Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меншик турлери.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
51.86 Кб
Скачать

1.1 Меншік-экономикалық категория

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. «Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.

Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән.

Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады.

Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену – әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.

Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.

Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда, қоғамдық иелену орын алады.

Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі – өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.

Еңбектің жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне - бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.

Айналыс –бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді.

Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқылы иемденумен байланысты.

Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы бірігудің әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.

Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін иелену , пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру - меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады.

Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі аз ғана адамдар қолында болған кезде , бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.

«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.

Меншік - бұл өндіріс құрал - жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Айталық тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:

1.Иелену құқығы, яғни иеліктерге міндеттелген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

2.Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3.Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы.

5.Егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы.

6.Қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7.Игілікті мұрагерге беру құқығы.

8.Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9.Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.

10.Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктерімен жазалау мүмкіндігі.

11.Қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.