Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

3

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
94.21 Кб
Скачать

3. Арнаулы бөлім

3.1. Бұрғылау – аттыру жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз ету

Карьердегі бұрғылау – аттыру процесі көп еңбек сіңіруді және қауіпсіздік ережелерін қатал сақтауды талап ететін жұмыстар қатарына жатады. Оның барлық кезеңдері (далалық және камеральдық жұмыстары) маркшейдерлік қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұрғылап-жару жобасын жүзеге асыру барлық қатысушылардан (геологтар, маркшейдерлер, бұрғылаушылар және жарушылар) дәл ұйымдасқан және бір-бірімен байланысып жұмыс істеулеріне тікелей байланысты.

Бұрғылап-жару жұмыстарын (БЖЖ) маршейдерлік қамтамасыз ету – жару жұмыстарының жобалық, кен-геометриялық шамаларын, сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау, жаппай қопарудан кейінгі тау жыныстарын түсірімдеу болып саналады. БЖЖ пәрменділігін, қопарылған күйдегі көлемін, қопарылатын блоктың негізгі массивтен қандай бұрышпен айырылғанын, қанша жерге жайылғанын, жарылу сызығы мен қопарылу коэффициентін, әр ұңғыма жарылысынан қанша жыныс қопарылғанын (әр ұңғыманың өнімділігі), қанша қопарғыш зат кеткендігін, қопарылған жер табанының тегістігін анықтау маркшейдерлік қызметке жүктелген жұмыстың күрделі, жауапты және қауіпті екендігін көрсетеді.

Карьерлердегі бұрғылап-жару жұмыстарын (БЖЖ) ұйымдастыру төмендегі ретпен орындалады :

  1. Жарылыс жобасын жасау үшін қажетті мәліметтерді даярлау (БЖЖ жүргізілетін болса блокта геологиялық-маркшейдерлік түсірімдер жүргізу және оның негізінде тау жыныстарының, кеннің сипаттамаларын көрсететін блоктың планын жасау). БЖЖ жобалауда сол аймақтың 1:1000 немесе 1:500 масштабтағы планы жасалынады.

  2. Жобадағы барлық ұңғымаларды қопарылыс алаңының бетіне көшіру және орындарын белілеу.

  3. Ұңғымалардың тереңдігін анықтау, олардың жоба тереңдігінен артық үңгілену шамасын есептеу, ұңғымалар арасының, олардың қатарларының ара қашықтықтарын және қопарғыш заттардың көлемін анықтау.

  4. Жарылыс ұңғымалары бұрғыланғаннан кейін маркшейдерлік түсірім нәтижесінде қопарылатын блоктың орындалу планы мен қимасын жасау.

  5. Бұрғыланған ұңғымалардың тереңдігін анықтап, олардың жобаға сәйкестігін тексеру.

  6. Жарылыстан кейін қайтадан маркшейдерлік түсірім жүргізу, қопарылған тау-кен жыныстары қоспасының көлемін анықтау, жарылыстың нәтижесін шығару.

БЖЖ кезіндегі маркшейдерлік түсірістер кезінде, маркшейдерлік кемердегі жарылыс ұңғымаларының бірінші қатарын қарсы жатқан кемер беткейін жармалап түсіреді. Профилдік (жармалап) түсірімдеудің мақсаты – бірінші қатардағы ұңғымаларға қажетті қопарғыш заттардың салмағын есептеу үшін, кемердің негізгі геометриялық параметрлерін анықтау.

Ашық әдіспен кенді игергендегі тасты және жартылай тасты аршым тау жыныстары және пайдалы қазындыларды кемер кенжары сілемінен ажыратып қопсыту, алдын ала вертикаль, кейбір жағдайда көлбеу ұңғыларды бұрғылап алып, содан соң оларды жарылғыш заттармен толтырып, жаппай қопару арқылы жүргізіледі.

Карьердің маркшейдерлік қызметі бұрғылау – жарылыс жұмыстарына қажетті графикалық материалдарды дайындап, жобадағы ұңғыларды жұмыс алаңында белгілеп, содан соң жарылыс нәтижесін шығарып отырады.

Карьердегі бұрғылау – жарылыс жұмыстары төмендегі маркшейдерлік жұмыстарды дер кезінде жүргізүді қажет етеді.

Маркшейдерлік түсіріс нәтижесінде қопарылатын жердің планы мен қимасы ірі масштабта жасалынып оларға геологиялық мәліметтер енгізіледі.

Бұрғылау – жарылыс ұңғыларының параметрлеріне сәйкес жарылыс жобасы жасалады. Жобадағы барлық ұңғыларды қопарылатын жұмыс алаңы бетіндегі орындары белгіленеді.

Жарылыс ұңғылары бұрғыланғаннан кейін маркшейдерлік түсіріс нәтижесінде қопарылатын блоктың орындалу планы мен қимасы жасалынады.

Жарылыстан кейін маркшейдерлік түсіріс жүргізіліп қопарылған тау-кен жыныстары қоспасының көлемі анықталып, жарылыс нәтижесі шығарылады.

Әрбір жаппай жарылыс жобасын жасау 1: 500 немесе 1:1000 масштабтарда қопарылтын учаскесінің планының және қимасының көшірмелерін даярлаудан басталады. Осы план мен қимада ұңғылардың сағалары, терңдігі мен биіктік белгілері, жоғары және төменгі алаңдардың орындары, кемер беткейінің жағдайы, блоктың шекарасы, пайдалы қазндылар мен қоршаған тау жыныстарының жанасқан жерлері, жарылыс кезіндегі қауіпті аймақтың объектілер, ірі жапсарлар, геологиялық бұзылулар және т.б. көрсетулері тиісті. Қопарылатын блктардың пландары тау жыныстарының литологиялық құрамдары және кемер контурлары көрсетілген вертикаль қималармен толықтырылады.

Содан соң қопарылатын блоктың план көшірмесіне мыналар салынады:

а) қопарылатын блок кемерлерінің жоғарғы және төменгі жиектерінің барлық ерекше нүктелерінің биіктік белгілері;

б) кемер беткейі жазықтығының бұрылыстары мен бұзылыстары және олардың план мен биіктік бойынша тараулары (ойы, шұңқыры, шоғырлаы және т.б.)

в) кемердің жоғарғы және төменгі алаңдарының биіктік белгілері;

г) жарықшақтанғандықтың және жарықшақтардың үш өлшемдік координаталарының негізгі бағыттары;

д) жарықшақтар пайда болуының ең көп шоғырланған учаскелері және кертпеш алаңының 1м жеріндегі жарықшақтар саны;

е) экскаватор жүүретін беттің барлық элементтер;

ж) пайдалы қазындылар мен қоршаған тау жыныстарының жапсарлары, геологиялық бұзылыстар, карст шұңқырлары және т.б. геологиялық құрылым элементтері;

з) жарылыс жұмыстарынжүргізу ережелеріне сәйкес анықталған қауіпті аймақтар шекарасы және осы аймақьа жақын орналасқан ғимаратар мен құылыстар.

Қималарда мыналар көрсетіледі

а) кемер алаңының, беткейінің және жиектерінің барлық ерекше нүктелерінің биіктік белгілері;

б) кенжарла мен ұңғылар сағаларының биіктік белгілері;в) қима жазықтығындағы тау жыныстарының литологиялық құрамы, олардың бір-бірімен жапсарласқан жерері, геологиялық бұзылыстар, жарықшақтар, қарсты шұңқырлар және т.б. геологиялық құрылым элементтері.

Қопарылатын блоктағы ұңғыларды бұрғылап болған соң, маркшейдер кемердегі жарылыс ұңғыларының бірінші қатарына қарсы жатқан кемер беткейін профильдік (жармалап) түсіру бірінші қатардағы ұңғыларға қажетті жарылғыш заттар салмағын есептеу мақсатымен оның геометриялық негізгі параметрлерін анықау үшін жүргізіледі. Бұл параметрлер кеме табаны бойынша кедергі, ұңғылардың ұңғылардың тереңдігі мен асыра бұрғылану және кемер биіктігі жатады. Іс жүзінде профильдік түсірістің бірнеше әдістері бар. Эклиметр және рулетка арқылы кемер беткейін түсірудің схемасы көрсетілген. Бұл әдісте кертпештің ерекше нүктелерінің рындар берілген профильдік сызық бойымен жоғарғы жиекке жақын жерде орналасқан эклиметрден ерекше нүктелерге дейінгі арақашықтықпен және осы нүктелер бағытының көлбеу бұрыштаымен анықталады. Эклиметрді қолданып маркшейдер кемердің жоғарғы (төменгі) жиегінен кемер беткейінің ерекше нүктелерін нысаналап вертикаль бұрыштарды γ және δ өлшейді. Бұл жағдайда ара қашықтығын өлшеу үшін рулеткаға (жіпке) шар-1 тәрізді жүкті байлайды да, ол түсіру кезінде нысанылау нүктелерімен беттестіріледі. Кемердің пішіні күрделі болған жағдайда жүкке жіп байланадыда, кемердің төменгі жағында тұрған жұмыскер жіпті керіп жүкті нысаналанған нүктеге орналастырады, ал маркшейдер рулеткадан ара қашықтықты есептеп алады. Кей уақытта бұрыш өлшеуішті кемердің төменгі жиегінде орнату ыңғайлы болып табылады.

Телескопиялық штанга мен рулетканың көмегімен керт пешті профильдік түсірімдеуде штанганы кемердің жоғарғы алаңына нормаль етіп орнатады. Штанганың шетінен ролик арқылы жүгі бар рулетканы кемердің төменгі жиегіне түсіеді. Штангадан горизонталь қашықтыққа сәйкес келетін есептеу алында, ал рулетка бойынша штангадан кертпештегі түсірілетін нүктеге дейінгі hi қашықтығын анықтайды.

Кемер беткейін түсіру:

а, б - эклиметр жөне рулетка арқылы; в - рейка және рулетка арқылы.

Жарылыс біткеннен кейін, маркшейдер қопарылған тау жыныстарының көлемін, қопсу коэффициентін, ұсатылу деңгейін, аршылған жер аумағын және т.б. шамаларын анықтайды.

Бүгінде маркшейдердің атқаратын осындай ауқымды жұмыстары жеңілденіп, карерьдегі БЖЖ маркшейдерлік қамтамасыз ету компьютерлік жолға қойылған. Бұрғылау-жару процесіндегі жұмыстарды автоматты түрде есептеу және модельдеудің жетекші фирмалар жасаған бірнеше бағдарламалары (Datamine, Ұлыбритания; Techbase, АҚШ; Gemcom, Канада; ВИОГЕМ, Ресей және т.б. ) бар және олар Қазақстан кәсіпорындарында кеңінен қолданылуда.

Бұл бағдарламалар БЖЖ-ға қажетті жоғарыда айтылған құжаттардың барлық түрлерін құрастыруға және редакциялауға, мәліметтер қорын жинақтауға сонымен қатар маркшейдерлік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұндағы геологиялық, маршейдерлік, бұрғылау-жару мәліметтері блокты сканирлеу суреттерінен және электронды тахеометрмен жүргізілген түсірімнің нәтижелерін комьпютерде өңдеуден алынады.

БЖЖ-ын компьютерлік жобалау мен маркшейдерлік қамтамасыз етудің жалпы схемасында екі кезең көрсетілген: бұрғылаудың және блокты жарудың жобаларын карьерде автоматты режимде жүзеге асыру. Мұндағы жобалау технологиясы компьютерде, ешқандай қағазсыз жүргізіледі. Ұңғымаларды орналастыру мен қопарылатын блокты модельдеуді редакциялауға, масштабын өзгертуге, жекелеген бөліктерін түзетуге болады.

Жаппай жарылыстан кейін қайтадан маркщейдерлік түсіріс жүргізіледі, қопарылған блоктың қимасы жасалынады және қопарылған жыныстары қоспасының көлемі, қопсу коэффициенті, ұсатылу деңгейі және т.б. анықталады, сонымен қатар БЖЖ нәтижесі бойынша есеп беріледі.

Сонымен қатар, карерьлерде БЖЖ жүргізуде қолданылатын бұл бағдарлама, нәтижелері бұрғылап жаруда қолданылатан көптеген есептерді (кері геодезиялық есеп, тура және кері геодезиялық қиылыстырулар, тахеометриялық түсіріс журналын өңдеу) шешуге мүмкіндік береді.

Карерьдің барлық блоктарындағы қопарылған тау жыныстары қоспаларын тазалап болғанша, есеп беру мезгіліне (ай сайын) тиелген таужыныстарының көлемін маркшейдер қолма-қол есептеп немесе қопсыманы маршейдерлік толықтыру түсірімдері нәтижелерімен анықтап отырады.

Жобаланған жарылыс ұңғыларының сағаларын жұмыс алаңына көшіру маңайда орналасқан түсіру жүйелерінен полярлық немесе ординаталық әдістермен жүргізіледі. Бұрыштар 5 дәлдікпен салынады, 50 м- ден кем ара қашықтықтар қашықтық өлшеуіштің көмегімен, ал перпендикуляр 0,1 м дәлдікпен өлшенеді. Ұңғылар сағаларының орындары ағаш қазықшалармен белгіленіп, оларға ұңғының нөмірі мен жобалық тереңдігі жазылады.

Қопарылған блок карьер контурына жақын орналасқанда және күрделі жартылай ор жолдарды қазғанда барлық жарылыс ұңғыларының орындары аспаптардың көмегімен белгіленеді. Егер жарылыс ұңғылары кемердің беткейі тазаланбаған кезде бұрғыланатын болса, онда бірінші қатардың барлық ұңғыларының орындары аспап көмегімен белгіленеді, ал тазаланған кенжарларда бірінші мен соңғысы аспап арқылы алаңға шығарылады. Маркшейдерлік орындау түсірістерінің нәтижесінде жаппай жарылыстың дәлденген жобасын жасау үшін аркшейдер төмендегі құжаттарды әзірлеуі керек:

  1. қопарылатын блоктың 1:500 немесе 1:1000 масштабтағы планын жасап,

онда қопарылатын блоктың шекарасы, барлық жарылыс ұңғылары, кемердің жоғарғы және төменгі жиектері, әр түрлі тау жыныстарының жапсарланып учаскелерге бөліп, әрқайсысына бұрғыланушылық және қопарылғыштық категориялар көрсетіледі;

  1. план масштабына бұрғылау ұңғылары арқылы кемердің көлденең қималары жасалынып, онда кемер беткейінің қимасы, жарылыс ұңғылары, кемер табанының жобадағы және нақтылы биіктік белгілері, әр түрлі тау жыныстарының және пайдалы қазындының жапсарлары, тау жыныстарының және пайдалы қазындының жапсарлары, тау жыныстарының бұрғыланушылық және қопарылғыштық категориялары көрсетіледі.

Ұңғыларды бұрғылау барысында геологтар шламнан сынамалар алады. Алынған сынамаларды өңдеу нәти жесінде рудадағы пайдалы компоненттердің (металдардың) орташа мөлшерін анықтаудың сенімділігі артады, блоктағы әр түрлі рудалар мен тау жыныстарының жапсарлары айқындалады. Срған қоса арнайы шкалалар бойынша тау-кен жыныстарының бұрғыланушылығы мен қопарылғыштығы анықталады.

Блоктағы барлық ұңғылар бұрғыланып болғаннан кейін маркшейдерлік түсіріс жүргізіліп, соның нәтижесінде әр қатардағы ұңғылардың және бірінші қатардағы ұңғылардың кемер жиегімн және беткейімен салыстырғандағы нақтылы орындары түсіріледі.

Ұңғылардың тереңдіктері және әр ұңғының қаншама асыра бұрғыланғандағы анықталады. Тереңдігі және бағыты жағынан жобаға сәйкес бұрғыланбаған ұңғылар жарамсыз деп саналады. Ұңғыларды асыра бұрғылау мөлшері саталмаса, жарылыс нәтижесінде кенжардың жұмыс алаңы табанының биіктік белгісі жобадағы шамасына сәйкес болмауы мүмкін. Осының салдарынан осы горизонтта тау-кен жыныстары қоспаларының біршама көлемі алынбай қалуы мүмкін. Осы алынбаған тау-кен жыныстарын карьерден шығару тек қана келесі горизонтты ашқан жағдайда туады. Егерде жоғарғы горизонтта қалған тау жыныстардың төменгі горизонтты ашқан кезде шығаратын болсақ, онда оларды тасымалдауға шығатын шығын, кемер биіктігіне көтеру шамасына дейін артады. Осыған ьайланысты маркшейдер бұрғылау – жарылыс жұмыстарын жүргізгенде әрбір ұңғының терңдігін өлшеген кезде асыра бұрғылау мөлшерінің сақталуын ұқыпты түрде ескеріп, ол орындалмаған жағдайда оларды жарамсыз деп табуы керек.

Вертикаль ұңғылардың терңдігін дециметрлерге бөлінген және ұшын кішкене жүк байланған сым көмегімен өлшейді. Ал көлбеу ұңғылардың терңдіктерін ұзындығы 2-2,5 м-лік үзбелері бар дюральдан жасалған телескопиялық құбырлармен өлшеу тиімді болып саналады. Ұңғы оқпанының көлбеулік бұрышын ұңғыларға түсірілетін құбырға бекітілген тау-кен компасымен немесе жарты шеңбермен анықтайды. Жоғарыда айтылғандай бірінші қатардағы ұңғылар бойынша көлденең қима жасалынып, оған әр түрлі рудалар мен тау жыныстары сорттарының жапсарлрын, сондай-ақ қимада көрінген басқа да қасиеттерін толықтырады.

Көлденең қималардан қажетті дәлдікпен табан бойындағы кедергі сызығы, яғни зарядтан кемер беткейіне және төменгі жиегіне дейінгі ең аз ара қашықтықты және асыра бұрғыланудың нақтылы шамасы анықталады. Егер бұрғылау – жарылыс жұмыстарының осы көрсетілген параметрлері дұрыс анықталмаса және түсірістер кемердің жоғарғы және төменгі жиектерін түсірмен шектелсе, онда карьердегі жаппай жарылыстың тиімділігі әжептәуір кемиді.

Жарылыстан соң қопарылған блоктағы тау-кен жыныстары қопсымасын және жаңадан пайда болған керпештің жоғарғы жиегін тахеометриялық немесе фотограмметриялық әдістермен толық етіп түсіреді. Түсіріс нәтижесінде көлденең қималар толықтырылып, олардан вертикаль параллель қималар әдісімн немесе көлемдік палетка көмегімен қопарылған тау-кен жыныстарының көлемі, тау-кен жыныстары қопсымасының ені, көлбеулік бұрышы және жоғарғы жиегінің сызығы және кемер беткейінің жоғарғы жағының көлбеулік бұрышы және де қопсу коэффициенті анықталады.

Түсіру жұмыстарының толық кешенді роындалу арқасында жарылыс параметрлерінің егжей – тегжейлі сипаттамалары алынып, оларды салыстыру мақсатымен жобалау планына салады. Маркшейдерлік түсірістер негізінде алынған мәліметтер қопарушы мамандарға жарылыстың нәтижесін және оның параметрлерінің дұрыс таңдалғанын анықтауға, яғни келешекте жасалынатын жарылыстарда кемшіліктерді болғызбауға мүмкіндік береді.

Блоктың қопарылған тау – жыныстары қоспасы толық тиеліп болған соң кемердің беткейі мен төменгі жиегі түсіріледі. Осы түсірістің нәтижесінде жарылыстың барлық көрсеткіштерін анықтаудың мүмкіндігі туады: ұңғының 1 м- інен шыққан тау- кен қоспасы; жарылғыш заттардың меншікті шығыны; тау жыныстарының, кемер табанының бөліну беті; ұсақталмаған тау жыныстарының шығымы; тау-кен қоспасын қазып – тиегенде экскаватордың өнімділігі және осы жарылыстан алынған тау- кен қоспасының толық көлемі.

Ашық кенде кеңінен жасалынып жүрген бір блокты жапай қопаруда басқа, кейінгі жылдары көптеген карьерлерде топталған немесе каскадты жарылыстар қолданылып жүр, каскадты жарылыстарды физикалық – механикалық қасиеттері мен сапасы біркелкі, қалыңдығы біршама рудаларды немесе карьердегі аршыма тау жыныстарын бір мезгілде бірдей бірнеше кемерлерде қазып жатғқанда қолданған орынды. Осыған орай жарылыс жұмыстары жүргізілетін кемерлерді топтап, бірінің үстіне бірін орналастырып , яғни бірнеше кемерлерді жарылысқа даярлап, оларды бір мезгілде өрлеме тәртіппен қопарады.

Каскадты жарылыстар карьер ернеуі беткейінің бұрышының тұрақтылығын сақтауға және қопарылатын кемерлердің ең төменгісінің жұмыс алаңы неғұрлым ендірек болған жағдайда, жоғарыда орналасқан кертпештердің бір блоктағы қопарылған тау жыныстарын орналастыруға қажетті жұмыс алаңдарының ендерін 2-3 есе азайтуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қопрылған рудалардың жоғалымы азайып, бір блокты қопару мен салыстырғанда тиімділігі жоғары болады.

Каскадты жарылысты дайындағандағы маркшейдерлік жұмыстарбір блокты жарылысқа әзірлеу кезіндегі жоғарыда айтылған жұмыстардан негізінен өзгешілігі болмайды. Дегенмен каскадты жарылыстан кейін жоғары орналасқан кемерлерден төменгілеріне тау-кен жыныстары қоспалары түсуі себебінен, кемерлердің жоғарғы жиектері жабылып қалуы мүмкін. Сондықтан каскадты жарылыстың әр кемерінің қопарылғандығын түсірмей тау-кен жыныстары қоспасын түнелінен түсірген ыңғайлы. Бұл жағдайда карьерде жердегі стереофототүсірісті пайдаланған өте қолайлы.

Барлық блоктардағы қопарылған тау-кен жыныстары қоспаларын тазалап болғанша, есеп беру мезгіліне (ай сайын) тиеленген тау-кен жыныстарының көлемін қолмақол есептеу немесе қопсыманы маркшейдерлік толықтыру түсірістері нәтижелерімен анықтайды.

Карьерлерде бұрғылап-жару жұмыстарын маркшейдерлік іcпен қамтамасыз ету, жару жұмыстарының жобалық кен-геометриялық шамаларын, сапалық жəне сандық көрсет- кіштерін анықтау, түсіру болыр саналады. Бұрғылап-жару жұмыстарын жобалау кездерінде сол аймақтың 1:1000 немесе 1:500 масштабтағы планы жасалады. Планда карьер кемерінің жоғарғы жиегі және кемердің төменгі етегі түсіріліп, олардың биіктік шамалары, кен сілемінің басқа жыныстармен жанасқан жерлері, бұрғылау мен жару жөніндегі мінездемелері, тектоникалық бұзылымдар 35 және жарықшақтық сілемдері, көлік-технологиялық машиналар мен жабдықтар және және бұрғылап-жару маңындағы энергетикалық жүйелер көрсетіледі. Керек болған жағдайда кемедің жиегіне тік салынған қимасы қоса беріледі. Егер бұрғылап-жару алдыңғы аттырылғанда жиналмаған жыныстардың үстінде жүргізілсе, онда алдыңғы аттырудың соңғы бұрғылама қатарлары планға түсіріледі. Бұрғыламалардың жобалық орналасу тəртібін сақтай отырып, маркшейдер оларды кемер үстіне полярлық немесе перпендикуляр əдісімен түсіреді де белгілеп қояды.

Бұрыштарды ±5 минут, қашықтықтарды 0.1 м дəлдіктермен өлшейді. Бұрғыла- малардың бірінші қатарын полярлық əдіспен түсіргеннен кейін, екінші қатарын перпен- дикуляр əдісімен орындайды.

Істелген жұмыстардың нəтижелерін пайдаланып бұрғылап-жару жұмысының төл құжаты 1:500 немесе 1:1000 масштабта жасалады. Төл құжатқа 1:5000 масштабтағы сол маңайдың қауыпты аймағына орналасқан ғимараттар мен жабдықтардың орналасу тəртібінің планы қоса тапсырылады.

Бұрғылап-жару жұмыстарының барлық сатылары кездерінде, яғни дайындауда жəне орындауда маркшейдер қатысып, бақылап отырады.

Жарылыс біткеннен кейін маркшейдер қопарылған жынысты түсіру жұмысымен айналысады, көлемін, қопсу коэффициентін, ұсатылу деңгейін, аршылған жер аумағын т.б. шамаларын анықтайды.

Бұрғылап-жару ор жолдарды салумен қатар жер қыртысын аршуда, штольни мен шурфтарды қазудада пайдалынылады.

Бұрғылап-жару жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі ретпен орындалады

1.Бұрғылап-жару жұмыстарына тапсырма алу;

2.Бұрғылап-жару жұмысы жүргізілмекші блокта геолого-маркшейдерлік түсірістер жүргізу жəне осы түсірістер негізінде тау жыныстарының, кеннің сипаттамалары көрсетілген планын жасау (бұл жұмыс алдыңғы бұрғылап-жару жұмысын толық түсіру, тазалау кездерінде іске асады);

3.Төтелдердің (скважиналардың) жобалық орналасу шамаларын құру ең кіші кедергі сызығын табу, төтел тереңдігін анықтау, төтелдердің жоба тереңдігінен артық қазылу шамасын анықтау, төтелдер арасының, олардың қатарларының ара қашықтықтарын жəне қопарғыш заттардың көлемін анықтау;

4.Жобада көрсетілген төтел орындарын қопарылатын блок үстіне түсіру, қазылған төтелдердің блок үстінде нақтылы орналасуларын түсіру, төтелдердің тереңдігінің артық қазылу шамасын анықтау, төтелдер арасын, олардың қатарларының арасын, бірінші қатардағы төтелдердің блок кемерінен қанша қашықтықта орналасқанын, ең кіші кедергі сызығын жəне кемер көлбеулігін анықтау;

5.Қопарғыш заттардың көлемін анықтау жəне қопарылатын кен жынысының алдын- ала көлемін анықтау;

6.Карьер басшылары (бас инженері) жобаны бекітеді жəне оны орындауға тəртіп береді;

7.Бұрғылап-жару жұмыстарының нəтижелерін, яғни пəрменділігін, қопарылған күйдегі көлемін, қандай бұрышпен айырылды, қанша жерге жайылды, жарылу сызығы жəне қандай бұрышпен, қопарылу коэффициенті, əр төтел жарылысынан қанша жыныс қопа- рылды (əр төтел өнімділігі), қанша қопарғыш зат кетті, қопарылған жердің табаны қандай тазалықпен өтті, яғни табаны тегіс қопарылдыма;

8.Бұрғылап-жару жұмыстарының нəтижелік графикалық құжаттарын жасау, есеп беру жəне қортынды жұмыс жөнінде есеп жүргізу.

Бұрғылап-жару жұмыстарында маркшейдерлік қызыметтің қандай үлесі бар екендігін қарастырайық:

Бекітілген күн тізбелік жоспарға сай, Бас инженер мен Бас маркшейдер карьерде атқарылатын бұрғылап-жару жұмысына тапсырма береді. Бұл тапсырма бұрғылап-жару болатын жердің (бөлім, блок, горизонт) жылтыр қағазға планнан көшірілген 1:500, 1:1000 масштабтағы нұсқасына жасалады. Содан кейін, осы бөлікті жазық жəне тік жазықтық-тарда түсіреді де сол түсірмеге геологиялық құрылым ерекшеліктері салынады.

Тік жазықтықтағы түсіріс негізі, ең кіші кедергі сызығын (л.н.с.) табу үшін жасалады. Ол үшін эклиметрді кемердің жоғарғы қабағына қойып төмен қарай бағыттайды да кемер көлбеулігін жəне эклиметрден нүктеге дейінгі көлбеу ұзындықты таспамен өлшейді. Кемер көлбеулігін, егер кемер көлбеуліктері барлық ұзынабойына жобамен бірдей болса, онда оның орташа бұрышын алады. Сонымен бірге кемердің барлық берілімдерін түсірумен қатар, геологпен бірлесе отырып, əр түрлі, əр сортты, əр түрлі қасиетті кен қыртыстарының жанасу сызықтарын, тектоникалық бұзылым шектерін, ара қашықтықтарын түсіреді де осы түсірістердің нəтижелерін алда болатын бұрғылап-жару жұмыстарын есептеуде пайдаланып тексеріп отырады.

Содан кейін, планға төтелдердің орналасу жобасын сызады. Бірінші қатардағы төтел- дердің үстін басып өтетін қима жасап, оған барлық геологиялық берілімдерін, ерекшелік- терін жəне кемердің барлық өлшемдерін түсіреді. Жобалық план арқылы ең аз кедергі сызығын кемер сызығына немесе кемер табанына тік сызық (нормаль) ретінде табады.

Төтелдер тереңдігін, артық бұрғылау шамасын есепке ала отырып, төтелдер жəне қатарлар арасын, бірге бірінші қатардың кемердің жоғарғы қабағынан қанша қашықтықта екендігін табады сонымен бірге жарғыш зат көлемін анықтайды.

Қопарғыш зат заттар көлемін, əр кен орындары үшін төмендегі формулалармен есептелуі мүмкін:

темір кенді карьерлер үшін,

Q = c ⋅a⋅w ;

мыс кенді карьерлер үшін,

Q = c⋅a⋅h(w+k⋅tqα)

асбесті карьерлерде,

Q = c⋅ a⋅h⋅w

Мұндағы с –1 м 3 кен жынысын қопаруға кететін жарғыш зат көлемі;

а- төтелдер ара қашықтығы, м

h- төтелдер тереңдігі, м

w- қопарылмақшы блоктың табанындағы кедергі, м;

k- төтелдерді артық бұрғылау шамасы, м;

w1 - кемер сызығына тік кедергі, м;

α - кемер көлбеулігі, град..

Мұнда a ара қашықтығы үшін орташа шама алынады, ал шеткі төтелдер ең жақын төтелге дейінгі қашықтық алынады.

Осы жұмыстардан кейін, аспапты немесе таспаны пайдаланып, алдын ала жүргізіліп қойылған сызықтан төтелдердің блок үстіндегі орындарын белгілейді.

Төтел тереңдігін аспаппен, арнайы белгісі бар шнурмен немесе жүк байланған таспа арқылы өлшейді. Сонымен қатар төтел ішінде су барма, жоқпа соны анықтайды. Себебі жарғыш заттың түрін таңдауда керек болады. Төтелдер бұрғыланып болған соң, олардың орындарын аспаптарды пайдаланып тексереді. Тексеріс қортындыларының нəтижесінде, күтіп отырған қопарылмақшы жыныс көлемін анықтайды да осы құжаттарды

Карьер басшылығының бекітуімен орындаушы цехқа жібереді. Бұрғылап-

жару жұмысы жүргізілгеннен кейін, тахеометриялық түсіріс жүргізіліп, қортындысы планға, қимаға түсіріледі де, нақтылы қопарылған кен жынысының көлемі анықталады, сонымен бірге жарылу, қопару бұрыштары, шашылу (жайылу) шегі, бұрышы жəне қопсу коэффициенті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]