Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
105.47 Кб
Скачать

1. Негізгі бөлім

1.1 Негізгі құралдарды кіріске алу есебі

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбеюі мен олардың сапасына байланысты болады Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі ұүралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарылағанымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

Шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа субъектілер мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін берілуі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағы басқа жағдайлар арқылы келіп түседі.Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға шаруашылық субъектісі үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • объектінің аты;

  • объектіні алушы мен тапсырушы субъектілер;

  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

  • құрылыстың салынып біткен уақыты;

  • амортизациялық аударым мөлшері;

  • бастапқы құны;

  • басқа да шартты белгідері;

Негізгі құралдардың салынып біткен аса бір объектілеріне шаруашылық субъектісіндегі бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып бабылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төл-құжаттарда айдалануға берілген уақыты, техникалық ипаттамасы(көлемі, материалдык өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы, істен шығарылуы себебі), ағы басқа мәліметтер жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады.

Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық субъектісінің басшысы бекітеді. Бұрвн салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыста, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша алынады. Жоғарыда айтылғандай, негізгі құралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындар да кіреді. Негізгі құралдарды кіріске алғанда шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

Негізгі құралдар деп аталатын 12-шоттың тиісті бөлімше шоттары ( 121-жер; 122-үй мен ғимараттар; 123- машиналар мен жабдықтар; 124- көлік құралдары; 125- басқалары және 126- аяқталмаған құрылыс) дебиттеліп, оған сәйкес:

126, 431, 432, 441, 451, 452, 511, 641, 642, 643, 671, 687, 726, 727, және тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

Егер шаруашылық субъектісіне келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланып және оларға тозу сомасы нсептелген болса, онда олардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жатады:

Дебит 122, 123, 124 және 125 шоттардың тиістісі.

Кредит 131, 132, 133 және 134 шоттарының тиістісі.

1.2. Негізгі құралдардың есебі

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады. Келесі топтарға бөлінеді: а) ғимарат және құрылыс; ә) компьютерлер; б) көлік құралдары; в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар; г) басқа да негізгі құралдар. Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беру қажет: 1. Активтерді қай уақытта тану қажет? 2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі? 3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай? 4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады? 16 «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стан-дартына сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануга болады егер төмендегі шарттар орындалса: - берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса; активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде оліпенуі мүмкін.

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

• бастапқы; • ағымдағы; • баланстық; • өтімділік.

Негізгі қүралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.

Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады. Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.

Ағымдық - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі қүралдардың қүны. Бяланстық- активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Өтімділік - бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны.

Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің үсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері мен көрсетілген құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі.

Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері: - негізгі қүралдардың қуаттылығын жоғарылата отырып, пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация); - өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында машина бөлшектері мен буындарын игеру; - бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруын қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу. Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жұмсалымдар шығындар ретінде танылады. Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі. Франт-офистен негізгі күралдарды , кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.

Бэк-офис негізгі қүралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жазу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу кар-точкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет дерёктемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.

Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі қүралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рүқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады. Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтанды-рылып төлеуінде франт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім-шарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің франт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді.

Бэк-офис келісімшарттьщ дұрыс рәсімделуі және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшартта-рымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың қүнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды. .

Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар азайды . Банк бөлімшелерінің франт-офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап-өткізу актісін толтырады.

Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашкы құжаттардың көшірмесін жасайды да, негізгі құралдарды кірістеудің типтік тізімдемемен соңғы есебін банктің бэк-офисі бөлімшесі көп затты қолма-қол негізгі құралдардың әрбір заттарының құнын типтік Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Қорытынды

Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдар озгеріп отырады: олар мекемеге тусіп, пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, мекеме ішінде жылжытылады, көнелігі немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығы, сондай-ақ баска мекемелерге беру салдарынан есептен шығарылады. Барлық аталған көріністер бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесінде мекмелер(кәсіпорындар) активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан да негізгі құралдарды қайта бағалау, өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Негізгі құралдарды дұрыс бағалау және олардың амортизациясының негізделген мөлшерін анықтау, сондай-ақ өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын анықтау үшін өте маңызды.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп ерекше орын алады, оның көмегімен негізгі құралдарды сақтау, пайдалану және қалпына келтіруге жауапкершіліктің ара-жігі ашылады, тиісті құжаттармен негізгі құралдардың құрамындағы барлық өзгерістерді рәсімдеу тәртібі белгіленіп, есепке алудың басқа да мәселелері шешіледі.

Жоспар

1. Кіріспе

Негізгі құралдар жайлы жалпы түсінік

2.Негізгі бөлім

a) негізгі құралдарды кіріске алу есебі

ә) негізгі құралдардың есебі

3. Қорытынды

Негізгі құралдарлың маңыздылығы