Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_5_каз.DOC
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.04 Mб
Скачать

4. Ұйымдастыру шаралары

КТҚ қорғау шараларын ұйымдастыруға әртүрлі ұйымдастыру шаралары кіреді: істен шыққаннан кейін ақпараттық объектіні қалпына келтіру жоспарын өңдеу, персоналдарға нұсқаулықтар жүргізу, КТҚ ға программалық-техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; нақты КТҚ қауіпсіздігін қамтамсыз ету бойынша жауапкершлігі бар тұлға тағайындау; жүйелерді функциялау кезінде құпиялық режимдерді жүзеге асыру; объектінің физикалық қорғалу режимін қамтамасыз ету; материалдық- техникалық қамтамасыз етілуі және т.б.

Ұйымдастыру шаралары ақпаратты қорғаудың тиімді және маңызды құралдарының бірі болып табылады, сонымен қатар ол барлық қорғау жүйесінің негізі болып табылады. Отандық қылмыстық іс материалдарының талдауы компьютерлік қылмыстардың болуының көп кезігетін себептері төмендегідей:

  • қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде біріншілік бухгалтерлік деректерді дистанциялық жіберу үшін автоматтандырылған желінің жұмыс станциясы ретінде, автономна қолданатын компьютер пернесіне қызметкерлердің қол жетімділігінің бақыланбауы;

  • Қызмет етуші қызметкерлердің әрекеттерінің бақыланбауы, қылмыскерге ЭЕМ қылмыс жасау құралы ретінде еркін қолдануға мүмкіндік береді;

  • Енгізілген ақпараттың дұрыстығын және тексеруін қамтамасыз ететін, бақылаушы қорғанышы жоқ программалық қамтаманың деңгейінің төмендігі.

  • Жеке биометрлік параметр бойынша қолданушының сенімді идентификациясын қамтамасыз ете алмайтын, жұмыс станцияларына санкцияланбаған қатынаудан парольдік қорғау жүйесінің жетілмеуі;

  • Коммерциялық ақпараттың құпиялық және конфиденциялық режиміне жауаптанатын міндетті тұлғаның болмауы;

  • Қатал қаржылық есепберу құжаттарына қызметкерлерді қатынау категорияларының болмауы;

  • Қызтметкерлермен коммерциялық және қызметтік құпияларды, қызметкерлер туралы мәліметтерді және басқа да конфиденциалдық ақпараттарды таратпау туралы келісімдердің болмауы.

5. Антивирустық программалар

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Компьютерге вирус, негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатты дискіні зақымдайды. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейтулері бар атқарылатын файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графикалық файлдарға сирегірек жұғады.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустік программалар деп аталады. Windows-та вирусқа қарсы программалар жеткілікті. Бірақ кез келген вирусты іздеп табатын және оны толық жоятын программа әлі шыққан жоқ. Белгілі антивирустік программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

А) Антивирустық программаға қойылатын талаптар.

Вирустардың саны мен түрлері өте көп және оларды тез әрі тиімді табу үшін антивирустық программалар мына параметрлерге сай болу керек:

  • Жұмыстың тұрақтылығы мен сенімділігі (егер компьютердегі антивирустық программа дұрыс жұмыс жасамаса, онда рның ең жақсысының пайдасы аз)

  • Программаның вирустық базасының көлемі (программамен дұрыс анықтаған вирустардың саны)

  • Программаның жұмысының жылдамдығы

  • Көпплатформалық (программаның нұсқалары әртүрлі операциондық жүйеде жұмыс істеуі керек).

Б) Антивирустық программалардың сипаттамалары.

Антивирустық программалар былай бөлінеді:

  • Детектор – программалары,

  • Доктор – программалары,

  • Ревизор – программалары,

  • Фильтр – программалары,

  • Вакцина – программалары.

Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – Д. Лозинский, Scan, Norton AntiVirus, Doctor Web жасаушысы – И.Данилов программалары болып табылады.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс болса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д.Мостов жасаған ADinf ревизор программасы кең таралған.

Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Пайдаланушылар, әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым берілетін ескерту жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирусты көбеймей тұрып, оның өмірінің ең алғашқы сатысында табуға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдар мен дискілерді «емдемейді», сондықтан вирустарды жою үшін фагтарды қолдану қажет болады.

В) Антивирустық программаларға қысқаша шолу

Антивирустық программаларды таңдаған кезде тек ғана вирустарды табу қасиетіне карамай, сонымен қатар жаңа вирустарды табу, антивирустың базасының вирустар санын анықтауына, базаны жаңалау жиілігіне және қосымша қызметтеріне де қарау керек.

Қазіргі кезде көптеген антивирустық программалар бар. Солардың танымалдарын қарамтырайық.

Norton AntiVirus 4.0 и 5.0 (производитель: «Symantec»).

Вирустарды тану пайызы өте жоғары (100 пайыз). Программада белгісіз жаңа вирустарды табу механизмі жұмыс істейді. Бұл программаның кемшілігі баптауы қиын (бірақ базалық баптауын өзгерту талап етілмейді).

Dr Solomon’s AntiVirus (производитель: «Dr Solomon’s Software»).

Ең жақсы антивирустардың бірі болып саналады. Танымал әрі жаңа вирустарды 100 пайыз табады.

Dr.Web (производитель: «Диалог Наука»)

Танымал антивирустық программа. Вирустарды жақсы табады, бірақ басқа антивирустық программаларға қарағанда базасы әлдеқайда кішкентай.

Kaspersky Anti-Virus антивирустық программасы

Kaspersky Anti-Virus Scanner (Kaspersky AV Scanner) антивирустық сканер – пайдаланушы сұрауы бойынша компьютерді вирустар барына тексеру және бар болған жағдайда вирустарды жою.

Жұмыс кезінде антивирустық сканер келесі функциялар орындайды.

  1. Тексеруге көрсетілген дискілерде, жүктеме секторларда және жедел жадыда файлдардың барлық типтеріндегі вирустарды анықтайды және жояды.

  2. PKLITE, LZEXE, DIET, COM2EXE және басқа қысу утилиттерімен қысылған файлдардағы вирустарды анықтайды және жояды.

  3. Барлық танымал форматтарда (ZIP, ARJ, LHA, RAR және т.б.) архивтелген файлдарда вирустарды анықтайды және жояды.

  4. Ең танымал почталық жүйелердің локальды почтаық жәшіктеріндегі вирустарды анықтайды және жояды.

Таныс емес вирустарды іздеудің дамыған эвристикалық механизмін қолданады (тиімділігі - 92%).

Антивирустық сканерді қосу

Қосудың ең тез әдістерінің бірі–Windows-тың басты менюі арқылы қосу. Ол үшін Пуск (Start) батырмасын басып, Программы (Programs) бөлімін таңдап, Kaspersky Anti-Virus тобына өтіңіз де, Kaspersky Anti-Virus Scanner пунктін таңдаңыз.

Программаны қосқан соң экранда программаның басты терезесі ашылады, есептер панелінде белгі пайда болады, оны тышқанның оң жақ батырмасымен шерту арқылы жүйелік меню ашуға болады.

Жүйелік меню келесі пункттерден тұрады:

  • Параметры Kaspersky Anti-Virus Scanner… — программаның басты менюін ашу.

  • Начать сканирование / Остановить сканирование — сканерлеуді бастау / сканерлеуді аяқтау.

  • Приостановить сканирование / Продолжить сканирование — сканерлеуді тоқтату/ сканерлеуді қайта қосу.

  • Изменить приоритет процесса сканирования — сканерлеуді процессінің приоритетін өзгерту ( бұл пунктті сканерлеу процессі қосылғанда ғана қолдануға болады).

  • Показать отчет — программа жұмысының нәтижелері көрсетілген терезені ашу.

  • Обновить антивирусные базы – Kaspersky AV Updater антивирустық базаларды жаңарту программасын қосу.

  • О программе — программа туралы жалпы мағлұматтары бар анықтама терезені көрсету.

  • Выгрузить Kaspersky Anti-Virus Scanner — программаны жадыдан алып тастау.

Kaspersky AV Scanner программасының басты терезесі сканерлеудің күйлеуін өзгерту сканерлеуді қосу/тоқтату және нәтижені қарап шығу үшін қажет.

Kaspersky AV Scanner программасының басты терезесінде келесі элементтер бар:

  • меню;

  • саймандар панелі;

  • жұмыс облысы;

  • қалып жолы.

Басты терезенің жоғары жағында меню орналасқан. Менюдің көптеген пункттері пернелер комбинацияларымен немесе саймандар панеліндегі батырмалармен қайталанады. Пернелер комбинациялары менюде сәйкес пункттің қасында көрсетіледі.

Саймандар панелінде қандай да бір әрекетті орындайтын батырмалар жинастырылған.

Басты терезенің жұмыс облысын екі бөліктен тұрады. Сол жағында категориялар тізімі және оларға сәйкес келетін белгілер орналасқан. Оң жақта категориялар құрамы көрсетілген.

Төрт категория бар:

  • нысандар,

  • параметрлер,

  • күйлеу,

  • статистика.

Нысандар категориясы сканерлеу облысын (дискілер мент тексерілетін папкалар тізімін), сканерленетін нысандарды (мысалы, секторлар, файлдар, почталық мәліметтер базалары) және зақымдалған нысандарды өңдеу ережелерін беруге мүмкіндік береді.

Параметрлер категориясы жалпы күйлеуді береді, ал Настройка категориясы — программаның арнайы күйлеуінберуге мүмкіндік береді.

Статистика категориясы программа жұмысының нәтижелерін кестемен көруге мүмкіндік береді.

Жұмыс облысының Нысандар категориясы сканерленетін нысандар мен сканерлеу облысын таңдауға арналған. Облыс пен нысандарды таңдау нысандарды күйлеу ағашының көмегімен жүзеге асырылады. Нысандарды күйлеу ағашын қарапайым режимде немесе эксперт режимінде көруге болады. Қарапайым режимнен эксперт режиміне өту басты менюдің Стандарт және Эксперт батырмаларының көмегімен орындалады.

Қарапайым режимде нысандарды күйлеу ағашы екі панельден тұрады: сол жақ — компьютер дискілерінің тізімі, оң жақ— сол жақта таңдалған нысанның күйлеу ағашы.

Эксперт режимінде нысандарды күйлеу ағашы үш панельден тұрады: сол жақ — компьютердің файлдық жүйе иерархиясы, оң жақ — иерархияда таңдалған нысанның күйлеу ағашы, төменгі жақ — иерархияда таңдалған нысанның түбірінде орналасқан файлдар тізімі. Сонымен қатар, эксперт режимінде файлдық жүйе иерархиясына "Сетевое окружение" нысаны кіреді.

Тексеру облысы сол жақ панельде беріледі, онда компьютердің файлдық жүйе иерархиясы және файлдық жүйенің әр облысын тексеру индикаторлары бар. Тексеру индикаторы қосылған болуы мүмкін: бұл таңдалған облысты тексеру қажеттілігін білдіреді, не өшірілген болады: бұл таңдалған облысты елемеу қажеттілігін білдіреді.

Программа файлдық жүйе облысын сканерлеу үшін оның атының сол жағында орналасқан индикаторды қосу керек.

Статистиканы қарап шығу.

Статистика категориясы

Егер сіз отчет құру параметрін қоспасаңыз, онда статистика өзгеруін статистика категориясындағы кестеден бақылауға болады

Кесте екі бөлікке бөлінген: "Проверено" және "Найдено".

"Проверено" жоғарғы бөлігінде бар:

  • тексерілген секторлар саны,

  • файлдар саны,

  • папкалар саны,

  • архивтер саны,

  • архивтелген файлдар саны.

"Найдено" төменгі бөлігінде келесі ақпарат бар:

  • табылған вирустар саны;

  • вирустар ағзалары, яғни қандай да бір елгілі вируспен зақымдалған файлдар саны;

  • емделген нысандар, яғни вирустары дұрыс жойылған нысандар;

  • өшірілген нысандар;

  • аты өзгертілген нысандар;

  • ескертулер, яғни белгілі вирусқа ұқсайтын коды бар нысандар;

  • вирусқа ұқсастықтар, яғни кодты талдаушының хабарламасы;

  • бүлінген нысандар;

  • енгізу/шығару қателері..

Кестенің төменгі жағында жұмыс жылдамдығы (Кб/с) және барлық нысандарды тексеруге кеткен жалпы уақыт көрсетіледі.

Қалып жолы

Басты терезенің төменгі жағында қалып жолы орналасқан. Онда келесі ақпарат көрсетіледі:

  • контекстті көмекші сөз

  • сканерленген нысан аты;

  • сканерлеу процесін орындау индикаторы.

WinRAR

WinRAR — бұл Windows үшін RAR архиваторының 32-разрядты версиясы, архивтерді құру мен басқарудың мықты құралы.

WinRAR мүмкіндіктері:

  1. RAR және ZIP архивтерін толық қолдау;

  2. мәліметтерді қысудың жоғары тиімді ерекше алгоритмі;

  3. мультимедиа-қысудың арнайы алгоритмі;

  4. «Сүйреу-және-қалдыру» (drag & drop) технологиясын қолдайтын қабықша;

  5. командалық жол интерфейсі;

  6. басқа форматты архивтерді басқару (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, ACE, UUE, BZ2, JAR);

  7. үздіксіз (solid) архивтеу әдісі, бұл жағдайда қарапайым әдістерге қарағанда қысу дәрежесі 10 – 50% жоғарырақ болады;

  8. көптомды архивтерді қолдау;

  9. стандартты немесе қосымша SFX модульдерінің көмегімен өздігінен ашылатын (SFX) қарапайым және көптомды архивтерді құру;

  10. физикалық зақымдалған файлдарды қалпына келтіру;

  11. файлдар аттарында Unicode кодировкасын қолдау;

  12. басқа қосымша функциялар, мысалы, архивтік комментарийлерді шифрлеу, қосу, қателер протоколын жүргізу және т.б..

WinRAR интерфейсі

WinRAR-дың келесі менюлері бар: "Файл", "Команды", "Избранное", "Параметры" и "?" (Анықтама).

Интерфейстің тағы бір элементі— саймандар панелі. Ол менюден төмен және файлдар тізімінен жоғары орналасады. Саймандар панеліндегі батырмалар «Команды» менюіндегі пункттерді қайталайды (бұл меню пункттерінің әрқайсында тез қатынауға мүмкіндік беретін пернелер комбинациясы қарастырылған). Кейбір батырмаларды папка ішіндегісін қарап жатқанда ғана қолдануға болады, кейбіреуін архивті қарағанда, кейбіреуін екі режимде де қолдануға болады. Архивті қарап шыққан кезде кейбір батырмалар болмауы мүмкін, егер олардың функциялары ағымдағы архивтің форматымен қолданбаса.

Саймандар панелінен төменірек жоғары қаратылған стрелкасы бар батырма және дискілер тізімі бар жол бар. «Жоғары» батырмасын басқанда ең басты папкаға (ата-аналық) көшуге болады. Дискілер тізімі қажетті дискіге өту үшін қажет. Бұл тізімді сонымен қатар <F4> пернесін басу арқылы ашуға болады. Қажет болса, «Жоғары» батырмасын және дискілер тізімі бар жолды саймандар панелінің оң жақ бұрышына апаруға болады. Дискіні <Ctrl+D> пернелер комбинациясын немесе қалып жолындағы дискі суреті бар кішкентай белгіге тышқанды шерту арқылы да өзгертуге болады.

Саймандар панелінен төмен файлдық терезе орналасқан. Онда ағымдағы файлдың құрамы немесе, егер WinRAR-да архив ашық болса, архив құрамы көрсетіледі. Бұл режимдер файлдарды басқару режимі және архивтерді басқару режимі деп аталады. Әрбір файл үшін келесі ақпарат шығарылады: аты, өлшемі, типі және өзгеру датасы. Архивтегі файлдардың тағы бір параметрі болады — архивтегі өлшемі. Барлық параметрлер бағандар түрінде көрсетілген. Файлдарды сұрыптау ретін баған тақырыбын шерту арқылы өзгертуге болады. Сонымен қатар баған кеңдігін тышқанмен баған арасын бөлгішті созу арқылы өзгертуге болады. Басқа қосымша параметрлерді "Список файлов" диалогтық терезесінде өзгертуге болады.

Егер архивте орналасқан файл шифрланған болса, онда оның атынан кейін жұлдызша ("*") тұрады. Егер файл келесі томда жалғасса, онда оның атынан кейін "-->" символдары тұрады. Егер файл томның жалғасы болса (яғни алдыңғы бөлігі алғашқы томда болса) онда оның атынан кейін "<--" символдары тұрады. Ал егер файлдың алғашқы томы болса, және жалғасы бар болса, онда оның атынан кейін "<->" символдары тұрады.

WinRAR терезесінен төмен (файлдар тізімінен соң) қалып жолы орналасады. Оның сол жағында екі кішкентай белгі орналасқан: "диск" және "кілт". "Диск" белгісіне шертіп ағымдағы дискіні өзгертуге болады, "кілтке" шерту арқылы — ағымдағы парольды өзгертуге болады. осыған сәйкес екі команда "Файл" менюінде де бар. Үнсіз келісім бойынша "кілт" сары түсті, бірақ пароль енгізілсе, ол қызыл түсті болады. Қалып жолының ортаңғы бөлігінде белгіленген файлдардың жалпы көлемі туралы ақпарат шығады. Қалып жолының оң жақ бөлігінде ағымдағы папкадағы жалпы файлдар саны және олардың өлшемі көрсетіледі.

Томдар

Томдар – бұл бірнеше юөліктен тұратын архивтің фрагменттері. Томдар RAR форматында ғана бар, ZIP томдарын құруға болмайды. Әдетте томдар ұлкен көлемді архивті бірнеше дискетте немесе басқа тасығыштарда сақтау үшін қолданады.

Тізбектегі алғашқы томның кеңейтілуі .rar, ал келесі томдардың кеңейтілулері .r00, .r01, r02 және т.б. нөмірленеді. Томдар сонымен қатар үздіксіз және өздігінен ашылатын бола алады. Алғашқы өздігінен ашылатын томның кеңейтілуі басқаша (яғни .rar емес), мысалы, DOS немесе OS/2-тің SFX-томдары үшін exe.

Құрылған көптомдық архивтерге өзгерістер енгізуге болмайды, яғни оларға файлдарды қосуға, өшіруге, жаңартуға болмайды.

Томдарды ашу үшін алғашқы томнан бастау керек (.rar кеңейтілуі бар). Егер томдар дискеттерде болса, онда алдымен барлық томдарды бір папкаға көшіріп алу керек.

SFX архив

Өздігінен ашылатын (SFX, ағылшынның SelF-eXtracting) архив — бұл орындалатын модуль қосылған архив. Бұл модуль архивті кәдімгі программа сияқты қосу (жүктеу) арқылы файлдарды ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, SFX-архивті ашу үшін ешқандай қосымша программалар қажет емес. Сонда да, WinRAR SFX-архивпен ке келген басқа архивпен сияқты жұмыс істей алады, сондықтан егер сіз SFX-архивті ашқыңыз келмесе (мысалы вирустар бар деп қауіптенсеңіз), онда оның ішіндегісін қарап немесе алып шығу үшін WinRAR қолдануға болады.

SFX-архивтің, кез келген басқа орындалатын файлдар сияқты, кеңейтілуі.EXE.

SFX-архивті командалық жолдан құру үшін жаңа архив құру кезінде sfxкілтін немесе қолда бар архивті SFX архивіне түрлендіру үшін S командасын қолдануға болады. WinRAR қабықшасында жаңа архив құрған кезде архивтің атын және параметрлерін енгізу диалогында "Создать SFX-архив" опциясын таңдаңыз.

Түрлі форматты архивтерді таңдау: RAR немесе ZIP?

WinRAR екі түрлі форматты архивтерді құра алады: RAR и ZIP. Төменде әрқайсысының артықшылықтары келтіріледі:

ZIP архивтері

ZIP форматының негізгі артықшылығы — оның танымалдығы. Интернеттегі архивтердің көбінің форматы ZIP. ZIP форматының тағы бір артықшылығы — жылдамдығы. ZIP архивтері RAR архивтерінен гөрі тезірек құрылады.

RAR архивтері

RAR форматын көп жағдайда ZIP форматына қарағанда жақсырақ қысады, әсіресе үздіксіз архивтерді құру режимінде. RAR-дың басұа мүмкіндігі — көптомды архивтерді қолдауы. Олар «дискілерге бөлінген» ZIP архивтеріне қарағанда өте ыңғайлы және қарапайым — көптомды архивтерді тек RAR форматында құруға болады.

Сонымен қатар, RAR форматында ZIP-та жоқ бірнеше өте маңызды функциялары бар, мысалы, қалпына келтіру ақпараты, ол физикалық зақымдалған файлды қалпына келтіруге және аса маңызды мәліметтерді байқаусызда өзгертіп алмауды болдырмау үшін архивтерді блокировкаға қояды.

RAR форматы «шексіз» өлшемді файлды (8 589 934 591 Гб-қа дейін) өңдеуге мүмкіндік береді, ал ZIP архивіндегі файлдың максимал өлшемі 4 Гб-тан аспауы керек.

Файлдарды WinRAR қабықшасында архивтеу

WinRAR қосу.

WinRAR белгісіне екі рет шертіңіз немесе белгінің үстінен <Enter> басыңыз. Сонымен қатар оны "Пуск" менюінен қосуға болады: "Программы" тобына, сосын "WinRAR" тобына кіріңіз де, "WinRAR" пунктін таңдаңыз.

Қосылғанда WinRAR өзінің терезесінде ағымдағы папкадағы файлдар мен папкалар тізімін көрсетеді. Сіз өзіңізге қажетті архивтелетін файлдары бар папкаға көшіңіз.

Архивтелу нысанын таңдау

Ағымдағы дискіні өзгерту үшін келесі мүмкіндіктердің біреуін қолдануға болады:

  1. <Ctrl+D> пернелер комбинациясын басыңыз,

  2. саймандар панелінің астындағы дискілер тізімін басыңыз;

  3. терезенің сол жақ бұрышында орналасқан диск суреті бар кішкентай белгіні шертіңіз.

Басты (ата-аналық) папкаға өту үшін келесі мүмкіндіктердің біреуін қолдануға болады:

  1. <BackSpace> (BS) басыңыз,

  2. <Ctrl+PgUp> басыңыз,

  3. саймандар панелінің астында орналасқан кәшкентай «Жоғары» батырмасын басыңыз;

  4. файлдар тізімінде орналасқан ".." папкасын екі рет шертіңіз.

Басқа папкаға өту үшін келесі мүмкіндіктердің біреуін қолдануға болады:

  1. <Enter> басыңыз,

  2. <Ctrl+PgDn> басыңыз

  3. осы папканы екі рет шертіңіз

Ағымдағы дискінің түбірлі папкасына өту үшін <Ctrl+\> пернелер комбинациясын басыңыз.Қажетті файлдары бар папкаға өткен соң архивтелуі қажет файлдар мен папкаларды таңдаңыз.

Қажетті файлдарды белгілеу

Оны былай істеуге болады:

  1. курсорды басқару пернелерімен

  2. <Shift> пернесі басылып тұрып тышқанның сол жақ батырмасымен

  3. <Пробел> немесе <Insert> пернелерімен.

  4. цифрлық пернетақтадағы <+> және <–> пернелері шаблондардың (яғни файлдар маскаларын '*' және '?' символдарымен беру арқылы) көмегімен файлдар тобын белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға болады.

Қажетті файлдарды белгілеген соң саймандар менюінен «Добавить» белгісін немесе Команды менюінен «Добавить файлы в архив» пунктін таңдаңыз. Экранда «Имя и параметры архива» терезесі пайда болады.

«Имя и параметры архива» терезесінің «Общие параметры» диалогы болады. бұл диалогтың келесі элементтері бар:

1. Архив аты

Оны қолдан немесе архив атын таңдау үшін "Обзор" батырмасын басыңыз. Диск әрпі бар немесе архивке апаратын толық жолды көрсетіп атын енгізуге болады.

2. "Профили" батырмасы

Жаңа профиль құруға мүмкіндік беретін меню ашады, құрылған архивтелу профильдерін реттеуге немесе олардың ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Профильдер алдында сақталған архивтелу параметрлерін тез қалпына келтіруге немесе осы диалог үшін үнсіз келісім бойынша орнатылған параметрлерді көрсетуге мүмкіндік береді.

3.Архив форматы

Архивтің қажетті форматын көрсетіңіз (RAR немесе ZIP). Егер ZIP форматы таңдалса, онда осы форматты архивте қолданылмайтын опциялардың барлығы белсенді болмайды.

4. Қысу әдісі

Қажетті қысу әдісін көрсетіңіз.

5. Том өлшемі

Егер сіз көптомды архив құрсаңыз, онда том өлшемін енгізіңіз. Үнсіз келісім бойынша өлшем байтпен енгізіледі деп есептеледі. Бірақ та санды килобайтпен де беруге болады, ол үшін саннан кейін 'k' кіші латын әрпін қою керек. Егер де өлшемді мыңдаған байтпен бергіңіз келсе, онда кішкентай 'k' орнына 'K' үлкен латын әрпін қолданыңыз. Сонымен қатар 'm' (мегабайт) немесе 'M' (миллиондаған байт) идентификаторларын қолдануға болады. Том өлшемін тізімнен таңдап алуға да болады. Егер сіз дискетке архивтесеңіз, онда "Автоопределение" пунктін таңдаған жөн — бұл жағдайда WinRAR әрбір томның өлшемін осы дискетті максимал толтыратындай таңдайды.

6. Жаңарту әдісі:

6.1.Файлдардың үстінен қосу (үнсіз әрекет)

Әрқашан архивтегі аттары бірдей файлдардың орнына жазады. Архивте жоқ файлдарды қосады.

6.2. Файлдарды жаңартып қосу

Архивтегі файлдарды тек аты бірдей қосылатын файл жаңарырақ болса ғана үстінен жазады. Архивте жоқ файлдарды әрқашан қосады.

6.3.Бар архивтерді жаңарту

Архивтегі файлдарды тек аты бірдей қосылатын файл жаңарырақ болса ғана үстінен жазады. Архиыте жоқ файлдарды қоспайды.

6.4 Архив ішіндегісін синхрондау

Архивтегі файлдарды тек аты бірдей қосылатын файл жаңарырақ болса ғана үстінен жазады. Архивте жоқ файлдарды әрқашан қосады. Қосылатын файлдар арасында жоқ файлдарды архивте алып тастайды. Бұл жаңа архив құрумен бірдей, бірақ та бір маңызды айырмашылығы бар: егер алдындағы архивтелуден кейін файлдар өзгермесе, онда архивтелу операциясы жаңа архив құрудан гөрі тезірек орындалады.

7.Архивтелу параметрлері

7.1.Архивтелуден кейін файлдарды өшіру

Архивтелуден кейін дұрыс архивтелген файлдар өшіріледі

7.2. SFX-архив құру

Қарапайым архивтің орнына өздігінен ашылатын (SFX) EXE-файл түріндегі архив құрылады, оны ашу үшін ешқандай қосымша программалардың қажеті жоқ. "Дополнительные параметры" диалогында SFX-модуль типін таңдауға болады және өздігінен ашылуың бақа бірнеше парамерлерін, мысалы, тағайындалу папкасын беруге мүмкіндік береді.

7.3.Үздіксі архив құу

Қарапайым архивтің орнына үздіксз архив құрылады. Үздіксз архивтеу әдетте қысудың үлкен дәрежесіне жекізеді, бірақ біршама шектеулер де қояды.

7.4. Электрондық қол қою

Архивке электрондық қол қойылады, оның ішінде автор аты, ақырғы жаңару уақыты және архивтің бастапқы аты қосылады. Архивтерді басқару режимінде электрондық қолды "Информация об архиве" командасын қолданып көруге болады. Электрондық қолды қою тек тіркелген версиялы программаларда ғана мүмкін.

7.5.Мультимедиа-қысу

Мультимедиа-қысудың арнайы алгоритмі қосылады, төрт 8-разрядты немесе екі 16-разрядты каналы бар өңделмеген цифрленген дыбысты немесе толық түсті (24-разрядты) BMP форматындағы суреттерді қысу қажет болғанда қолданылады. Бұл жағдайда архивтеудің қарапайым әдісімен (мультимедиялық емес) салыстырғанда қысудың 30%-тен жоғары дәрежесіне жетуге болады. Мультимедиа-қысуды тек RAR архивтерімен бірге қолдануға болады.

7.6. Қалпына келтіруге қажет ақпарат

Архивке ззақымдалған жағдайда архивті қалпына келтіруге болатын ақпарат қосылады. "Дополнительные параметры" диалогында қалпына келтіру ақпаратының өлшемін көрсетуге болады (үнсіз келісім бойынша оның өлшемі архивтің жалпы өлшемінің 1%-і).

7.7. Архивтерді блокировкалау

Блоктркаға қойылған архивті WinRAR құралдарымен өзгертуге болмайды. Блокировкалау өте маңызды архивтерді байқаусызда өзгертуден сақтау үшін қолданған дұрыс.

Нәижесінде сіз істеуіңіз керек::

  • бір немесе ірнеше файлды белгілеу

  • "Добавить" батырмасын басу (<Alt+A> пернелер комбинациясын немесе "Команды" менюінен "Добавить файлы в архив" командасын таңдау арқылы да сол әрекет орындалады).

Пайда болған диалогтық терезеде:

  • архив атын енгізу немесе үнсіз берілген атты қабылдау, жаңа архив форматын (RAR немесе ZIP) таңдау.

  • өысу әдісін таңдау

  • том өлшемін көрсету

  • архивтелудің басқа параметрлерін көрсету

  • архивті құру үшін "Ок" батырмасын басу

Архивтелу кезінде статистикасы көрсетілген терезе көрсетіледі.

Егер сіз архивтеу процесін үзгіңіз келсе, "Отмена" батырмасын басыңыз. Архивтелу аяқталған соң статистика терезесі жоғалады ал құрылған архив ағымдағы белгіленген файл болады.

Сонымен қатар, файлдарды құрылған RAR архивіне қосу үшін оларды тышқанмен апаруға болады.

  1. WinRAR терезесінде архивті белгілеңіз

  2. оның атында <Enter> басыңыз (немесе тышқанды екі рет шертіңіз) — RAR архивті оқып, оның ішіндегісін көрсетеді.

  3. файлдарды архивке қосыңыз, ол үшін файлдарды басқа программадан WinRAR терезесіне тышқанмен сүйреп апарыңыз..

WinRAR қабықшасында файлдарды ашу

WinRAR қабықшасының көмегімен файлдарды ашу үшін алдымен архивті WinRAR-да ашу керек. Оны бірнеше әдіспен орындауға болады:

  1. Windows қабықшасында (Проводникте немесе Жұмыс столында) архив файлын тышқанмен екі рет шертіңіз немесе <Enter> басыңыз;

  2. WinRAR терезесінде архив файлын тышқанмен екі рет шертіңіз немесе <Enter> басыңыз;

  3. Архивті WinRAR белгісіне немесе терезесіне апару. Оны істеудің алдында WinRAR терезесінде басқа архив ашылып тұрмауын қадағалаңыз, әйтпесе файл осы ашылған архивке қосылады;

  4. WinRAR-ды командалық жолдан параметр ретінде архив атын көрсетіп қосу.

Архивті ашқанда WinRAR терезесінде оның ішіндегісі көрсетіледі.

Бір немесе бірнеше файлды белгілеп, WinRAR терезесінің жоғарғы жағындағы "Извлечь в" батырмасын немесе <Alt+E> пернелер комбинайиясын басыңыз, ашылған диалогта қажетті жолды көрсетіп, сосын "OK" батырмасын басыңыз.

Ашу кезінде статистикасы бар терезе көрсетіледі. Егер ашылуды тоқтатқыңыз келсе, "Отмена" батырмасын басыңыз. Егер ашылу қатесіз орындалса, онда WinRAR қабықшасына оралады, кері жағдайда диагностикалық хабарламалар терезесі ашылады.

Қатты дискіні дефрагментациялау программасы

Дефрагментациялау программасы қатты дискідегі файлдарды және қолданылмайтын көлемді тарату арқылы программалардың орындалуын тездетуге мүмкіндік береді.

Дефрагментациялау программасы компьютердің қатты дискісінде фрагменттелген файлдар мен папкаларды біріктіреді, содан соң томның әрбір файлы немесе папкасы бірыңғай үздіксіз кеңістікті алатын болады. Нәтижесінде файлдар мен папкаларға қатынау жылдамырақ орындалады. Файлдар мен папкалардың жеке бөліктерін біріктіре отырып, дефрагментациялау программасы сонымен қатар дискідегі бос орында біріктіреді.

Неліктен томдар фрагменттеледі

Томдар файлдар мен папкаларды құру және өшіру кезінде, жаңа программалар орнату немесе Интернеттен файлдарды жүктеген кезде фрагменттеледі. Компьютерлер әдетте файлдарды орналастыруға жеткілікті алғашқы бос орынның үздіксіз бөлігіне сақтайды..егер файлды толығымен орналастыру орны табылмаса, компьютер файлдың бір бөлігін бір жерде, екінші бөлігін басқа мүмкін болатын жерге сақтайды және т.с.с.

Томның көп бөлігі файлдар мен папкаларды сақтауға арналса, файлдардың көбі бөлек-бөлек түрде томның түрлі бөліктерінде сақталады. Файлдар мен папкаларды өшірген соң қалатын бос орын жаңа файлдар мен папкаларды сақтау кезінде толады.

Неғұрлым диск көп фрагменттелсе, соғұрлым файлдарды енгізу және шығару баяу орындалады.

Дискіні дефрагментациялау программасының терезесі

Дискіні дефрагментациялау программасының терезесі екі негізгі облыстан тұрады. Жоғарғы бөлігінде осы локальды компьютердің томдар тізімі орналасады. Төменгі бөлігінде томның фрагменттелу дәрежесі графикалық түрде көрсетіледі. Том қалпын көрсету үшін түрлі түстер қолданылады:

  • қызыл түспен фрагенттелген файлдар белгіленеді;

  • көк түспен үздіксіз (фрагменттелмеген) файлдар белгіленеді;

  • ақ түспен томның бос орны белгіленеді;

  • жасыл түспен орнын өзгерте алмайтын файлдар белгіленеді

Дискіні дефрагментациялау программасымен жұмыс істеу принциптерінің негіздері

  1. «Дефрагментация диска» программасын қосыңыз, Пуск батырмасын басып, Программы, Стандартные, Служебные және Дефрагментация диска командасын таңдаңыз;

  2. Дефрагменттелуі қажет томды таңдап, OK басыңыз;

  3. Дефрагменттелу аяқталған соң нәтижелері графикалық түрде сәйкес өріcке шығарылады.

  4. Вывести отчет батырмасын басыңыз, мұнда дефрагментация нәтижесін көруге болады.

Томдар дефрагментациясы алдында оларды талдау қажет. Бұл томдарды дефрагментациялауға уақыт кетіру қажеттілігін анықтауды.

«Дефрагментация диска» программасының көмегімен толық және дұрыс дефрагментациялау үшін томның 15% бос орны болуы керек. «Дефрагментация диска» программасы бұл көлемді файлдарды сұрыптау облысы ретінде қолданады. Егер көлемі 15%-тен аз болса, онда «Дефрагментация диска» программасы дефрагментацияны толық орындамайды. Дискіде қосымша орынды босату үшін қаже темес файлдарды өшіріңіз, немесе оларды басқа дискіге орын ауыстырыңыз.

Томды дефрагментациялауға қажетті уақыт бірнеше факторларға байланысты:

  1. оның өлшеміне,

  2. томдағы файлдар саны мен өлшемдеріне,

  3. оның фрагменттелу процентіне,

  4. жүйенің қатынауға болатын ресурстарына.

Том дефрагментациясын аяқтау немесе тоқтату үшін сәйкесінше Остановка немесе Пауза батырмасын басу керек.

Архивтелуді орындау кезінде «Дефрагментация диска» программасын қосқанда дефрагментация тоқталады.

Томды талдау немесе дефрагментациялаудан кейін нәтижелерін графикалық түрде көруге болады. одан да көп ақпарат қажет болса, талдау жөніндегі немесе дефрагментация есебін қолдануға болады.

Талдау және дефрагментациялау нәтижелерінің өрістері

Талдау және дефрагментация нәтижелерінің өрістеріндегі әрбір жолақ ондаған, тіпті жүздеген кластерлерді білдіреді, бұл том немесе кластер өлшеміне байланысты. Талдау және дефрагментация нәтижелерінің өрістері том құрамындағы әрбір кластер үшін түрлі-түсті вертикаль жолақ көрсететіндей үлкен емес. Кластерлердің бір тобында әрі фрагменттелген, әрі фрагменттелмеген, әрі орын ауыстырмайтын файлдар, әрі бос орын болуы мүмкін болғандықтан, әрбір вертикаль жолақтың түсі келесі ержелермен анықталады:

Түс

Сипаттамасы

Қызыл

Клсатерлердің көбі фрагменттелген файл бөлігі болып табылады

Көк

Топтағы кластерлердің көбінде тек бос орын және фрагменттелмеген файлдар орналасады.

Жасыл

Кластерлердің көбі орын ауыстырмайтын файл бөлігі болып табылады

Ақ

Кластерлердің көбі бос орын болып табылады

Талдау және дефрагментация нәтижелерінің өрістерінде томның фрагметтелуінің жуықтаған көрінісі беріледі. Бұл өрістерде есептерге қарағанда ақпарат аз. Нәтижелерді салыстырғанда қайшылықтарды байқауға болады. нақты сандық мәндер алу үшін талдау және дефрагментациялау есебін қолданыңыз.

Талдау және дефрагментациялау есептері

Талдау және дефрагментациялау есептерін томды талдау не дефрагментациялауды орындаған соң көруге болады. Есептерде фрагменттелген файлдар мен папкалар болуына тексерілген том туралы, оның ішінде том және бос орын өлшемі, фрагменттелген файлдар мен папкалар саны, файлдағы фрагменттердің орташа саны туралы ақпарат болады.

Талдау жөнінде есеп

Талдау жөнінде есепті томды талдауды өткізген соң ғана қарап шығуға не басып шығаруға болады. Отчет об анализе диалогтық терезесінде фрагменттелген файлдар мен папкалар болуына тексерілген том туралы, сонымен қоса ең көп фрагменттелген файлдар аттары мен жолдары, осы файлдардағы фрагменттер саны, том өлшемі, бос орын проценті, және бір файлдағы орташа фрагменттер саны туралы ақпарат бар.

Файлдағы фрагменттердің орташа саны томдағы файлдардың фрагменттелу дәрежесін көрсетеді. Мүмкін болатын орташа мәндер және олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген:

Бір файлдағы фрагменттердің орташа саны

Сипаттамасы

1,00

Файлдардың көбі не барлығы фрагменттелмеген

1,10

Он проценттей файлдар екі не одан да көп фрагментке бөлінген.

1,20

Жиырма проценттей файлдар екі не одан да көп фрагментке бөлінген.

1,30

Отыз проценттей файлдар екі не одан да көп фрагментке бөлінген.

2,00

Файлдардың көбі не барлығы екі не одан да көп фрагментке бөлінген

Дефрагментация жөнінде есеп

Дефрагментация жөнінде есепті томды дефрагментацияладуы өткізген соң ғана қарап шығуға не басып шығаруға болады. Отчет о дефрагментации диалогтық терезесінде дефрагменттелген том туралы толық мәліметтер келтіріледі. Есептің екінші бөлігінде дефрагменттелген барлық файлдардың тізімі келтіріледі.