Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_1_каз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
123.39 Кб
Скачать

1 Қосымша информатика түсінігі

Информатика — бұл ақпараттың қасиеттерін және оны жинақтау, көрсету, өңдеу мен тасымалдау тәсілдерін зерттейтін ғылым. Информатикада негізгі үш бағытты анықтайды: теориялық, практикалық және техникалық. Олар ақпарат теориясымен, алгоритмдер теориясымен, математикалық логикамен және комбинаторлық талдаумен байлансты информатиканың теориялық сұрақтарын; программалау мен қолданбалы бағдарламаларды қолданумен байланысты практикалық сұрақтарды; ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын жобалауды, құрастыруды және қолдануды зерттейді.

Оның басты бағыттары:

  • есептеу жүйелерін мен программалық қамтамасыз етуді құрастыру;

  • ақпаратты тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты процесстерді зерттейтін ақпарат теоpиясы;

  • математикалық модельдеу, есептеу және қолданбалы математика әдістері, оларды білімдердің түрлі салаларындағы зерттеулерде қолдану;

  • адамның интеллектуалды қызметіндегі логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін (логикалық шешім, оқу, визуалды қабылдау, ойындар, т.б.) модельдейтін жасанды интеллект әдістері;

  • түрлі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындау және дәлелдеу үшін қолданылатын әдістемелік құралдарды зерттейтін жүйелік талдау;

  • биологиялық жүйелердегі ақпараттық процесстерді зерттейтін биоинформатика;

  • қоғамды ақпараттандыру процесстерін зерттейтін әлеуметтік информатика;

  • машиналық графика әдістері, анимация, мультимедиа тәсілдері;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, сонымен қатар, барлық адамзатты бірыңғай ақпараттық жиынтыққа біріктіретін глобальды компьютерлік желілер;

  • өндірісті, ғылымды, білім беруді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын және барлық басқа шаруашылық және қоғамдық қызметтерді қамтитын түрлі қосымшалар.

Медициналық ақпараттану (МА) — бұл медицина мен денсаулық сақтау саласында ақпараттық технология мен техниканы қолдана отырып ақпаратты алу, тасымалдау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету процесстерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Медициналық ақпараттанудың зерттеу пәні медициналық-биологиялық, клиникалық және профилактикалық мәселелермен жанасқан ақпараттық процесстер болып табылады.

МА зерттеу нысаны денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар болып табылады.

Ақпарат. Ақпараттың түрлері және қасиеттері.

Ақпаратпен біз күнделікті өмірімізде әрдайым кездесеміз. Ол зат және энергия түсініктері сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі болып табылады.

Ақпарат — адамның түрлі қайнарлардан қабылдайтын мәліметтер, білімдер және хабарламалар.

Ақпаратты материя қасиеті деп қарастыруға болады. Ол материяның табиғаты мен құрылымы туралы, реттілік пен түрлілік және т.б. туралы көрініс береді. Ол материядан тыс өмір сүре алмайды, яғни ол мәңгі өмір сүреді, оны жинақтауға, сақтауға, өідеуг болады.

Ақпарат қасиеттері. Ақпарат болу керек:

Нақты – мәселелердің нақты қалпын сипаттайтын ақпарат;

Түсінікті – қабылдауға түсінікті түрде сипатталған ақпарат;

Маңызды – қазіргі мезетте маңызды ақпарат;

Толық – қойылған мақсатқа жету үшін көлемі жеткілікті ақпарат;

Пайдалы – қойылған есепті шешуге көмектесетін ақпарат;

Ақпарат түрлері. Бізді қоршаған түрлі ақпаратты топтауға болады:

пайда болу саласы бойынша:

  • өлі табиғат процесстерін, құбылыстарын сипаттайтын ақпарат элементар немесе механикалық деп аталады,

  • жануар және өсімдік әлемнің процесстері — биологиялық;

  • адамзат қоғамы — әлеуметтік;

тасымалдау және қабылдау тәсілдері бойынша:

  • көрінетін символдар мен обаздар арқылы тасымалданаты ақпарат визуалды деп аталады;

  • дыбыспен — аудиалды;

  • сезіммен – тактильді;

  • иіс пен дәммен — органолептикалық;

  • есептегіш техника құралдарымен берілетін және қаьылданатын ақпарат машиналық деп аталады.

қоғамдық маңыздылығы бойынша ақпаратты үш түрге бөлуге болады:

  • жеке;

  • көпшілік;

  • арнайы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]