Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Zhansaya4

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
339.47 Кб
Скачать

4 Зертханалық жұмыс. Бір өлшемді массив типіндегі мәліметтермен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Есепті шешуде бір өлшемді массив типті мәліметтер құрылымын қолданып бағдарламалауды үйрену.

Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Массивтер – бұл бірдей типтегі элементтер жиыны (double, float, int ). Массивті жариялағанда компилятор массив элементтерінің типі және олардың саны туралы ақпарат алуы керек. Массив сипатталуының түрі:

спецификатор-тип сипаттаушы [константа - өрнек];

Сипаттаушы - массив идентификаторы.

Спецификатор-тип массивтің элементтерінің типі.

Константа-өрнек массив элементтерінің саны.

С тілінде массивтің бірінші элементінің индексі 0-ге тең.

Зертханалық жұмыс тапсырмалары.

Бір өлшемді массивтерді өңдеу тапсырмаларын шешетін блок-схема түріндегі алгоритм мен бағдарлама құру. Төменде көрсетілген тапсырмаларды бағдарламалауда циклдік операторлардың әр түрін қолдану ұсынылады.

Тапсырма нұсқалары:

  1. А(10) массиві берілген. Массив элементтерінің арасындағы алғашқы кездесетін нөлге тең элементке дейінгі оң элементтерінің саны мен қосындысын табу.

  2. А(20) массиві берілген. Массив элементтерінің оң сандарының ең кішісі мен ең үлкенін және олардың реттік нөмірін табу.

  3. А(15) массиві берілген. Массивтің тақ орындарында орналасқан элементерінің арасындағы ең кіші элементті анықтау керек.

  4. А(30) массиві берілген. Массивтің ең кіші және ең үлкен элементтерінің арасындағы оң элементтердің саны мен қосындысын табу.

  5. А(20) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент болса, онда бұл элементтен кейін тұрған барлық элементтерді квадратта, әйтпесе массивті өзгеріссіз қалдыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]