Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013-2014г6кИК сценарий,каз / НЕОНАТОЛОГИЯ КАЗ 2014г / сценарий клинической симуляции ВПС. Тетрада Фалло-каз.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
599.87 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПЕДИАТРИЯ БОЙЫНША №2 ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯНЫҢ СЦЕНАРИЙІ ҚБ 2014

Интерндердің қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляцияның сценарийі 2013-2014 оқу жылы

Клиникалық жағдай: «Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».

Ситуациялық есеп: Сіз –кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 11 айлық бала көмекке жүгінді.

  • Сұрау жүргізу: анамнезін жинап, баланы қараңыз.

  • Лабораторлы –аспаптық зерттеулерге интерпретация жүргізіңіз

  • Диагноз қойыңыз

  • Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Соңғы қорытынды (outcomes):

  • Жүрек ақауы бар науқасқа сұрау жүргізу, физикалды зерттеу.

  • ТПЖА. Фалло Тетрадасы клиникалық диагнозын білу.

  • ЖҚА, ЖЗА, кеуде қуысының рентгенограммасы, ЭКГ, ЭХО-КГ нәтижесін талдау.

  • ТПЖА. Фалло Тетрадасы диагнозы бар науқасты жүргізу тактикасы.

  • Пациентпен оптималды қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін басу

Бағалау беті (check-list)

Клиникалық жағдайға байланысты

«Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло Тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».

Қадамдарды бағалау критерилері

Баллмен бағалау

Дұрыс орындалды

Ескертулермен орындалды

Орындалған жоқ

1

Шағымдарын, анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма?

2,0

1,0

0

2

Физикалды зерттеу жүргізудің дұрыстығы және кезеңділігін сақтау- жалпы және тыныс алу жүйесін қарау

2,0

1,0

0

3

Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалды зерттеу жүргізудің дұрыстығы және кезеңділігін сақтау

2,0

1,0

0

4

Клиникалық симуляция жағдайында қарастырылған симптомдардың талдануының дұрыстылығы

2,0

1,0

0

5

Болжам диагнозды негіздеу

1,0

0,5

0

6

Зерттеу жоспарын тағайындау

1,0

0,5

0

7

Ажырату диагнозын жүргізу

2,0

1,0

0

8

ЖҚА, ЖЗА интерпретациялау

1,0

0,5

0

9

ЭКГ талдау

1,0

0,5

0

10

Кеуде қуысының рентгенограммасын талдау

1,0

0,5

0

11

ЭХО-КГ талдау

1,0

0,5

0

12

Қорытынды диагнозды негіздеу

1,0

0,5

0

13

Емдеу жоспарын негіздеу

1,0

0,5

0

14

Ем нәтижесін бақылау

1,0

0,5

0

15

Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру

1,0

0,5

0

қорытынды БАЛЛ

Максималді балл 20

Стандартталған актер (пациент) үшін мәтін сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы:

Пациент: бала, 11 айлық анасымен

Шағымдары: физикалық дамуда қалыс қалу (дене салмағы 7 кг), физикалық немесе эмоционалды жүктеме кезінде ентігу немесе периоальды ентігудің пайда болуы.

Сұрақтың мәні

Актерге сұрақтың құрылуы

Актер жауабы

Ентігу сипатын нақтылау

Қандай ентігу-дем алу қиындаған немесе дем шығару қиындаған ба?

Аралас сипаттағы ентігу

Ентігудың ұзақтығын нақтылау

Ентігу тұрақты түрде мазалай ма немесе жүктеме кезінде пайда бола ма?

Жылаған кезде және емізген уақытта пайда болады.

Көгеру пайда болу уақытын нақтылау

Көгеру тұрақты ма, әлде физикалық жүктемемен байланысты ма?

Эмоционалды және физикалық жүктемеден кейін пайда болады.

Салмақ қосудың қалыс қалу уақытын нақтылау

Қай уақыттан бастап салмақ қосуы қалыс қалды?

2 айлығынан бастап салмақ қосу қалыс қалған

Анамнезі: 2 айлығынан бастап салмақ қосуы қалыс қалған, емізген уақытта тез шаршап қалады, тіпті емшектен бас тартады. Бронхит және пневмониямен ауырмаған.

Объективті: Тері қабаты цианозды реңкті, шеткі цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады. Жүрек аймағы өзгермеген, салыстырмалы жүрек тұйығы шекарасы: сол жақ- сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен, оң жақ-оң жақ парастерналды сызық бойымен, жоғарғы- II қабырғааралық. Жүрек тондарының үні қалыпты, ЖҰС-минутына 140 рет. Төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II тон екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген. Өкпеде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, сипағанда ауырсынусыз. Бауыр және талағы ұлғаймаған.

Жалпы қан сынағы

НЬ - 170 г/л

Эр – 5,4х1012

Т.к. - 0,91

Тромбоциттер - 450х109

Лейк - 6,1х109

т/я - 3%

с/я - 26%

э - 1%

лимф -64%

мон - 6%

ЭТЖ - 2 мм/сағ.

Жалпы зәр сынағы

түсі-сары

меншікті салмағы-1005

белок-жоқ

лейкоцит-0-1 көру аймағында

жалпақ эпителий-0-2 көру аймағында

Электрокардиограмма:

Қорытынды: Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы.