Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Zertkhanaly_1179_zh_1201_mys

.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
193.76 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс – 1

Басушы аппараттар. Соққы типтес принтер. Инелік принтер. Типтік принтерлер.

Тапсырма: Негізгі түсінігі мен анықтамасын оқу.

Негізгі әдебиеттер: 2[89 – 109]

Қосымша әдебиеттер: 1[16 – 25]

Бақылау сұрақтары:

1.Принтердің конструкциясы

2.Принтердің жұмыс істеу принциптері

3.Басушы аппараттар сипаттамасы және анықтамасы

4.Қондырғының негізгі элементтері.

Принтерлер.

Принтер – баспаға шығару құрылғысы. Мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жадынан қағазға басып шығару арналған. Принтердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланатын күрделі мәтіндерді басып бере алады. Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі – түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың моделдері бар. Қазіргі таңда принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккеш түрлері бар. Мысалы ретінде лазерлік принтердің жұмыс істеу принципін қарастырамыз.

Лазерлік притерлерде кескіндерді құрудың электрографиялық принципі қолданылады. Бұл принцип барлық қазіргі заманғы лазерлік принтерлерде қолданылады да, мына түрде сипатталады: жарық сезгіш қабатпен қапталған алюминий түтікшеге ( фотоөткізгіш цилиндр (organic photoconduction cartridge фотобарабан) теріс статикалық заряд беріледі.

Көбінесе басып шығаратын барабан деп – лазерлік принтердің “жүрегі” деп аталады. Барабанның көмегімен кескін қағаз бетіне ауыстырылады. Барабан фотоөткізгіш жартылай өткізгіштің жұқа үлдірімен, мырыш оксидімен қапталған металдық цилиндр.

1 – сурет. Лазерлік принтер құрылғысы.

1 – лазер генераторы ; 2 – айналатын айна; 3 – лазерлік сәуле; 4 – қағазды алып беретін валик; 6 – фотоөткізгіш цилиндр; 7 – кескінді бекітетін түйін.

Осыдан кейін лазер сәулесі фотобарабан арқылы өтіп, басу керек жерлерде зарядтың бір бөлігін алып тастайды. Содан соң, фотобарабанға теріс заряды бар тонер жағылады ( тонер құрғақ сия, смала, полимер металдық жаңқалар, көмір шаң тозаңдарынан т.б химиялық заттардан тұратын қоспа ). Әрі қарай, барабан (оң зарядқа ие ) қағаз бойымен айналады да, онда барлық тонерді қалдырады. Қағазда тонерді бекіту үшін қағаз зарядталып жоғары t – ның әсерімен тонер қағазға қатты күйдіріледі. Түрлі – түсті кескінді басып шығару үшін барлық түстер барабанға кезек – кезегімен жағылады, немесе басып шығару 4 өткелмен жүреді ( қара, көк, қарақошқыл және сары түстерді баспаға шығару үшін ). Баспаға шығарудың осындай әдісі көшіру аппараттары мен кейбір факстерде қолданылады.

Hewleft – Pachard, Canon, Xevox, Lexmark, Texas, Instrumeents, Sharp және т.б. да формалардың басып шығаратын құрылғылары кең қолданыс тапқан.

Плоттерлер

Плоттерлер – арнайы салаларда қолданылатын шығару құрылғысы болып табылады. Олар әдетте автоматтандырылған жобалау жүйелерінің программаларымен бірге қолданылады. Практика жүзінде кез келген мұндай программа жұмысының нәтижесі – мәнді бөлігін графикалық материалдар құрайтын, конструкторлық және / немесе технологиялық құжаттар жиынтығы. Сонымен плоттердің негізгі – сызбалар , сұлбалар, графиктер, диаграммалар, фотосуреттер т.б. болады. Бұл үшін плоттер, арнайы қосымша құрылғылармен жабдықталған.

Барлық қазіргі заманғы құрылғыларды екі үлкен класқа жіктеуге болады:

1.Планшеттік

2.Барабанды ( руланды )

Плоттерде мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады. Плоттер іс – сұлбаларын, географикалық және метеорологиялық карталар архитектуралық жобалар мен күрделі құрылымдық сұлбаларды алуға қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]