Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бух.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
105.47 Кб
Скачать

ҚПрямоугольник 1азақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Алматы Технологиялық Университет

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы

Реферат

«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша

Тақырыбы: «Негізгі құралдарды кіріске алу есебі»

Орындаған: «МІжәнеМБ 13-11» тобының студенті

Сламбай Әлия

Тексерген: «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының

мұғалімі Шерзатов Қанат Аманханұлы

Алматы -2014 жыл

Кіріспе

Жалпы негізгі құралдар­ – өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын ,өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге,орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық материялдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың) есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

« Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мнг техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары,көп жылдық көшеттер,шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлемінің үлкендігі-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне(арзандығы-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, курделі құрылыс құрамындағы есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрал-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамына қаралған қосымша ғимараттар мен тетіктер, сонымен қатар жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес боып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарына пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар,двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізігі құоалдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, байланыс,құрылыс, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру,басқару органдары,әлеуметтік саөтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Мекеменің қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік-шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші еңбек құралдары мен басқа мүліктің құны «негізгі құралдар» деген экономикалық түсінікті құрайды.

16 «негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруге немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан астам – Ж.Т) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.

Олар өзінің табиғи-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар , беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, лабораториялық жіне реттеуші аспаптар техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады.

Түрлі министрліктерден,ведомастволардың жіне тұтас халық шаруашылығы бойынша есепке алу мен қаржылық есептелікте негізгі құралдардың бірегей топтарының негізгі шарты оларды ғылыми негізделген жіктеу болып табылады.

Негізгі құралдар мынадай белгілер бойынша жіктеледі: халық шаруашылығының салалары; функционалдық қажеттілігі; табиғи-заттық белгісі; игілігіне байланысты және пайдалану бойынша.

Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар тоғыз топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы және т.б.

Функционалдық қажеттілігі бойынша негізгі құралдар өндірістік-өнеркәсіптік, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес болып бөлшектенеді.

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп тұрғандай өнеркәсіптік өнімдерді шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғиматтар, машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.

Басқа салалардың өндірімтік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамндық тамақтандырудың ,көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардың негізгі құралдары жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар – бұл халыққа медициналық, тұрғын үй-коммуналдық жіне мідени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және спорт, өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі құралдары жатады.

Халық шаруашылығының әр саласында табиғи-заттық белгі бойынша, оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы негізгі құралдар тобы деп аталады. Негізгі құралдардың жекелеген топтары мыналар: жер учаскілері, жер учаскілері және ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, су кемелері, әуе кемелері, автокөлік құралдары,жиһаз және инженрелік жабдықтың салынатын элементтері, кеңсе жабдығы.

Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып екіге бөлінеді.Меншікті негізгі құралдар - бұл сол мекеме иелік ететін және соның теңгерімдік шотта ескерілетін негізгі құралдар. Жалға алынған негізгі құралдар – бұл басқа мекеменің немесе кәсіпорынның меншігіндегі, бірақ осы мекеме немесе кәсіпорын бойынша уақытша пайдаланылып жүрген негізгі құралдар. Бұл негізгі құралдар жалға алушыда теңгерімнен тыс шотында ескеріледі. Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар қолданыстағы, босалқы және бос тұрғандар болып жіктеледі. Қолданыстағыларға мекеме өнім өндіруге немесе жұмыстар орындау жіне қызмет көрсету үшін пайдаланып жүрген негізгі құралдар жатады. Жабдықтарды ауыстыру жіне т.б. үшін қолданылатын, күрделі жөндеуге, тозуына байланысты пайданылған негізгі құралдар босалқы құралдарға жатады. Мекемеде толық жинақталмауына немесе артық болуына байланысты пайданылмайтын, сондай-ақ консервацияда тұрған негізгі құралдар бос тұрғандарға жатады.

«Негізгі құралдары» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шыгарылған өнімдердің, болмаса орындалган жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізгіе алыныды.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұргын үй шаруашылығының негізгі құрадары халық шаруашылығының тұогын үй шаруашылығы және халыққы тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай топтарға бөлінеді:

  1. үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары)

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалар)

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары,энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары)

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін жіне іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, эскаваторлар, көтеретңн крандар, грейдейлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, жүк көтергін шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, касалық аппараттар жіне тағы да басқалар)

г) тасымалдау құралдары (жолаушы жіне жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер тракторлар және тағы басқалар)

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы да басқп негізгі құралдар)

д) шаруашылық құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы басқалары)

е) жұмыс және өнім малдары

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер

з) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны)

и) жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын

к) басқа да негізгі құралдар.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынган болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001- «Жалға алынган негізгі құралдар» - деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс ісиейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей 3 топқа бөлініп, есептелінеді:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлы-материалдық қорлар;

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Шаруашылық субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскілері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.