Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК _АСДиП_ 25-06-2012 kz.doc
Скачиваний:
61
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.94 Mб
Скачать

Типтелмеген файлдар

Типтелмеген файлдарды баяндау барысында компоненттердің типі көрсетілмейді. Сондықтан бұл файлдар басқа файлдармен үйлесімді болады және компьютердің жады және диск арасындағы мәліметтер ауысуын жоғары жылдамдықтағы ауысу ретінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Типтелмеген файлдарды инициалдағанда RESET және REWRITE процедураларында екінші параметр ретінде типтелмеген файлдың жазбасының ұзындығын байт арқылы көрсетуге болады. Мысалы, RESET(f1,512).

Егер жазбаның ұзындығы көрсетілмесе, онда ол 128 байт болып саналады. Мәліметтер ауысу жылдамдығы максималды болу үшін жазбаның ұзындығын 512 байт деп анықтау қажет.

Типтелмеген файлдармен жұмыс істеу үшін типтелген файлдарға арналған барлық процедура және функциялар пайдаланылуы мүмкін (READ, WRITE процедураларынан басқа). READ және WRITE процедураларының орнына BLOCKREAD, BLOCKWRITE жылдамдығы жоғары процедуралар қолданылады.

BLOCK READ (<ф.айн.>, <буф>, <K1> [,<K2>]);

BLOCKWRITE (<ф.айн.>, <буф>, <K1> [,<K2>]);

мұнда <буф> - буфер: дискпен мәліметтер ауысуында қатысатын айнымалының аты;

< K1> - дискіге бір қатынас жасағанда оқылу немесе жазылу.

<K2> - процедура орындалғаннан кейін нақтылы өңделген жазбалардың саны.

SEEK, FILEPOS және FILESIZE процедуралары арқылы типтелмеген файлдың кез келген жазбасынан мәлімет алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Негізгі әдебиет:1 [119-139]

Қосымша әдебиет: 5 [16-19], 10 [87-95], 11 [359-369].

Бақылау сұрақтар

  1. Файлдардың неше түрі бар? Олардың айырмашылығы қандай?

  2. Тексттік файлдарға қосымша ақпаратты қосу үшін қандай процедура пайдаланылады?

  3. Типтелмеген файлдар қалай баяндалады?

  4. Типтелмеген файлдар үшін RESET және REWRITE процедураларында қандай қосымша параметр көрсетіледі?

  5. Тексттік файлдардың қандай ерекшеліктері бар?

12–дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану

Графикалық режимге көшкеннен кейінгі қолданылатын функциялар мен процедуралардың қызметіне тоқталайық.

INITGRAPH-графикалық жүйені тағайындап, графикалық режимге көшіреді. Графикалық режимді автоматты түрде тағайындау үшін GRAPHDRIVER айнымалысы DETECT мәнін қабылдау керек.

Сонда GRAPHMODE және PATHTODRIVER анықталмай, автоматты түрде тағайындалады.

USES GRAPH- графиканы қосу

DRIVERS- драйверді шақыру

DRIV:=DETECT- графикалық

INITGRAPH( DRIV, Mode’’,)- режимді тағайындау

SETBKCOLOR- берілген COLOR параметрі бойынша фонның түсін тағайындайды:

SETBKCOLOR (COLOR: сөз)

SETCOLOR- берілген COLOR параметрі бойынша шығарылған суреттің түсін тағйындайды:

SETCOLOR (COLOR:)

MOVETO – (X,Y) жаңа координаталық мәнің тағйындайды:

MOVETO (X,Y: INTEGER)

CLEAR DEVICE – шығару құрылысында тағайындалған ағымдағы параметрді өшіріп, құрылғыны тазалайды. Бұл процедура ағымдағы көрсеткішті координатасы 0,0 нүктеге орналастырады.

CLEAR VIEW PORT – ағымдағы экран терезесін тазалайды. Ол үшін PALETTE (0) процедурасы бойынша сақталынған түс пайдаланылады. BAR процедурасы шақырылып, ағымдағы көрсеткіш координатасы 0,0 нүктеге орналастырылады.

DETECGRAPH процедурасы – қандай графикалық режим мен драйиерді пайдалану қажет екенің анықтайды.

GETCOLOR функциясы суреттің ағымдағы түсін;

GETGRAPHMODE функциясы ағымдағы фонның түсін;

GETBKCOLOR функциясы ағымдағы графикалық режимді;

GETGRAPHPALETTE процедурасы ағымдағы палитраны өлшемімен береді;

SETFILLPATTERN процедурасы бойынша пайдаланушы тағайындаған бояудың үлгілерін таңдайды.

SETGRAPHBUFSIZE – бояуға пайдаланатын буфердің өлшемін өзгертуге мүмкіндік берді.

SETGRAPHMODE – жүйені графикалық режимге қосып, экранды тазалайды.

SETVIEWPORT функциясы сурет шығару үшін экран терезесін тағайындайды. Мысалы, 200*200 экран терезесін былай тағайындауға болады:

SETVIEWPORT (0,0,199,199, CLIPON)

SETFILSTILE – бояудың түрін тағайындайды. Мұндағы PATTERN бояудың стандартты бір түрі. (Ол 0-ден 12-ге дейінгі бояудың түрін қабылдайды).

SETFILSTYLE(PATTERN: сөз; COLOR: сөз)

CLOSEGRAPH – графикалық режимін шығару. Буферді барлық графикалық режимдерден босатады.

FLOODFILL – тұйық облыстың ішін бояу .

FLOODFILL(X,Y:INTEGER;BORDER: сөз)

Координатасы (Х,Ү) нүктесі ішінде жататын тұйық облысты бояйды. Бояу ағымдағы түспен алынады. Егер (Х,Ү) нүктесі тұйық облыстың сыртында жататын болса, онда тұйық облыстың сырты боялады. Боялатын облыстың ішінде BORDER-ден бөлек түсті нүкте де сол түспен боялады.

PUTPIXEL – процедурасы координатасы (Х,Ү) нүктесін PIXEL түспен боялады.

PUTPIXEL(X,Y: integer; pixel: сөз)

GetPiXEL(X,Y:INTEGER) – координатасы (Х,Ү) болатын нүктенің түсін береді.

LINE процедурасы координатасы (Х1,Ү1) болатын нүктеден координатасы (Х2,Ү2) болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады.

LINE(X1,Y1,X2,Y2:integer)

Түзу сызықты Lineto, linerel процедураларын да пайдаланып сызуға болады. Ол үшін moveto сөзі арқылы сызық басталып нүкте көрсетіледі.

Сызықтың түрі және қалыңдығы Setlinestyle, ал түсі Setcolor процедурасы бойынша беріледі.

RECTANGLE процедурасы ағымдағы түспен координаталары бойынша тік төртбұрыш сызады

RECTANGLE(X1,Y1,X2,Y2: INTEGER)

(X1,Y1) нүктесі тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышының нүктесінің кординатасы, ал (Х2,Ү2) нүктесі оң жақ төменгі бұрышының координтасын береді. Тік төртбұрыш Setfillstyle процедурасы бойынша тағайындалған түспен және сызықтың түрімен сызылады. Bar процедурасы ағымдағы түспен боялған төртбұрыш сызады.

Bar (X1,Y1,X2,Y2: integer)

(X1,Y1) және (X2,Y2) нүктелері боялған тік төртбұрыштың сол жақ жоғары және оң жақ төменгі нүктелерінің координаталары. Setfillstyle және setfillpattern процедураларының көмегімен бояудың түсі және үлгісі тағайындалады.

Негізгі әдебиет:1[276-336]

Қосымша әдебиет:5 [26-27], 6 [164-207], 8[150-160].

Бақылау сұрақтары

  1. Графикалық режимді инициализациялау үшін қандай процедура пайдаланылады және оның параметрлері қандай?

  2. Графикалық режимнің қателерін өңдейтін қандай функция?

  3. Бояу және сызықтың типін анықтайтын қандай процедура?

  4. Rectangle процедурасының параметрлері қандай?

  5. Шеңбер және эллипсті сызатын процедураның параметрлері қандай?

13–дәріс. Модульдер. Модульдер құрылымы. Модульдік программалау. Стандартты модульдер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]