- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж және сөож тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Философия. (каз) Книгообеспеченность
- •Дәріс тезистері «философия. Антропосоциогенездің философиялық аспектілері»
- •Философия социомәдени феномен ретінде
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •Буддизм және оның негізгі идеялары.
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •1. Қытайдың көне заманнан келе жатқан ұлттық философиялық ілімдері:
- •2. Қытай философиясының дәстүрі бойынша адамды үш ғарыштық энергияның ұйыған түрінен пайда болды дейді, олар:
- •7. Үндістандағы арнайы жаттығуларды талап еткен ілім:
- •8. Үнді философиясындағы «ортаңғы жол» идеясы:
- •10. Әлемдік негізгі дінге жатады:
- •Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •XiXғ. Неміс философиясының кнф-мен бірге кең тараған бағыты материализм болды:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Кейстің тақырыбы: «Элейлік Зенонның «Ахилес пен тасбақа» апориясының мәні».
- •Кейс-есептің тақырыбы: «Философия тарихындағы софистикалық танымның маңызы».
- •Өнегеліліктің алтын ережесі: «Өзіңе қалағаныңды өзгеге жаса, өзіңе қаламағанынды өзгеге жасама».
- •1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау
- •«Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
- •«Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
- •2012-2013 Оқу жылына арналған «философия» пәнінен қорытынды емтихан сұрақтары
- •3 Кредит
Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
1. Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге.
В) Ақыл мен ойлауға.
С) Жоғары табиғи көштерге сену.
D) Эмоция мен түйсікке.
Е) Сенім мен болжауға.
2. “Философия” грек тілінен аударғанда:
А) өмір.
В) Махаббат.
С) Дүниеге көзқарас.
D) Даналыққа құштарлық.
Е) Зерде.
3.Философиядағы табиғат философиясының бағыты:
А) Саясат туралы ілім.
В) Жаратылыстану.
С) Зерде туралы ілім.
D) Натурфилософия.
Е) Табиғаттану.
4. Ой туралы ғылым:
А) Логика.
В) Методология.
С) Гносеология.
D) Онтология.
Е) Аксиология.
5. Мына сұрақтардың қайсысы философиялық:
А) Неге теңіз тұзды?
В) Электр тогы магнитті алаңды құра ма?
С) Марста өмір бар ма?
D) Дүниені тануға бола ма?
Е) Аспан неге ашық?
6.Философия қай елде пайда болды?
А) Еуропада.
В) Ежелгі Қытайда.
С) Ежелгі Үндістанда.
D) Ежелгі Грекияда.
Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде.
7. Философияның өзіндік ерекшелігі:
А) жеке білім
В) жинақталған білім
С) нақты білім
Д) практикалық білім
Е) қарапайым білім
8. Дүниеге көзқарастың анықтамасы:
A) дүниені танып-білуді білдіретін көзқарастардың жиынтығы
B) адамгершілік принциптерінің жүйесі
С) қоғам туралы білімдердің жиынтығы
Д) адамның дүниеде алатын орнына деген көзқарастардың жүйесі
E) дүниеге діни көзқарас
9. Бар дүниені бір принциптік негізде түсіндіру:
A) дуализм
B) экзистенционализм
С) монизм
Д) геосаясат
E) реализм
10. Философияның негізгі сұрағын екі жақтан шешу ол:
А. Онтологиялық және гносеологиялық жақтан
В. Дуализм, деизм жақтан
С. Эмпиризм, рационализм жақтан
D. Идеализм, материализм жақтан
E. Сенсуализм, релятивизм жақтан
№ 2 дәріс.
Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:
Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;
ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;
ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.
Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:
даосизм;
конфуцийшілдік;
легизм.
Онша көп таралмаған ілімдер:
моизм;
натурфилософия;
номинализм.
Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:
чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);
неодаосизм;
неоконфуцийшілдік.
ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды:
христиандық діни философия;
марксизм;
еуропаның көрнекті философтарының идеялары;
американдық прагматизм философиясы.
§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;
жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;
жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;
адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;
сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;
жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;
табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;
еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);
жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;
қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;
қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;
өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)
о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;
ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.