Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013-2014г6кИК сценарий,каз / НЕОНАТОЛОГИЯ КАЗ 2014г / сценарий клинической симуляции ВПС. Тетрада Фалло-каз.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
599.87 Кб
Скачать

Эхокардиография

Қорытынды:

Екі өлшемді ЭХО-КГ:

- қарыншааралық перденің мүкістігін тікелей көру

- қолқаның парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен ығысуы және оның дилатациясы

- өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру.

Кеуде қуысы мүшелерінің рентгені

Қорытынды: Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «ағаш аяқ киім» түрінде, өкпе васкулиризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы.

«Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».

Клиникалық есептің жауаптарының эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері

Эталон жауаптары

1

Науқастың шағымдарын анықтау. Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма?

Ентігу сипатын, физикалық және эмоционалды жүктемемен байланысын нақтылау.

Ауру және өмір анамнезі

2

Жалпы қарау, тыныс алу жүйесінің физикалды зерттеу кезеңділігін сақтау және жүргізу дұрыстығы

Объективті: қарағанда жағдайы ауыр. Тері қабаты цианозды реңкті, шеткі цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады. Өкпе перкуссиясы-өкпелік тыныс. Өкпеде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ.

3

Жүрек қан тамыр жүйесін физикалды тексеру жүргізу дұрыстығы

Қалыптысқан «жүрек бүйірі».

Салыстырмалы жүрек тұйығы шекарасы:

Сол жақ- сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен

Оң жақ-оң жақ парастерналды сызық бойымен

Жоғарғы- II қабырғааралық.

ЖҰС-150 рет минутына.

ТАЖ-52 рет минутына.

Төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II тон екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген.

4

Медициналық симуляция жағдайында келтірілген симптомдарды дұрыс талдау

Науқас жағдайын дұрыс бағалады. Науқаста жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі симптомдары бар.

5

Болжама диагнозды негіздеу

Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы.

6

Зерттеу жоспарын тағайындау

-ЖҚС, ЖЗС

- кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы.

-ЭКГ, ЭХО-КГ

7

Ажырату диагнозын жүргізу

Эбштейн аномалиясы, өкпе артериясының атрезиясы, жалғыз қарынша, жалпы артериалды баған диагноздарымен ажырату диагнозын жүргізді.

8

ЖҚА, ЖЗА талдау

Гемограммада полицитемия. Жалпы зәр сынағы-өзгеріссіз.

9

ЭКГ талдау

Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы.

10

ЭХО КГ талдау

- қарыншааралық перденің мүкістігі

- қолқаның парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен ығысуы және оның дилатациясы

- өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру.

11

Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасын талдау

Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «ағаш аяқ киім» түрінде, өкпе васкулиризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы.

12

Қорытынды диагнозды негіздеу

ТПЖА. Фалло Тетрадасы. Ентігу-цианозды ұстамасы.

13

Емдеу алгоритмі

1% промедол (0,05 мл/год)+Кордиамин 0,1 мг/жылына бір шприцте б/е

Оттегі

Көктамырішіне ағынды түрде натрий бикорбонаты

Алдын алу үшін-Обзидан 1 мг/кг тәулігіне.

Оперативті ем.

14

Емдеу тиімділігін бақылау

Ентігу-көгеру ұстамасын тоқтату

15

Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру

Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін басу.

Барлығы:

Симулияның жабдықталуы:

1.Парақ тапсырмамен, актер үшін сценарий, қадамдарды бағалау критерийлері

2. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасы

3. ЖҚС, ЖЗС

4. ЭКГ, ЭХОКГ нәтижесі

5. Фонендоскоп, тонометр

  1. Актер-пациент.

Қойылым: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.

    1. Кушетка – 1

    2. Құралдар үшін стол-1

    3. Препараттармен медициналық шкаф (Промедол, Кордиамин, Кислород, натрий бикарбонат)

Құрастырушының аты-жөніТөлебаева А.Қ.

Рецензенттер аты-жөні: м.ғ.д. Қатарбаев А.Қ., м.ғ.д. Омарова К.О.

ББК жиылысының № 6 хаттамасы 25.02.14

7 беттің 7 беті