Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
81.41 Кб
Скачать

4 Тақырып. Материалдық негіздегі қақтығыстар

Тақырыпша 1. Территориялық және экологиялық дау жанжалдар

Кейс тапсырмалар:

  • Территорияға байланысты қақтығыстың бір түрі сецессия (сепаратизм). Осыған орай, Грузия-Абхазия, Оңтүстік Осетия, Молдавия-Приднестровье, ҚХР-Тибет, ұйғырлар, Турция-Курдистан, т.б сепаратистік құрылыстарды талдап, сараптаңыз.

  • Сепаратизмге байланысты БҰҰ, ЕО, ШЫҰ, НАТО тб ұйымдардың құқықтық өлшемдерімен танысып, сепараттық іс әрекеттерді талдағанда соларды басшылыққа алыңыз.

  • ҚР-Ресей, ҚР-Қызғызстан, ҚР-Өзбекстан арасындағы энергетикалық шикізатқа, суға, Каспийдің статусын анықтауға т.б байланысты қақтығыстарды талдап семинар сабағында сөйлеңіз

  • Диспутқа баяндама дайындаңыз

  • Презентация жасаңыз

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы (2010ж) саммитте сөйлеген сөзінен үзінді келтіріңіз

  • Ұсынылған әдебиеттерді оқып шығып, оларға талдау жасаңыз

Проблемалық тапсырма:

1. ҚР басқа елдерде қалған өзіміздің қандастарымыздың тілін ұмытпау үшін, олардың құқығын қорғау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

2. Көші қон, босқын мәселелерін тиімді шешу үшін қандай шаралар ұсынар едіңіз?

3. ҚР шикізат қорларын басқа елдердің меншігіне ұзақ мерзімге арендаға берді. Бұл жағдайды өз пайдамызға қарай өзгертіге болады ма? Болса, не істеу керек?

Тақырыпша 2. «Ықпал» жүргізу үшін күрес.

Кейс тапсырма:

  • АҚШ тың Иракқа «С. Хуссейннің режимін құлату үшін) қарсы соғысына баға беріңіз

  • АҚШ-Югославия (Милошевич режиміне қарсы) қақтығысының салдарына талдау жасаңыз

  • КСРО ның 1956ж Венгрияның, 1968ж Чехославакияның ішкі істеріне араласуына қандай баға бересіз?

  • Аталған қақтығыстарға байланысты эссе жазып, диспутқа қатысыңыз

  • Презентация жасаңыз

  • АҚШ, Ресей, президенттерінің өз елдерінің ықпалын күшейту үшін қандай шаралар қолдануға дайын екендігі туралы сөздерінен үзінді келтіріңіз

  • Ұсынылған әдебиеттерді талдаңыз

Әдебиеттер:

1.Халықаралық конфликтология. М.1981

2.Здравосмыслов А.Г. Межнац. конфликты в постсоветском пространстве. М.1997

3.Кавтарадзе С.Д. Этнополитические конфликты в постсоветском пространстве. М.2005.

Проблемалық сұрақтар:

  • Халықаралық құқық бойынша ешбір мемлекет басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласа алмайды. Шындығында осылай болып отыр ма?

  • АҚШ Ирак, Югославия елдеріндегідемократиялық емес үкіметті құлату керек деп соғыс ашты. Сіз бұл (АҚШ тың) ісін қолдайсыз ба?

  • Сепаратистік идеялар соғыссыз, бейбіт жолмен шешілуі мүмкін бе? Мүмкін болса, қандай шаралар қолдану қажет?

5 Тақырып. Саяси қақтығыстарды реттеу және шешу жолдары

Тақырыпша 1. Саяси қақтығыстарды реттеу түрлері

Кейс тапсырмалар:

  • Саяси әлеуметтік айланы (тәсілді) жүзеге асыру түрлерін жақсы игеріңіз

  • Саяси манипуляцияға (айла, құлық) байланысты қазіргі халықаралық өмірден мысал алыңыз

  • Билік пен оппозиция арасындағы (ҚР дағы) қақтығысты күшпен басуға байланысты мысал келтіріңіз

  • Семинарда сөйлеу үшін баяндама жазыңыз

  • Презентация жасаңыз

  • Берілген әдебиеттерді ыждағаттап оқып, конспектілеңіз.

Проблемалық сұрақтар жауап дайындаңыз.

- Оппазициядағы қысым жасау дегенді қалай түсінесіз?Не істеу керектігін көрсетіңіз.

- Оппазиция билікке қарсы күресте қандай шараларды жүзеге асырады? ҚРдағы оппазициялық іс шараны талдаңыз.

Әдебиеттерге талдау жасаңыз.

- Туыстық,жерлестік қатынастар төңірегінде саяси топтар жиналады. ҚР да қандай топтар білесіз?

Тақырыпша 2. Әртүрлі саяси режимнің(авторитаризм,демократия,тоталитаризм)саяси қақтығыстарды реттеу.

Кейс-тапсырма.

  • Тоталитарлы режимді реформалау қалай жүзеге асады. Мысал көрсетіңіз.

  • Авторитаризм, егер саяси қақтығыс бола қалса,оны күшпен басуға тырысады. Не себептен?

  • Демократиялық режим компрамисс табу арқылы және құқықтық өлшемдерге сүйеніп қақтығысты болдырмауға күшін салады. Мысал келтіріңіз.

  • Диспутқа қатысу үшін баяндама жасаңыз.

  • Қажетті деректерді жинаңыз.

  • Берілген әдебиеттерді талдаңыз.

  • Презентация жасаңыз.

  • Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз.

  • Тоталитаризмді қиратуға аралас әдіс қолдану керек дегенді қалай түсінесіз?

  • Авторитарлы режимді жою үшін міндетті түрде көтеріліс жасау керек пе? (Украина,Қырғызстан сияқты)

Проблемалық сұрақтар:

1. Демократияны зорлап таңу мемлекеттің ішкі саяси құрылымына әсер етеді деп айтуға бола ма?

2. Авторитаризм мемлекет жаңа құрылған кезде тиімді деген пікір бар. Сіз қалай ойлайсыз?

3. Қоғамдағы саяси қақтығысты тиімді шешудің жолдарын көрсетіңіз.

4. Билік оппазиция қатынасы қалай өрбігені дұрыс. Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И.Осн.конфл. М,2002

2.Видывич.Глобализация,хаотизация и конфликты в сов.мире//.Соц.исслед.2005 №4

3.Глухова А.В.Полит Конф основание,типология,динамика.М.2000.

4.Рыжов О.А. Полит.конф.М.1997

5. Фельдман Д.М.Полит.конф.М.1998

Диспут семинар: «Мемлекеттік құрылыстың ең тиімді түрі:»

1. Диспуттың мақсаты студенттерді әртүрлі саяси режим түрлерімен таныстыру арқылы олардың «оң» және «теріс» жақтарын өздері түсінуіне мүмкіндік беру.

2. Топ әртүрлі саяси режимді қолдаушыларға бөлінеді.

3. Эксперт топ сайланады.

4. Әр топ өздері таңдаған саяси режим туралы көзқарастарын қалыптастырады.

5. Дискуссия басталып, әр топ өз көзқарастарын негіздеулері керек және басқалардың кемшіліктерін көрсету керек, әрине айқаласпай ұрыспай.

6. Эксперттер әр топтың позициясына, оның дәлелді негіздеу мүмкіндіктеріне баға береді. Аргументті талдаған топ жеңімпаз атанады.

7. Өткен дискиссия-диспутты жалпы талдап бағалау.

Т.6. «Күш қолдану» қақтығыстар эскалау сатысы.

Тақырыпша 1. Күш көрсету және оны қолдану қауіпі.

Кейс тапсырма:

  • Күш көрсету,қарсыласын қорқыту арқылы қатысушы алдына қандай мақсат қояды? Осы сұраққа жауап ретінде эссе,не реферат жазыңыз.

  • Семинар барысында осы сұраққа байланысты баяндама жасаңыз.

  • Соңғы басылымдарға контент талдау жасау арқылы, күш қолдану қауіпі бар елдерді анықтап,оларға талдау жасаңыз.

  • Берілген әдебиеттерге талдау жасаңыз.

  • Презинтация жасаңыз.

  • Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз.

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И.Осн.конфл. М,2007

2. Введ в теор.меж.конфл.М,1996.

3. Рыжов О.А.Полит.конф.М.1997

4. Глухова А.В.Полит Конф основание,типология,динамика.М.2000.

5. Видоевич.З.Глобализация, хаотизация и конфликты в сов.мире//.Соц.исслед.2005 №4

Проблемалық сұрақтар:

  • Халықаралық қақтығыста күш көрсетуді лигитимді қолданудың ерекшеліктері қандай?

  • Халықаралық қатынастарда қандай жағдайда бір ел басқа ультиматум қояды?

  • Күш көрсету көп жағдайда қарсы жақтың қақ.одан әрі эскалациялануына әкелуі мүмкін бе?

Тақырыпша 2. Қақтығысты тереңдету жәнеикеңейту тенденцияы

Кейс-тапсырма.

  • Екі жақты қақтығысты одан әрі жалғастыруды ұмтылулары қандай жағдайда жүзеге асады?

  • Осы тақырыпқа баяндама жазыңыз

  • Баяндамамен семинарда сөйлеңіз

  • Берілген әдебиетке контент талдау жасаңыз

  • АҚШ Ирак соғысың талдап, оның қай кезінде қақтығыс тереңдетіліп, кеңейтілді деген сұраққа эссе дайындаңыз.

  • Грузия мен Ресей қақтығысында осындай жолмен талдап, семинарға баяндама жасаңыз.

Проблемалық сұрақтар:

1. Қақтығысты тереңдету қатысушыларға қандай артықшылықтар береді?

2. Қақтығысты бір жақты тоқтату үшін қандай жағдай қолайлы? Ондай шешім екі ел арасындағы тұрақты қатынасқа әкеле ме?

3. Өзінің сипатына қарай қақтығысты тоқтатудың бірнеше түрі бар.Сіздің ойыңызша қайсысы тиімді деп оілайсыз?

4. Бір қақтығыс екінші бір қақтығысқа ұласуы мүмкін дегенді қалай түсінесіз?

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И.Осн.конфл. М,2007

2. Введ в теор.меж.конфл.М,1996.

3. Рыжов О.А.Полит.конф.М.1997

4. Глухова А.В.Полит Конф основание,типология,динамика.М.2000.

5. Видоевич.З.Глобализация, хаотизация и конфликты в сов.мире//.Соц.исслед.2005 №4

Т.7 Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күреске негізгі бағыттары

Тақырыпша 1. Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің баламалы жолдары.

Кейс тапсырма:

  • Қазіргі халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің негізгі маңызы «әділ жаза» беру. Осыған орай, эссе не реферат дайындаңыз.

  • Терроризмге қарсы күрестің баламалы жолдарын көрсетіп, баяндама дайындаңыз;

  • АҚШ,Ресей,ҚР президенттерінің сөздерінен үзінді келтіріңіз.

  • Терроризммен діни экстремизге қарсы күрес жүргізуді заңдастырған құқықтық құжатты талдап, сараптаңыз және оны семинарға пайдалан;

  • Әдебиеттерге контент талдау жасаңыз;

  • Презинтатция жазаңыз;

  • Интернет сайт арқылы дерек жинаңыз.

Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз

1. Осы мәселеге байланысты «ақпарттар соғысының» кесірінен ислам қағидалары бұрмаланып, мұсылман елдерінің келбеті көмсекілденуде деген пікрді қолдайсыз ба? Қолдасаңыз өз пікіріңізді дәлелдеңіз

2. Күш қолдануға(террористер тарапынан) қарсы күш қолдану (мемлекеттер тарапынан) терроризмді тоқтата алмайды. Бұл тығырықтан қалай шығуға болады?

3. Н.Ә.Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында террористермен күрестің басқа балама жолдарын атап көрсетті. Олар қандай балама түрлер(күрестің)?

4. Терроризмді, діни экстремизмді «насихаттаруда» телеарналардың зорлық пен күшке негізделген фильмдерді көрсетуі ерекше орын алады. Осыған орай қандай пікір айта аласыз?

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл» А,2003

2. Амреева А.А. Діни экстремизм мен террор: мәні және Қазақстанға ықпалы А.2005.

3. Совр.террор.:взгляд из ЦА.А.2002

4. Халықаралық лаңкестікке экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес. //Ақиқат 2003.№4

5. Төлебаев М.Қазіргі замандағы терроризм ерекшеліктері мен формалары \\ Саясат-Policy №5,2007

6. Мухамбеталиев Қ.М. халықаралық террор. ерекше түрі. Всб. Перпод. КазУМОиМЯ А,2010

Тақырыпша 2.ҚР дағы террор.қарсы күрес саясатын жетілдіру мәселесі.

Кейс-тапсырма.

  • ҚРның Конститутциясының жиірмасыншы бабының үшінші тармағында «діни...астамшылықты ....насихаттауға немес үгіттеуге жол берілмейді» қалай түсіндіресіз. Эссе жазып,семинарға сөйлеуге дайындалыңыз.

  • Қазір ҚРда 2299 діни ұйымдар жұмыс істейді.Олар ҚР да қауіпсіздік тудыра ала ма деп ойлайсыз ба?

  • Берілген әдебиеттерді контент талдау жасап,сараптаңыз.

  • Қажетті деректерді жинап талдаңыз.Семинарда ол туралы баяндама жасаңыз

  • Н.Ә.Назарбаевтың басқа да саясаткерлер мен саясаттанушылардың пікірлерін келтіріп, оларға баға беріңіз.

  • Диспутқа дайындалыңыз. (осы тақырып бойынша)

  • Презентация жасаңыз.

Проблемалық сұрақтарға жауап дайындаңыз

1. Миссионерлер қазақтарды ақшаның күшімен алдап арбау арқылы өз діндеріне өткізіп жатыр. Бұл миссионерлер ҚРның заңын бұзып отыр ма? Оларға қандай шара қоладану керек?

2. Соңғы кезде ҚРда тиым салынған Хизб-Уд-Тахрир сектасы анти конституциялық шараларға шақырған үндеу қағаздары мен кітаптар таратудың 180 уақиғасы тіркелген. Бұл заңсыз әрекетке қандай тиімді шара қолдану керек?

3. Терроризм мен экстремизмге қарсы күреске байланысты ҚРы әр түрлі халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істеуде. Ол қандай ұйымдар?

4. ҚР азаматтары негізінен толерантты. Келушілердің өз дінің ұстануына қарсылық жасамайды. Бұл әрине ар ождан бостандығы. Осындай қағиданы мойындаушы АҚШта 260тай діни секталар болса,ҚР да 2299. Не себептен осындай алшақтық?

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл» А,2003

2. Амреева А.А. Діни экстремизм мен террор: мәні және Қазақстанға ықпалы А.2005.

3. Совр.террор.:взгляд из ЦА.А.2002

4. Халықаралық лаңкестікке экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес. //Ақиқат 2003.№4

5. Төлебаев М.Қазіргі замандағы терроризм ерекшеліктері мен формалары \\ Саясат-Policy №5,2007

6. Мухамбеталиев Қ.М. халықаралық террор. ерекше түрі. Всб. Перпод. КазУМОиМЯ А,2010