Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ЗП РК-2015.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
255.49 Кб
Скачать

Студент пен оқытушының өзіндік жұмыстары аясындағы бақылау срездерінің тақырыптары мен кестесі (срсп)

Бақылау срездерінің

Өткізілетін Уақыты (аптасы)

Бақылау срездерінің тақырыптары мен сұрақтары

1 Бақылау срезі

6 -7 апта

Есеп №1 Жерге меншік құқығы және пайдалану құқығы

Есеп №2 Жер мониторигісі, жер кадастрі, жерге орналастыру және жерге бақылау жүргізу

2 Бақылау срезі

13-14 апта

Есеп №3 Ерекше бөлім бойынша есеп

Есеп №4 Ерекше бөлім бойынша есеп

Әдебиеттердің тізімі

  1. Абдраимов Б.Ж «Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации норм земельного права». Докторская диссертация Алматы 2001 г.

  2. Абдраимов Б.Ж «Процессуальные особенности разрешения земельных споров» Учебное пособие. Алматы 2003 г.

  3. Абдраимов Б.Ж «Вопросы правового механизма обеспечения законности в земельном процессе» Монография. Алматы 1999 г.

  4. Абдраимов Б.Ж «Земельный процесс в Республике Казахстан» Учебно-практическое пособие. Выпуск 1. Алматы 2001 г.

  5. Абдраимов Б.Ж «Земельное законодательство и судебная практика» Учебно-практическое пособие. Выпуск 2. Алматы 2002 г.

  6. Белобородов П.К «Земельный учет» Монография. Иркутск 1974 г.

  7. Дегтярев И.В Осипов Л.И Земельное право и земельный кадастр.

  8. Колотинская Е.Н «Правовые основы земельного кадастра в России» 1967 г.

  9. Гусев Р.К. «Земельное право» Учебное пособие. Москва 2000 г.

  10. Боголюбов С.А. «Земельное право» Учебник. Москва 1999 г.

  11. Ерофеев Б.В. «Земельное право России» Общая часть. Учебник Москва 1994 г.

  12. Архипов И.Г «Земельное право Республики Казахстан» Учебное пособие. Алматы 1999 г.

  13. Б. Оспанов, З.Дюсенов «Земельная ресурсы и земельная реформа в Республике Казахстан»

  14. Ә Е Бектұрғанов «Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары» Алматы 1997 г.

  15. Еренов А. «Совершенствование правовых основ земельной реформы в Республике Казахстан» Алматы 1996 г.

  16. Косанов Ж.Х «Право собственности,право землепользования и иные права на землю» Монография. Алматы 2002 г.

  17. Сулейменов М.К «Право и собственность в Республике Казахстан» Монография. Алматы 1998 г.

  18. Киреева Т.Т, Климкин С.И «Защита права собственности» Учебное пособие. Алматы 2000 г.

  19. Касымов Г.Е, Тлеубергенов С.Т «Эколого-экономические проблемы охраны окружающей среды» Алматы 2000

Глоссарий

1) жердi жалдау төлемақысы - уақытша өтеулi жер пайдалану төлемақысы;

2) аффилиирленген тұлға - мемлекеттiк емес заңды тұлғаға қатысты еншiлес болып табылатын немесе тәуелдi акционерлiк қоғам деп танылатын ұйым;

3) төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесiнiң нормативтiк бағасы;

4) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгiлi бір мерзiммен шектелген тұлғалар;

5) кейiнгi жер пайдаланушылар - өзiнiң бастапқы жер пайдаланушы мәртебесiн сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейiнгi жер пайдалану туралы шарт негiзiнде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар;

6) мемлекеттiк жер пайдаланушылар - мемлекеттiк республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;

7) мемлекеттiк заттай гранттар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiле отырып, кейiннен меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн жер учаскелерi;

7-1) бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі - құқықтық, сәйкестендіру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттік жер кадастры құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты;

8) жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу - мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң кепiл шартына негiзделген не Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң негiзiндегi әдiсi, осыған орай кредитордың (кепiл ұстаушының) борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiлге салынған жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құнынан осы жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы тиесiлi тұлғаның (кепiл берушiнiң) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы болады, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген алып қою жағдайлары қосылмайды;

9) жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi;

10) жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар;

11) жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер;

12) жер кадастры - жер туралы мәлiметтер жүйесi, мемлекеттiк кадастрлардың құрамдас бөлiгi;

13) жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;

14) жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;

15) иммиграциялық жер қоры - оралмандарға беру үшiн резервке қалдырылған және арнайы жер қоры құрамына кiретiн жер учаскелерi;

16) шетелдiк жер пайдаланушылар - шет мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (шетелдiк заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар;

16-1) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;

17) жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатының жiктемесi - аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес учаске аумағын және онда орналасқан үйлер мен ғимараттардың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының (пайдаланылуының) үлгiсi мен түрi бойынша жер учаскелерiн мақсатты пайдалану түрлерiн топтастыру;

18) кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiктiң (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншiгiнде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкке жатпайтын бөлiктерi, оның iшiнде жер учаскесi де, оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесiлi болады және бөлек (дербес) меншiгiндегi (өзге де ортақ құқықтағы) жылжымайтын мүлiк бөлiктерiне құқықтардан ажыратылмайды;

19) өзiндiк қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз қажеттерiн қанағаттандыруға арналған қызмет түрi;

20) ұлттық жер пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк қатысушысы бар кәсiпорындар;

21) мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар - азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;

22) жер қатынастарының объектiсi - Қазақстан Республикасы аумағының шегiндегi бүкiл жер, онда не орналасқанына және олардың жекелеген субъектiлерге бекiтiлiп берiлуiнiң құқықтық негiздерiне қарамастан жекелеген жер учаскелерi, сондай-ақ жер учаскелерi мен жер үлестерiне құқықтар;

23) меншiк құқығының объектiлерi - мемлекеттiк және жеке меншiктегi жер;

24) бастапқы жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртiбiмен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар;

25) жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемақысы - уақытша өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесi үшiн бiржолғы төлем;

26) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзiмi шектеусiз сипатта болатын тұлғалар;

27) топырақ қабаты - жердiң құрғақ үстiңгi қабаты, тек өзiне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттерi бар ерекше табиғи түзiлiм;

28) жер иелену құқығы - жердi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi;

29) жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнiң меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтeуciз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер учаскесiн иелену және пайдалану құқығы;

30) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн өтеулi және (немесе) өтеусiз негiзде шектеусiз мерзiмге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы;

31) жерге билiк ету құқығы - мемлекеттiң Қазақстан Республикасы аумағындағы жердiң заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етiлген құқығы, сондай-ақ жердiң жеке меншiк иесiнiң өз жер учаскесiне қатысты Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған мәмiлелер жасауға құқығы;

32) жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы;

33) жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар - осылардың негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқықтары (жеке меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар және жер учаскесiне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар. Құқық белгiлейтiн құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесiн иелiктен шығару туралы өзге мәмiлелер) және сот органдарының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешiмдерi жатады;

34) жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар - жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның  құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары. Құқықты куәландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi және уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер пайдалану құқығы актiсi жатады;

35) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер өкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

36) сервитут - бөтен жер учаскелерiн шектеулi мақсатты пайдалану, оның iшiнде жаяу өту, көлiкпен өту, қажеттi коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшiн пайдалану құқығы;

37) арнайы жер қоры - ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiнiң және шартты жер үлестерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердiң есебiнен құралатын резервтегi жер;

38) жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер;

38-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы);

39) шартты жер үлесi - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерiнiң, мемлекеттiк емес болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерiнiң, сондай-ақ осы Кодексте аталған өзге дe тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелерiне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар iске асырылады.

40) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган).

41) жерге меншік құқығы - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін Жер тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың қызметінің Жер қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру;

42) жер пайдалану құқығы - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйі үшін Жер жауапкершілігін қамтамасыз ететін білім мен дағды жүйесін, құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудің, оқытудың, оның өз білімін көтеруінің және дамуының үздіксіз процесі;

43) жер қоры - бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекетте болатын организмдердің және солар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;

44) жерді бүлдіру - антропогендік және Жер ресурстары әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй;

45) жерді басып алу - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және Жер ресурстары әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

46) жерді алу - салынуы және қызметі адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе зиянды әсерін тигізетін шаруашылық объектісі және өзге де объект;

47) жерге басып кіру - қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның Жер саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды;

48) жер мониторингісі - қоршаған ортаның жай-күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;

49) топырақтын эрозиясы, деградациясы - ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйінің және оған әсер ету дәрежесінің сандық және сапалық көрсеткіштердің (нормативтердің) жүйесі;

50) жерді бақылау - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;

60) жерді тексеру - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен Жер талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;

61) жерді тиімсіз пайдалану - таңбаланған өнімнің Жер таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі;

62) жерді мақсатынсыз пайдалану - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу;

63) жер кадастрі- Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі растаудан өткен өнімге Жер таза өнім белгісін беру;

64) жердің шөлейттенуі - белгілі бір факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) Жер ресурстары объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;

65) егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.

66) тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi.

67) көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi.

68) табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.

69) түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi.

70) суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.

71) арнайы жер қоры - жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердiң арасында қайта бөлу мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен босалқы жер есебiнен құрылатын жер қоры.

72) байланыс жерлері - байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.

73) энергетика жерлері - су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектiлерiне қызмет көрсететiн басқа да электр станцияларын орналастыру; электр таратудың әуе желiлерiн, электр таратудың кабель желiлерiнiң жер бетiндегi құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерiн, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер учаскелерi жатады.

74) қорғаныс жерлері - қарулы күштердiң әскери бөлiмдерiн, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын басқа да әскерлердiң объектiлерi мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс қажеттерiне арналған жер деп танылады.

75) сауықтыру мақсатындағы жерлер - табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады.

76) рекреациялық мақсатындағы жерлер - халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады.

77) тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер - тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендерi, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелерi тарихи-мәдени мақсаттағы жер деп танылды.

78) мемлекеттік орман қорына кіретін жерлер - табиғи өскен орманы бар және мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттiк орман қорының жерiне жатады.

79) жекеше орман қоры жерлері деп орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен отырғызылған қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебінен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсіп тұрған жер жатады.

80) орман қорына кіретін жерлер - орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады.

81) су қорына кіретін жерлер - су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады.

82) босалқы жерлер - меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.