Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меншик турлери.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
51.86 Кб
Скачать

2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні

Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестерімен байланысты.

Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттік экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Мемлекет мелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Ол мына бағыттар бойынша жүреді:

  1. Иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу;

  2. Шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;

  3. Жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру тығыз байланысты.

«Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді. Мемлекет қарамағынан алу кезіндегі мемлекеттің қызметі мен экономикалық рөлі өзгереді:

  1. Мемлекет тікелей шаруашылық субъектісі болмай қалады: осы ережені сақтауды қамтамасыз ететін, тетіктер мен экономикалық ойындар ережесін құрады.

  2. Мемлекеттік жоспарлау директивтік емес, индикативті сипаттамада болады.

  3. Мемлекеттік баға қою тауарлар мен қызмет көрсетулерге нарық талабы бойынша нарықтық баға қоюға орын береді. Қазақстан заңдарында мемлекет қарамағынан ауылшаруашылық басқару мен соған сәйкес өкілдіктердің қызметтерін тікелей шаруашылық субъектілерге берумен мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алып қайта құру анықталады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі бағыттары:

  • Ірі және сирек мүлікті кешендерді жеке жоба бойынша жекешелендіру;

  • Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

  • Аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асатын кіші жекешедендіру, сауданың шағын кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері.

2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі

Жекешелендіру – меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыттарының бірі, оның мәні – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру:

  • Азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан;

  • Кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;

  • Кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;

  • Акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар);

  • Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін (пай, акциялар) меншікке алуын білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым-жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.

Жекешелендіру процесі – ұзаққа созылатын процесс. Жапонияда ол 10 жыл, ал Батыс Еуропада 10-15 жыл бойы жүрді.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа-тұс келеді.

І кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты - мемлекеттік орталықтанған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болады. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.

ІІ кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты - мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтанған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтеуге қажетті жағдай» жасау болып еді.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:

  • «Шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсетудің байқаулары мен аукциондар арқылы жүзеге асырылады;

  • Жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;

  • Ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру;

  • «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру».

Жекешелендірудің ІІІ кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады.

Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.

Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді:

  • Мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;

  • Жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;

  • Кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;

  • Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.

Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:

  • Электроэнергетикалық кешендегі;

  • Мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;

  • Металлургиялық және тау-кешен кешеніндегі;

  • Көлік-коммуникация кешеніндегі;

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі;

  • Әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.

IV кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымындағы № 683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.

Бағдарламаға сәйкес:

  • мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомстволарға өткізіп берілді;

  • «көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды;

  • Мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.

Қорытынды:

Сонымен, мен өз курстық жұмысымды аяқтай келе, мынадай қорытынды тұжырымдарға келдім:

Меншік- бұл өндіріс құрал- жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауіпсіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.

Меншік формасы – ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Меншік формаларының мынадай түрлері бар:

  • Жалпыхалықтық;

  • Мемлекеттік;

  • Коллективтік (ұжымдық);

  • Үлесті біріккен;

  • Жеке және т.б.

Бұл меншік түрлерінің барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншік - меншік типі, мемлекеттік секторда орналасқан кәсіпорын, ұйым, орталық және жергілікті басқару органдары арқылы мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік меншік екі формада болады. 1. Мемлекеттік. 2. Муниципалдық.

Жеке меншік – ол экономикалық тұлға басқа тұлғалардың тәуелсіз меншігіне билік ету және иеленуіндегі меншік қатынастары. Жеке меншікке үй шаруашылығын, жариялылықты және жариялы емес жеке кәсіпорындар, жеке мүлікті немесе жеке қаржы сақталымын пайдаланудың кез келген түрін жатқызуға болады.

Жекешелендіру әдістері:

1.Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналуы.

2. Кәсіпорындарды аукциондарда сату.

3. Конкурс бойынша мемлекеттен кәсіпорындарды сатып алу.

Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттік экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Мемлекет мелігінен алу монополизмді жеңіге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Ол мына бағыттар бойынша жүреді:

1)Иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу;

2) Шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;

3) Жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру тығыз байланысты.

«Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді.

Жекешелендіру – меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыттарының бірі, оның мәні – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру:

  • Азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан;

  • Кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;

  • Кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;

  • Акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар);

  • Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін (пай, акциялар) меншікке алуын білдіреді.

Жекешелендіру- бұл мемлекеттен заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншіктегі объектіні сатып алуы.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі бағыттары:

  • Ірі және сирек мүлікті кешендерді жеке жоба бойынша жекешелендіру;

  • Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

  • Аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асатын кіші жекешедендіру, сауданың шағын кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері.

Сонымен, нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.

Мен үшін бұл курстық жұмысты еңбектеніп жазудың көп тәжірибелік маңызы зор болды. Себебі, мен осы тақырыбыма сай көптеген оқулықтарды, экономика саласындағы көптеген журналдарды қарастырдым, өзімнің білімімді толықтырдым.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку».- Алматы, 2005 г.

  2. Борисов Е.Ф.,Волков Ф.М. «Основы экономической теории».-М.,2003

  3. Введение в рыночную экономику / Под ред. А.Я.Лившица-М., 2004 г.

  4. Гайнулин Ф.Р. «Введение в экономическую теорию».-Алматы, 2006 г.

  5. Ким П.Г., Капекова Г.А. «Экономическая теория: Учебное пособие».-Алматы,2001 г.

  6. Тонкопий М.С. «Экология и экономика природопользования: Учебник».-Алматы: ЭкономикС, 2003 г.-592 с.

  7. «Жаңа кезең-экономикалық теориясы».Оқулық Сахариев С.С.,Сахариева А.С.,Алматы , 2004 ж.

  8. Общая экономическая теория (политэкономия): Учебник /Под ред.В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М.,1995 , гл.27

  9. Экономика: Учебник/Под ред. А.С. Булатова-М.,1995, гл.12

  10. Аубакиров Я.А. , Нарибаев Н.К., Шеденов У.К., «Экономикалық ілімдер тарихы». Оқу құралы.-Алматы, 2003

  11. Аукен В., Жуламанов Р. Специальный курс лекций по макроэкономике. Алматы, ИРК-АОУ, 1996 ж.

  12. Байжомартов У.С. и др. Основы экономической теории. Учебно-методические рекомендации.Актюбинск, 1995

  13. Блауч М. Экономическая мысль в ретроспективе. М.,2002

  14. Войтов А.Г. Экномика. Общий курс-М.:Маркетинг, 2001

  15. Долан Э.Дж.,Линдсей Д.Э. Рынок: микроэкономическая модель СПб.,2002

  16. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства»/Вечерний Алматы от 27.06.1997

  17. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли вКазахстане-Алматы : Казахстан 1978

  18. Кажамкулов Т.Саяси экономия негіздері (оқулық) Алматы: Қайнар, 2001

  19. Курс экономической теории /Под ред.М.Н. Чепурина , Киров, 2000

  20. Леонтьев В.Экономическое эссе. М.:2003

  21. Оэкономика. Учебник под ред. Е.Б.Яковлевой М:2002

  22. Общая экономическая теория. Политэкономия /Под ред. В.И.Видяпина, Г.М.Журавлевой М., 2000

  23. Осипова Г.М. Инвестиции в человеческий капитал: Алматы: Гуманитарный университет им. Д.А.Кунаева , 2003

  24. Фишер С., Дорнбуш Р, Шмалензи Р. Экономика .М.,2004

  25. Экономическая теория на пороге ХХІ века.М.,2004

  26. Экономика и статистика, №3-4,1999

  27. Хейне П. Экономический образ мышления М., 2002

28