Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мені есебім nnn.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
248.74 Кб
Скачать

1.2. «Royal club» туристік фирмасы туралы мәлімет

«Royal club»туристік фирмасы Қазақстандық туристік нарықта 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Туристік фирма өзінің негізгі қызметінің сипаттамасы және мазмұны бойынша туристтік қызметті тұтынушылар (туристер), орындайтындар (қонақ үй, транспорт, таммақтандыру орындары),туристік жолдаманы сатушылар (турагенттер) арасындағы делдал болып табылады. 

Туристік фирма кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол көрсеткіштері мен ескерткіштерді сатумен айналысады. Туристік фирмаларды құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады. «Royal club»туристік фирмасы қызмет көрсету түрі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып табылады. 

Қазақстандық Туристік Ассоциациясының (КТА) мүшесі екендігі туралы 2013 жылы 14 маусымда берілген куәлігі, ЮСАИД- тың стратегиялық даму жоспарын орындағаны үшін сертификаты және көптеген тілдік орталықтардан алғыс хаттары мен сертификаттары бар. 

«Royal club»туристік фирмасы мына мекен-жай бойынша орналасқан:

Қазақстан Республикасы,

010000 Астана қаласы,

Ықылас Дүкенұлы көшесі 13

Тел: 8 (717) 278 01 49

Тел/факс: 8 (717) 239 63 08

Web-site: www.royalclub.kz

e-mail:royalclub_astana@mail.ru

БИН 100340020481

«Royal club» туристтік фирмасының логотипі

1.3«Royal club» туристтік фирмасының негізгі қызмет көрсету бағыттары

«Royal club» туристтік фирмасының негізгі қызмет көрсету бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:

  • Экстремалды туризм

  • Іскерлік туризм: көрмелер, семинарлар, конференциялар.

  • Шетелдерде емделу

  • Шетелдерден білім алу

  • Әлемнің әрбір елінде жеке демалу

  • Теңіздік круиздер

  • Элитарлық туризм

  • VIP-қызмет көрсетулер

  • Корпоративті қызмет көрсетулер

  • Барлық бағыттардағы әуе және теміржол билеттерін брондау және сату

  • Визалық қолдау

  • Шетелдіктерді қабылдау

  • Қонақ үйлерді брондау

  • Автомобильдерді жалға беру.

2.2.«Royal club»туристтік фирмасында туристерге көрсететін қызмет түрі

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің кешенінің қонақ үйде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар және қызмет) және екі түрлі қатынаспен (материалды және материалды емес) тығыз байланысты.

Сапалы туристік қызметтің өлшем белгісі бір немесе көп мағыналы болуы мүмкін. Сапалы туристік қызметтің өлшем белгісі мен көрсеткіш әр уақытта ажырата білген жөн. Туризмнің келешек даму бағыты мен жалпы сапалық сипаттамасы сол өлшем белгісімен байланысты(өлшем белгісі –баға беру мөлшері, сол белгілердің негізіне қарай бағаланады). Өз ретінде ол көрсеткіш жүйесі арқылы анықталуы мүмкін әр деңгейде, түрде басқаруға бейімделген. Бұл көрсеткіш, шынында да, бір туристік кешеннің атқаратын қызметінің сапасы анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш болуы керек.

Орналастыру ортасының көрсеткіштері:

  • Туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пәтерге тез арада орналастыру;

  • Ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;

  • Кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету

  • Тамақтандыру сферасындағы қызметтің сапасының өлшемдерінің көрсеткіштері:

  • Берілетін тағамдары көркемдік жағынан көрсету дәрежесі, оның температурасы, дәмділік сапасы;

  • Туристерге жылдам және сыпайы түрде қызмет көрсету;

  • Тапсырманы орындау жылдамдығы;

  • Келушілердің тамақтануы кезіндегі көрсетілетін қызметтің мөлшері және барлық ережелерді қызмет көрсету кезінде сақтау;

  • Тамақтану залыңдағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дәрежесі;

  • Қоғамдық тамақтандыру мекемесіндегі мәдени тәртіптері,міндетті фирмалық киімдерді және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;

  • Көрсетілген баған бойынша тағамдардың және ішімдік сусындардың құрамы мен салмағын сақтау.

  • Туристерге ұсынылатын азық-түлік және өнеркәсіп заттарын сататын сауда орнындағы қызметтің сапасының көрсеткіші.

  • Клиенттерге құрметпен қарау, жылдам қызмет көрсету;

  • Сапалы заттарды ғана сату;

  • Гигиенаны сақтап,дүкендерді таза ұстау.

Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер мынандай жағдайларды ескеру керек:

  1. экскурсия жүргізуші туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, көңіл қоюшылық, ескерушілік, сыпайылық көрсетуі тиіс;

  2. экскурсия жүргізуші туристік іс-әрекеттің бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бұзуға жол бермеуі керек;

  3. экскурсия жүргізуші экскурсиялық іс-әрекет кезінде жүргізудің

  4. жаңа әдістерді қолдана білу керек;

  5. экскурсия жүргізуші туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасап, ол қызметтер қабылданған стандарт пен нормативке сәйкес келуі керек;

  6. экскурсия жүргізуші өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени сабақтары және саяхатымен келісіп жасау керек, оларға қызмет жасаудан қашпау керек.

Туристік кешендегі, объектідегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т.б.) көрсетілген қызметтің сапасы көбінесе материалдық-техникалық базасының жағдайына байланысты. Бірақ, тәжирбиенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық-техникалық базада, ынталы және тәжірбиелі қолбасшының арқасында еңбекшіл ұжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көсете алады. Көрсетілетін қызметтің сапасының әр жақты болуы және оны өлшеудің қиындығына қарай басқару органдары сапаны балл мен бағалауды ұсынады. Әрбір көрсеткіш және әрбір іс-әрекет бойынша сапаны бақылайтын комиссия балл санын анықтап, шешуі керек.

«Royal club» туристік фирмасының жұмысы. Қандайда бір турда сұраныс болса, сол клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамсыз етеді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.

Бұл жұмысты бағытына қарай сату жөніндегі менеджер немесе директор атқарады, сонымен қатар туристерге қызметті ұсыну ережелерімен таныстырады.

Содан кейін клиенттің көзіңше орынның бар – жоғы жайлы ақпарат алу үшін тіур операторға тапсырыс жасалады. Егер орын бар болған жағдайда клиент таңдаған сапарының (саяхатының) құнының 50% немесе толығымен төлеуі тиіс.

Директор немесе менеджер, өздерінің бағыттары бойынша оператоға брондау тапсырысын жібереді және 3 күндік мерзімде турды бекітеді.

Тур құның операторға турды бекіткеннен кейін жібереді, тур құны комиссия % — ын қоса, прайс– бетте көрсетілген баға бойынша төлейді.

Содан кейін тұру, авиабилеттер ( таңдалған турға байланысты темір жол билеттері), медициналық сақтандыру ваучері бар коверт жіберіледі. Конвертті сондай – ақ тура кетер кезде ғана ашуға болады. Бұл жағдайда тур оператордың өкілі белгіленген уақытымен жерге келеді (мысалы, Алматы халықаралық әуежайынан ұшу алдында, тур оператор фирмасының өкілдерінің бәрі туристерді табло арқылы қарсалады.

Сонымен қатар, жолдама беріледі, ол туристік фирма мен клиент арасында келісім шарт жасалады.

Ереже бойынша тапсырысты алдын – ала жасайды, бірақ саяхаттың алдыңда клиентке қажет болса, инструктаж жасалады (кедендік рәсімдеулер, визалық рәсімдеулер), арнайы әдебиетті алуды ұсынады (жергілікті карта, жол бағдары, сөздік және тағы басқа).

Барлық тур фирмаларды басқарылуына осылар белгілі;

—  ақппараттың тым артып кетіп, оның ішінде қажеттілердің жоқ болуы;

— ақппараттың келіспей қалмағаны, яғни әр бөлімшелердің ұсынған мәліметтері;

—  стратегиялық жоспарлаудың пайдасыздығы мен жоқтығы;

— қаржы ағымы бақылауға көнуі өте қиын, әсіресе жоспарлауы;

— баға белгілеудің ойланбаған және серпімді саясаты, нарықты және бәсеке ортасын өз уақытында өзгерту.

Осыған байланысты қажет тиімді менеджмент бизнес-үрдісін оң ұйымдастыруда. Басқару сапасын арттыру үшін туристік фирманы тиімді ұйымдастыру және туристік фирманың қаржылық құрылымын құру қажет. Жоспарлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ақша қозғалысын бақылап, талдау керек.

Жоғарыда айтылған барлық мәселелерді ескере отырып, Ж.Ш.С. «Royal club»  тур фирмасында тиімді басқару жүйесі тұрақты негізде жүріп отырады.

Ж.Ш.С. «Royal club» туристік фирмасының атқаратын қызметтері;

—         туристік операторлық қызмет. Бұл қызметтің түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаның туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;

—         тур агенттік қызмет. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өкізу (халыққа сату қызметі);

—         тур. Туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені;

—         экскурсиялық қызмет.

—         Гид аудармалы қызметі- кәсіби мамандандырылған жеке тұлғаның туристерді белгілі бір елде уақытша болуына байланысты туристік ресурстармен таныстыру қызметі.

          Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы.

Қызмет көрсету бағдарламасы – бұл негізгі және қосымша қызметтердің уақытылы (мерзім, сағат, күн) көрсетілу жоспары. Бұл туритердің қызығушылығынан және саяхат мақсатынан туындайды.

Егер, тур операторлар танымдылық турларды ұсынатын болса, онда бағдарлама әртүрлі мерзімде болуы керек және мәдени, табиғи, ғылыми жағынан жақсы, тиімді ұйымдастырылуы керек.

Мысалы, Астана қаласындағы 10 күндік (10 түндік) туристерді қабылдау бағдарламасы әдетте төмендегідей болады:

1 – ші күн

15.00 – туристердің келуі, кездесуі, орналасуы, демалуы.

18.00 – 20.00 мейрамханадағы кешкі ас (туристермен танысу кеші)

2 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 –Астанамен экскурсия

13.00 – 14.00 – түскі ас

14.00 – Қазақ Ұлттық аспаптар музейіне экскурсия

18.00 – 19.00 – кешкі ас

20.00 – ойын –сауық саябақтарында болу

3 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – табиғи және архитектуралық экскусия

13.00 – 14.00 – түскі ас

14.00 – 17.00 – «Жасыл Бульвар» орталығына экскурсия

18.00–21.00 – «Түнгі Астана» экскурсиясы немесе кешкі қаладағы қыдырыс

 

4 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – 14.00 – тарихи – этнографиялық экскурсия «Бет – Ашар»

13.00 – 14.00 қымызханада немесе қазақтың ұлттық мейрамханасындағы түскі ас

16.30 – 17.30 – (немесе 21.00 – 22.00) – кешкі ас

18.00 –Күләш Байсеитова атындағы мемлекеттік опера және балет театрында болу

 

5 – ші күн

8.00 – 9.00 – таңғы ас

9.00 – бір күндік жорыққа шығу

17.00 – 17.30 – кешкі ас

18.00 Қуанышбаев немесе Пушкин атындағы драма тетрында болу

 

6 – шы күн

8.00 – 9.00 – таңғы ас

9.00 – «Тамғалы тас» тарихи экскурсия

13.00 – 14.00 – жеңіл түскі ас

17.00 – 18.00 Мемлекеттік орталық тарихи-этнографиялық мұражаймен экскурсияның аяқталуы

18.00 – кешкі ас

19.00 – концертте немесе би кешіне бару

 

7 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – 13.00 – қаланың ұлттық мәдени орталықтарында болу

13.00 – 14.00 – ұйғыр мейрамханасындағы түскі ас

14.30 – 17.00 - Өнер мұражайында болу

18.00 – 21.00 –словян мейрамханасындағы кешкі ас

 

8 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – саябақтарда қыдыру

13.00 – 14.00 –түскі ас

14.00 – 18.00 – бос уақыт

18.00 – 22.00 – корей мейрамханасындағы кешкі ас

9 –шы күн

7.00 – 19.00 –Бурабайға бір күндік экскурсия

19.00 – 20.00 – кешкі ас

20.00 – 21.00 – емдік – сауықтыру комплексі «Алатау»

10 – шы күн

8.00 – 8.30 – таңғы ас

8.30 – 19.30 – табиғи экскурсия

13.00 – 14.00 – түскі ас

20.00 – 22.00 – қоштасу кешкі асы

23.00 – туристердің кетуі

Бұл бағдарлама әртүрлі экскурсиялаларды қалайтын адамдарға арналған. Туристердің кетуіне бір тәулік қалғанда туристік фирма топтың қызмет көтсетілген сомма актін жазады. Әдетте, бұл бухгалтердің жұмысы. Бұл үшін келесілер қажет болады:

—         жатақханада немесе қонақүйде тұрған бағасының квитанциясы,

—          тамақтану пунктінің квитанциясы;

—         Тағы басқа да жиналған квитанциялар.

Туристік өнім – бұл туристік – экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді қызмет.

Негізгі туристік қызметтерге мыналар жатады:

 орналастыру;

 тамақтандыру;

 транспорттық қызметтер, транспортпен бірге (туристерді аэропорттан қонақ үйге жеткізу және қонақ үйден аэропортқа жеткізу жатады);

 экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы – гидтің қызметі кіреді. «Royal club» фирмасы туризмнің көптеген түрлерімен айналысады, соның ішінде Қазақстандық оқушылармен студенттердің АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Бразилия, Франция, Германия, Швейцария, Қытай, Австралия, Италия сияқты елдердің мемлекеттік мектептерінде оқуға мүмкіншіліктерін туғызады. «Royal club» фирмасы шетелдегі ең танымал оқу орындарының және тіл дамыту орталықтарының негізгі серіктестігі. «Royal club» туристік фирмасының шетелдік ұйымдардан, агенттіктерден, операторлардан, тіл дамыту мектептерінен, тіл академияларынан көптеген сертификаттары, алғыс хаттары бар.

«Royal club» туристтік фирмадағы қоғамдық қызмет түрі болып:

—         Қазақстан Республикасында шетел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық негізде шетел туристеріне сапарларды сату, туризмнің жаңа бағыттарын құру және енгізу, ТМД елдері мен 3 – ші әлем елдерінің азаматтарына шетел сапарларын ұйымдастыру және сату;

—         Гидтер – тілмаш (аудармашы) қызметін ұйымдастыру мен ұсыну, кездесу өткізуді қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлы – көріністерді және басқа да шараларды, сонымен қатар, транспорттың кез – келген түріде транзитті туристер мен қоса, туристерге транспорттық және басқа да қызметтермен қамтамасыз ету;

—         Брондау, транспорт және қонақ үйлер және басқа да қызмет түрлерін келісім шарт негізінде жүзеге асыру, қызметке келісілген және туристермен төленген Қазақстан Республикасының территориясында ұсынуларын қамтамасыз ету;

—         Виза мен төлқұжаттарын рәсімдеу;

—         Мемлекет ішінде және оның сыртында делдалдық қызмет көрсету;

—         Шетел және шекарадан тыс туризмнің экономикалық тиімділігінің аз шығын шығару арқылы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

—         Ғылыми – техникалық, лизингтік, жарнамалық, патентті – лицензиялық, ақпараттық және өкілдік қызмет көрсету;

—         Қоғамдық тамақтандыру сферасында қызмет ету (мейрамхана, кафе, асханаларды қолдану);

—         Ойын – сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар,  концерттік қызмет, кафе, және асханалар);

Сонымен қатар, қоғам Қазақстан Респуьликасының заңдылығы бойынша тиым салыбайтын кез –келген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Лицензиялауды қажет ететін қызметтің барлық түрлері, сәйкес келетін лицензияны алғаннан кейін қоғам арқылы жүзеге асырылады.

«Royal club»туристтік фирмасы Алматы қаласындағы барлық елшіліктердің консулдық бөлімдерінің аккредитациясы бар.

«Royal club» туристтік фирмасының қызмет көрсетудің артықшылдықтары:

  • Сапардың кешенді ұйымдастыру

  • Клиенттің бюджетін есепке ала отырып, сапардың тиімді маршрутын таңдау

  • Тапсырысты қабылдау және аз уақытта айқындау

  • Қызметті әртүрде төлеу мүмкіндігі бар

  • Астанада және Қазақстанда орналастыруға арнайы тарифтер.

Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. «Royal club» туристтік фирмасында көрсетілетін қызметтің кең ассортименті бар, ол сұраныстың өзгеруі, тұтынушылардың таңдауы өзгеру жағдайында алдағы уақытта өзгерте алады.

«Royal club»тур фирма әрашанда кәсіптің табысты дамуына бағытталған және сонымен ұсынатын қызметтердің ассортиментін кеңейтуге жаңа түрлерін жасау арқылы жетуді көздейді.