Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_2_каз.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
676.35 Кб
Скачать

Операциондық жүйелер. Қызметтері. Жіктелуі.

Операциондық жүйе бұл қолданушы мен компьютер арасындағы арақатынасты ұйымдастыру және басқа барлық бағдарламаларды орындауға тағайындалған өзара байланысқан жүйелік бағдарламалар кешені.

Операциондық жүйе, бір жағынан, компьютер аппаратурасы және орындалатын бағдарламалар арасында, бір жағынан, қолданушымен байланыстырушы буын ролін атқарады.

Операциондық жүйе әдетте компьтердің сыртқы жадында – дискта сақталады. Компьтер қосылған кезде ол диск жадынан саналып ОЗУ-ға орын ауыстырады. Бұл үрдіс операциондық жүйенің жүктелуі деп аталады.

Операциондық жүйенің қызметтеріне кіреді:

  • Қолданушымен диалогты жүзеге асыру;

  • Мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

  • Бағдарламаларды жоспарлау және өңдеу үрдістерін ұйымдастыру;

  • Ресурстарды үлестіру (жедел жады және КЭШ-тің, процессордың, сыртқы құрылғылардың);

  • Бағдарламалардың орындауға жүктелуі;

  • Қызмет көрсетудің барлық мүмкін қосымша оперциялары;

  • Әр түрлі ішкі құрылғылар арасында ақпарат беру;

  • Шеткері құрылғылардың жұмысының бағдарламалық қолдауы (дисплейдің, пернетақтаның, дисктік жинағыштардың, принтердің және т.б.).

Операциондық жүйелердің жіктелуі

  1. ОЖ бөлінеді:

  • Бір есепті ОЖ (DOS – Disk Operating System) бір уақытта бір тапсырмадан артық орындай алмайды,

  • Көп есепті ОЖ (Windows 98/ME) бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға қабілетті, олардың арасында компьютер қуатын бөлу арқылы. Тапсырмалар саны процессордың қуаттылығы және жедел жад көлемімен шектеледі.

  1. ОЖ болады:

  • Бір қолданушылылық – бір ғана клиентке қызмет көрсетуге арналған (Windows 98/ME),

  • Көп қолданушылылық – бір уақытта бір топ қолданушының жұмыс істеуіне арналған (Windows NT/2000).

3. Разрядтылығы бойынша ОЖ 16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядтыға бөлінеді.

4. Интерфейсі бойынша графикалық және графикалық емес деп бөлінеді (командалық жолды).

Маманданған қолдануға арналған дербес компьютердің операциондық жүйесінде келесі негізгі компоненттер болуға тиісті:

  • Енгізу-шығаруды басқаратын бағдарламалар (драйверлер);

  • Файлдық жүйені басқаратын және компьютерге тапсырмаларды жоспарлайтын бағдарламалар;

  • ОЖ-ге бағытталған командаларды қабылдап, анализдеп және орындайтын командалық тілдің процессоры (ядро-интерпретатор);

  • интерфейс.

Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік бағдарламалар - драйверлер қолданылады.

Операциондық жүйе тағайындалуы

ОЖ міндеті:

  1. Программалардан сигнал-командаларды қабылдап, оларды екілік кодтың машиналық тіліне «аударады»

  2. Компьютерге қосылған барлық құрылғыларды оларға басқа программалардың қатынауын қамтамасыз етіп басқарады

  3. Пайдаланушының компьютермен жұмысын қолайлы етеді

ОЖ міндетті үш бөліктен тұрады:

  1. Ядро, командалық интерпретатор (программалық тілден машиналық кодтар тіліне аударады)

  2. Драйверлер деп аталатын компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаратын арнайы программалар. Мұнда ОЖ-ның өзімен және оның құрамына кіретін программалармен қолданылатын «жүйелік библиотекалар» кіреді.

  3. Интерфейс – пайдаланушы қатынасатын қабық

Операциондық жүйелер функциялары

Операциондық жүйе (ОЖ) пайдаланушыға компьютермен тұтас жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйелік және қызметтік программалық құралдар жиынтығы болып табылады. Бір жағынан ОЖ компьютердің базалық программалық қамтылуына, оның жүйесіне кіретін BIOS-қа (енгізу/шығару базалық жүйесі) тірелсе, екінші жақтан ол қолданбалы және қызметтік программалардың (қосымшалардың) программалық қамтылуы үшін тірек болып табылады. Осы ОЖ басқаруымен жұмыс істеуге арналған программаларды операциондық жүйенің қосымшалары деп атау қабылданған.

ОЖ-да пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдары арасындағы интерфейстің (пайдаланушы интерфейсі) қалай жүзеге асырылғанына қарай графикалық емес және графикалық операциондық жүйелерді айырады. Графикалық емес операциондық жүйелер командалық жол интерфейсін қолданады, мұнда басқарушы командалар мәтіндік түрде командалық жол өрісіне енгізіледі. Бұл жерде басқарудың негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға MS-DOS тектес операциондық жүйелер жатады.

Графикалық операциондық жүйелер басқару органы ретінде пернетақтамен қоса тышқанды немесе осы тәрізді позиционирлеу құрылғыларын қолданады. Басқару элементі ретінде тышқан нұсқағышы алынады, нұсқағыгтың экранда жылжуы тышқанның жылжуымен синхрондалған. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға Microsoft Windows тектес операциондық жүйелер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]