Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Миллионерді пиясы

.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
31.74 Кб
Скачать

Миллионердің құпиясы

1 Бөлім

Жас жігіт бай тумаласынан ақыл сұрауға келеді

Бір кездері өте қатты байығысы келетін талантты жас жігіт өмір сүріпті. Жасыратын несі бар, шынында осы уақытқа дейін оның байымын деген барлық талпыныстары тек сәтсіздікпен және түңілумен аяқталатын, бірақ ол өзінің жұлдысы оңынан туатынына берік сенетін.

Біздің жас жігіт бақ қонады деген үмітпен екінші дәрежелі жарнама агенттігінде ассистент(көмекші) болып жұмыс істепті. Бұл жұмыста алатын жалақысы көңілінен шықпағандықтан, ақыр аяғында жігіт бұл жұмыстың өзіне үзілді кесілді ұнамай бастағандығын сезеді. Жүрегі қаламайды.

Жас жігіт басқа нәрсемен айналысуды армандайды. Мысалы, әйгілі жазушы болғысы келеді. Ол өзінің барлық қаржылық қиындықтарын біржола шешетін, әрі өзін атақты ететін кітап жазғысы келеді. Алайда, жас жігіт нағыз үздік әдеби туынды жазып шығуға өзінің таланты мен шеберлігі жететініне сенімсіз болатын. Әрине, ақ қағаздың бетіне жанындағы үмітсіздігін және кедейлігін жазудың еш мәні жоқ екендігіне сіз де келісерсіз.

Сөйтіп, бір жыл өтті. Осылайша бұл жұмыс жас жігіт үшін күнделікті сұмдыққа айналды. Ол өзінің әр таңертеңгі уақытын газет оқумен және өзінің бағыныштыларына қызметтік хат жазумен өткізетін, содан соң мейрамханаға қарай бет алатын бастығын жек көретін. Және дәл осы бастықтың өз пікірін әр бес минут сайын өзгертіп, бір-біріне мүлдем кереғар бұйрық беретін өнері бар еді. Егер әңгіме тек бастықта болса ғой... Өкінішке орай, жас жігіттің айналасындағы жұмыстастары да өз жұмысынан өте шаршаған болатын. Олардың барлығы жақсылықтан мүлдем күдерін үзіп, болашағын армандауды да тоқтатқан секілді. Оларға тіпті өзінің басты арманы – бәрін тастап, жазушы болуды айту да мүмкін емес болатын. Бұл сөздерді ешкім шын мәнісінде қабылдамас та еді. Жас жігіт өзін жұмыстастарының арасында бөтен елде жүргендей, әрі олардың тілінде бірде-бір сөз білмейтіндей сезінетін.

Әр бейсенбі сайын осы жұмыс аптасын қалай бастан өткізер екем деген оймен ұйқыдан оянатын. Оған жұмыс үстеліндегі үйіліп тұратын қағаздары да, өзінің автокөліктерін, темекісін, сырасын сатқысы келетін жарнама агенттігінің клиенттірі де бәрі бір болатын.

Алты ай бұрын жас жігіт жұмыстан шығатыны туралы арыз жазып қойған болатын. Содан бері ол қалтасындағы арызымен бастықтың кабинетіне кем дегенде он рет кірсе де, оны бастықтың үстеліне қоюға тәуекел ете алмады. Үш-төрт жыл бұрын ол мүлдем абыржымас та еді, бірақ