Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ГП особ 2014.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
45.71 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ»

Кафедра «ҚҰҚЫҚТАНУ»

Мамандық:

«5В 030100 – Құқықтану»

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

«ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ (ерекше бөлім)»

АКТАУ 2014

1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Азаматтық құқық- әрбір дамыған құқықтық жүйенің басты негізгі бөлімдерінің бірі. Азаматтық құқық мүліктік, яғни материалдық игіліктерге байланысты және материалдық емес, яғни тұлғамен тығыз байланысты игіліктерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

«Азаматтық құқық» курсы екі бөлімнен тұрады: «Азаматтық құқық» (Жалпы бөлім); «Азаматтық құқық» (Ерекше бөлім).

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының 1999 ж 1 шілдеде қабылданған Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) құрылымына сәйкес құрылған.

Оқу материалы бір бірімен байланысты бөлімдерге бөлініп жасалған. «Азаматтық құқық» (Ерекше бөлімі) төрт бөлімнен тұрады: «Міндеттемелердің дербес түрлері; Интеллектуалдық меншік құқығы; Мұрагерлік құқық; Халықаралық жеке құқық.

«Азаматтық құқық» ежелгі Рим құқығыннан бастау алады, онда алғаш рет «цивильдік құқық» пайда болған. Цивильдік құқық рим азаматтарының жеке құқықтарын зерттеген.

Цивилистикалық ғылымда зерттеудің жалпығылыми және жекеғылыми әдістері қолданылады (жүйелеу әдісі, кешенді саралау, нақты әлеуметтік зерттеу, салыстырмалы құқық тану, формалдық логикалық түсіндіру) зерттеу тәсілдер қолданылады.

Азаматтық құқықтық ғылым басқа да құқықтық ғылымдарымен тығыз байланысты. Бірінші кезекте цивилистика ең мемлекет және құқық теориясына негізделеді. Одан басқа азаматтық құқық жария-құқықтық салаларымен азаматтық іс жүргізу құқығымен де байланыста болады (конституциялық құқықпен, әкімшілік құқықпен, жер құқығы). Сонымен бірге, азаматтық- құқықтық құқық қоғамдық ғылымдарға да сүйенеді: сонымен бірге философия, саясаттану, әлеуметтану, тарих т.с.с. Цивилистика экономикалық ғылым салаларымен өте терең байланыста болады, себебі ол қоғамдағы экономикалық қатынастарды реттейді. Сол себептен де азаматтық құқық экономикалық теориямен де тығыз байланысты.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты: «Азаматтық құқық» (Ерекше бөлім) пәнін оқытудың мақсаты болып зерттелетін пәннің сипаттамасы мен осы саладағы мамандарды дайындаудағы оның орны арқылы ашылады.

Бұл оқу пәні дербес азаматтық-құқықтық шарттарды, шарттан тыс міндеттемелерді, соның ішінде конкурстық міндеттемелер, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқықты зерттеуге арналған. Қорытынды бөлімде халықаралық жеке құқықтың кейбір ережелерін қарастырады. Тақырыптарды қарастыру Қазақстан Республикасының 1999 ж 1 шілдеде қабылданғанАзаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) құрылымына сәйкес құрылған.

Азаматтық құқық (Ерекше бөлім) пәні жалпы азаматтық құқықты зерттеудің жалғасы болып табылады. Жалпы бөлімде қарастырылған мәселелер Ерекше бөлімде жалғасын тапқан.

Жоғарғы курс оқыту барысында (азаматтық құқықтық Ерекше бөлімі үшінші курста оқытылады) проблемалық мәселелерді қарастыру мақсаты қойылады. Өкінішке орай, Азаматтық кодекс оған көптеген негіз беріп отыр. Оны оқытудың барысында заңдылыққа баға беріледі. Мұндай білім тек азаматтық құқықтан мемлекеттік емтихан тапсыруда ғана емес, сонымен қатар кейінгі құқықшығармашылық қызметте де зор ұлесін тигізбек.

Пәнді оқытудың міндеттері:

Азаматтық құқық құқық саласының көлемі де, маңызды саласы мен заңдылығы болғандақтан, оны оқытудың маңыздылығы еш күмән тудырмайды. Бұл заңи жоғарғы оқу орнындарында жүздеген жылдар бойы оқытылып келе жатқан пән.

Азаматтық құқықтың Ерекше бөлімнің қабылдануы зерттеудің аса өзектілігін білдірмек. Жаңа кодексте қазақстандық заңдылыққа бұрын соңды белгілі болмаған институттар енгізілді (лизинг шарты, франчайзинг, факторинг және т.б.)

Сондықтан заңи жоғарғы оқу студенттерніне бұл пәнді, соның ішінде Ерекше бөлімді білу өте қажет.

Қоса оқытылатын пәндер

Бұл арнайы курсты оқытудың барысында мына пәндер оқытылады:

-Рим жеке құқығы;

-Азаматтық құқық(Жалпы бөлім)