Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ силлабус ОМ и СТОМ казакша.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
129.22 Кб
Скачать

2. Бағдарлама:

    1. Кіріспе

«Экономикалық теория негіздері» пәнінің зерттеу объектісі мемлекет пен нарық субъектілері, мемлекет пен қоғам араларында орын алатын микро-, макро және мега деңгейлеріндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму заңдылықтары және Қазақстандағы әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономика моделінің ерекшеліктері мен басымдықтары болып табылады.

Экономикалық теория негіздері пәнінің зерттеу әдістері- тарихи, логикалық әдістер, индукция, дедукция, талдау, жинақтау, ғылыми абстракция, математикалық модельдеу, экономикалық тәжірибе жасау және болжау.

Экономикалық теория іргелі, салалық және сала аралық экономикалық ғылым үшін әдістемелік негіз болып табылады.

    1. Пәннің мақсаты

Әртүрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму эволюциясы мен заңдылықтары, шектеулі ресурстар жағдайындағы адамдардың экономикалық әрекет ету қағидалары мен құлшыныстары туралы теориялық білім беру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін студенттердің бойында белсенді азаматтық көзқарас пен экономикалық дүниетанымын қалыптастыру

    1. Оқытудың міндеттері

  • нарық экономикасы жағдайында студенттердің экономикалық мәдениетін, экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • нарық экономикасын әлеуметтік- оңтайлы реттеу механизмдерін оқытып-үйрету;

  • экономикалық мәселелерді шешу нұсқаларын табуға және оларды нақты өмірде қолдану механизмдерін игеруге оқыту;

  • кәсіпкерлік пен фирманы ұйымдастыру негіздері туралы білім беру;

2.4 Оқудың соңғы нәтижесі: қорытынды емтихан тапсыру

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі керек:

1. Когнитивті білім: экономикалық теорияның құрылымдық жүйесін, мәнін, мазмұнын, тарихын, қызметтерін және әдістерін қарастырады: - Экономикалық құбылыстардың мәнін түсіну; - Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік экономикалық қоғам дамуының заңдылықтарын; - Шектеулі ресустар қызметінде нарық механизмін өздігінен басқаруды; - Экономикаы мемлекеттік реттеу принциптері реттеу; - Ғаламдану кезіндегі Қазақстан Республикасының саяси экономикалық даму стратегиясын және ұлттық көзқарастарын, процестерді талдауды, ұлттық экономика мен байланысты;

2. Операциональды дағды: алынған білімді қолданудағы икемділік кезінде кейінгі оқу және келесі еңбектікнемесе әлеуметтік негізде: экономикалық білім алудың дағдыларын қалыптастыру, процестер арқылы; өзгермелі нарық кезіндегі нарықтың бағалық жағдайы; Еңбек нарығындығы жағдайларды талдай алу және медициналық қызмет нарығын, өзіндік және қоғамдық пайдаға лайқты іс әрекет жасау, азаматтық және еңбектің қарым қатынастағы этиканы меңгеру.

3. Коммуникативті дағды: қоршаған ортамен қарым қатынастағы әдістерді қолдану: топпен жұмыс кезіндегі дағдылар, коллективпен, әртүрлі әлеуметтік ролдерді меңгеру, тұлғалық компетенцияларды құрастыру.

4. Құқықтық компонент, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасындағы білімді қарастыруу: «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін дамуның стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының жекешелендіру заңы, ҚР еңбек кодексі, ҚР бәсекелестік заңы, Жеке кәсіпкерлік заңы.

5.Өз білімін жетілдіру өзіндік дамыту және өмір бойы өз бетінше білім алу траекториясын жүргізуге дайындықты білдіреді, сабақта келесі қызмет түрлері: ауызша сұрақ, рольді ойын, ситуациялық есептер шешу, презентация, реферат жазу бойынша бағаланатын портфолио құру.