Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бұл организмнің уыттануын одан сайын күшейтеді.

Күйіктік ауру кезінде тіндердің нәруыздары көптеп ыдыратылады. Бүлінген жасушалардан протеолиздік ферменттердің қанға түсуі тіндердің антигендік қасиетін өзгертіп, аутоиммундық құбылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.

Бұл ауру әртүрлі жүқпалармен жиі асқынады. Олардың уыттары организмді одан сайын уыттандырады. Бұл жұқпалар организмге бүлінген тері арқылы өтеді және ішектердің

41микробтары қанға түседі. Күйіктік ауру кезінде терінің бүлінуі оның тосқауылдық қызметін әлсіретеді, бір ядролы фагоциттер жүйесінің қызметі бұзылады және ішек-қарын жолдарының шырышты қабықтарының қорғаныстық қабілеті азаяды.

Бұл аурудың нәтижесінде организмнің қатты үдемелі арып-азуы, дененің ісінуі, анемия, ішкі агзалардың дистрофиялық өзгерістері, өкпе мен бүйректің қабынуы, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының әлсіреуі т.с.с. құбылыстар байқалады.

Күйіктік ауру жеңіл түрде өтсе артынан организмнің сауығуы болады. Бүл кезде бүлінген тін толығынан аласталынып, оның орнына тыртық тін қалыптасады.

Асқын қызыну (гипертермия). Сыртқы ортада температура көтерілгенде терінің қан тамырлары кеңіп, тер бөлінуі, тыныс алудың жиілеуі арқылы денеден жылуды сыртқа шығару артады. Ал, қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы жоғары болғанда немесе адамның үстінде терді өткізбейтін киім болғанда денеден жылуды сыртқа шығару шектеліп, ауаның температурасы тіпті 33°С болғанның өзінде дененің

асқын қызынуына (ыстық соғуына) әкелуі мүмкін. Бұл кезде дене қызымын реттеу жолдары бұзылады, денеде жылу өндірілу оны сыртқа шығарудан басым болып кетеді. Осыдан дене қызымы көтеріледі.

Асқын қызыну (гипертермия) екі сатыда өтеді. Бірінші теңгерілген сатысында дене қызымы қалыпты деңгейде ұсталып тұрады. Жоғары температура организмге ары қарай әсер ете беруінен асқын қызынудың екінші теңгерілмеген сатысы дамиды, дене қызымы қалыптыдан көтеріліп кетеді. Бұл кезде организмде зат алмасуларының қарқыны артады, тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының, орталық жүйке жүйесінің қатты қозуы байқалады. Артынан олардың қалжырауынан тыныс алудың, жүрек қызметінің бұзылыстары, артериялық қан қысымының төмендеуі болады, организмде гипоксия дамиды.

Асқын қызыну кезінде тердің көп бөлінуі организмнің сусыздануына, сумен бірге хлоридтердің т.б. электролиттердің сыртқа көптеп шығарылуына әкеледі. Бұл кезде қанның қоюлануы оның тұтқырлығын жоғарылатып, журек қызметін қиындатады, қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. Осыдан организмде оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен адамның жан тапсыруы болады. Дене қызымы тез көтерілуіне әкелетін қауырт қызынуды ыстық соғуы дейді.

 

 

 

УЛЬТРАКҮЛГін СӘУЛЕЛЕРДЩ әСЕРІ.

 

 

42

Ультракүлгін сәулелер тері мен көздің ақ қабығы арқылы

 

бар жоғы ондаған микрометр тереңдікке өтеді. Соған

 

қарамай олар тіндердің жергілікті өзгерістерімен қатар

 

жалпы организмнің бұзылыстарына әкеледі.

 

 

 

Бұл

сәулелердің

биологиялық

қасиеті

олардың

 

толқындарының

ұзындығына

байланысты.

Ультракүлгін

 

сәулелердің бір бөлшегі А - аумағы ұзын толқынды болады.

 

Ондағы

толқындардың ұзындығы 400-320 нм аралығында,

 

екінші бөлшегі В - аумағы (орташа толқынды) 320-280 нм,

 

үшінші бөлшегі С-аумағы (қысқа толқынды) 280-200 нм

 

аралығында болады.

 

 

 

 

 

 

Ұзын толқынды ультракүлгін сәулелер теріде тирозиннен

 

меланин түзілуін арттырып, терінің қоңыр қошқыл түске

 

боялуын қамтамасыз етеді. Бұл ультракүлгін сәулелердің

 

ары қарай денеге өтуіне бөгет жасап, қорғаныстық қызмет

 

атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

Қысқа мерзімде, аз мөлшерлерде әсер еткен орташа

 

толқынды

ультракүлгін

 

сәулелер

организмге

жалпы

сергітетін әсер етеді. Оның даму негізінде ультракүлгін сәулелердің организм атомдарын қоздыру қабілеті жатады.

Осыдан

жасушаларда

өтетін

химиялық

реакциялардың

белсенділігі

артады,

зат

алмасуларының

қарқыны

көтеріледі, тіндердің нәрленуі жақсарады. Бұл сәулелердің әсерінен организмнің жұқпалар мен уыттарға төзімдігі көтеріледі. Адамның ойлау, қол жұмысын атқару қабілеттері жақсарады. Бұл ультракүлгін сәулелердің әсерінен организмде Д3 витамині (холекальциферол) түзілуі ұлғаяды. Балаларда мешелдік (рахит) дамуынан сақтандырады. Қысқа толқынды С-аумағындагы ультракүлгіндер бактерияларды жоятын әсер етеді.

Ультракүлгін сәулелермен бұрын күймеген теріні бірден тым артық сәулелендіруден фотохимиялық күйік дамуы мүмкін. Бұл кезде терінің қызаруы, күлдіреуі, дене қызымының көтерілуі, бас ауыруы, көңіл-күйдің бей-жайлығы т. с. с. белгілер байқалады. Сонымен қатар көздің

қызаруы, қастың ісінуі, жас ағу, жарыққа қарай алмау, көзге бөгде зат түскен сияқты сезім пайда болады. Бұндай жағдайды фотофтальмия деп атайды. Бұл құбылыстар күн сәулелерінің көзге тікелей әсер етуінен, ашық далада қарға шағылысқан сәулелердің әсерінен, электр ағымымен металдарды кесіп-жалғау жұмыстары кездерінде байқалады.

Ультракүлгін сәулелердің тым артық әсерінен фотохимиялық күйік даму жолында бұл сәулелердің еркін радикалдық тотығуды, май қышқылдарының асқын тотығуын

арттыру

қасиеті

маңызды орын алады. Осыдан жасуша

43 мембраналарының

 

бүлінуі,

 

нәруыздардың

ыдырауы

жасушалардың тіршілігін жоғалтады.

 

 

 

 

Ультракүлгін

сәулелермен

 

артық

 

сәулелендіру

нәтижесінде организмнің созылмалы дерттері (құздама,

асқазанның ойық жарасы, өкпе туберкулезі т.б.) асқынып

кетуі

мүмкін.

Бұл

сәулелермен

тым артық

сәулеленудің

нәтижесінде меланиннің көп өндірілуінен, нәруыздардың

бүліністерінен

 

алмастырылмайтын

аминқышқылдарына,

витаминдерге, Са2+- иондарына т.б. заттарға организмнің

мұқтаждығы артып кетеді. Сонымен бірге қысқа толқынды

ультракүлгін

сәулелердің

тым

 

артық

болуынан

Д3-

витаминінің белсенділігі төмендеп, ол организмге уытты

заттарға (токсистериндерге) ауысуы ықтимал.

 

 

 

Ультракүлгін сәулелермен ұзақ уақыт артық сәулеленуден

тері

мен

шырышты

қабықтарда

обыр

өспесі

дамуы мүмкін.

Кейбір бояулар, холестерин, порфириндер, әсемдік бұйымдар ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерін күшейтеді. Оларды

фотосенсибилизаторлар дейді.

Кейбір адамдарда бұл сәулелерге жоғары сезімталдық болады. Оны фотоаллергия дейді.Организмде гемоглобин алмасуы бұзылудан қанда порфириннің артық жиналуы кезінде күн көзіне аз уақыт шығудың өзі терінің ауыр күйіктеріне, сәулеленген порфириннің уытты өнімдерімен организмнің уыттануына әкеледі.

Күн сәулелері әсер еткенде олардың құрамындағы тіндерге қыздыратын әсер ететін инфрақызыл сәулелермен ультракүлгін сәулелер бірігіп әсер етуден денеге күн өтуі байқалады. Бұл кезде ультракүлгін сәулелері тері қылтамырларындағы қан нәруыздары мен холестеринді сәулелендіру арқылы жүйке жүйесіне әсер етеді. Осыдан мидағы қыртыс асты құрылымдары мен дербес (вегетативтік)

жүйке

жүйесі

орталықтарын қоздырады,

дене

қызымын

көтереді,

қан

қысымын

алдымен

көтеріп,

артынан

төмендетеді, адамды ұйқы басады,

коллапс

дамиды және

тыныс орталығының салдануынан адам жан тапсырады.

 

Лазер сәулелерінің әсері.

Өте қарқынды жарық қуатын бір түсті жіңішке шоқтарға айналдыратын құралдар – лазерлер көптеген ауруларды (пародонтит, көз аурулары, ішек-қарын аурулары т. с. с.) емдеу үшін кеңінен қолданылады. Аз қарқынды лазер сәулелері организмде нуклеин қышқылдары мен нәруыз түзілуін арттырып, жараның бітуін, қабынудың тез жазылуын күшейтеді. Олардың әсерінен шеткері жүйкелердің

44 регенерациясы жақсарады. Аз қарқынды лазер сәулелері иммундық жүйенің белсенділігін күшейтіп оның жұқпаларға төзімділігін арттырады, антиоксиданттық әсер етеді, жасуша мембраналарының қолайсыз әсерлерге тұрақтылығын жоғарылатады. Бұл сәулелердің әсерінен ағзалар мен тіндерде майда қанайналым (микроциркуляция) оңалады, олардың оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілуі жақсарады. Осыдан олардың нәрленуі түзеледі.

Тым қарқынды лазер сәулелері организмге бүліндіргіш әсер етеді. Олар хирургияда тіндерді, өндірістерде металдарды кесу үшін қолданылады. Лазер сәулелеріне пигменттелген тіндердің сезімталдығы өте жоғары болады. Олардың бүліндіргіш әсер ету жолдары әлі толық зерттелмеген. Жасушаларға тікелей бүліндіргіш әсері белсенді бос радикалдардың өндірілуімен байла-нысты. Осыдан жасуша мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы, олардың бүліністеріне әкелуі мүмкін.

Лазер сәулелері тіндерге температураны көтеру арқылы және кавитациялық әсер етеді. Лазер сәулелерінің құрамындағы инфрақызыл сәулелердің қуатынан тіндерде температура көтеріліп, тіндік нәруыздардың белсенділігі жоғалады.

Лазер сәулелерінің әсерінен жасушаларда температура өте тез қатты көтерілуінен олардың сұйық бөлшектері буға айналып кетеді. Осыдан жасушалардың ішінде майда қуыстар кенеттен пайда болады. Бұл қуыстардың ішінде қысымның ондаған, жүздеген атмосфераларға дейін көтерілуінен, содан толқын соққыларының тарауынан тіндердің жарылуы болады. Осьгаы лазер сөулелерінің кавитациялық (жарылыстық) әсері деп атайды. Бұл сәулелердің осы қасиеті тіндерді кесу үшін лазерлік қандауырларды қолдану негізінде жатады.

Қарқынды лазер сәулелерінің бүліндіргіш әсері организмге қажетті ферменттердің белсенділігін жоғалту арқылы да болады.

ЭЛЕКТР АҒЫМЫНЫҢ бүліндіргіш әсері.

Адамға найзағайдың немесе техникалық электр ағымдары әсер етуі мүмкін. Адамға найзағай түскенде оның денесі арқылы өте қысқа мерзімде тым үлкен кернеудегі (миллион вольтқа дейінгі) электр ағымы өтеді. Бұл кезде найзағайдың әсерінен денеде күйіктер пайда болады, тіндерге ерекше тармақталған қан құйылулар, тіндердің

 

қарайып кетуі және өлеттенуі байқалады.

Кейбір

дене

 

мүшелері үзіліп кетуі мүмкін. Адам жүрегі мен тынысы

 

тоқтап қалудан өледі.

 

 

 

 

45

Техникалық

электр

ағымының

бүліндіргіш

әсері

 

(электросоққы) оның түрінен (түрақты немесе ауыспалы),

 

күшінен, кернеуінен, өту бағытынан және өту уақытынан,

 

сонымен қатар тіндердің кедергілік қасиетінен және

 

организмнің жалпы жағдайына байланысты.

 

 

 

Электр ағымының күші бірдей болғанда тұрақты электрге

 

қарағанда ауыспалы электр организм үшін қауіпті. Күші 100

 

мА әсер еткенде электр ағымы адамның

өліміне әкеледі.

 

Күші 12-25 мА, жиілігі 50-60 Гц ауыспалы электр

ағымы

 

дене мүшелерін тырыстырып тастайды. Осыдан электр сымына

 

тиген дене мүшесі тырысып, одан айырыла алмай қалады.

 

Электр ағымының кернеуі 40 вольтқа

дейін организмнің

зақымдануына әкелмейді. Оның кернеуі 1000 вольтқа дейін көтерілгенде 50%, 3000 вольтқа дейін көтерілгенде - 100% зақымданған адам жан тапсырады. 42,5 вольт кернеуі бар

ауыспалы

электр

ағымының

зақымдық

қауіпі

120 вольт

кернеуі

бар

тұрақты электр

ағымының

зақымдық қауіпімен

тең болады.

Бірақ

тұрақты

электр ағымының

қауіптілігі

450-500 вольт кернеуге дейін ғана ауыспалы ағымнан аз болады. Ары қарай тұрақты электр ағымының кернеуі көтерілуіне байланысты ол ауыспалы ағымнан қауіптірек болады.

Кедергілік қасиеті. Ауыспалы электр ағымына адам денесінің жалпы кедергілерінің жиынтығын импеданс - дейді. Ол тіндердің белсенді (омдық) және қайта әсерленген (сыйымдылық) кедергілерден түрады. Терінің сыртқы эпидермалық қабатының электр ағымына кедергісі бойынша 1— орында (2 млн. Ом), ары қарай сіңір, сүйек, жүйке және бұлшықет тіндері, қан - кедергісі азаюына қарай орналасады. Жұлын - ми сұйығында ең аз кедергі болады. Адам денесінің жалпы кедергісі орташа 100 000 Ом (1000 нан миллиондаған Ом-ға дейін).

Терінің ылғал болуы кедергіні төмендетеді. Құрғақ терінің кедергісі молырақ болады. Тері кедергісінің мөлшері электр ағымының күші мен кернеуіне байланысты.

Оның кернеуі 10—40 вольт болғанда терінің эпидермисін жарып өтеді. Осыдан 220 вольт электр кернеуі дененің кедергісін күрт төмендетеді.

Электр ағымының денеден өту багыты. Төменнен жоғары қарай өткен тұрақты электр ағымы жоғарыдан төмен қарай өткен ағымнан қауіптірек болады. Бұл кезде жүректің синустық торабы катодтың қоздырғыш әсерінде болады да, оның ұшы анодтық қозуды әлсірететін әсерінде болады. Осыдан синустық торабынан шығатын қозу өткізгіштіктің

үдемелі

бөгелуімен түйіседі. Бұл электр ағымы өткенде

46 жүйкелік

қабылдағыштар

(рецепторлар)

мен

өткізгіш

талшықтар, бұлшықеттер мен тегіс салалы ет

талшықтары

және бездік тіндер қатты қоздырылады. Осыдан бұлшықеттер

мен тегіс ет талшықтары тырысып жиырылып қалуынан аяқ-

қолдың буынынан шығуы, жіліншіктердің сынуы, дыбыс

байламының жиырылуы, тыныс алудың тоқтауы, еріксіз дәрет

бұзылуы

және

қан

қысымының

көтерілуі

байқалады.

Симпатикалық жүйке

жүйесінің қозуынан

катехоламиндердің

(адреналин, норадреналин) қанға көптеп шығарылуы болады. Бұдан ішкі ағзалар мен дене мүшелерінің қызметтері бұзылады.

Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында электрохимиялық әсері маңызды орын алады. Электр ағымы теріден өтіп әртүрлі тіндердің жасушаларында электролиздік тепе-теңдікті бұзады, олардың биологиялық әлеуетін өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризациясына әкеледі. Тіндердің анод орналасқан аумағында оң дәрмені бар иондар жиналады (қышқыл реакция пайда болады), катод жағында теріс дәрмені бар иондар жиналады (сілтілік реакция болады). Осыдан жасушалардың қызмет атқару жағдайы өзгереді. Анодтың астында қышқыл реакция болғандықтан тіндік нәруыздар ұйып қалады. Содан дамитын некрозды коагуляциялық некроз дейді. Ал, катод орналасқан тіннің аумағында сілтілік реакция болғандықтан тіндік нәруыздар қатты ісініп кетеді. Мүны колликвациялық некроз дейді. Бұндай құбылысты электр ағымының электролиздік әсері деп атайды. Бұл құбылыс жүрек етіне әсер еткенде оның жауап қайтармайтын (рефрактерлік) фазасын қысқартып, жүйкелік серпіндердің үдемелі кері айналып жүруінен ет талшықтарының жыпылығы (фибрилляциясы) дамуына әкеледі. Электр ағымының әсерінен тыныс алу мен қан тамырларының қимылдық орталықтарының бүлінуі олардағы жүйке жасушаларының бұзылыстарынан дамиды. Өйткені нейрон мембраналарының қатты деполяризациясы, олардың цитоплазмасындағы нәруыздардың ұйып қалуы болады.

 

Электр ағымының әсерінен дамитын клиникалық өлім

 

кезінде жүрек етінің жыпылығы ұзақ сақталуы мүмкін.

 

Сондықтан бұндай өлген адамдарға биологиялық өлімнің

 

айғақты белгілері пайда болғанша медициналық (қолмен дем

 

алдыру, жүрекке ысқымақ (массаж) жасау) жәрдем көрсету

 

қажет.

 

 

Электр ағымының әсерінен адамның өлімі тыныс алудың

 

және жүректің тоқтап қалуынан болады. Тыныс алудың

 

тоқтауы:

 

 

● тыныс орталығының зақымдануынан;

47

● тыныс

орталығын қанмен қамтамасыз ететін омыртқа

 

артерияларының жиырылып қалуынан;

 

● тыныс алуға қатысатын бұлшықеттердің жиырылып

 

қалуынан;

 

 

● дыбыс байламдарының жиырылып қалуынан;

 

● тыныс алу жолдарының бітелуінен, дамиды.

 

Жүректің тоқтауы:

 

● жүрек қарыншаларының жыпылықтауынан;

 

● коронарлық қан тамырларының жиырылып қалуынан;

 

● қан тамырларының қимылдық орталығының зақымдануынан;

 

● кезбе жүйкелерінің межеқуаты (тонусы) көтеріліп

 

кетуінен,

дамиды.

ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕЛЕРДің бүліндіргіш ӘСЕРЛЕРІ.

Иондағыш сәулелер организмге сырттан немесе ішінен әсер етулері мүмкін. Адам организмі рентген құралдарымен, ядролық реакторлармен және дәрменделген (зарядталған) бөлшектердің тездеткіштерімен (бетатрондар, циклотрондар, синхрофазотрондар, сызықтық тездеткіштермен), радийбелсенді изотоптармен, радийбелсенді қазбаларды өңдеу т.с.с.. жұмыстар атқарғанда иондағыш сәулелердің әсеріне душар болады. Ауруханаларда науқастарды емдеу үшін иондағыш сәулелер қолданылады. Сонымен бірге атом

бомбаларын

сынағанда

немесе соғыста

қолданылғанда,

ядролық

реакторлардың

апаттары

кездерінде

адам

организміне иондағыш сәулелер әсер етеді.

 

 

Радийбелсенді заттар

тағаммен,

сумен

немесе

тыныс

жолдары арқылы организмге түскенде олар адамның ішінен әсер етеді. Олардың әрі сырттан, әрі ішінен біріккен әсерлері болуы мүмкін.

Иондағыш сәулелер атомдар мен молекулалардың иондалуын туындататын болғандықтан олардың биологиялық белсенділігі өте жоғары болады. Шыққан табиғаты бойынша иондағыш сәулелер электромагниттік (рентген, гамма-сәулелері) және денешіктік (корпускулалық) (дәрмені бар бөлшектер: гелийядросы альфа-сәулелер, электрондар бета-сәулелер,

протондар; дәрмені жоқ нейтрондар) болып ажыратылады. Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері тіндердің

иондалу тығыздығының шамасына және өтіп кету қабілетіне байланысты. Неғүрлым олардың өтіп кету қабілеті төмен болса, соғұрлым иондау тығыздығы жоғары болады да, бүліндіргіш әсер күшті болады. Альфа-сәулелерінің тіндер арқылы өтіп кету қабілеті өте төмен, бар жоғы бірнеше ондаған микрометр, болғандықтан олардың иондау қабілеті

 

ең жоғары болады. Гамма-сөулелері тіндер арқылы тез өтіп

 

кетеді де, олардың иондау қабілёті аз болады.

 

48

Организмнің сәулеленуі

бір

мезгілдік, бөлшектенген

 

және ұзақ мерзімдік болады. Организмді бөлшектеп, ұзақ

 

уақыт сәулелендіргенде оның бүліністеріне әкелетін

 

сәулелердің жалпы өлшемі бір мезгіл сәулелендіргендегі

 

сәулелердің өлшемінен біршама көп болады.

 

 

Иондағыш сәулелердің

бүліндіргіш әсері

сөулеленген

 

дене

қабатының

аумағынан,

организмнің

даралық

реактивтілігінен, адамның жасы мен жынысынан және сәулеленуге дейінгі организмнің жалпы күйіне байланысты болады. Мәселен,жас және буаз жануарлар иондағыш радиацияның әсеріне өте сезімтал болады. Бір организмнің өзінде әртүрлі

жасушалар мен тіндердің бұл сәулелерге сезімталдығы әртүрлі болады. Ұдайы жаңарып, өсіп-өніп тұратын (сүйек кемігінің қан өндіретін тіндері, жыныстық бездері, ас қорыту жолдарының эпителий жасушалары) тіндер иондағыш сәулелердің әсеріне өте сезімтал болады. Керісінше, бұлшықет, жүйке және сүйек тіндерінің сезімталдығы төмен болады.

Организмге иондағыш радиацияның әсер ету жолдары.

Иондағыш радиация организмнің жергілікті бүліністеріне және жалпы бұзылыстарына әкеледі. Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері шартты түрде үш кезеңге бөлінеді:

иондағыш сәулелердің алғашқы әсері;

радиацияның жасушаларға әсері;

радиацияның тұтас организмге әсері.

Иондағыш сәулелердің тіндерге алғашқы әсері атомдар мен молекулалардың (судың) иондалуына, белсенді бос радикалдардың (О , ОН ) және сутегінің асқын тотығы (Н2О2) пайда болуына әкеледі. Бұл бос радикалдар жасуша қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуына және

олардың гидроасқын тотықтары (RОН) түзілуіне әкеледі. Бұл химиялық реакция өзара тізбектеліп, тоқтамай жүре береді. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің жасушаларының мембраналары бүлінеді. Бұл кезде митохондрийлардың

мембраналарының бүліністерінен тотығулық фосфорлану бұзылып, энергия түзілуі азаяды. Жасуша ядроларының қабығы бұзылудан ДНК, РНК, нәруыздар түзілуі бұзылады. Олардың түзілуі ұдайы өсіп-өніп тұратын тіндер үшін өте қажет. Сондықтан бұл тіндер иондағыш сәулелердің әсерінен ең алдымен бүлінеді.

Радиацияның жасушаларға әсері. Жасушалар радиацияға сезімталдығы бойынша мына тізбек бойынша орналасады: лимфоидтық тіндердің жасушалары (лимфалық түйіндер, көкбауыр, айырша без), сүйек кемігі, атабез, анабездер, 49 ас қорыту жолдарының шырышты қабығы, терінің эпителий

жасушалары т. с. с.

Жасушалардың радиацияға сезімталдығы олардың: гендік құрылымдарының мөлшерінен, энергиямен қамтамасыз ететін жүйесінің белсенділігінен, зат алмасуларының қарқынынан, мембраналарының тұрақтылығынан және олардың қалпына келу қабілетінен, репарациялық ферменттерінің белсенділігінен байланысты. Жасушалардың иондағыш сәулелермен зақымдануының негізінде жасуша ішіндегі ультра құрылымдарының бұзылыстары және соған байланысты зат алмасуларының өзгерістері жатады.

Аз мөлшердегі иондағыш сәулелер жасушалардың қайтымды өзгерістерін туындатады. Бұл өзгерістерге нуклеин қышқылдары түзілуінің тежелуі, жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарылауы, хромосомалардың өзара жабысқақтығы, ядрода түйіршіктер пайда болуы, митоздың шектелуі т.т. жатады. Олар сәулеленуден кейін бірнеше минуттың ішінде дамиды. Артынан бұл өзгерістер жоғалады.

Жасушаларға иондағыш сәулелердің көп мөлшері әсер еткенде олар тіршілігінен айырылады. Бұл кезде лизосомалардың мембранасының өткізгіштігі көтерілуінен қышқыл гидролиздік ферменттер (ДНКаза, РНКаза, катепсин, қышқыл фосфатаза т. б.) босап шығады. Осыдан жасушалардың бөлінуі шектеліп, ядродағы ДНК ыдыратылады. Иондагыш сәулелердің әсерінен хромосомалардың құрылымдық өзгерісі болады. Бұл сәулелерге жасуша цитоплазмасынан гөрі ядросы сезімтал болып келеді.

Иондағыш сәулелердің организмге әсері. Иондағыш радиация организмге жергілікті (сәулелік күйік, некроз, көз бұршағьгның бұлыңғырлануы) және жалпы (сәулелік ауру) әсер етеді.

Иондағыш радиацияның жергілікті әсері. Иондағыш сәулелер жергілікті тіннің күюіне, сәулелік күйік дамуына әкеледі. Бұл сәулелердің өтіп кету қабілетіне байланысты терінің немесе дененің ішінде жатқан тіндердің күйіктері

дамуы мүмкін. Радиацияның мөлшеріне қарай терінің, тері астындағы шелмайдың, бұлшықетгердің, сүйектердің некрозы дамиды. Науқас адамдарда қызба, үлкен лейкоцитоз, қатты ауыру сезімі болады.

Сөулелік ауру. Организмнің сыртынан 1-10 Гр мөлшерінде жалпы сәулеленудің нәтижесінде жіті сәулелік ауру дамиды. Бұл кезде негізінен сүйек кемігінің бүліністері байқалады. Бұны сүйек-кемігілік синдром дейді. 10-20 Гр мөлшеріндегі иондағыш сәулелердің әсерінен жіті сәулелік аурудың ішектік түрі, 20-80 Гр мөлшерінде қан тамырлық,

50токсемиялық түрі, 80 Гр - астам мөлшерінде — церебралдық (милық) түрі дамиды.

Жіті сәулелік ауру әсер еткен сәуленің мөлшеріне қарай төрт топқа бөлінеді:

жеңіл түрі (1-2 Гр.);

орташа түрі (2-4 Гр);

ауыр түрі (4—6 Гр);

тым ауыр түрі (6 Гр-ден асгам). Ол 4 - сатыда өтеді:

алғашқы серпілістер сатысы;

клиникалық жалған сәттілік сатысы (жасырын саты);

аурудың айқындалу сатысы;

сауығу сатысы.

Алғашқы серпілістер сатысы сәулеленуден кейін әсер еткен сәулелердің мөлшеріне қарай бірінші минуттардың немесе сағаттардың ішінде дамиды. Бұл кезде организмнің жалпы қозуы, бас ауыруы, жалпы әлсіздік байқалады. Артынан тәбетгің жоғалуы, жүрек айну, құсу болады, қанда лимфоциттердің азаюы нейтрофилдік лейкоцитозбен қабаттасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]