Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
все файлы 2 / ЕНТ каз тили-1 / Казак тили сурактар.doc
Скачиваний:
872
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
572.93 Кб
Скачать

Сөйлем мүшелері.

2-нұсқа.

1. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш. В) Бастауыш. С) Пысықтауыш. Д) Анықтауыш. Е) Толықтауыш.

2. Жанама толықтауышты табыңыз.

«Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады».

А) Кәсіптеріне В) Қаржыны С) Өздері Д) Табады Е) Кәсіпкерлер

3. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі барын табыңыз.

А) 2 В) 4 С) 3 Д) 5 Е) 1

4. Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.

А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Толықтауыш.

5.Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.

А) 5. В) 4. С) 3. Д) 2. Е) 6.

6. Толықтауыштың сұрақтарын анықтаңыз.

А) Кіммен? Немен? В) Қалай? Қайдан? С) Қайтты? Не істеді? Д) Кім? Не? Е) Нешінші? Қайсы?

7. Сөйлемді заттық жағынан толықтырып тұратын сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Бастауыш. В) Толықтауыш. С) Пысықтауыш. Д) Анықтауыш. Е) Баяндауыш.

8. «Әже баспалдақпен баяу көтерілді.» Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) Мезгіл. В) Қимыл-сын. С) Мақсат. Д) Себеп. Е) Мекен.

9. Не істеді? Не қылды? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Пысықтауыш. В) Бастауыш. С) Баяндауыш. Д) Толықтауыш. Е) Анықтауыш.

10. Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді.

А) Тура, жанама. В) Дара, күрделі. С) Толықтауыш, пысықтауыш. Д) Негізгі, туынды.

Е) Бастауыш, баяндауыш.

11. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Анықтауыш. В) Баяндауыш. С) Толықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Бастауыш.

12. Анықтауышы жоқ сөйлемді табыңыз.

А) Ұлы адамдардың еңбегін бағалай білу керек. В) Германия суды Швециядан сатып алады.

С) Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр. Д) Үлкен қалаларда адамдар жиі ауырады.

Е) Таза сусыз өмір жоқ .

13. Бастауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Не істеді? Не істеу керек? В) Кімге? Неге? С) Кім? Не? Д) Қандай? Қай? Е) Қалай? Қашан?

14. Тура толықтауышты табыңыз.

Сәуле дүкеннен қызық кітап сатып алды.

А) Сәуле. В) Дүкеннен. С) Кітап. Д) Сатып алды. Е) Қызық .

15. Нені? сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Орманда көп балалар жүр. В) Шешем сағатты досыма сыйлады. С) Олар сабаққа жақсы дайындалды. Д) Шешем базардан келді. Е) Менің досым ауылда тұрады.

16. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Оның құлағына гүріл естілді.

А) Баяндауыш. В) Бастауыш. С) Толықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Анықтауыш.

17. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Республика сарайы адамға лық толды. В) Ұлжан-сыншыл адам. С) Төрт жердегі төрт-он алты. Д) Келе жатқан-Жамал. Е) Оның еңбегі жанды.

18. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

А) Далада қар бар. В) Бұлар қыста келіп кеткен. С) Бостандық өздігімен келмейді. Д) Ауыл жастары мұндай затқа қызықпайды. Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.

19. Пысықтауышты табыңыз.

«Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлайды.

А) Тойлады. В) Қазақстан. С) Тәуелсіздігінің. Д) Биыл. Е) 16 жылдығын.

20. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.

А) Кешке қарай. В) Жалғыздың үні. С) Қуанғанынан күлді. Д) Еріктен тыс. Е) Жүгіріп келді.

21. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

А) Өмірді сүйген-өмірден орын табады. В) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді. С) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады. Д) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болды. Е) Тәрбие тілден басталады.

22. Үстеу – қай сөйлеммүшесі, белгілеңіз.

Қайтатын күнім – ертең.

А) Толықтауыш. В) Анықтауыш. С) Пысықтауыш. Д) Баяндауыш. Е) Бастауыш.

23. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

А) Мен жазда келдім. В) Алға қарай тез адымда. С) Ол да барар. Д) Асанда кітап бар.

Е) Жуырда келмекші.

24. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.

Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.

А) Пысықтауыш. В) Анықтауыш. С) Баяндауыш. Д) Толықтауыш. Е) Бастауыш.

25. Тура толықтауышты табыңыз.

А) Биыл егін бітік шықты. В) Асан қаладан кеше келді. С) Киім үйде ілулі тұр. Д) Оны шайға қандырды.

Е) Ол ауылға барды

Соседние файлы в папке ЕНТ каз тили-1