Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сары май.docx
Скачиваний:
222
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
160.86 Кб
Скачать
  1. Сары майды өндіру технологиясында қолданылатын құрылғылар

Сапалы сүт өнімдерін, оның ішінде сары май өндіру, технологиялық жабдықтардың мүлтіксіз жұмысы және технологиялық цикл талаптарының толық сақталуына тікелей байланысты.

Өнімнің сапасын бақылайтын құрылғылардың жағдайының көрсеткіші мен технологиялық параметрлерін өлшейтін құралдарды таңдаудың негізгі шарттары болып оның техникалық және экономикалық біртұтастық болып табылады.

Техникалық біртұтастық өлшеу құрылғысының негізгі метрологиялық және эксплуатациялық көрсеткіштерімен анықталады. Негізгі метрологиялық көрсеткіштерге қателік, өлшеу шектері, көрсеткіштер диапазоны, өлшеу құралдарының тұрақтылығы, сезімталдық, тасымалдауға пайдалануға ыңғайлылығы, құрылғының қарапайымдылығы, өлшеу сенімділігі, жөндеуге жарамдылығы мен қауіпсіздігі. Өлшеу құралдарын берілген нормативтік құжаттармен техникалық сипаттамаларға сонымен қатар құралдарға жүргізілген сынау, бақылау нәтижелеріне қарап таңдайды.

1сурет. Құрал жабдықтардың технологиялық сұлбасы.

1.Түтікшелі пастерлеуші «ПТ-10М» сүтті, кілегейді, түрлі шырындарды жабық ағында пастерлейді.

Техникалық сипаттамасы

Жұмысшы бөлігі, шт – 2

Өнім температурасы, ˚С бастапқы- 10, пастерленгені- 85-90

Жылу тасмалдауы 1 т өнімге буда, кг/сағ – 98; ыстық сумен, /сағ -20

Жылу алмасу ауданы, - 9,0

Бу қысымы, МПа – 0,1-0,3

Габариттік өлшемдер, мм - 1200х750х750

2. Сепаратор - А1-ОЦМ-15 сүт тазалағыш – қаймағы алынбаған сүтті кілегейге және көксүтке айырудың механикалық тәсілі. Бұл процесс кілегей мен көксүттің меншікті салмақтарының айырмасы негізінде және ортадан тепкіш күшті пайдалану арқылы жүргізіледі.Тұнбалықтың центрден тепкiш жүкшiлерiмен клапансыз жүйе басқарады, ол сенiмдiлiкті қамтамасыз етiді және пайдалануда қолайлы.

3. Қалыптауыш ванна - резервуар ВН-600М

Қалыптау ваннасы ВН-600М қаймақты өндіру кезінде майлылығы жоғары кілегейді қалыптауға арналған. Егер технологиялық процесті жүргізуде өнімдерді жылуту қажет болса, осы ваннада жылуту рұқсат етілген. Техникалық сипаттамасы

Сыйымдылығы, л

600 + 5

Араластырғыштың айналу жиілігі, об/мин

37+/- 5

Жылуту кеңістігінің көлемі, л

80 + 6

Буландырғыштағы бу қысымы, МПа (артық емес)

0,03

Габариттық өлшемдері, мм: Диаметр, мм биіктігі , мм

1210

1350

массасы, кг (артық емес)

320

А1-ОПЭ-1000 электрпастерлеуіш қондырғысы инфрақызыл қыздырғышты пайдалану арқылы сүт, шырын, шарап және басқа да тағамдық өнімдерді пастерлеу және залалсыздандыру үшін арналған.

Техникалықсипаттамасы

Өнімділігі (сүт өңдеуде), л/сағ.

1000

Пастерлеу режімі – қыздыру, ˚С

79-84

Гидрожүйені стерилдеу – жылы сумен, ˚С

90-95

Электр энергиясы – 3 фазалық айнымалы ток

380 В, 50 Гц

Қыздыру үшін пайдаланатын қуат, кВт

17

Сүттің құбырдан шығардағы температурасы, ˚С:

мұзды сумен салқындатпай

мұзды сумен салқындатқанда

42

4-6

Салқындатқыш агент – су, ˚С

2-3

Су қысымы, МПа

0,2

Габариті, мм

2500х900х1900

Массасы, кг

400

Бұл қондырғылардың негізгі артықшылықтары – залалсыздандырудың жаңа режімі 79,5F˚,5 ˚С-та кідіріссіз (лезде), ал бұрынғы қондырғыларда 90˚С қыздырған соң 5 минут және 85˚С қыздырғанда  30 минутқа дейін қалыпта ұсталатын.

Мөлшерлегіш. Насос арқылы келіп түскен қаймақты немесе басқа да сұйықтықтарды ыдыстарға құюда белгіленген мөлшерді ағызып тұратын құрылғы.