Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм опека.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
28.96 Кб
Скачать

Себептері

Аллергиялық реакцияны бізді қоршаған орталағылардың барлығы тудыра алады: тұрмыстық техника құралдары, жануарлардың жүні, өсімдіктердің тозаңдары, жәндіктер, дәрілер, үйдегі шаң-тозаңдар және т.б..

Көп тараған экзогенді аллергендер:

  • тағам өнімдері – сиыр сүті, жұмыртқа, шоколад, цитру­сты жемістер;

  • тұрмыстық – үй және кітапхана шаң-тозаңы, үй жануарларының жүні және қайызғағы, балықтарға арналған құрғақ жем;

  • өсімдік тозаңдары – ағаштардың, арамшөптердің тозаңдары;

  • контактылық – жуу заттары, синтетикалық бұйымдар, косметикалық заттар;

  • химиялық - лактар, бояғыштар, полимерлер, пла­тина, сынап тұздары;

  • инсекталық – у және аралардың аллергенді субстанциялары;

  • дәрілік – барлық дәрілік заттар деуге болады.

Жіктелуі

Аллоергияның бірыңғай жіктелуі әзірге жоқ. Аллергиялық реакцияларды келесілер бойынша жіктеуге болады:

  • этиологиялық фактор бойынша – дәрілік, тағамдық, поллиноз, инсекталық және т.б.;

  • өту сипаты бойынша - маусымдық, жыл бойындағы;

  • клиникалық көріністің локализациясы бойынша - ринит, конъюнктивит, дерматоз және т.б.;

  • өту ауырлығы бойынша – ауыр емес (аллергиялық ринит, конъюнктивит және т.б.) және ауыр өтетін (анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Стивенса - Джон­сон синдромы, Лайелл синдромы, бронхиалды астма).

Кейбір авторлар келесі жіктеуді қолданады:

  • Респираторлық аллергоздар - аллергиялық ринит, ал­лергиялық риносинусит, аллергиялық трахеобронхит, бронхиалды астма.

  • Тағамдық аллергия.

  • Аллергияның теріде өтетін формалары (оның ішінде шырышты қабаттың зақымдалуы) – есекжем, Квинке ісігі, атопикалық дерматит, экзема, аллергиялық конъюнктивит.

  • Анафилактикалық шок.

  • Сарысу ауруы.

Аллергодерматоздар (терінің аллергиялық ауруы) аллергиялық патологияның көп тараған формаларының бірі. Балаларда кездесетін терінің аллергиялық ауруының арасында бірінші орынды атопикалық дерматит, ал үлкендерде – есекжем және ангионевротикалық Квинке ісігі алады.

Аллергиялық реакциялардың дамуына мүмкіндік жасайтын факторлар:

  • аллергиялық реакцияларға тұқым қуалайтын бейімділіктің болуы;

  • ерте жаста аллергенмен жанасқан кездегі сенсибилизация (оның ішінде жатырда жатқанда);

  • темекі түтінінің әсері;

  • сенсибилизацияға мүмкіндік жасайтын өнеркәсіптік қалдықтардың әсері;

  • ағзаның гормональды қайта құрылу кезеңдері – жыныстық жетілу кезеңі, жүктілік, менстру­алды кезең, климакс;

  • рационында жеңіл сіңетін көмірсулардың көп мөлшерде болуы (тәттілердің);

  • құрт инвазиясы.

Аллергияның кез келген көрінісі аллергенді идентификациялау, емдеу тактикасын таңдау, аллергиялық реакциялардың қайталануының алдын алу үшін дәрігердің кеңесін талап етеді!

Дәрігерге қаралуды талап ететін, қауіп төндіретін симптомдар

  • Ентігудің ауыр түрі, тыныс алудың қиындауы, АҚ тез төмендеуі, жүйке жүйесінің бұзылуы, құрғақ жөтел, ысқырған тәрізді тыныс алу, тыныстың тарылуы.

  • Тамақтың ісігінің белгілері – дауыстың қарлығуы, «иттің үргені» тәрізді жөтел, тыныс алудың қиындауы.

  • Абдоминалды синдром – жүректің айнуы, құсу, интенсивтілігі әртүрлі болатын іштің ауруы.

  • Анық байқалатын тынышсыздықтың, қорқыныш сезімінің, әлсіздіктің, қозғалыс белсенділігінің жоғарылауының байқалуы.

Келесі жағдайларда дәрігерге қайталап көріну керек:

  • аллергияның жаңа белгілерінің пайда болуы (мысалы, есекжемімен қатар тыныс алудың қиындауы, тыныстың тарылуы байқалады);

  • аллергия бұрын тағайындалған дәрілік заттармен емделмейді.

Аллергиялық реакция бірінші байқалған кезде міндетті түрде дәрігерге көріну керек және аллергияның шығу себебін анықтауға тырысу керек.

Аллергиялық реакцияның қандай да бір аллергенмен байланысы анықталғаннан кейін онымен әрі қарай жанасуды болдырмаудың барлық жолы қаралуы керек.

Поллинозы бар пациенттерге берілетін кеңестерге кіреді:

- поллиноздың асқынуы кезеңінде басқа аллергендерге деген сезімталдылық бірден жоғарылайды - үй шаң-тозаңына, дәрі-дәрмектерге, косметикалық пре­параттарға және т.б.;

- ауадағы тозаңдардың концентрациясының жоғарылауы таңертеңгісін және құрғақ ыстық күндері байқалады, сондықтан уақыттың осы кезеңінде ашық ауада болмаған дұрыс;

- жұмыста және үйде мүмкіндігінше терезені ашпаған дұрыс,

- ауа тазартқышты қолдану қажет;

- сырттан оралған бетте душ қабылдау керек;

- поллинозы бар науқасқа асқыну кезінде дәрілік шөптерді қолданбағаны дұрыс.

1-буындағы антигистаминді препараттар ұйқыны келтіреді, шаршау сезімін тудырады, реакция жылдамдығын, көңіл қоюды төмендетеді.

1-буындағы антигистаминді препараттарды автокөліктің рөлінде отырғанда қолдануға болмайды, өйткені олар қозғалыс координациясына және көңіл бөлу концентрациясына әсерін тигізеді, және де оператордың жұмысын атқаратындарға да қолдануға болмайды.

Антигистаминді препараттарды алкогольмен, седативті, ұйқы тудыратын дәрілік заттармен, транквилизаторлармен, ней­ролептиктермен, есірткілік әсері бар анальгетиктермен бірге қолдануға болмайды – препараттардың ОЖЖ әсерін күшейтуі мүмкін. Құрамында прометазин (Дипразин, Пипольфен) бар препараттар АҚ ауытқуын тудыруы мүмкін. 1-буындағы антигистаминді препараттар, әсіресе ципрогептадин, астемизол, тәбетті жоғарылатады және ұзақ қолданған жағдайда дене массасының ұлғаюына әкеледі.

Антигистаминді препараттарды (әсіресе 1-буындағы) ұзақ қолданған кезде олардың терапевтикалық тиімділігінің (тахифилаксия) біршама төмендейтіні байқалады.

Үлкен клеткалардың мембраналарын тұрақтандырғыштар тек профилактикалық мақсатпен ғана қолданылады (аллергенмен жанасудан 3-4 апта бұрын қолдануды бастау керек). Үлкен клеткалардың мембраналарын тұрақтандырғыштардың тұрақты тиімділігі ұзақ емдеу курсынан кейін – 10-12 апта тұрақты қабылдаудан кейін байқалады. Құрамында фенирамин және хлорфенирамин препараттарды предстата безінің гипертрофиясы бар науқастарға және де глаукомамен ауыратындарға қолдануға болмайды. Фексофенадин, акривастатинді 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды; азеластин, клемастинді 6 жасқа дейінгі балаларда; лоратадин, цетиризин – 2 жасқа дейінгі балаларда абайлап қолдану керек.