Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

моносахарид

.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
104.45 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Биологиялық химия кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Глюкоза Фруктоза

Орындаған: Маратов Т. М.

2-001 стоматология

Тексерген: Хабдолдатегі Г. Х.

Қарағанды 2015

Моносахаридтер

Моносахаридтер - қарапайым қанттар, көмірсулардың негізгі тобы. Полиоксиальдегидтер (альдозалар) немесеполиоксикетондар (кетозалар) болып саналады. Углеводтары 3 не одан көп көміртек атомдарынан  (триозалар, тетрозалар,  пентозалар,  гексозалар ) тұрады. Циклдық және ациклдық (пираноздық және апираноздық) түрде кездеседі. Ең көп тараған моносахаридтер — глюкоза, галактоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза. М. құрамынакарбонилді  және гидроксилді топтардан басқа ОН — тобының, орнына — сутек атомы (дезоксисахароза), амин тобы (аминды сахарозалар), меркапт топтар (тиосахарозалар), СООН (уронды сахарозалар) т. б. кіреді. М. олигоменполисахаридтердің және ликопротендтер, гликолипидтердің т. б. аралас биополимерлердің құрамына кіреді.

Глюкоза

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалықхимияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануарағзаларында болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал,  гликоген,  целлюлоза  түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам ағзасындағы қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады. Өндірісте  Глюкоза  крахмалды  гидролиздеу арқылы алынады.

Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы

1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.2. Қантты заттарды, ең алғаш A.M. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтсинтездеді:

3. Өнеркәсіпте глюкозаны, негізінен, полисахаридтерді (крахмалды немесе целлюлозаны) гидролиздеп алады:

Физикалық қасиеттері

Түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері

Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттергетән екі жақты қасиет көрсетеді.

  • Глюкозаның маңызы, қолданылуы

  • Глюкоза адам ағзасында зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам ағзасында глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады (28-кесте). Тірі ағза клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады. Нәтижесінде, фотосинтез процесінде сіңірілген энергия бөлінеді:

  • С6Н12O6+ 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q

  • Глюкоза ағзада оңай қорытылып энергия бөлетіндіктен денсаулықты нығайтатын дәрі ретінде медицинада қолданады. Кондитер өнеркәсібінде (мармелад, печенье, карамель, күлше нандар жасағанда), мата өңдегенде пайдаланылады. Тотықсыздандырғыш қасиетіне байланысты айна және шырша ойыншықтарын жасағанда қолданады.

  • Глюкоза — бағалы қоректік зат. Глюкоза жүзімнің және басқа өсімдіктердің шырынында болады. Оның қалдықтарынан өте маңызды полисахаридтер (целлюлоза мен крахмал) түзіледі. Глюкозаның сүт қышқылдық ашу процесінің ауыл шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, сүт қышқылды ашу арқылы айран, сүзбе, қаймақ, т.б. сүт өнімдерін алады. Капуста тұздағанда немесе шөпті сүрлемге салғанда, реакция нәтижесінде түзілген сүт қышқылы қышқылдык қасиет көрсетіп, өнімді шіруден қорғайды. Глюкозаның спирттік ашуы да практикада, мысалы, сыра жасағанда қолданылады.

Глюкоза өндіру

  • Глюкоза өндіру - крахмалды өндірісте күкірт қышқылының ерітіндісінде қайнатып алу. Мұндай процесті қышқылдыгидролиз дейді. Қайнағаннан соң қышқылды бормен бейтараптандырады, ал глюкоза ерітіндісі ерімейтін кальций сульфатынан сүзіліп, вакуумда шулықтырады. Пайда болған қою шырынды сірне деп атайды. Кристалды глюкоза алу үшін крахмалды толық гидролиздейді, қоюланған қою шырынды формаларға салып қатырады. Сусыз глюкоза 146° С-та балқиды және суда жақсы ериді. Тәттілігі сахарозадан екі еседей кем болады. Глюкозада күшті қышқылдандырғыштардың әсерінен (мысалы, Н1Ч03) екі негізді оксиқышқыл (қант қышқылы) пайда болады. Қайта қалыптасқанда қант қышқылы алты атомды спирт-сорбитке айналады.

Фруктоза

Фруктоза, жеміс қантты, левулоза, С6Н12О6 — моносахаридтер тобына жататын тәтті зат (сахарозадан 1,5 есе, қант құрағынан 3 есе тәтті);глюкозаның изомері. Фруктоза — кетоза көмірсуларының маңызды өкілдеріне жататын және суда жақсы еритін кристалды зат. Фруктоза өсімдікжемістерінің құрамында және ара балында (50%-дай) глюкозамен бірге кездеседі. Оның бірнеше таутомериялық түрлері бар. Табиғатта көп тараған D Фруктозаның b-аномерінің балқу t 102 — 104°С. Фруктоза кетотоптары арқылы фенилгидрозон, фенилозазон, n-бромфенилгидрозон, т.б. түзеді. Өнеркәсіпте Фруктоза жеміс-жидектердің құрамынан және сахароза мен полисахаридтерді гидролиздеу арқылы алынады. Ол көптеген олигосахаридтердің құрамына кіреді.

  • Фруктоза тамақ өнеркәсібінде,медицинада (диабет ауруларына глюкозаға қарағанда пайдалы) жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.