Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз тест.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
439.81 Кб
Скачать

30. Кейінді ықпалды табыңыз

A) Азамат ауылдан ұзамапты

B) Айгүл кітапты оқып шықты

C) Бүгін клубта үлкен концерт болады

D) Қыс мал-жанға жайлы болды

E) Асанның добы жоғалып кетті

31. Cөйлемдегі кейінді ықпалға ұшырап тұрған сөзді көрсетіңіз

A) Баланың өскен бесігі - кең дүниенің есігі

B) Әдепті бала - арлы бала

C) Балалы үй - базар

D) Азаматпен дос бол - қадіріңді біледі

E) Мемлекеттік тілді білу - міндетіміз

32. Кейінді ықпалда тұрған сөзді табыңыз

A) Қаздар

B) Қолды

C) Жүрегі

D) Айтпай

E) Көлге

33. Кейiндi ықпалды табыңыз

A) атаның сөзі

B) жақын ауыл

C) аудан орталығы

D) Баянауыл өлкесi

E) көрікті

34. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз

A) Зарина

B) Сағындық

C) Жазира

D) Бейсенбай

E) Айжан

35. «Сингармонизм» сөзінің баламасын табыңыз

A) буын үндестігі

B) тоғыспалы ықпал

C) кейінді ықпал

D) ілгерінді ықпал

36. Үндестiк заңына бағынбайтын жалғауды белгiлеңiз

A) - сы

B) -пен

C) -ым

D) -ті

E) -ны

37. Бірыңғай жуан буыннан құралған сөзді табыңыз

A) ағамдікі

B) балалармен

C) достықтың

D) қаламгерлер

E) өнерпаздық

38. Үндестік заңына бағынбай тұрған қосымшаны көрсетіңіз

A) Қонақ

B) Ақылды

C) Бөлме

D) Өнерпаз

E) Балалар

39. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз

A) Емхана, дүниеқор, баспен

B) Күндіз, күнделік, кепілдік

C) Бастық, жабдық, астық

D) Бағалы, байсалды, қайратты

E) Есеп, өшіргіш, білім

40. Үндестік заңына бағынбайтын жұрнағы бар сөзді табыңыз

A) саудагер

B) тәрбиелі

C) цехқа

D) ескеру

E) Амангелдіні

41. Үндестік заңына бағынбайтын жұрнағы бар сөздерді табыңыз

A) Апарады, танысу

B) Еңбекқор, емхана

C) Есiмiм, әсем

D) Дүйсенбiде, жұманың

E) Қазақтар, татарлар

42. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз

A) Дәріхана, қаламгер, жұмысымен

B) Бүгін, ертең, бүрсігүні

C) Көгершін, торғай, әтеш

D) Беделді, білімді, кешірімді

E) Құрал, құрылғы, құрылым

43. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз

A) Темірқазық

B) Бөлінгіш

C) Лауазым

D) Өлеңдер

E) Үнемшілдік

44. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз

A) балал-ар

B) тәуелс-іздік

C) бостан-дық

D) дост-ық

E) жұ-лдыздар

45. Тасымалдауға болатын сөзді табыңыз

A) бала

B) хат

C) әке

D) АҚШ

E) М.Әуезов

46. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз

A) жұ-лдыздар

B) бост-андық

C) кісіл-ер

D) ада-лдық

E) тәуел-сіздік

47. Ашық буынды сөзді табыңыз

A) алаша

B) мектеп

C) орман

D) дәптер

E) жаңбыр

48. Бiтеу буыннан тұратын сөздер қатарын табыңыз.

A) Заң, сот, жоқ

B) Тазала, оқы, ата

C) Бар, ор, қант

D) Ас, қал, жақ

E) Бұлт, ел, сот

49. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз

A) жол, жас, қапшық

B) от, ант, ұлт

C) дала, егін, егеу

D) жазық, тау, қант

E) ожау, егін, жау

50. Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.

A) ертеңгілік

B) төзімді

C) жақсылық

D) орта

E) саңырауқұлақ

51. Буынның түрлерін атаңыз

A) ашық/тұйық/бітеу

B) ашық/жабық/сабақтық

C) сабақтық/тұйық/бітеу

D) тұйық/бітеу/жабық

E) бітеу/салтты/жалғастық

52. Ашық буынды сөзді табыңыз

A) ем

B) қол

C) ат

D) нан

E) ана

53. Лексиканың зерттеу нысанын көрсетіңіз

A) Сөз мағынасы

B) Сөз құрамы

C) Сөз тіркесі

D) Тіл дыбыстары

E) Сөйлем мүшелері

54. «Алтын» сөзінің тура мағынасын көрсетіңіз

A) алтын дән

B) алтын бала

C) алтын кезең

D) алтын жүзік

E) алтын мінез

55. «Жылы сөз» қандай мағынада жұмсалып тұр

A) өткен шақ

B) сұрау

C) жай шырай

D) ауыспалы

E) тура

56. Сөздің ауыспалы мағынасын көрсетіңіз

A) Оқушылар үйді-үйіне тарады

B) қымыз жайлап бойға тарады

C) Апамның ашуы тарады

D) Никотин темекі түтінмен бойға тарайды

E) Оттегі денеден жасушаға тарайды

57. Қай сөйлемде «торқа» сөзі тура мағынада берілген

A) Жастық торқа жібекпен тысталыпты

B) Топырағы торқалы жер

C) О, торқа мекен - туған жерім!

D) Жата қап сүйдім торқа топырағыңды

E) Торқалы той, топырақты өлім

58. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз

A) әңгіме айту

B) ақ қағаз

C) көк бояу

D) алтын адам

E) білімді адам

59. «Қолы алтын» сөз тіркесі қандай мағынада қолданылып тұр

A) ауыспалы

B) тура

C) жай шырай

D) өткен шақ

E) құбылмалы

60. Фразеологизмдерді табыңыз

A) кешке теледидар қараса

B) тепсе темір үзеді

C) жылқы жайлауда

D) жұмыс істесе

E) шахмат ойнаса

61. Фразеологизмдердің ерекшелігін көрсетіңіз

A) орнын ауыстыруға болады

B) құрамы тұрақты, орнын ауыстыруға болмайды, ауыспалы мағынаны білдіреді

C) құрамы тұрақсыз болады

D) мағыналары тұрақсыз болады

E) тура мағынаны білдіреді

62. «Қоян жүрек» - тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз

A) қорқақ

B) жақсы

C) сұм

D) батыл

E) момын

63. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

A) Ол оқыды

B) Мейрамгүл ашуланып кірді

C) Сау басына сақина тілеу

D) Барды қанағат етейік

E) Оқыған азамат

64. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

A) бағы жанды

B) жұлдызды жыл

C) қоңқақ мұрын

D) ел арасында

E) арқар мүйіз

65. Тұрақты сөз тiркесiн табыңыз

A) Ақ бата

B) Жаңа киім

C) Ақ қар

D) Жаңа зат

E) Жаңа тақырып

66. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз

A) бас маман

B) көпті көрген C) күміс көмей D) зиялы қауым E) шебер әнші

67. "Төбе шашы тік тұрды" тіркесінің лексикалық мағынасын көрсетіңіз

A) шошыды

B) ашуланды

C) қуанды

D) жүгірді

E) батылданды

68. «Ұялу» мағынасын білдіретін тіркесті көрсетіңіз

A) кірерге жер таппау

B) табанын жалтыру

C) мұрнын шүйіру

D) атына кір келтіру

E) жүрегі шайқалу

69. Омонимді белгілеңіз

A) қаз, тас

B) кейде, қазір

C) күллі, түгел

D) әпке, сіңлі

E) ара, жас

70. Омоним сөздердің анықтамасын беріңіз

A) дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер

B) мағыналары бөлек-бөлек сөздер

C) мағыналары бір-біріне жуық сөздер

D) дыбысталуы әртүрлі сөздер

E) мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

71. Омонимді табыңыз

A) Ол бөлесін бесікке бөледі

B) Жерің шалғай, сөзің жалған болар ма

C) Жылқылар науадан су ішті

D) Жиегі жайдақ айдын көл

E) Жайлауға ел қонды

72. Омоним болатын сөзді табыңыз

A) Кемпір

B) Тәрбие

C) Мін

D) Неге

E) Бес-бестен

73. Омоним сөздерді табыңыз

A) Уақыт болды

B) Алма, өзіңе керегі жоқ затты алма

C) Баусыз оймақ қолда тұрмас

D) Қарақұс-жыртқыш құс

E) Көңілі бұлақтай таза

74. Омоним болатын сөзді табыңыз

A) Анда-санда

B) Ер, түс

C) Бүкiл, барлық

D) Жеңеше, жезде

E) Жаз, күз

75. Төмендегі сөздерден омоним сөзді табыңыз

A) мектеп

B) ағаш

C) кітап

D) студент

E) ара

76. Синоним қатарын белгілеңіз

A) жақын, таяу, жуық

B) ақ, қара, қоңыр

C) бол, болма, болды

D) бас, ат, жаз

E) зат, сын, сан

77. Синоним сөздер қатарын табыңыз

A) қуаныш, мақтаныш

B) мұнда, анда, алыста

C) егін, дала, егіс

D) қыз, әйел, ана

E) турашыл, әділ, шыншыл

78. Синонимдік қатарды табыңыз

A) мәре-сәре болу, қуану

B) тез жүру, атқа мінер

C) жасыл көйлек, ақ қағаз

D) от жағу, ағаш жару

E) көйлектің жағасы, өзеннің жағасы

79. «Ақ жарқын» сын есіміне синоним сөзді табыңыз

A) шыдамды

B) ақ көңіл

C) сараң

D) ажарлы

E) қажырлы

80. Синонимдік қатарды көрсетіңіз

A) Долы, ашулы

B) Ыстық, суық

C) Ызғарлы, ауық

D) Суық, ашық

E) Тілектес, төре

81. Синоним сөздерді табыңыз

A) Жыр, жыртық

B) Жота, жөнде

C) Зерек, зауал

D) Дәуір, кезең, заман

E) Кір, кірме, лас

82. Антонимдік жұпты көрсетіңіз

A) терең - шыңырау

B) таразы - тартылу

C) жақсы - жаман

D) жүрек - сезім

E) ортаншы - кіші

83. Антонимдi табыңыз

A) бұрын - ескi

B) ұзын - қара

C) қызыл - көк

D) арық -семіз

E) әдемі - сұлу

84. Антонимдік жұпты көрсет

A) дос - дұшпан B) соғыс - майдан C) биік - таудай D) кең - жарық E) жылдам - шапшаң

85. Антонимдер қатарын көрсетіңіз

A) тау-тас

B) балалық-достық

C) жиі-кейде

D) асты-үсті

E) момын-жуас

86. Антонимдер қатарын көрсетіңіз

A) жиі - сирек

B) үлкендік - ағалық

C) асты - жаны

D) тау - шың

E) қайратты - қуатты

87. Көнерген сөзді табыңыз

A) несие

B) болыс

C) жарнама

D) парк

E) температура

88. Кәсіби сөздердің сипаттамасын табыңыз

A) кәсіп түріне байланысты сөздер

B) терминдік салада қолданылады

C) ғылым саласында қолданылады

D) жалпы халықтық тілде қолданылады

E) күнделікті өмірде қолданылатын сөздер

89. Кәсіби сөздерді анықтаңыз

A) ит, ат, жас

B) алма, есік, бас

C) жақсы, жаман, қандай

D) қармақ, қалтқы, ау

E) кел, жаз, ай

90. Түбір сөзді табыңыз

A) сөйлес

B) кешкі

C) саналы

D) дала

E) көкте

91. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз

A) сандықша

B) адамда

C) дәстүрмен

D) жерлерге

E) кітаптар

92. Туынды зат есімдердің жұрнақтарын көрсетіңіз

A) -шы, -ші, -лық, -лік, -лас,-лес

B) лар, лер, дар, дер, тар, тер

C) -са, -се, -а, -е, -й

D) дейін, шейін, кейін

E) -ла, -ле, -да,-де, -та, те

93. Жұрнақтардың қызметіне қарай бөлінетін түрлерін көрсетіңіз

A) өткен, келер, осы

B) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

C) көптік, тәуелдік, жіктік, септік

D) есімше, көсемше, етіс

E) есімдік, етістік, үстеу

94. Сөз тудырушы жұрнақты көрсетіңіз

A) сарғыш, аппақ

B) бардым, көрдім, алдым

C) оқымақпын, ойлан

D) білім, өнім, киім

E) баруы, алған

95. Жалғауды табыңыз

A) және

B) сырты

C) - гер

D) - дің

E) - хана

96. Жалғаудың түрлерін көрсетіңіз

A) жіктік, тәуелдік, көптік, септік

B) жіктеу, тәуелдеу, септеу, жинақтау

C) көптік, есімдік, етістік, септік

D) жіктік, болжалдық, бөлшектік, жинақтық

97. Сөз ішінен септік жалғаулы сөзді табыңыз

A) таныспын

B) әжемдер

C) тәлімгер

D) әкеме

E) оқыдым

98. Жіктік жалғауының қате жалғанған түрін анықтаңыз

A) барамын

B) алмақпыз

C) көргенсіңдер

D) біледі

E) бардымыз

99. Зат есімнің тұлғасына қарай түрлерін табыңыз

A) негізгі, туынды

B) жалпы, жалқы

C) дара, күрделі

D) болымды, болымсыз

100. Дерексіз зат есімді белгілеңіз

A) жер

B) қуаныш

C) дария

D) алтыбақан

E) жусан

101. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз

A) шәкіртпіз

B) кітабымыз

C) аспанбыз

D) оқулықтармыз

E) тіліміз

102. Тәуелдiк жалғаулы сөздер қатарын белгiлеңiз

A) жаным, балам, ойым

B) әлем, сөйлем, сәлем

C) бiлiм, ғалым, ғылым

D) жүзiм, әсем, киiм

E) тұжырым, салым, айналым

103. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнағын табыңыз

A) қойылым

B) қалашық

C) таңғы

D) балалық

E) көрік

104. Табыс септігінің жалғауларын көрсетіңіз

A) ды/ді/ ты/ті/ ны/ні /н

B) ның/нің /дың/дің/ тың/тің

C) ды/ді/ ты/ті /нда/нде

D) ға/ге /да/де /на/не /қа/ке

E) нан/нен /дан/ден /тан/тен

105. "Ата-ана" күрделі сөзі зат есімнің қай түріне жататынын табыңыз

A) тіркесті

B) біріккен

C) қысқарған

D) қосарлы

E) сөйлем

106. Дерексіз зат есімнің анықтамасын белгілеңіз

A) Оймен танылатын зат есім атауы

B) Бір түрлі көп заттың жеке атауы

C) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім

D) Бір түрлі көп заттың бір атауы

E) Жер-су атаулары

107. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақты табыңыз

A) оқыған

B) балалық

C) дәріхана

D) суырма

E) әнші

108. Тәуелдік жалғауының І жақ жекеше түріндегі тіркесті табыңыз

A) менің кітабым

B) сенің кітабың

C) біздің кітап

D) оның кітабы

E) олардың кітабы

109. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанған табыс жалғауын табыңыз

A) Ұстазың

B) Ұстазым

C) Ұстазды

D) Ұстазымды

E) Ұстазсың

110. Сан есімнен зат есім тудыратын сөзді анықтаңыз

A) он

B) бірлік

C) адалдық

D) жұт

E) он бес

111. Ілік септік формасында тұрған зат есімі бар сөйлемді көрсет

A) Самат сауда үйінің қасындағы тоғыз қабатты үйде тұрады

B) Мен базардан алма сатып аламын

C) Менің інім мектепте үздік оқиды

D) Үйден жұмысқа сағат жетіде шығады

E) Осы жазда демалысқа Көкшетауға барамын

112. Тәуелдік жалғаулы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Қыстың ауасы қандай тамаша!

B) Мен С.Торайғыров туралы көп оқыдым

C) Ол қаланы аралады

D) Қыстан кейін көктем де келеді

E) Біз қазір ғылыми кітапханаға барамыз

113. Барыс септік тұлғасындағы сөзді белгілеңіз

A) Білім таппай мақтанба

B) Еңбек етсең - емерсің

C) Сақтықта қорлық жоқ

D) Оқу инемен құдық қазғандай

E) Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен

114. Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

"Баянауыл ауданына дейін көлікпен 3 сағаттай жүресің."

A) Баянауыл

B) ауданына

C) дейін

D) 3 сағаттай

E) жүресің

115. Біріккен зат есімді табыңыз

A) тасбақаның

B) БҰҰ, ТМД

C) азық-түлік

D) табиғаттың

E) қанаттары

116. Барыс септіктегі сөзді табыңыз

A) әкесінде

B) жиеніне

C) әжесін

D) нағашымда

E) бөлемнен

117. Жалпы, дерексіз, туынды, дара зат есімді көрсетiңiз

A) Жамандық

B) Бозжан

C) Халықтың

D) Қаламыздың

E) Орта мектеп

118. Тәуелдік жалғау тұлғасындағы зат есімді табыңыз

A) Бауырыма көмек көрсеткен адамдар

B) Көп ән айтылды

C) Ол сабақтан кешікті

D) Қызықты сұрақтар қарастырылды

E) Міне, күн де жылынды

119. Жіктелген зат есімді табыңыз

A) студенттерді

B) оқулықтарым

C) ғалымсыңдар

D) өнерпаздармен

E) зерттеушілерге

120. Зат есiмдер қатарын табыңыз

A) Шiдертi, тоқты, Алматы, есiмi

B) күштi, төзiмдi, пайдалы, зиянды

C) таулы, маңызды, мәндi, дәмдi

D) көңiлдi, ұстамды, парасатты, заңды

E) қолайлы, ыңғайлы, пайдалы

121. Туынды зат есімді табыңыз

A) Есім

B) Көркем

C) Төзім

D) Аймақ

E) Көрікті

122. Рет-ретiмен септелген қатарды табыңыз

A) мектеп, мектептiң, мектепке, мектептi, мектепте, мектептен, мектеппен

B) мақта, мақтаның, мақтада, мақтаны, мақтаға, мақтадан, мақтамен

C) мата, матада, матаның, матамен, матаға, матада, матаны

D) мешiт, мешiттiң, мешiттi, мешiтке, мешiттi, мешiттен, мешiтпен

E) үйге, үйден, үйдің, үймен, үйде, үй, үйді

123. Зат есімнің көптік жалғауы бар сөйлемді табыңыз

A) Күн суыта бастады

B) Көкшетауда көптеген әйгілі таулар мен көлдер көп C) Оның сол ауылға барғысы келмеді D) Аспан шайдай ашық E) Бұл өте қызықты кітап

124. Тәуелдік жалғауы жоқ сөйлемді табыңыз

A) Сатушы мені жақсы қарсы алды B) Менің көйлегім сенікінен әдемірек C) Ауылдың жанында кездесуді ұйғарды D) Ол атасына жиі барып тұрады E) Мен өзімнің айтқанымнан қайтпайтын адаммын

125. Жасырын тұрған табыс септігінің жалғауын табыңыз

A) Азық-түлік дүкені жақын жерде

B) Сыртқы есік ашық екен C) Бүгін күн шайдай ашық екен D) Уайымға берілудің пайдасы жоқ E) Асан кітап сатып алды 126. Зат есімнің күрделі түрін көрсетіңіз

A) ауыл шаруашылығы B) отан C) оқулық D) кітап E) Арал

127. Деректі зат есімді көрсетіңіз

A) Бақыт

B) Ағаш

C) Арман

D) Ой

E) Қиял

128. Жалқы зат есім болатын сөзді көрсетіңіз

A) Айнагүл

B) Оқушылар

C) Аспап

D) Қыздар

E) Күйі

129. Деректі зат есімдерді белгілеңіз

A) Сезім, қар, аяз

B) Ғұмыр, қол, бас

C) Бесік, тал, тас

D) Жан, ғұмыр, ауа

E) Жан, жер, аспан

130. Зат есімнің жалқы есім түрін белгілеңіз

A) Астана, Шыңғыс, Көкшетау

B) Арқа, дос, тұлпар

C) Аспан, жер, дала

D) Азамат, бала, жолдас

E) Ақиқат, шындық, әділет

131. Туынды зат есімді табыңыз

A) етжеңді

B) үлкендеу

C) өндіріс

D) сұрғылт

E) жалқау

132. Зат есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз

A) жап-жаңа

B) үлкен-үлкен

C) бірді-екілі

D) ағайын-туыс

E) бара кел

133. Сын есім қатарын көрсетіңіз

A) қызыл, көк

B) бес, отыз

C) әрине, мүмкін

D) кітап, оқушы

E) сонау, мына

134. Есім сөздерден жасалған сын есімдерді көрсетіңіз

A) оқыр, кеткіз

B) берекелі, оқырман

C) қазандай, торсықтай

D) табиғат, әлемдей

E) оқытқыз, жаздыр

135. Сын есімдер қатарын белгілеңіз

A) Сары ала, қып-қызыл, ақшыл

B) Қызыл ала, бес, жүгірді

C) Бас салды, алып барды

D) Басшы, қызметкер, жас

E) Біреу, анау, сол

136. Сапалық сын есімді көрсетіңіз

A) таулы

B) әдемі

C) аудандық

D) орманды

E) қалалық

137. Зат есімнен сын тудыратын жұрнақты анықтаңыз

A) табиғи, адами

B) қазақша, адамша

C) жастық, достық

D) оқыған, тоқыған

E) таныстық, жолдастық

138. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін белгілеңіз

A) аппақ, көкпеңбек, қып-қызыл

B) сап-сары, қоңырқай, ақ

C) қоңыр, қара, көкшілтім

D) жап-жасыл, жасылдау, жасыл

E) сары, күрең, көгілдір

139. Сын есімнің салыстырмалы шырайын көрсетіңіз

A) ауыр

B) ірілеу

C) жеп-жеңіл

D) қара

E) ашық

140. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз

A) әп-әдемі

B) ұзындау

C) бостау

D) қысқаша

E) сүйкімді

141. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз

A) өткір көзді

B) сарырақ

C) жұп-жұқа

D) көгілдір

E) аласа

142. Туынды сын есімді табыңыз

A) білгір

B) білім

C) талшық

D) барған

E) етікші

143. Сын есімнің құрамына қарай бөлінетін түрлерін белгілеңіз

A) жалпы, жалқы

B) негізгі, туынды

C) дара, күрделі

D) болымды, болымсыз

E) сапалық, қатыстық

144. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімді табыңыз

A) оқушы

B) ұғым

C) тұзақ

D) келген

E) ақылды

145. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

A) таулы жер

B) аппақ қар

C) қызыл гүл

D) көгілдір аспан

E) сары көйлек

146. Туынды сын есімді табыңыз

A) биік

B) кенді

C) момын

D) жылтыр

E) жұмсақ

147. Сапалық сын есімді көрсетіңіз

A) Жаздан кейін қоңыр салқын күз келеді

B) Бірінші байлық -денсаулық

C) Түнге қарай күн қатты суытады

D) Бүгінгі ауа райы туралы не айтасың?

E) Асқар - білімді студент

148. Күрделі сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Жақсы-жаманды айыра білген жақсы

B) Қымбатты досым, мен саған қазақша хат жазып отырмын

C) Сен қазақша сөйле

D) Мен қазақша жақсы түсінемін, сөйлеймін және жазамын

E) Володя Алматы педагогикалық колледжіне түсті

149. Салыстырмалы шырайды табыңыз

A) қызылырақ

B) қара ала

C) қалалық

D) аппақ

E) қып-қызыл

150. «Биік» сөзі мағынасына, тұлғасына және құрамына қарай қандай сын есім

A) сапалық, туынды, күрделі

B) қатыстық, негізгі, күрделі

C) салыстырмалы, туынды, дара

D) сапалық, негізгі, дара

E) қатыстық, туынды, дара

151. Сын есімнің күшейтпелі шырайын белгіле

A) жақсылық

B) аталас

C) үйдің

D) ең жақсы

E) жақсырақ

152. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

A) Ыстық шай

B) Жұмыр ағаш

C) Ыстық күн

D) Қызыл орамал

E) Орманды өлке

153. Қатыстық сын есімді белгіле

A) Алдарынан орманды далалар жиі ұшыраса бастады B) Шешем тамақты өте дәмді пісіреді C) Көтерген жүктері ауыр екен D) Намыс - азаматтың алтын туы E) Асқар емтиханын жақсы тапсырды

154. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімді табыңыз

A) Оспанның таңдағаны көкшілдеу екен B) Айнала түгел жап-жасыл

C) Бала өте байқағыш болып шықты D) Барлығы өте жақсы болды

E) Бөлме тым үлкен

155. Сапалық сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Әмина - менің немере сіңлім, әдемі, сұлу бойжеткен

B) Немерелеріміз бізді көргенде өте қуанады

C) Туыстарымның бәрі біздің ауылда тұрады

D) Өзім мектепті бітіріп, Алматы шетел тілдері институтына оқуға түстім

E) Ол университетте шет тілдері факультетінде оқиды

156. Сын есімнің күшейтпелі шырайын табыңыз

A) Біздің үй сіздікінен кішірек

B) Сенің көйлегің әдемілеу

C) Гүлдің түсі сап-сары

D) Қара ат - аттың жүйрігі

E) Әдемі қыз ойнап жүр

157. Сын есімнің күшейтпелі шырайын белгіле

A) көркемдік

B) жерлес

C) көршімнің

D) өте кең

E) жақсырақ

158. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

A) таулы аймақ

B) дөңгелек үстел

C) ыстық шай

D) көк байрақ

E) ыстық ықылас

159.Есімдіктің барыс септігіндегі түрін табыңыз

A) үйректен, бала

B) оған, анаған

C) көлге, суға

D) оянды, жүзіп

E) мұхит, теңіз

160. Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз

A) оқыт, жаз

B) соныңыз, мынауыңыз

C) олар, менмін

D) ақшыл, бос

E) оған, маған

161. Барыс септігінде тұрған сілтеу есімдігі қайсысы

A) досыма

B) маған

C) бізге

D) қолға

E) бұған

162. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз

A) қайсыбіреу

B) өзіміздің

C) біздің

D) баршамыз

E) бәріміз

163. Сілтеу есiмдiгiн табыңыз

A) әрбір

B) кейбiр

C) қайда

D) сол

E) ештеме

164. “Ж.Аймауытов атындағы театрға ... автобуспен барамыз?” Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойыңыз

A) нешеде

B) қандай

C) қалай

D) неше

E) не

165. Бірге жазылатын есімдікті табыңыз

A) әр уақытта

B) әр түрлі

C) әр адам

D) әр халық

E) әр кезде

166. Болымсыздық есімдігін табыңыз

A) бүкіл

B) бірдеңе

C) дәнеме

D) осынау

E) түгел

167. Күрделі есімдік қатарын табыңыз

A) әркім, ешқашан, қайсыбір

B) өзім, өзді-өзі, өздеріңіз

C) Қашаннан? Неңіз? Қанша?

D) күллі, барша, тегіс

E) мынау, осы, сол

168. Сілтеу есімдіктерін табыңыз

A) Сол, анау, мынау

B) Сен, сіз, ол

C) Јркім, әлдене, әрдайым

D) Барлық, еш, ешкім

E) Ешқайда, барша, бүкіл

169. Белгісіздік есімдіктерді табыңыз

A) Кейбіреу, бірдеме, әрбір

B) Кім, өзі, бұл

C) Қандай, мен, олар

D) Сіздер, анау, ешкім

E) Мыналар, осылар, бұлар

170. Табыс септіктегі есімдікті табыңыз

A) менде

B) бұдан

C) анаған

D) соны

E) онымен

171. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді табыңыз

A) Соны ғана айтамын

B) Біз қайдан білейік?

C) Ақылың қайда кетті, данышпаным?

D) Ешкімге ұрысқан жоқ па?

E) Кім сүймесін өз жерін?

172. Белгiсiздiк есiмдiктi тiркестi көрсетiңiз

A) бiреулер есiк қақты

B) өзiмiз түсiндiк

C) ешкiм бiлмейдi

D) барлығы дәлелдейдi

E) мына үйде

173. Болымсыздық есiмдiгiн табыңыз

A) дәнеме

B) кейбiр

C) қашан

D) осы

E) сол

174. Қай есімдік кем дегенде екі не одан да көп заттар мен құбылыстарды жинақтап көрсетеді

A) жалпылау B) белгісіздік C) болымсыздық D) сілтеу

E) жіктік

175. Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз

A) ешқашан, ешкім B) әне, міне, сонау C) өзім, біреуге, әлдекім D) бүкіл, күллі, өзге E) ештеңе, дәнеңе

176. Сілтеу есімдіктерін табыңыз

A) Анау, сол, мынау

B) Сіз, ол, сендер

C) Ешкім, ешқашан, ешқайда

D) Барша, барлық, бәрі

E) Ешқайда, барша, бүкіл

177. Болымсыздық есімдіктерін табыңыз

A) Ешкім, ештеме, дәнеме

B) Не, кім, қандай

C) Әр, әрбір, бүкіл

D) Ана, сол, анау

E) Біз, сіз, ол

178. Табыс жалғауында тұрған белгісіздік есімдігін табыныз

A) Біреуге

B) Біреу

C) Біреуді

D) Біреуден

E) Біреумен

179. Барыс жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз

A) Өзіңе

B) Өзі

C) Өзіміз

D) Өзіңде

E) Өзіңмен

180. Белгiсiздiк есiмдiктi тiркестi көрсетiңiз

A) біреу жүгіріп келді

B) өзім келдім

C) кім кінәлі

D) баршасы жиналды

E) бұл не

181. Болымсыздық есiмдiгiн табыңыз

A) қашан

B) кейбiр

C) дәнеме

D) осы

E) сол

182. Жинақтық сан есімді табыңыз

A) сегізінші

B) бестен бір

C) елу екінші

D) жетеу

E) қырық-елу

183. Сан есімді табыңыз

A) елуінші

B) ешбір

C) қыстыгүні

D) жарқ-жұрқ

E) әттеген-ай

184. Болжалды сан есімді белгілеңіз

A) елудей, ондай, жиырмадай

B) екіден бір, үштің бірі, екі жарым

C) екінші, оныншы, төртінші

D) екі-үш, бес-бестен, бір

E) біреу, алтау, жетеу

185. Күрделі сан есімді көрсетіңіз

A) Еңбек сіңірген

B) Жүгіріп келе жатыр

C) Аймауытов Жүсіпбек

D) Қызылды-жасылды

E) Он төрт

186. Реттік сан есімді табыңыз

A) жүз он екінші

B) жиырма бір

C) бесеу

D) отыз алтыдай

E) елу-алпыс

187. Есептік сан есімді көрсетіңіз

A) бес-алты

B) оныншы

C) жиырма бес

D) елулерде

E) отыз шақты

188. Есептік сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Мен үстелге алты қасық қойдым

B) Жүздеген адам алаңға жиналды C) Нью-Йорк - АҚШ-та адам саны жағынан екінші қала D) Әр балаға бес-бестен кәмпит берілді E) Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер

189. Екі түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз

A) өзі

B) өздеріңіздің

C) өздері

D) өздеріменен

E) өздерімізденсіз

190. Сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Әмбебап дүкенінде бірінші қабаттан жоғары немен көтерілуге болады?

B) Біреу есік қақты

C) Сәуле - шаштараз шебері

D) Сәнияның әкесі өзінің мүшел тойын «Әсем» кафесінде өткізіпті

E) Шаштараз шебері қандай қызмет көрсетеді?

191. Реттік сан есімді табыңыз

A) 10 жылқы

B) 3-ке көбейт

C) бес адам

D) екі-екіден отыр

E) 5-мектеп

192. Жинақтық сан есімді табыңыз

A) Бестен бір

B) Сегізінші

C) Қырық - елу

D) Жетеу

E) Елу екінші

193. Реттік сан есімді көрсетіңіз

A) төртінші, оныншы B) біреу, үшеу, тоғыз C) оннан бір, жүз D) жүздеген, ондаған E) оннан, елуден

194. Сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Жиналысқа жүздей адам қатысты

B) Қалада бірнеше кафе бар

C) Јсем Қайратқызы - жас оқытушы

D) Мұраттың әкесі мүшел тойын өткізіпті

E) Біреу келді

195. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз

A) Елудей

B) Отыз шақты

C) Он бірінші

D) Бесеу

E) Он-оннан

196. Жинақтық сан есімді табыңыз

A) екеу

B) екі-екіден

C) он шақты

D) төрттен екі

E) бірінші

197. «Маған» есімдігі жазылатын сөйлемдерді белгілеңіз

A) /Мен/ құқықтану оқулығын берші.

B) /Мен/ есіңе ал.

C) /Мен/ түсініктеме жазуға рұқсат беріңіз.

D) /Мен/ сөздігім қайда?

E) /Мен/ кітап берші.

198. «Саған» есімдігі жазылатын сөйлемдерді белгілеңіз

A) /Сен/ кеше көрдім

B) /Сен/ не керек?

C) /Сен/ хат жаздым

D) /Сен/ тез жаса.

E) /Сен/ ақпарат айтылды.

199. Табыс септіктегі сөздерді белгілеңіз

A) Есік... алдында.

B) Шығарма... тез жазыңыз.

C) Дәрігер... шақыру керек.

D) Прокурор... айтыңыз.

E) Мақала... оқыңыз

200. Барыс септіктегі сөздерді белгілеңіз

A) Кінәліге айып тағылады.

B) Айыпкердің қорғаушы алуға құқығы бар.

C) Тергеушінің сұрағы бейтаныс адамға арналған.

D) Шебер маманға күрделі талап қойылады.

E) Заңнамаға байланысты деректеме жинақталған.

F) Құқыттану мамандығын меңгердім.

201. Жіңішке қосымшалар жалғанатын дыбыс тіркестерін белгілеңіз

A) лар, те, іт

B) ск, лк, шық

C) нк, нг, кс, кт

D) ды, таң, рын

E) ншт, ат, ғаз

202. Түркі тілдер тобына кіретін тілдер

A) қытай

B) қарақалпақ

C) татар

D) француз

E) ағылшын

F) орыс

G) ноғай

H) қазақ

I) неміс

203. Көмектес септігінде үндестік заңы

A) сақталады

B) сақталмайды

204. "ал, шақыр, жина" етістіктері

A) сабақты

B) салт

205. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР МАҒЫНАСЫ

1. төбе шашы тік тұрды А) анық

2. көзді ашып-жұмғанша B) алыс

3. ит өлген жер С) жылдам, тез

4. тайға таңба басқандай D) момын

5. қой аузынан шөп алмайды H)шошу,қорқу

206. Болымды етістікті табыңыз

A) жаз

B) қарама

C) сызба

D) айтпа

E) кірме

207. Салт етістікті анықтаңыз

A) бер

B) ашулан

C) әпер

D) көр

E) сал

208. Етістіктің мақсатты келер шақ формасын жасаушы жұрнақты табыңыз

A) келмекші

B) келме

C) келмес

D) оқып барар

E) келді

209. Дара етістікті көрсетіңіз

A) Арман бүгін саяжайға барады

B) Сәкен жұмысына ерте тұрып кетті

C) Су жылжып ағып жатыр

D) Олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр

E) Студенттер дәріс тыңдап отыр

210. Өзгелік етісті табыңыз

A) алдым

B) алысты

C) алынды

D) жатыр

E) алдырды

211. Ырықсыз етісті табыңыз

A) аяқталды

B) қудым

C) құшақтастым

D) айтқыздық

E) таран

212. Ырықсыз етісті көрсетіңіз

A) шақырылды

B) жинады

C) айтқыз

D) таранды

E) қоштасты

213. Шартты рай етістікті көрсетіңіз

A) Жаңбыр жаумаса, жолға шығамыз

B) Бүгін кезекшілікке жігіттер барсын

C) Таңертең ерте келемін

D) Біздің қазақша үйренгіміз келеді

E) Балама ертегі айттым

214. Етiстiктiң қалау райы бар сөйлемді табыңыз

A) Әлі кездесерміз тағы да

B) Ермектің асханаға барғысы келмеді

C) Айта бер, ниетiңдi жасырмай

D) Егер оқыса, жақсы деңгейде оқысын

E) Кетем десе, кетсін

215. Бұйрық райлы етістікті белгілеңіз

A) сатайық

B) сатамыз

C) сатылады

D) сатылмайды

E) сатты

216. Қалау райлы етістікті табыңыз

A) қаласыздар

B) қал

C) қалдық

D) қалдым

E) қалғым келеді

217. Етістіктің болжалды келер шақ түрінде тұрған сөзін көрсетіңіз

A) бүгін кетермін

B) жұмыста отырмын

C) олар кетті

D) жұмысқа барғанмын

E) ол айтыпты

218. Өткен шақ формасындағы етістікті табыңыз

A) отыр

B) тыңдаймыз

C) кеттік

D) бара жатырмын

E) көрерсің

219. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасында тұрған сөйлемді табыңыз

A) сен өлеңді айтқансың

B) сен өлеңді айтарсың

C) сен өлеңді айттың

D) сен өлеңді айтар едің

E) сен өлеңді айтасың

220. Етістіктің ауыспалы келер шағын белгілеңіз

A) биледі

B) билеген

C) билер

D) билейді

E) билесе

221. Етістіктің мақсатты келер шағын табыңыз

A) жарыспақшы

B) жарысқан

C) жарысыпты

D) жарыстым

E) жарыс

222. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасын табыңыз

A) Онда біз де болғанбыз

B) Кейін тағы оқырсыздар

C) Ахмет мектепке бара жатыр

D) Жиналыста басшы сөйледі

E) Тырналар тынымсыз ұшады

223. Көсемшенің жұрнақтарын табыңыз

A) - гер, -кер

B) -ды, - ты

C) - са, -се

D) - шы, -ші

E) -п, -ып, -іп

224. Етістіктің көсемше формасында тұрған сөзді көрсетіңіз

A) ағасы кеше келіпті

B) біз шығарма жаздық

C) оған кеше барды

D) жолдасы өткенде келген

E) құрдастар жылдам киінді

225. Есімше жалғанған сөзді табыңыз

A) берді

B) берген

C) бересің

D) береді

E) беріп кетті

226. Етістіктің есімше формасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз

A) Сәкен бұл кітапты оқыған

B) жаңалықты білуге келдім

C) туыстарға айтпай болмайды

D) інісі бақшада қалыпты

E) ол сабақ оқыды

227. Есімшенің жұрнақтарын көрсетіңіз

A) - ған, -қан

B) -ды, - ты

C) - са, -се

D) - шы, -ші

E) -п, -ып, -іп

228. Есімшені табыңыз

A) сөйледі

B) сөйле

C) сөйлейтін

D) сөйлесе

E) сөйлеме

229. Ауыспалы осы шақта тұрған сөздi табыңыз

A) Ол ерте тұрады

B) Талапты ерге нұр жауар

C) Ащы тiл таяқтан өткiр

D) Шәкiртсiз ғалым - тұл

E) Ана тiлiм - тiрлiгiмнiң тiрегi

230. Көсемшеге жалғанатын жалғауды табыңыз

A) Жіктік

B) Көптік

C) Тәуелдік

D) Тұйық

E) Септік

231. Сабақты етістікті белгілеңіз

A) отыр

B) асық

C) жаз

D) қуан

E) кел

232. Тұрақты тіркестен жасалған етістікті табыңыз

A) Оның жүрек жалғағысы келді

B) Ол ағаймен сөйлескелі отыр

C) Ағама хат жаздым

D) Ол әкесін іздеді

E) Кешегі оқиғадан кейін мен ойландым

233. Есімнен етістік тудыратын жұрнақтарды көрсетіңіз

A) көтеріңкіре

B) көрген

C) айтқыз

D) тойла

E) келтір

234. Іс-әрекеттің орындалуына қарай етістік қалай бөлінеді?

A) болымды, болымсыз

B) негізгі, туынды

C) дара, күрделі

D) негізгі, көмекші

E) салт, сабақты

235. Объектінің қатысына қарай етістік қалай бөлінеді?

A) салт, сабақты

B) негізгі, туынды

C) болымды, болымсыз

D) негізгі, көмекші

E) дара, күрделі

236. Қосарлы етістікті белгілеңіз

A) қызмет ет

B) шаршап-шалдығу

C) барып кел

D) айта сал

E) жазып бер

237. Болжалды келер шақта тұрған cөйлемдi табыңыз

A) Қайрат оныншы мектепке барар

B) Ол әкем туралы көп әңгiме айтты

C) Мен қарындасыма фотоаппарат сыйлаймын

D) Сендер жұмысқа тез келiңдер

E) Сіз ертең келіңіз

238. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз

A) көргенің, айтарым

B) бұзар, шабар

C) егер, ендеше

D) аяқта, ұйқы

E) жазым, басылым

239. Есімнен етістік тудыратын жұрнақтар қатысқан сөздер қатарын көрсетіңіз

A) қамба, таңба

B) оқыған, көрген

C) оқыт, жеткіз

D) көтеріс, жуын

E) тазала, ойлан

240. Көмекші етістікті табыңыз

A) едіңдер

B) әндетті

C) оқығалы

D) айтып

E) жайнай ғой

241. Келер шақтың түрлерін белгілеңіз

A) болжалды, мақсатты, ауыспалы

B) мақсатты, нақ, ауыспалы

C) жедел, бұрынғы, болжалды

D) нақ, болжалды, жедел

E) ауыспалы, бұрынғы, жедел

242. Дара етістікті көрсетіңіз

A) Марат бүгін не ертең келеді

B) Мұрат ерте тұрып кетті

C) Қуаныш мектепке бара жатыр

D) Бала ойнап жүр

E) Әсем мен Гүлден бір-бірімен әңгімелесіп отыр

243. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы қай сөйлемде қолданылған?

A) Сен мектепті бітірерсің

B) Сен мектепті бітіргенсің

C) Сен мектепті бітірдің

D) Сен мектепті бітіретін едің

E) Сен мектепті бітіресің

244. Етістіктің шартты рай формасын көрсетіңіз

A) Алыстан көрінсе ғой

B) Алыстан көрінеді екен

C) Алыстан көрінетін шығар

D) Алыстан көрініпті

E) Алыстан көрінбек екен

245. Есімше тұлғалы келер шақ естістігі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Келесі жексенбіде мен ағамның үйіне қонаққа барармын

B) Шайға түрлі самса, тоқаш, тәтті тағамдар қояды

C) Кеш тамаша, көңілді және қызықты өтті

D) Ең алдымен таныс емес қонақтарды әйеліне таныстырған

E) Ыстық тамаққа палау дайындады

246. Болжалды келер шақ естістігі бар сөйлемді көрсет

A) Мен жазда Италияға демалуға барармын

B) Біздің делегация ертең Австрияға ұшады

C) Сауда үйінен костюм алмақпын

D) Әлішер жұмысын бүгін бастайды

E) Ауылда көктемде жұмыс көп болады

247. «Хат жіберілді» - етіс түрін анықтаңыз

A) өздік

B) өзгелік

C) ырықсыз

D) ортақ

E) белгісіздік

248. Есімшені табыңыз

A) Айтар сөзім осы

B) Әкесі қуанып, баласына қарады

C) Әлия Кәрімге хат жазып отыр

D) Мен сенімен сөйлескелі келдім

E) Мен саған бара жатырмын

249. Бұйрық райдың І жағын көрсетіңіз

A) барамын

B) барыңдар

C) бармасын

D) барайық

E) барсын

250. «Продолжать писать» - дұрыс аударманы көрсетіңіз

A) жаза беру

B) жаза алу

C) жаза салу

D) жазып алу

E) жазып шығу

251. Жедел өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз

A) адамды

B) құттықтады

C) бармайды

D) жазады

E) ақылды

252. Осы шақтағы етістікті көрсетіңіз

A) келген

B) келді

C) отырмын

D) баратын

E) жүрер

253. Есімше жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз

A) оқыған

B) келді

C) кетті

D) келіп

E) кіріп

254. Көсемше жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз

A) келді

B) барған

C) бер

D) келу

E) айта

255. Сабақты етістікті көрсетіңіз

A) сөзді бастау B) үйге бару C) көп жүру D) қонаққа бардым E) тез оралу

256. Қимылдың, іс-әрекеттің орындалуына, қимыл иесі мен тура істелетін іске қатысын білдіріп, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің формасы қалай аталады?

A) етіс B) шақ C) есімше D) рай E) көмекші есімдер

257. Жедел өткен шақта тұрған сөзді табыңыз

A) ол айтатын

B) мен көріппін C) баратынбыз D) мен келдім E) мен келмекпін

258. Қалау райды көрсетіңіз

A) Менің қалаға барғым келеді B) Ол білмесе тіпті жақсы C) Мен хат жазып отырмын D) Сен босқа сөйлеме E) Ертең саған бәрін айтамын

259. Көмекші етістікті көрсетіңіз

A) әпер, әкет

B) ойла, тұзда C) жаз, сыйла D) отырып қалдым E) ол жазбады

260. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы қай сөйлемде қолданылған?

A) Күміс мектепті бітірген

B) Айнаш мектепті бітірер

C) Алтын мектепті бітірді

D) Әлия мектепті бітіретін еді

E) Бақыт мектепті бітіреді

261. Ырықсыз етіс формасын көрсетіңіз

A) Спорт кешені былтыр салынды

B) Жатақхана университеттің жанында орналасқан

C) Семинарда студенттер оқытушымен пікір алмасты

D) Гаућар қатты ойланды

E) Бізді деканатқа шақыртты

262. Ауыспалы осы шақ естістігі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Біз түскі тамақты мейрамханадан ішеміз

B) Менің ағам Астанаға көшті

C) Биыл Сіздер Алманияға бармақсыздар

D) Әсет Абай өлеңдерін кітапханадан таппақ

E) Ол үлкен сахнада тамаша ән айтқан

263. Өткен шақ естістіктің болымсыз түрі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Жанат медициналық академияда оқымаған

B) Кешке театрға бармаймыз

C) Біз жеміс-жидекті базардан алмаймыз, дүкеннен аламыз

D) Студент тапсырманы орындамай отыр

E) Бақылау жұмысын неге тексермейсіз?

264. Тұйық етістікті табыңыз

A) Алар, сатар

B) Кел, бар

C) Барған, отырған

D) Көру, түсіну

E) Отыр, жүр

265. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз

A) Тұрасың

B) Тұратынсың

C) Тұрарсың

D) Тұрғансың

E) Тұрмын

266. Шартты райлы етістікті табыңыз

A) Ұсынсам, айтса, білсеңіз

B) Барғайсың, сұрағым келеді

C) Оқығысы келеді, білгей еді

D) Жаздыр, барғыз, оқы

E) Сеземін, жазасың, келерсің

267. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыныз

A) -ды

B) -атын

C) -қан

D) -ып

E) -а

268. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз

A) жиналды

B) кездесті

C) киінді

D) оқыды

E) құйғызды

269. Төмендегі сөздерден болымсыз етістіктерді табыңыз

A) келіп еді

B) келмеген еді

C) келеді

D) кел

E) жүр

270. Келер шақ формасындағы етістікті табыңыз

A) бердік

B) келді

C) бардық

D) барар

E) отырмыз

271. Мезгiл үстеуді табыңыз

A) Көктемде күн ұзарады

B) Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей

C) Жүкті әрең көтерді

D) Армандарына жетiп, көңiлдерi бiр жайланды

E) Анасының тiлiн алмаған азапқа қалады

272. Үстеудің мағыналық топтарын табыңыз

A) мезгіл, мекен, мөлшер, мақсат..

B) өткен, келер, ауыспалы...

C) жалпы, жалқы, деректі...

D) салыстырмалы, күшейтпелі...

E) сапалық, қатыстық

273. Туынды үстеуді табыңыз

A) жазған

B) айтты

C) орысша

D) тұзды

E) бірінші

274. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз

A) кеше мен суға түстім

B) ол әдейі келді

C) Асқар амалсыздан келісті

D) Балалар жүрістен әбден шаршады

E) әрең дегенде жетті

275. Мөлшер үстеуін табыңыз

A) керектерін бір-бірлеп алды

B) біршама уақыт өтті

C) алайда бәрі кеш еді

D) босқа келгеніне өкінді

E) биыл олар көшеді

276. Үстеуден жасалған етістікті табыңыз

A) қарайт

B) сылтаурат

C) жылтырат

D) тездет

E) менменсін

277. Үстеу құрамына қарай қалай бөлінеді?

A) дара, күрделі

B) негізгі, туынды

C) жалпы, жалқы

D) болымды, болымсыз

E) мезгіл, мекен, мөлшер

278. Себеп-салдар үстеулерін табыңыз

A) лажсыздан, амалсыздан

B) әрең, әзер

C) екеулеп, рет-ретімен

D) қасақана, әдейі

E) кілең, небір

279. Дұрыс жазылған үстеуді көрсетіңіз

A) быйыл

B) ала-жаздай

C) тасыр-тұсыр

D) жолжөнекей

E) ендігәрі

280. Мезгіл үстеулі сөйлемді табыңыз

A) Темірхан бүрсігүні келеді

B) Гүлжан тез келді

C) Университет үйімізден алыс орналасқан

D) Абай хатты ақырын оқыды

E) Күн шайдай ашық екен

281. Мақсат үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Сізді көру үшін әдейілеп келіп отырмын

B) Сәкен алға бара жатыр

C) Наташа қазақша әрең сөйлейді

D) Бәрі меніңше болады

E) Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды

282. «Кілең, мүлдем, тым» қандай үстеулер

A) мөлшер

B) мекен

C) күшейткіш

D) қимыл-сын

E) мезгіл

283. Дыбыстық өзгерiске ұшырап бiрiккен үстеудi көрсетiңiз

A) Бүгiн

B) Жаңажол

C) Алакөл

D) Темірқазық

E) Ақсу

284. Төмендегі мысалдардан мөлшер үстеуді табыңыз

A) соншама

B) әрі-бері

C) айрықша

D) әзер

E) кеше

285. Төмендегі мысалдардан күшейткіш үстеуді табыңыз

A) үлкен

B) текке

C) жорта

D) бір-бірлеп

E) ең

286. Мақсат үстеуді көрсет

A) Есен оған қасақана айтты B) Оны әлдекім іздеді C) Осынша адамдар болады деп ойламап едім D) Биыл қыс жылы болды E) Босқа әуре болдық

287. Сын-қимыл үстеуді көрсетіңіз

A) Ол лезде келді B) Бүгін күн жылы C) Халық соншама көп болды D) Әбден шаршадым E) Машина ілгері жүре берді

288. Мезгіл үстеулі сөйлемді табыңыз

A) Ерден университетті былтыр бітірген

B) Толқын асықпай жүреді екен

C) Колледж жақын орналасқан

D) Әсет өлеңді мәнерлеп оқыды

E) Фарида алысқа кетті

289. Себеп-салдар үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Жұмысымыз амалсыздан тоқтап тұр

B) Әдейілеп оған хат жазып отырмын

C) Біз орысша шапшаң жазамыз

D) Мира артқа қарайды

E) Жаттығуды жазбаша орындаңыздар

290. Мекен үстеуін көрсетіңіз

A) Қасақана істеген

B) Әрең-әрең бара жатты

C) Алға қадам басты

D) Амалсыздан үйіне жүрді

E) Қолма-қол тапсырды

291. Мезгіл үстеуін табыңыз

A) Ежелден

B) Тұс-тұсында

C) Әбден

D) Осыншама

E) Әдейі

292. Мақсат үстеуі бар тіркесті көрсетіңіз

A) ілгері жылжы

B) арнайы келді

C) адамша түсіндір

D) ақырын жүр

E) амалсыздан барады

293. Нүктенің орнына көмекші есімді қойыңыз

Кресло жазу үстелінің … тұр.

A) қасында

B) үшін

C) қарай

D) соң

E) жуық

294. Көмекші есім қандай септікпен тікелей байланысты?

A) Табыс септік

B) Барыс септік

C) Шығыс септік

D) Ілік септік

E) Атау септік

295. Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз

A) шеше-ау, аязда үсіп қала жаздапсыз ғой

B) ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды

C) ол баласын әскер қатарына жібергелі отыр

D) әркімге өз баласы дана көрінеді

E) шіркін, адам дүниенің тұлғасы екен

296. Көмекші есім қатысқан сөйлемді табыңыз

A) Қала маңындағы ауылға бармақпыз

B) Үйге кірейік

C) Күн едәуір көтерілді

D) Ақылдыдан нақыл шығады

E) Ата, қалаға қашан барасыз?

297. Көмекші есімдерді көрсетіңіз

A) астам, арқылы

B) асты, үсті C) әрі, бұрын D) кейде, түгіл

E) дегенмен, алайда

298. Берілген сөйлемнен көмекші есімді тап

A) Ауылдың жаны терең сай

B) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын

C) Көмір де осы, отын да осы

D) Шықшы тауға, қарашы кең далаға

E) Сендерге әрдайым орын бар

299. Септік жалғауында тұрған көмекші есімді тап

A) Сыртынан көріп, ішінен түңілме

B) Есіктен төрге дейін шашылды

C) Ағама жеңгем сай

D) Алтыннан ардақты, күмістен салмақты

E) Досы көпті жау алмас

300. Көп нүктенiң орнына тиiстi көмекші есімді қойыңыз

Таняның үйі қаланың .... орналасқан.

A) жаны

B) арасында

C) шетінде

D) астында

E) үстінде

301. Сөйлемдегі көмекші есім сөзді көрсетіңіз: «Біздің үйіміз қалалық мәдениет үйінің қасында»

A) қасында

B) үйіміз

C) қалалық

D) мәдениет

E) біздің

302. Мына сөздерден көмекші сөздерді тап

A) айтыс

B) қиын

C) жолдас

D) арасы

E) желсіз

303. Көмекші есімді көрсетіңіз

A) Ағаштың түбіне отыр

B) Ол үйден кетсін

C) Саған барғым келеді

D) Сен маған айтасың

E) Мен киноға барсам

304. Берілген сөйлемнен көмекші есімді тап

A) сабыр түбі-сары алтын

B) кең болсаң, кем болмайсың

C) келгеніңе қуандым

D) үйге кір, қонақ бол

E) елден жаңа келдім

305. Көмекші есімді көрсетіңіз

A) Шелектің түбі тесік болып шықты B) Қонақтар қаланы аралады C) Құрбылар әбден көңілдерін көтерді D) Оның үйіне баруы керек E) Оларға барлығы көмектесті

306. Төмендегі сөздердің қайсысы көмекші есімдердің қатарына кірмейді

A) іші

B) жаны C) маңы D) бейнесі E) қасы

307. Көп нүктенің орнына көмекші есімді қойыңыз:

Мен мектептің ...тұрамын.

A) жанында

B) дейін

C) бірге

D) қарай

E) туралы

308. Көп нүктенiң орнына тиiстi көмекші есімді қойыңыз

Спорт кешені қаланың .... орналасқан.

A) шетінде

B) жаны

C) арасында

D) астында

E) үстінде

309. Көмекші есімдерді табыңыз

A) Асты, жаны, арты, алды

B) Жарық, қапырық, дымқыл,тәтті

C) Дәмді, жұмсақ, қатты, құрғақ

D) Жақын, алыс, лас, таза

E) Қажетті, керексіз, сары

310. Көмекші есімдерді табыңыз

A) Қасы, арасы, іші, сырты

B) Самал, салқын, іші, сырты

C) Көктем, самал, салқын, ел

D) Еру, жарқылдау, асығу, күту

E) Еру, арасы, іші, сырты

311. Көп нүктенiң орнына тиiстi көмекші есімді қойыңыз

Оқулық пен сөздік үстелдің .....

A) астында

B) арасында

C) жаны

D) үстінде

E) шетінде

312. Нүктенің орнына шылауды дұрыс қойыңыз

Ақшаны көршісі … беріп жіберді

A) арқылы

B) дейін

C) қарай

D) соң

E) жуық

313. Септеулік шылауды көрсетіңіз

A) Біраз жер жүргеннен кейін дем алдық

B) Он күн жиналып, әзер дегенде шықтық-ау

C) Ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шыққан-ды

D) Естіген әңгімем қызық-ақ

E) Ол біраз қапаланды

314. Шылау түрлерін ажыратыңыз

және, үшін, ғана

A) Жалғаулық, септеулік, демеулік

B) Талғаулықты, ыңғайлас, толымсыз

C) Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, жалғау

D) Қарсылықты, демеулік, оқшау

E) Одағай, еліктеу сөздері, үстеу

315. Жалғаулық шылауы бар сөйлемді табыңыз

A) Әсия мен Әсет сабаққа бірге дайындалады

B) Бос уақытта мен кітап оқимын

C) Қазақ тілі - бай тіл

D) Әр халықтың өз ана тілі бар

E) Мен ұйықтап қалдым

316. Септеулiк шылауды табыңыз

A) Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды,

Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн.

B) Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрiлдеп...

C) Адамның адамшылығы icтi бастағанынан бiлiнедi

D) Адал еңбекпен мал iздемек - арлы адамның ici

E) Еңбек өмiрдi ұзартады, ұят беттi қызартады

317. Күшейткіш демеулікті табыңыз

A) Оның сөзінен-ақ өкініш пен ыза сезіледі

B) Сен түгіл мен де бес алған емеспін

C) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды

D) Айып менде екені рас

E) Екi - үш күнде әзер жеттік

318. Қате тіркескен шылауды табыңыз

A) Есікті қаққан сол-ау

B) Ол кеше ғана келген

C) Одан дәріс алыпты- мыс

D) Бұл оқиға жазда болған- ды

E) Келген Марат ғой

319. Синонимдес шылауларды көрсетіңіз

A) я, не

B) әрі, гөрі

C) сондықтан, өйткені

D) бірге, бірақ

E) -мыс, -ты

320. Шылауды табыңыз

A) Балам-ау, қалың киімді кисеңші

B) Қап, содан естігенім қалмады

C) Ой, бәтшағар, сенбісің?

D) Сірә, сол жасаған шығар,ә?

E) Әттең, сол уақыт қайта келсе

321. Демеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз

A) арты, сырты, іші

B) өйткені, бірақ, және

C) керек, сияқты, мүмкін

D) кейін, дейін, қарай

E) ғой, ғана, ше

322. Көп нүктенiң орнына қажеттi септеулiк шылауды қойыңыз. Сенбi күнi университеттiң кiтапханасы сағат үшке ... ғана жұмыс iстейдi.

A) cайын

B) туралы

C) шейiн

D) кейiн

E) таман

323. Шылауды табыңыз

A) Біз емтихан туралы сөйлестік

B) Жазда ауылға барамыз

C) Түнде күн қатты суық болады

D) Жаңбыр құйып тұр

E) Биыл қар қалың жауыпты

324. Шығыс септікті қажет ететін шылауды көрсетіңіз

A) арқылы

B) дейін

C) кейін

D) туралы

E) үшін

325. Шақыру одағайын табыңыз

A) Шөре-шөре!

B) Түу!

C) Алақай!

D) Ойпырым-ау!

E) Мында келіңдер!

326. Одағай сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Бәрекелді, өлеңді жақсы айттың

B) Ұлжан - сыншыл адам

C) Жолың болсын, Қуат

D) Балалар далада жүр

E) Шамасы, олар үйде жоқ

327. Сұраулық шылау қатысып тұрған тiркестi табыңыз

A) бұған сенейiн(бе), сенбейiн(бе)

B) өтiрiк айт(па)

C) сен сен(бе)

D) жаманмен дос бол(ма)

E) сен кет(пе)

328. Көмектес септiгiндегi сөзбен тiркесетiн септеулік шылауды табыңыз

A) Кейiн

B) Босқа

C) Үшiн

D) Қатар

E) Таман

329. Барыс септігімен тіркесетін септеулік шылауларды көрсетіңіз

A) шейін, дейін B) қатар, бірге C) сайын, үшін D) соң, әрі E) кейін, бәрі

330. Қарсылық мәнді жалғаулық шылауларды табыңыз

A) дегенмен, сонда да B) мен, бен, пен C) кейде, әлдене D) өйткені, сол себепті E) егер, егер де

331. Атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауларды табыңыз

A) бенен, пенен

B) кейін, соң

C) егер, әлдекім

D) сайын, үшін

E) алайда, сөйтсе де

332. Көп нүктенің орнына септеулік шылауды қойыңыз:

Мен кешке ... үйге қайттым.

A) таман

B) кейін

C) шейін

D) дейін

E) туралы

333. Сұраулық шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз

A) Досыңның апасы медициналық академияда сабақ береді ме?

B) Алматыдағы мекенжайың қандай?

C) Телехабар сағат нешеде басталады?

D) Нешінші сабаққа келесің?

E) Ағаң өнер саласында қай кезде жұмыс істеген?

334. Көп нүктенiң орнына қажеттi септеулiк шылауды қойыңыз

Топ студенттері сағат үшке ... жиналу керек.

A) cайын

B) туралы

C) шейін

D) кейiн

E) болмай

335. Шылау түрлерін ажыратыңыз

Және, үшін, ғана.

A) Жалғаулық, септеулік, демеулік

B) Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, жалғау

C) Қарсылықты, демеулік, оқшау

D) Талғаулықты, ыңғайлас, толымсыз

E) Одағай, еліктеу сөз, үстеу

336. Шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз

A) Жұма сайын үйге қайтамыз

B) Гүлсім оны бұрын көрмеген екен

C) Оның ойын кейін білдім

D) Әрі жығыл десең, бері жығылады

E) Асан сабақтан кеш келді

337. «Сайын, қарай, соң, қабат» шылаулары қаңдай шылау тобына жататынын анықтаңыз.

A) Демеулік

B) Септеулік

C) Талғаулықты

D) Шартты

E) Қарсылықты

338. Демеулік шылауды табыңыз

A) Балам-ау, қалың киімді кисеңші

B) Қап, содан естігенім қалмады

C) Ой, бәтшағар, сенбісің?

D) Сірә, сол жасаған шығар,ә?

E) Әттең, сол уақыт қайта келсе

339. Сұраққа жауап беріңіз «Сіз терапевке қандай аурумен барасыз?»

A) тұмау тиіп, жөтеліп, басыңыз ауырса

B) аяғыңыз сынса

C) тісіңіз ауырса

D) көзіңіз ауырса

E) құлағыңыз ауырса

340. Демеулік шылауды табыңыз

A) Жусан шөл жерде өседі, сондықтан шыдамды

B) Балалар жүргірістен әбден шаршады

C) Табиғаттың өзі-ақ мүмкіндік беруде

D) Ол біресе Көкшеге, біресе Оқжетпеске таңырқады

E) Оны үйінен қуды, бірақ өзі өкінді

341. Сұраулық демеуліктерді анықтаңыз

A) әсіресе, ғой

B) емес, -ақ

C) ғана, қана

D) әрине, шамасы

E) ма, ме, ба, бе, па, пе

342. Шылау сөздерді табыңыз

A) дейін, туралы

B) мен, сен

C) он, бес

D) түн, жаз

E) зат, сын

343. Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойыңыз: ..., ауырттың!

A) рахмет

B) құрау-құрау

C) ойбай

D) кешіріңіз

E) алақай

344. Мына сөйлемді оқып, одағай қай мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңыз

Бәрекелді, өлеңді жақсы айтады екенсің

A) көңіл-күй

B) сыпайгершілік

C) шақыру

D) кету

E) жекіру

345. Одағай сөзді табыңыз

A) Енді

B) Кейін

C) Бәрекелді

D) Үшін

E) Әкелді

346. Сөйлемде одағайдың қай түрі берілген

Тәйт, екінші мынадай мінез көрсетпе

A) Тыйым салу

B) Ренжу

C) Қапалану

D) Шақыру

E) Жекіру

347. Одағайды көрсетіңіз

A) бөле

B) апыр-ай

C) әке

D) бажа

E) жазу

348. Одағай сөздi анықтаңыз

A) Туу, есiм жаңа кiрдi ғой

B) Талапты ерге нұр жауар

C) Ер мойнында қыл арқан шiрiмес

D) Халық қаhары қамал бұзады

E) Кiтап - көп ауылдың құйылған көлi

349. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді табыңыз

A) тарс-тұрс

B) әке-шеше

C) қыз-келіншек

D) анау-мынау

E) қап-қара

350. Сөйлемнен еліктеуіш сөзді табыңыз

Қара иттер екі жағына шығып, арс-арс етеді

A) қара иттер

B) жағына, етеді

C) екі жағына

D) арс-арс

E) шығып, етеді

351. Көп нүктенiң орнына қай сөздi жалпылауыш сөз ретiнде қоюға болады?

Қайрат, ақыл, жүрек - ... өнерлерiн айтысып, таласып келiп, ғылымға жүгiнiптi.

A) бәрi

B) үшеуi

C) олар

D) мыналар

E) өздері

352. Қате жазылған сөйлемді көрсетіңіз

A) Мен хат жаздық

B) Беске қарай мен келесі сабақтарға дайындала бастаймын

C) Алтыға дейін мен музыка тыңдаймын

D) Сабақтан кейін мен үйге қайтамын

E) Ауыл алыс емес

353. Сөйлемді жалғастырыңыз: «Жаңа жылды адамдар...»

A) асыға күтеді

B) шырша орнатады

C) аязды болады

D) қатты қуанады

E) сыйлықтар таратады

354. Берілген диалогтың қолданылу жағдайын табыңыз

- келгендеріңізге қуаныштымын

- туған күніңіз құтты болсын

- дастарханға келіңіз

- төрге шығыңыз

A) әуежайда

B) кітапханада

C) серуенде

D) мерейтойда

E) саяжайда

355. Көп нүктенiң орнына қажеттi сөздi қойыңыз: “Менiң жазда Баянауылға демалуға барғым ...”

A) келермiз

B) келесiз

C) келедi

D) келдiң

E) келсін

356. Іс-қимылдың өздігінен орындалуын білдіретін етіс түрі белгілеңіз

A) ырықсыз

B) өздік

C) өзгелік

D) ортақ

E) ашық

357. «-шы, - ші » қосымшасы қай жұрнақпен бірге қолданылады?

A) -ғалы, -гелі

B) -ған, -ген

C) -мақ, -мек

D) -ар, -ер

E) -атын, -етін

358. Он-оннан, екі-екіден сандары сан есімнің қай түріне жатады?

A) жинақтық

B) болжалдық

C) есептік

D) бөлшектік

E) топтау

359. Түбiр сөздер тобын табыңыз.

А) доcтық, ғылыми, бөлiмде

В) сары, жүрек, борыш

С) аударған, оған, бiлiктi

D) тiлегiм, сезiм, көңiлi

Е) д.ж.ж.

360. Жiктеу есiмдiктерi қатарын белгiлеңiз.

А) ешкiм, мынау, соған, мынаған

В) барлық, осы, ешқашан, мынау

С) бiздің, менде, сенiң, оларға

D) түгел, бұны, соның, барша

Е) д.ж.ж.

361. Тәуелдiк жалғаулы сөздер қатарын белгiлеңiз.

А) бiлiм, ғалым, ғылым

В) әлем, сөйлем, сәлем

С) жаным, қалам, ойым

D) жүзiм, әсем, киiм

Е) д.ж.ж.

362. Қай сөзді тасымалдауға болмайды ?

А) Үйту

В) Оқу

С) Улану

Д) Ыссы

Е) Өнері