Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_5_каз.DOC
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Зиянды программалардың түрлері және олардың әрекеттері

Ақпараттарыңызға қандай қауіп төнетінін білу үшін сізге қандай зиянды программалардың болатынын және олардың әрекеттерін білу пайдалы.

Жалпы зиянды программаларды келесі топтарға бөлуге болады:

Вирустар (Viruses): программалар, яғни өзге файлдарды бүлдіретін программаларды -бүлінген файлдарды жүктеу кезінде басқару үшін өзінің кодын қосады. Бұл қарапайым анықтама вирустардың орындайтын негізгі әрекеті-бүлдіру екендігін көрсетуге мүмкіндік береді. Вирустардың таралу жылдамдығы құрттардың жылдамдығынан төменірек.

Құрттар (Worms): Бұл санаттағы зиянды программа таралу үшін желілік ресурстарды пайдаланады. Бұл кластың атауы құрттардың бір компьютердан екінші компьтерге желіні, электрондық почтаны және басқа ақпараттық арналарды пайдалана отырып, жорғалап өту қабілетіне қарай берілген. Сонымен қатар осы қасиеттері арқылы құрттар таралудың жоғары жылдамдығына ие болады.

Трояндық программалар (Trojans): санкцияланбаған пайдаланушының әрекеті кезінде орындалатын программалар, яғни қандай да бір шартқа байланысты дискідегі ақпараттарды жоюды, жүйенің жұмысын тежейді, конфиденциалдық ақпараттарды ұрлайды және т.б. зиянды программалардың бұл классы вирустарға жатпайды (яғни басқа программалар мен мәліметтерді бүлдірмейді), трояндық программалар өз бетімен компьютерге ене алмайды және пайдалы программалық жабдықтар ретінде таралады. Осыдан бұлардың тигізетін зияны әдеттегі вирустардың шабуылынан бірнеше есе артық.

Тыңшы – программалар (Spyware): ұйымдар мен пайдаланушыларға білдірмей жекелеген ақпараттар алуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтар. Тыңшы – программалардың сіздің компьютеріңізде бар екенін білмей де қаласыз. Тыңшы – программалардың мақсаттары:

  • Пайдаланушының компьютердегі әрекеттерін бақылау;

  • Қатты дискідегі ақпараттар туралы мәліметтер жинау, бұл жағдайда компьютерде орнатылған программалық жабдықтардың тізімін құру мақсатында жүйелік реестр мен кейбір катологтарды сканерлеу туралы айтып отырмыз;

  • Байланыс сапасы, қосылу тәсілі, модемнің жылдамдығы жайлы және .т.б. ақпараттар жинау;

Жарнама – программалары (Adware): жарнамалық хабарландыруларды жариялау мақсатында пайдаланушының рұқсатынсыз программалық жабдықтауға қосылатын программалық код. Жарнама – программалары тегін таралатын программалық жабдық ретінде құрылған. Жарнама жұмыс интерфейсінде орналасады. Бұл программалар пайдаланушы жайлы жеке ақпараттарды жинап, өзінің құрастырушысына жіберіп отырады.

Потенциалды қауіпті қосымшалар (Riskware): вирус болып саналмайтын программалық жабдықтау, бірақ өзі потенциалды қатер тудырады. Кейбір шарттарға байланысты мұндай программалар компьютердегі ақпараттарға қауіп төндіреді. Мұндай программаларға өшірілген администратордың утилиттері, Dial-Up және басқа да байланыстарды пайдаланатын интернеттің ақылы ресурстарына автоматты түрде хабарласатын программалар жатады.

Әзіл (шутки) – программалары (Jokes): компьютерге тікелей зиян тигізбейтін программалық жабдықтау, бірақ қандай да бір шарттар орындалғанда немесе хабар бергенде зияны тиюі мүмкін. Мұндай програмалар жоқ қауіп туралы ескерту беруі мүмкін, мысалы, дискіні форматталуы туралы хабар шығару мүмкін (шын мәнінде ешқандай дискіні форматтаған жоқ), бүлінбеген файлдан вирус табуы мүмкін және т.б.

Маскировщиктер – программалары (Rootkit): бұл утилиттер ағымдағы зиянды программаларды жасыру үшін қолданылады. Антивирустық программалар зиянды программаларды тауып алмас үшін олар жасырып қояды. Rootkit-тер операциондық жүйені жаңалай алады және олар әрекеттері мен өзің жасыру үшін ОЖ-нің негізгі функцияларын ауыстырады.

Басқа қауіпті программалар: басқа да зиянды программаларды құруға арналған әртүрлі программалар. Бұларға хакерлік утилиттер (Hack Tools), вирустардың конструкторлары жатады.

Спам (Spam): жағымсыз сипаттағы бұқаралық почталық корреспонденция. Сонымен қатар біреулерге көмек сұраған хаттар, агитациялық және саяси сипаттағы сілтемелердің бәрі спамдар болады. Спамның кейбір категориялары үлкен көлемді ақша табу туралы немесе ақша табу жолдарымен қызықтыратын хаттар жатады, сонымен қатар несие картаның нөмірі мен парольін ұрлау туралы хаттар, таныстарына жібер деген өтінішпен келген хаттар (мысалы, статья облуы мүмкін) және т.б. Спам почталық серверге көп күш түсіреді және пайдаланушыларға маңызды құжатттардың жоғалу қауіпін тудырады.