Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Test_master_kaz_A.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
73 Кб
Скачать

1710 Ж. Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері қандай мәселелерді талқылады?

+ Жоңғарларға тойтарыс беру үшін әскери күшті ұйымдастыру

- Жаңа салықтар енгізу жөнінде

- Хан сайлау

- Жоңғарлармен бейбіт келісім орнату

- Жоңғарларға қарсы шабуылды ұйымдастыру.

?

Қазақстан Республикасында 16 желтоқсан қалай аталады?

+ Тәуелсіздік күні

- Конституция күні

- Алғашқы президенттің сайланған күні

- Алматы декларациясына қол қойылған күн

- Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып қабылданған күн.

?

«Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы қай баспа орнында шығарылды?

+ «Қазақ » газетінде

- «Айқап» журналында

- «Ақ жол» газетінде

- «Правда» газетінде

- «Еңбекші қазақ» газетінде.

?

Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең ?

+ тас ғасыры

- қола ғасыр

- мұздық кезең

- мысты тас ғасыры

- темір ғасыры.

?

1726 Ж. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті кім басқарды?

+ Бөгенбай батыр

- Қабанбай батыр

- Райымбек батыр

- Сауық батыр

- Малайсары батыр.

?

Неолит дәуірінде шаруашылықтың қай түрі өмірге келді?

+ өндірушілік

- тұтынушылық

- натуралдық

- кешендік

- өзіншілік.

?

Қола дәуірі кезеңінде Қазақстан тұрғындарының шаруашылығында қандай айтарлықтай өзгерістер болды?

+ шаруашылық мамандандырылды

- балықшылық дамыды

- қол өнер дамыды

- бау-бақша өсіру дамыды

- қала мәдениеті негізі қаланды.

?

Жетісудағы сақтардың тамаша ескерткіші:

+Есік;

- Таңбалы;

-Бешиктас;

-Бегел;

-Талды.

?

«Аң стилі» қай кезеңде пайда болды:

+Сақ-скиф дәуірінде;

- Неолит;

-Энеолит;

-Қола ғасырында;

-Тас ғасырында

?

Ортағасырлық қай еңбектерде Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған?

+ «Тарихи Рашиди» Мұхаммед Хайдар Дулати

- «Құтты білік» Ж.Баласағұн

- «Диуани Лұғат ат-түрік» М.Қашғари

- «Диуани хикмет» Ахмет Иассауи

- Философиялық, математикалық трактаттар» Әл-Фараби.

?

Абылайдың халық алдында беделінің өсуіне қандай жағдай ықпал етті:

+ Жоңғарлармен күресте басшылық жасауы

- Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы күреске басшылық жасауы

- Ресейге бодан болуы

- Жекпе-жекте жеңіске жетуі

- Ақсүйектер тобынан шығуы.

?

1981-1985ж.ж, шын мәнінде, ауылшаруашылығының жалпы өнімінің өсуі болмады. Республикада егістіктің көлемі орасан зор болды, тек дәнді дақылдармен 25 млн га жер егілді. Бірақта астық өнімділігінің тұрақты кему тенденциясы байқалды Егерде 1970 ж өзін-өзі ақтамаған совхоздар мен колхоздардың саны 15% болса, 1985 ж қанша болды:

+55%

-35%

-45%

-48%

-51%

?

Құдіретті тайпа одақтарының пайда болған уақыты:

+Ерте темір ғасыры;

- Неолит кезеңі;

-Энеолит кезеңі;

-Қола ғасыры;

-Ерте көшпенділер дәуірі.

?

Ежелгі адамдардың жартастарға салған суреттері қалай аталады?

+ петроглифтер

- иероглифтер

- фрескалар

- монограммалар

- жазулар.

?

Орталық Қазақстан территориясындағы соңғы қола дәуірінің мәдениеті қалайша аталады?

+ Беғазы-Дәндібай

- Тасмола

- Нұра

- Жетісу

- Атасу.

?

Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалар одақтары қандай жалпы атаумен аталған?

+ сақтар

- ғұндар

- үйсіндер

- қаңлылар

- түріктер.

?

ХХ ғ. 50-ші ж.ж. аяғында металлмен Қазақстанды ғана емес Сібір, Орал, Орта Азияны қамтамасыз еткен металлургия комбинаты орналасқан қала:

+Теміртау

- Жезқазған

-Ақтөбе

-Балқаш

- Шахтинск.

?

Жалпы Қазақстан халқының ішіндегі қазақтардың 1962ж. үлесі:

+29,5%

- 31%

- 34%

-35%

- 36%

?

1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасы 1987 жылы КОКП ОК шілде Пленумының бағалауы ?

+ «қазақ ұлтшылдығының » көрінісі

- бірліктің шеруі

- ұлт-азаттық қозғалыс

- азаматтардың еркін паш ету

- демократиялық жастар қозғалысы.

?

1985-1991жылдардағы КСРО-ң жүргізген саясаты:

+ қайта құру

- қайта өңдеу

- қайта салу

- жаңа экономикалық саясат

- жаңа бағыт.

?

КСРО халық депутаттарының І съезінде 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасын қайта қарап, әділ бағасын беруге шақырған адам?

+ М. Шаханов

- С. Мұратбеков

- Т. Ахметов

-Д.Теглеов

- М. Шадов.

?

Партияның ХХ-шы съезінде Н.С. Хрущевтің «Сталиннің жеке басына табынушылықтың зардаптары және оны жою» баяндамасының толық мазмұны неше жылдаң соң жарық көрді?

+33 жылдан соң

- келесі жылы

-бес жылдан соң

-10 жылдан соң

- 20 жылдан соң.

?

Хақназар хан билік еткен жылдар:

+ 1538-1580 жж.

- 1580-1582 жж.

- 1511-1523 жж.

- 1586-1598 жж.

- 1535-1560 жж.

?

Президенттің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру» туралы Жарлығы қай жылы қабылданды?

+ 1995 ж.

- 1996 ж.

- 1997 ж.

- 1998 ж.

- 1999 ж.

?

1989 ж. «Тіл туралы» заңда қазақ тіліне берілген статус:

+ мемлекеттік тіл.

- ұлтаралық тіл

- халықаралық тіл

- ресми тіл

- міндетті тіл

?

Қазақстан түсті металл саласында СССРде

+2-ші орынға

-1-ші орынға

-3-ші орынға

-4-ші орынға

- 5-ші орынға шықты

?

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан шаруашылығында өнеркәсіптің үлесі :

+58.9%

- 61%

- 62%

-62.3%

- 62.7% құрды

?

Исседон сақтары Қазақстан территориясының қай жерін мекендеді?

+ Орталық Қазақстан

- Батыс Қазақстан

- Жетісу

- Оңтүстік Қазақстан

- Амудария мен Сырдария аралығы.

?

1995 ж. Конституция бойынша Қазақстанға қандай басқару түрі тән?

+ Президенттік

- Парламенттік

- Монархиялық

- Аралас

- Теократиялық.

?

Бір өзі 395 неміс солдаттарын және офицерлерін өлтірседе Кеңес Одағының Батыры атағын алмаған , мерген?

+Т. Әбдібеков

- Б. Адамбеков

- М. Сулейменов

- К. Хайрутдинов

- Б. Тулешов

?

Солтүстік Кавказ халықтары Қазақстанға қай жылы депортацияланды?

+ 1944 ж.

- 1941 ж.

- 1942 ж.

- 1943 ж.

- 1945 ж.

?

Бірінші түркі тарихшысы:

+Йоллыг-тегин;

- Тоныкөк;

-Мочжо-каган;

-Гумилев;

-Бичурин.

?

Аңырақай жеріндегі қазақтардың жоңғарларға қарсы ірі шайқасы қай жылы болды?

+ 1729 ж.

- 1732 ж.

- 1717 ж.

- 1710 ж.

- 1726 ж.

?

1723, 1725 ж.ж. жоңғарлар шапқыншылығы нәтижесінде қазақтар қай қалалардан айырылды?

+Түркістан, Ташкент

- Отырар, Баласағұн

- Сығанақ, Сайрам

- Сарайшық, Тараз

- Үзгент, Қойлық.

?

«Бұланты» өзенінің жағасында қазақ жасауылы жоңғарларды қай жылы жеңіп шықты?

+ 1726 жылы

- 1723 жылы

- 1725 жылы

- 1729 жылы

- 1730 жылы.

?

Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. көтерілістің негізгі қозғаушы күші қандай әлеуметтік топтан болды?

+ шаруалар

- старшина

- жұмысшылар

- хан ұрпағы

- билер.

?

1906-1912 ж.ж. Столыпиннің аграрлық реформасы жүру барысында қазақ халқының қанша жері тартып алынды?

+ 17 млн. десятина

- 10 млн. десятина

- 14 млн. десятина

- 20 млн. десятина

- 5 млн. десятина.

?

«Алаш» партиясын құрушы кім?

+ Ә.Бөкейханов

- Ә.Жангелдин

- Т.Рысқұлов

- К.Тоғысов

- С.Сейфуллин.

?

Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу қай жылы басталды?

+ 1925 ж.

- 1926 ж.

- 1927 ж.

- 1928 ж.

- 1930 ж.

?

Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілді:

+ 1949 ж.

- 1945 ж.

- 1947 ж.

- 1951 ж.

- 1953 ж.

?

Қазақ халқының атақты зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов қай жылы ақталды?

+ 1988 ж.

- 1989 ж.

- 1990 ж.

- 1991 ж.

- 1993 ж.

?

Президенттің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру» туралы Жарлығы қай жылы қабылданды?

+ 1995 ж.

- 1996 ж.

- 1997 ж.

- 1998 ж.

- 1999 ж.

?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]