Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ каз тили-1 / Казак тили сурактар.doc
Скачиваний:
872
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
572.93 Кб
Скачать

Сөйлем.

1- нұсқа.

1. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.

А) Жайылма. В) Толымды. С) Атаулы. Д) Жалаң. Е) Жақсыз.

2. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Таулар бұлтпен тірескен. В) Қазақстанның жері кең-байтақ. С) Көгілдір көлде аққу қалқиды.

Д) Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу. Е) Жап-жасыл дала.

3. Бастауышы зат есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз.

А) Олар туралы оқығанмын. В) Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты. С) Үлкендер бір ауыздан қолдады. Д) Біз Жер-Ана жыламаса дейміз. Е) Адам туған жерін аңсайды.

4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сусыз-өмір жоқ. В) Табиғат-тірі дүние. С) Су-тіршілік көзі. Д) Балқаш-көлі ең таза көл.

Е) Орман ауаны-тазартпайды.

5. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. В) Сен теледидар алдында ұзақ отырғаның үшін ата-анаңнан ескерту аласың. С) Ол бағдарлама қанша уақытқа созылуы керек?

Д) Теледидарды көп қарайсың ба? Е) Балаларға арналған жеке бағдарлама болуы керек.

6. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !

А) Қайтар. В) Қорға. С) Өткіз. Д) Апат. Е) Күрес.

7. Сөйлем мүшелері талданбайтын сөйлем түрін белгілеңіз.

А) Атаулы В) Жақты С) Жайылма Д) Жақсыз Е) Жалаң

8. Жай сөйлемнің түрін ажыратыңыз. Қыс. Күн суық.

А) Атаулы. В) Жалаң. С) Жақсыз. Д) Жайылма. Е) Толымды.

9. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Таң атты. В) Мен мектепке жиналдым. С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.

Д) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. Е) Бүгінгі мереке маған ұнады.

10. Сөйлемнің түрін көрсетіңіз. Түн. Тыныштық.

А) Жақты. В) Жақсыз. С) Атаулы. Д) Жайылма. Е) Жалаң.

11. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім.

А) Құрмалас. В) Лепті. С) Сұраулы. Д) Жалаң. Е) Толымсыз.

12. Сөйлемді аяқтаңыз: Қыста ... ... .

А) Боран соғады. В) Жидек піседі. С) Қар ериді. Д) Көк шығады. Е) Жапырақтар сарғаяды.

13. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді. В) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

С) Біз демократиялық істерді жүзеге асырамыз. Д) Елімізде өзгерістер көп.

Е) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

14. Ойды аяқтаңыз: Табиғат адамдардан қамқорлық ... .

А) көрсетеді В) қабылдайды С) қажет етпейді Д) күтеді Е) талап етпейді

15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.

А) Сұраулы. В) Толымсыз. С) Жалаң. Д) Лепті. Е) Хабарлы.

16. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бақылау жұмысы болды. В) Мен келдім кеше. С) Өлең білемін туралы Астана.

Д) Әжеме барамыз кешке. Е) Теңге жасалған ерекше.

17. Сөйлемнің түрін табыңыз. Қыс. Аппақ қар.

А) Толымды. В) Толымсыз. С) Жалаң. Д) Жайылма. Е) Атаулы.

18. Сөйлемді толықтырыңыз. Мақал-мәтелдер біздің халық ауыз әдебиетінің ұрпаққа қалдырған... байлығы.

А) Әдемі. В) Тұңғыш. С) Мұра. Д) Көркемдік. Е) Рухани.

19. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

А) Сыныптан мұғалім жаңа ғана шығып кетті. В) Сыныптан шығып кетті мұғалім жаңа ғана.

С) Мұғалім шығып кетті жаңа ғана сыныптан. Д) Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті.

Е) Сыныптан мұғалім шығып кетті жаңа ғана.

20. Бастауышы бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Уақытын жоспарлай білуі керек. В) Кәсіпкерлік жылдам дамыды. С) Жұмысты тез орындаймыз. Д) Бүгін жұмысқа шықтық. Е) Нарықтық экономикаға бет бұрдық..

21. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Ол үнемі кешігіп жүреді. В) Уақыт еш нәрсені де мойындамайды. С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті. Д) Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты. Е) Уақыт жоқ.

22. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

А) Салалас. В) Сабақтас. С) Атаулы. Д) Жақсыз. Е) Жақты.

23. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. В) Қыс. Сары аяз. С) Бұл жерде суға түсуге болмайды. Д) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді. Е) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.

24. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?

А) Сұраулы В) Жалаң С) Жақсыз Д) Хабарлы Е) Толымсыз

25. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жайылма. В) Толымсыз. С) Атаулы. Д) Жалаң. Е) Толымды.

Сөйлем

2-нұсқа.

1. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Мен спорт клубына барамын. В) Үйде отырамын. С) Мен мектепке келемін.

Д) Мен аға- інілеріммен саяжайға барамын. Е) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын.

2. Сөйлемді толықтырыңыз. Мұғалім бізбен сөйлес... тұр.

А) –кісі В) –мен С) –ге Д)-іп Е) үшін

3. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оның музыкалық мәдениеті өте бай. В) Мен таңға дейін отырдым. С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз. Д) Ол оқып жүр. Е) Олар қаржыны да мол табады.

4. Сөйлемді аяқтаңыз. Көктемнің алғашқы гүлі - ... .

А) Қалампыр. В) Раушан. С) Көкнәр. Д) Бәйшешек. Е) Қызғалдақ.

5. Сөйлем ішінен жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Еліміз Елтаңбасымен еңселі. В) Айту-менің парызым. С) Халық бар жерде – тіл де бар.

Д) Елдіктің белгісі іспетті. Е) Зерттеулер бар.

6. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер. В) Мұқанов Мұрат-құрылысшы. С) Жетісу- жер жаннаты.

Д) Ол-шындық. Е) Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

7. Құрамына қарай жай сөйлем түрлерінің жалпы санын көрсетіңіз.

А) 7 В) 3 С) 2 Д) 5 Е) 9

8. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Теңге үнемді сүйеді. В) Ақша-халық байлығы. С) Тиыннан теңге құралады.

Д) Теңге ұлттық-валюта. Е) Ақшаны үнемдей біл.

9. Сөйлемді аяқтаңыз: Балалар қыста шанамен ... .

А) Сүйрейді. В) Сырғанайды. С) Отырады. Д) Секіреді. Е) Тұрады.

10. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Аппақ қар. В) Олар кешігіп келді. С) Оқушылар үйге келді. Д) Мен әлі отырмын.

Е) Сабақ басталды.

11. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін атаңыз.

А) Сұраулы. В) Толымды. С) Атаулы. Д) Жақты. Е) Толымсыз.

12.Сөйлемді толықтырыңыз.

Наурыз мейрамында әрбір үйге ... келеді деген сенім бар.

А) Аяз ата. В) Мұғалім. С) Қыдыр ата. Д) Қонақ. Е) Қарша қыз.

13.Жайылма сөйлемнің құрамын анықтаңыз.

А) Тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер. В) Толықтауыш, пысықтауыш. С) Бастауыш, анықтауыш. Д) Анықтауыш, баяндауыш. Е) Тұрлаулы мүшелер.

14. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол кеш келді. В) Мектебің қайда орналасқан? С) Туған жер қандай байтақ. Д) Асқар бүгін ерте келді. Е) Ауылға ертең барамын.

15. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан - ... .

А) Ынтымақ күні. В) Конституция күні. С) Тәуелсіздік күні. Д) Республика күні. Е) Жеңіс күні.

16. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Жұмысты тез орындағымыз келеді. В) Оның Астанада оқығысы келеді. С) Ертең сабаққа барғысы келмейді. Д) Қазақстан жылдам дамыды. Е) Қыс мезгілі.

17. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Жалаң. В) Хабарлы. С) Атаулы. Д) Жақты. Е) Толымды.

18. Сөйлем түрін анықтаңыз. Мен бүгін мектепке келдім.

А) Атаулы сөйлем. В) Жақсыз сөйлем. С) Жақты сөйлем. Д) Құрмалас сөйлем. Е) Сұраулы сөйлем.

19. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.

А) Болашағына сенеміз. В) Ол Отанын сүйеді. С) Тиыннан теңге құралады. Д) Астанаға кеше келдім. Е) Ол өлең оқуға құмар.

20. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Ағасы бардың - жағасы бар. В) Киімін жинастырды. С) Інісі бардың - тынысы бар.

Д) Таң мезгілі. Е) Ел іші - өнер кеніші.

21. Сөйлемді аяқтаңыз: Театр - ... .

А) Мүсін. В) Еңбек. С) Мұражай. Д) Өнер. Е) Ескерткіш.

22. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді анықтаңыз.

А) Атаулы. В) Жалаң. С) Жақсыз. Д) Толымсыз. Е) Жайылма.

23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жаз. Егіс даласы. В) Менің сабақ оқығым келеді. С) Мен ауылға бардым. Д) Ертең осы жерге кел. Е) Балам, қайдан келдің?

24. Сөйлемді толықтырыңыз: «Мұраттың көзі ... .»

А) Қоңыр. В) Төрт. С) Аласа. Д) Биік. Е) Ащы.

25. Таң қалу, қуану сияқты сезімдерді көрсететін сөйлем түрін табыңыз.

А) Жақсыз. В) Лепті сөйлем. С) Толымды. Д) Жақты. Е) Атаулы.

Соседние файлы в папке ЕНТ каз тили-1