6, 8, 12, TNF –a) түзілуін және азот пен от тегінің метоболиттерінің пайда болуын тежейді. ИЛ-4 лимфокин арқылы активтелген клеткалардың (ЛАК) және макрофагтардың ісікке қарсы активтілігін күшейтеді. ИЛ-4 секрециясының реттелуінің бұзылуы аллергопатологияның дамуында маңызды рол атқарады. Созылмалы С-вирусты гепатитінде ИЛ-4-тің жоғарлауы анықталады, әсірісе асқыну кезеңінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]