Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet_itog_kont_int_6k_kaz_rus_Posled.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
199.74 Кб
Скачать
  1. Жедел аппендицит: жіктелуі, этиологиясы, патогенезі.

  2. Экссудаттың түріне байланысты перитониттің жіктемесі

  3. Жедел аппендициттің асқынулары. Хирургиялық емдеу жолдары.

  4. Перитониттің таралуына қарай жіктелуі.

  5. Жедел аппендицит. Саралау диагностикасы.

  6. Перитониттің ағымына қарай жіктелуі

  7. Жедел аппендициттің асқынуларының диагностикасы.

  8. Перитонит кезіндегі эндогенді интоксикацияның клиникалық белгілері.

  9. Балаларда кездесетін жедел аппендициттің ерекшеліктері.

  10. Перитонитті инструменталдық зерттеу әдістері.

  11. Егде және қарт адамдарда кездесетін жедел аппендициттің ерекшеліктері.

  12. Перитониттің қоздыратын инфекцияға қарай жіктелуі.

  13. Құрт тәрізді өсіндінің атипиялық орналасуы кезіндегі клиникалық көрінісі бойынша ерекшеліктері.

  14. Жайылған перитонит кезіндегі патофизиологиялық бұзылыстар.

  15. Жүкті әйелдерде кездесетін жіті аппендицит. Диагностикалау кезінде туындайтын қиыншылықтар, көрсетілетін хирургиялық тәсіл.

  16. Перитонит кезіндегі реологиялық және гемодинамикалық бұзылыстар.

  17. Ішектің илеоцекалды бөлігінің хирургиялық анатомиясы.

  18. Перитонит кезіндегі иммунологиялық реакциялар.

  19. Жедел аппендициттің негізгі этиологиялық факторлары.

  20. Перитонитті емдеу этаптары.

  21. Жедел аппендициттің жіктелуі.

  22. Перитониттің еміндегі операция алдындағы дайындық.

  23. Құрт тәрізді өсіндінің құрсақ қуысында орналасу түрлері.

  24. Перитонит кезіндегі операциядан кейінгі іш қуысын санациялау әдістері.

  25. Жедел аппендициттің негізгі симптомдары.

  26. Перитониттің жайылуына байланысты іш қуысын дренаждау әдістері.

  27. Волкович-Дьяконов бойынша құрсақ қабырғасының кесілімі.

  28. Перитонит кезінде ішектерге декомпрессия жасау әдістері.

  29. Аппендэктомия кезеңдері.

  30. Жайылған перитонит кезіндегі операциядан кейінгі инфузиондық терапияның принциптері.

  31. Диагностикалық лапароскопия көрсеткіштері.

  32. Жайылған перитонит кезіндегі антибактериалдық емнің негіздері.

  33. Диагностикалық лапароцентез. Көрсеткіштер, орындалу техникасы.

  34. Абдоминальді сепсис кезіндегі антибиотиктерді қабылдау принциптері.

  35. Лапароскопиялық аппендэктомия принциптері.

  36. Жайылған перитонит кезіндегі иммунокоррекциялаушы терапия.

  37. Жедел аппендицит кезіндегі оперативтік ену жолы.

  38. Перитониттің детоксикациялау терапиясының негізгі принциптері.

  39. Кохер-Волкович белгісінің анықтамасы.

  40. Анаэробты перитонит. Ағымының және емінің ерекшеліктері.

  41. Кюммель белгісінің анықтамасы.

  42. Жайылған перитонит кезіндегі антибактериалдық емнің принциптері.

  43. Ровзинг белгісінің анықтамасы.

  44. Абдоминальдық сепсис кезіндегі антибиотиктерді қолдану принциптері.

  45. Раздольский белгісінің анықтамасы.

  46. Жайылған перитонит кезіндегі иммунокоррекция терапиясы.

  47. Образцов белгісінің анықтамасы.

  48. Перитониттің детоксикациялау терапиясының негізгі принциптері.

  49. Ситковский белгісінің анықтамасы.

  50. Анаэробты перитонит. Ағымының және емінің ерекшеліктері.

  51. Бартомье-Михельсон белгісінің анықтамасы.

  52. Операциядан кейінгі перитонит. Себептері және клиникасы.

  53. Щеткин-Блюмберг белгісінің анықтамасы.

  54. Лапаростомияға көрсеткіштер.

  55. Воскресенский белгісінің анықтамасы.

  56. Перитониттің фазаларына байланысты клиникасының ерекшеліктері.

  57. Кушниренко белгісінің анықтамасы.

  58. Перитонит. Перитониттің патогенезі, клиникасы және диагностикасы.

  59. Ойық жара бойынша операция жасағанда қолданатын тігістің ерекшеліктері.

  60. Мезентериалдық қан айналысының жедел бұзылуының клинико-морфологиялық сатылары және олардың ұзақтығы.

  61. Іш қуысы жарығының қысылуыны әсер ететін факторлар?

  62. Морфологиялық табиғатына байланысты жедел ішек өтімсіздігінің жіктелуі (В.М. Петров. Валь – Мантейфель,1989 г.).

  63. Шап жарығы операциясында қандай мақсатпен операция түрін таңдайды?

  64. Бітелу деңгейіне байланысты жедел ішек өтімсіздігінің жіктелуі.

  65. Тік және қиғаш шап жарығының қысылуында қандай анатомиялық өзгерістер арқылы салыстырамыз?

  66. Жедел ішек өтімсіздігіне әкеліп соқтыратын факторлары және себептері.

  67. Қысылған жарық пен енбейтін жарықтың салыстырмалы диагностикасы?

  68. Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің патогенезі, клиникасы, диагностикасы.

  69. Шап жарығының қысылуында қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?

  70. Обтурациялық ішек өтімсіздігінің патогенезі, клиникасы, диагностикасы.

  71. Қысылған жарық түзелгендегі хирургтың тактикасы.

  72. Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі эндогендік уыттану және заталмасудың бұзылуы.

  73. Қабылдау бөліміне қысылған жарықпен науқас түсті, тасымалдау кезінде жарық түзеліп орнына түсті хирургтың іс әрекеті?

  74. Ішек өтімсіздігінің негізгі түрлерінің симптомологиясы.

  75. Қысылған сырғымалы жарықтағы хирургиялық емдеудің ерекшеліктері?

  76. Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі мезентериалдық және органдық гемоциркуляцияның патогенезі және патоморфологиялық бұзылыстары.

  77. Науқасты қысылған жарықтың перитонитімен түскендегі хирургтың іс әрекеті?

  78. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде ішек қабырғасының керіліп-созылуының себептері?

  79. Қысылған жарықта дәрігердің ауруханаға дейінгі көрсететін көмегі?

  80. Жедел ішек өтімсіздігінің клиникасы.

  81. Қысылған жарықта хирургтың ауруханадағы іс әрекеті?

  82. Жедел ішек өтімсіздігінің диагностикасы.

  83. Сан жарығының қысылуындағы операциялық емнің қауіптілігі?

  84. Жедел ішек өтімсіздігін басқа да құрсақ қуысы мүшелерінің ауруларымен ажырату диагностикасы.

  85. Қысылған жарықтың операциялық емінің жоспарлы операциядан айырмашы­лығы?

  86. Механикалық ішек өтімсіздігі кезіндегі жіңішке ішек және тоқ ішектің арасындағы ажырату - диагностикалық рентгенологиялық белгілері.

  87. Іштің алдыңғы қабырғасының жарығының қысылуында ерте көріністері не жатады?

  88. Жедел ішек өтімсіздігінің рентгеносемиотикасы.

  89. Қысылған жарықтың қандай түрлерін білесіз?

  90. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде контрасты затпен рентгендік зерттеуге көрсеткіш және оны жасау тәсілі.

  91. Жарықтың жалған қысылуы дегеніміз не?

  92. Жедел ішек өтімсіздігі кезіндегі гипонатриемияның себебі не?

  93. Рихтер жарығының оперативтік емі мен клиникалық емінің ерекшелігі?

  94. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде сұйықтықты жоғалту қалай жүреді?

  95. Ішектің ретроградтық қысылуы дегеніміз не және оның кауіптілігі неде?

  96. Ішектің жедел түйілуінде түйін түзілгенде науқастың жағдайының ауырлау дәрежесі немен байланысты?

  97. Қысылған жарықтың кезеңімен емдеуді айтып беріңіз?

  98. Паралитикалық илеустың себебі және патогенезі.

  99. Жарықтардың қысылу түрлері, мінездемесі, өту ерекшеліктері?

  100. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде ішектің моторикасын қалпына келтіру әдістері.Калий йондарын енгізу,Су-электролитті балансты қалпына келтіру,Аспирационды зонд арқылыжоғарғы асқорыту жолдарын босату,Сифонды клизма,Спазмолитиктер

  101. Іш қуысының қандай ағзасы қандай жиілікте қысылған жарықтың қапшығында болуы мүмкін?Жіңішке ішек 60-70 %, Тоқ ішек 30-40 %.

  102. Жедел ішек өтімсіздігі бар науқастарға қандай операция алды дайындық жасау міндетті?Премедикация,Инфузионды терапия,Назогастральды зонд тағу,Сифонды клизма

  103. Қысылған жарықтың өздігінен түзелгеніндегі хирургтың тактикасы неден тұрады?Хирургиялық стационарда бақылау

  104. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде ішектің тірі екендігін бағалау принциптері және ішекті резкциялауға көрсеткіш.Түсінің ақшыл қызыл болуы,шажырқай артериясының анық пульсациясы,жылтыр сеорзды қабаты,активті перистальтика.Қысылған ішек қараюы,пульсацияның жоқтығы,перистальтиканың жоқтығы,өліеттенуі(некроздалуы),ұзақ уақыт қысылып тұруы

  105. Өздігінен енген жарықтың біраз уақыттан кейін қандай асқынулары дамуы мүмкін?Жарықтың қайта шығу,егер қысылатын болса некроздалуы

  106. Жоғарғы және төменгі ішек өтімсіздігінің патогенезі және клиникалық көрініс ерекшеліктері.

  107. Сан жарығының қысылуын қандай аурулармен салыстыру керек?Шап жарығынң қысылуы,Лимфаденит,Липома,санартериясының аневризмасы,қатерлі ісі метастазы.

  108. Жедел ішек өтімсіздігі бар науқастарда операция тактикасы қандай?перитонит белгісі болса шұғыл операция,ортаңғы лапаротомия,сау ішекке дейін резекция,анастомоз

  109. Жарық қабының флегмонасында хирургтың іс әрекеті?Орта-ортаңғы лапаротомия,Замтер операциясы орындалады:жарық қақпасын аз мөлшерде ашып,қысылған ішекті теседі,іріңді экссудатты сорып алады,резекция жасалады

  110. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде Шальков Ю.Л. зондымен жіңішке ішекті интубациялауға абсолютті және жанама көрсеткіштері. ісінген ішектерді декомпрессялау үшін, ішектегі тұнбалық заттарды аспирациялау үшін,төменгі ішектерді босату (операция алды дайындық)

  111. Қысылған шап-ұма жарығының сулы қаппен салыстырмалы диагностикасы?

  112. Жоғарғы және төменгі ішек өтімсіздігі кезінде емдеу тактикасының ерекшеліктері.

  113. Операциялық үстелде операцияға дейін жарықтың өздігінен түзелуіндегі хирургтың іс әрекеті?хирургиялық стационарда бақылау

  114. Инвагинацияның патогенезі, клиникасы, диагностикасы және хирург тактикасы.перистальтика бұзылысы,илеоцекальды клапанның жеткіліксіздігі,тоқ ішектің жоғары қозғалғыштығы,қатерлі ісітер.Клиникасы: қатты ауру сезімді ісіктік түзіліс,аз қозғалмалы,екі реттік құсу,қан аралас нәжіс

  115. Қысылған жарықтың қатты тартусыз пластикасына көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер?

  116. Динамикалық ішек өтімсіздігінің клиникасы, диагностикасы және емі.

  117. Қысылған ағзаның өмірлік қабілетілігін анықтау жолдары?

  118. Тоқ ішек өтімсіздігінің клиникасы, диагностикасы және емі.

  119. Жарық қабының қабынуының белгілері?

  120. Тоқ ішектің бұралуының клиникасы, диагностикасы және емі.

  121. Жарық қысылуында шап каналының алдыңғы немесе артқы қабырғасының пластикасына көрсеткіштер және әдістері?

  122. Жедел ішек өтімсіздігі бар науқасты операциядан кейінгі жүргізу мақсаты?

  123. Литтре жарығы дегеніміз не және оның қысылуындағы хирургиялық тактика?

  124. Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты жасалған операциядан кейін қандай асқынулар дамуы мүмкін?

  125. Жедел холециститтің асқынулары.

  126. Ойық жараның орналасуы бойынша жіктелуі.

  127. Жедел холециститтің асқынуларының емдеу тәсілдері.

  128. Ойық жараның клиникалық түрлері.

  129. Жедел холециститтің диагностикалық тәсілдері.

  130. Ойық жараның атипиялық тесілуі.

  131. Ауыр жағдайдағы жедел деструктивті холециститтің емдеу тактикасы.

  132. Ойық жараның патоморфологиясы.

  133. Қариялардағы жедел холециститтың ерекшеліктері.

  134. Ойық жараның эндоскопиялық көрінісі қандай болады.

  135. Жедел холецистит кезінде эндоскопиялық холецистэктомияға көрсеткіштер.

  136. Асқазан сөлінің қышқылдығының перитониттің дамуындағы ролі қандай.

  137. Жедел холецистит кезінде эндоскопиялық холецистэктомияға қарсы көрсеткіш.

  138. Асказан ойық жарасының клиникасы.

  139. Жедел холециститтің жайылған перитонитпен асқынуы кезіндегі емдеу тактикасы.

  140. Ойық жараның симптоматикасы.

  141. Жедел холециститтің холангитпен асқыну кезіндегі емдеу тактикасы.

  142. Ойық жараны диагностикалау критерийлері.

  143. Жедел холециститтің панкреатитпен асқынуы барысындағы емдеу тактикасы.

  144. Ойық жараның лабораториялық анализдерінің белгілері.

  145. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету себептері.

  146. Іштің жабық жарақатының клиникалық симптомдарын сипаттаңыз.

  147. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің орналасуына байланысты жіктелуі

  148. Іштің жабық жарақаттарында қайсы органдар жиірек зақымданады?

  149. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету көзі бойынша жіктелуі.

  150. Іш жарақаттарында операциядан кейінгі ем неге бағытталады.

  151. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің Forest бойынша жіктелуі.

  152. Абдоминалдық жарақаттардың жіктелуі.

  153. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету көзінің патоморфологиясы

  154. Абдоминалдық жарақаттардың клиникасы және диагностикасы.

  155. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету көзінің клиникасы

  156. Іштің енетін жарақаттарының абсолюттік белгілері.

  157. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің симптоматикасы

  158. Вульнерографияның әдістемесі және оның көрсетілімдері.

  159. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің диагностикалау критерийлері.

  160. Іш зақымдануында Куленкампф симптомын сипаттаңыз.

  161. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі шоктың түрлері.

  162. Джойс симптомы қандай ауруда байқалады және оның сипаттамасы.

  163. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі шоктың сатылары.

  164. Реинфузияға көрсетілімдер және іш қуысына жиналған қан қанша уақытқа дейін жарамды?

  165. Жедел панкреатиттың даму себептері.

  166. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде эндоскопиялық қан тоқтату.

  167. Жедел панкреатиттің патогенезі.

  168. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде эндоскопиялық қан тоқтатуға көрсеткіш.

  169. Жедел панкреатиттің жіктелуі.

  170. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің лабораторлық анализдерінің белгілері.

  171. Жедел панкреатиттің диагностикасы.

  172. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасаймыз.

  173. Жедел панкреатиттің дифференциалдық диагностикасы.

  174. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің инстументальді зерттеу әдістері.

  175. Жедел панкреатит клиникасы.

  176. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде ФГДЭС белгілері.

  177. Жедел панкреатиттің асқынуы.

  178. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің стационарлық диагностикалау мен емдеу хаттамасы.

  179. Жедел панкреатиттің консервативтік емі.

  180. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетуде инфузионды-трансфузионды терапияға көрсеткігштер.

  181. Жедел панкреатиттің хирургиялық емі.

  182. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі қан айналым көлемін (ОЦК) толтыру үшін донор қанын құюға көрсеткіш.

  183. Жедел панкреатиттің хирургиялық еміне көрсеткіш.

  184. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде қан айналым көлемінің (ОЦК) тұрақтанғандығының белгілері.

  185. Жедел панкреатиттің даму кезеңдері.

  186. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде қан айналымның көлемін толтырғандағы орталық көктамырлық қысым көрсеткіші.

  187. Ойық жараның рентгенологиялық белгілері.

  188. Үштік белгілер - іштегі ұстамалы ангиноздық ауру сезімі, тамақ ішкеннен кейін ас қорытудың жоғары деңгейі, ішектердің дисфункциясы, үдемелі арықтау қандай ауруға тән және қалай емдеу керек?

  189. Ойық жараның УДЗ дағы белгілері.

  190. Ішектердің қанмен қамтамыз етілуінің патогенетикалық ерекшеліктері.

  191. Ойық жараны қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасаймыз.

  192. Мезентериалдық қан айналысының жедел бұзылуының жіктелуі.

  193. Ойық жараны қандай іш қуысының жоғарғы этажының ауруларымен дифференциалды диагностика жасаймыз.

  194. Мезентериалдық қан айналысының субкомпенсация ағымының асқынулары.

  195. Ойық жара кезіндегі госпиталдық кезеңге дейінгі емдік-диагностикалық көмек көлемі.

  196. Мезентериалдық қан айналысының декомпенсация ағымының асқынулары.

  197. Ойық жара кезіндегі стационарлық диагностикалау мен емдеу хаттамасы.

  198. Мезентериалдық қан айналысының жедел бұзылуының себептері.

  199. Ойық жараның консервативтік емі.

  200. Жоғарғы шажырқай артериясының сағасының немесе діңінің жедел окклюзиясында ішектерде қандай өзгерістер дамиды?

Ситуациялық есептер - 100

  1. Жүрек соғуының бұзылысы мен екі жармалы қақпақшаның тарылуымен ауыратын 42 жастағы науқаста 6 сағат бұрын ішінде қатты ауру сезімі болған, екі рет құсқан, іші өткен. Қараған кезде науқастың жағдайы орташа. Тілі құрғақ. Ішінің барлық жері жұмсақ, мезогастрии аймағында қарқынды ауру сезімі бар. Іш пердесінің қабыну белгілері жоқ. Ішектің жиырылуы әлсіреген. Қандағы лейкоцит құрамы 19х109/л. Осы ауру белгілері қандай сырқатқа сәйкес келеді?

  1. Жүрек бұлшық етінің жедел өлі еттенуімен ауырып жатқан 81 жастағы науқаста 2 сағаттың көлемінде бүкіл ішінде аяқ астынан ауру сезімі пайда болған. Қуыс ағзаның тесілуі мен шажырқай қан тамырының тромбозы арасындағы ауру түрін анықтау үшін хирург қандай іс қимыл жасауы керек?

  1. Науқас Г. 70 жаста, жедел жәрдеммен жеткізілген. Ішіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру таңертең кенеттен толғақ сияқты, кейіннен бір қалыпты ауру сезімімен басталған, жүрегі айныған. Бұған дейін өкпесінің қабынуы болған. Дене қызуы субфебрильді. Жүрек соғысы минутына 100, қан қысымы төмен. Іші біркелкі керілген, ішінің барлық бөлігі ауырады, ішектің жиырылуы әлсіреген. Перкуссия кезінді іш қуысының дыбысы төменгі бөлігінде тұйықталған. Лейкоциттері 17,1х109/л. Іш қуысының шолу рентгенінде ішінде бірлі жарым деңгейлі сұйықтық және аздап желденген. Қандай ауру? Қосымша қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.

  1. Науқас З., 50 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің ауру сезіміне шағымданып түскен, ауру сезімі бір қалыпты қатты, ешқайда берілмейді. Ауру жалпы әлсіздікпен басталған. Нәжісі сұйық. Бұрын аяқ веналарының қабынуы болған. Жағдайы орташа. Терісінің түсі бозғылт. Іші біркелкі керілген, барлық бөлігі ауырады және іштің беткі қабаты қатыңқы. Лейкоциты 16,3х109/л. Рентгенде іш қуысында сұйықтық деңгей бар. Сұрақ: Науқаста қандай ауру? Қосымша қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.

  1. Науқас Ж., 74 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, ішінің өтуіне, әлсіздікке, дене қызуына шағымданып түскен. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Қарағанда терісінің түсі боп-боз. Жүрек соғуы минутына 80, қан қысымы 180/100 мм сынап бағ. Тілі дымқыл. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бұрыннан тамырлар атеросклерозымен, өкпенің созылмалы қабынуымен ауырады. Сұрақ: Науқаста қандай ауру? Қандай сатысы? Қосымша қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.

  1. Науқас Н., 76 жаста, шажырқай қан тамырларының жедел тромбоэмболиясы диагнозымен операцияға алынған. Операция кезінде ішек иірімдерінің түсі сұрғылт, сірлі қабаты күңгірт екені анықталған. Иірімдерінің кейбір бөліктерінде солғын, беткейлік жиырылу қозғалыстары байқалады. Кіші жамбас қуысында және іштің жанама арналарында аздаған сарғыш күлгін түсті сұйықтық бары анықталған. Сұрақ: Шажырқай қан тамырлары тромбоэмболиясының қандай сатысы? Емдеу шарасы.

  1. Науқас А., 78 жаста, шажырқай қан тамырларының жедел тромбоэмболиясы диагнозымен операцияға алынған. Операция кезінде іш қуысында біраз қанды сұйықтық бары анықталған. Ішектің сыртқы қабатының түсі қоңыр-қызыл түсті, оның қабаты мен шажырқайы біршама ісінген, жиырылуы жоқ. Ішектің шажырқай жиегінде қарайып кеңейген вена тамырлары байқалған. Сұрақ: Шажырқай қан тамырлары тромбоэмболиясының қандай сатысы? Емдеу шарасы.

  1. Науқас И., 74 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, бірнеше рет қан аралас ішінің өтуіне, дене қызуына шағымданып түскен. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағ., жүрек соғуы жиіленген. Лейкоциттері 20х109/л. Жүрек қысылуымен біраздан ауырады. Іші біркелкі кебіңкі, барлық бөлігі ауырады, көбінесе іштің сол жақ бөлігі. Ішті басып тексеру кезінде кеңейген ішектері буынтықталған, жұмсақ, былқылдақ, шегі анық емес ісіну тәрізді анықталады. Іш пердесінің қабыну белгілері жоқ. Сұрақ: Қандай ауру? Қандай зерттеулер жасау керек? Емдеу шарасы.

  1. Науқас Д., 69 жаста, хирургия бөлімшесіне бүкіл ішінің қатты ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, ішінің өтуіне, әлсіздікке, дене қызуына шағымданып түскен. Ауру сезімі спазмолитик салғаннан кейін едәуір бәсеңдеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қараған кезде терісінің түсі боп-боз. Іші біркелкі керілген, ішінің барлық бөлігі ауырады және іштің беткі қабаты қатыңқы. Көптен бері тамырлар атеросклерозымен, өкпенің созылмалы қабынуымен ауырады. Лейкоциттері 18х109/л. Рентгенде іш қуысында сұйықтық деңгей бар. Операция алдындағы дайындықтан кейін науқас ішектің жедел түйілуі диагнозымен лапаротомияға алынды. Іш қуысында ішектерді бітейтін бұзылыстар жоқ, көп мөлшерде қан аралас бұлыңғыр сұйықтық анықталған. Іш пердесінің түсі сұрғұлт, күңгірт, фибринмен жабылған. Ішек иірімдерінің жиырылуы әлсіреген, аздап кеңейген, қоңыр, қара, кейбір жерлері жасыл түсті, іштерінде сұйықтық байқалады. Сұрақ: Аурудың түрі қандай? Бұзылыстардың сатысы? Хирургиялық емі.

  1. Оң жақ қабырғасының астында кесілген жарасы бар науқас ауруханаға түсті. Операция кезінде бауырдың алдыңғы бетінде орақ тәрізді будадан солдау орналасқан жара табылған. Жараның шығу тесігі бауырдың төменгі бетіндегі бауыр қақпасының алдында орналасқан. Бауырдың қандай сегменті жараланған?

  1. 25 жасар науқас ауыр күйде жедел көмекпен жеткізілген. Бірнеше сағат бұрын эпигастрий аймағына күшті соққы алған. Науқасқа перитонеалдық белгілер анықталғандықтан жедел орталық лапаротомия жасалған. Ұйқы безі зақымдануының белгілері анықталған. Ұйқы безін қалай қарауға болады? Бұндай зақымдануда тағы қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін?

  1. Хирургиялық бөлімшеге 18 жасар науқас ауыр күйде жеткізілген. Сана сезімі сақталған. Сұрастырғанда қудалаушылардан қашып жүргенде құлап, байқамай, сорайып тұрған ағаш түбіріне ішімен ұрылғаны анықталған. Қарағанда: терісі мен көзге түсер шырышты қабықтары бозарыңқы, тері салқын. Тамыр соғысы минутына 120, толуы әлсіз, ырғақты, қан қысымы 70/40 мм сын. бағ., жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Ішінің алдыңғы терісінде, ақ сызық бойымен кіндіктен 2-3 см жоғары соққы тиген жерде қызару бар. Ішінің алдыңғы беті, әсіресе жоғарғы бөлімдері, тыныс алуға шала қатысады. Беткей пальпацияда ішінде қарқынды ауыру сезімі, етінің қатаюы анықталған. Ішастарының тітіркену белгілері оңтай әлсіз. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін? Кесу жолы мен операция түрі қандай?

  1. Хирургиялық бөлімшеге 20 жасар науқас сол жақ парастерналдық сызық бойымен 8 қабырға аралығында орналасқан сұңғы жараланумен жеткізілген. Сұрастырғанда ашылып тұрған қайшыға байқамай құлаған. Терісі мен көзге түсер шырыш қабықтары бозарыңқы. Пульсі минутіне 90 соққы, ырғақты. Қан қысымы 120/70 мм сын. бағ. Жүрек тондары таза, ырғақты. Дем алуы жеңіл. Жарасын тексергенде оның іш қуысына енетіні анықталған. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін? Кесу жолы мен операция түрі қандай?

  1. Хирургиялық бөлімшеге дзюдолық күрес залынан жас жігіт жеткізілген. Ол қарсыласымен ұстасу кезінде бел аймағына өкшемен соққы алған. Өкпек ауырсынуды сезініп, есін жоғалтқан. Науқастың күй-жағдайы ауыр. Контактіге шаққа кіреді. Терісі мен көрінетін шырышты қабықтары бозарыңқы. Тыныс алуы үстіртін. Тамыр соғысы минутына 120, әлсіз, ырғақты. Қан қысымы 90/50 мм сын.бағ., жүрек тондары әлсіз, ырғақты. Ішіне пальпация жасағанда эпигастрий аймағындағы еті кернелген, өкпек ауырсыну байқалады. Сол жерде ішастарының тітіркенуі бар. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін? Кесу жолы мен операция түрі қандай?

  1. Хирургиялық бөлімшеге 18 жасар науқас биіктігі 10 метрлік трамплиннен құлағаннан 1 сағат өткеннен кейін түскен. Түскен кезде науқас есінде. Ішінің жалпылай ауыруына шағымданады. Тері беттері бозарыңқы, пульсі минутына 96, қан қысымы 110/70 мм. сын. бағ. Іші кеппеген, тыныс алуға қатысады, бұлшық еттері қатаймаған. Щеткин-Блюмберг симптомы шүбәлі. Іштің бос қуыстарында топастық жоқ. Бауыр топастығы сақталған. Рентгендік зерттеуде іш қуысында өзгерістер табылмаған. Нб -128 г/л, Нт - 37%, лейкоциті -12 мың. Зәрінде еш өзгеріс жоқ. Науқас бақылауға алынған. 1,5 сағаттан кейін науқастың күй-жағдайы тез төмендеген: қанды құсық, тынышсыздану пайда болған. Пульсі жиі, минутына 120 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ., терісі бозарыңқы, салқын тер. Науқастың күй-жағдайының нашарлауы немен байланысты? Әрі қарай емі қандай?

  1. 23 жасар науқас хирургиялық бөлімшеге күй-жағдайы ауыр, ес-түссіз жеткізілген. Жедел көмек дәрігерінің сөзінен оны машина қағып кеткені белгілі болған. Қараған кезде басында, беттерінде сыдыру, оң жақ сирақ сүйектерінің төменгі бөлігінің жабық сынығы анықталған. Ауруханаға жол-жөнекей шокка қарсы шаралар жасалып, анальгетиктер енгізілген. Хирургияның қабылдау бөлімінде науқас есіне келген, ауызынан алкоголь иісі шығады, зақымдану жағдайы есінде жоқ. Қосымша байқауда ішінің алдыңғы бетінде сыдыру табылған. Терісі бозарыңқы, тамыр соғуы жиі, минутына 100 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ. Іш бетінің қозғалысы шектелген, бұлшық еттері қатайған, палпацияда жайылмалы қатты ауырсыну бар, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуссияда іш қуысының бос жерлерінде тұйық дыбыс. Қан талдауы - эритроциттері 2 млн., Нб - 68 г/л ., гематокриті -30%., лейкоциті -10 мың. Диагнозын қисындаңыз. Әрі қарай қандай әрекет жасау керек?

  1. 38 жасар науқас автокөлік соққанан 50 минут өткеннен кейін ауруханаға түскен. Оқиға орнында науқасқа шапшаң көмек дәрігері 2,0 мл промедол жасаған, санының жоғарғы бөліндегі сынық орнына новокаинмен блокада жасаған, венасына 500 мл желатинол құйған, азот тотықты оттегімен ингаляция жасаған. Науқастың күй-жағдайы ауыр, есі шырмалған, тынышсыз, пульсі минутына 84, қан қысымы 80/40 мм. сын. бағ. Кеудесіне пальпация жасағанда ауырсынады, оң жақ алдыңғы қолтық асты сызық бойымен сынған 5-6 қабырға тұсында крепитация бар. Аускультацияда төменгі бөлімдерде демі әлсіреген. Ауызынан күшті алкоголь иісі шығады. Іші жұмсақ, тыныс алуға қатысады. Терең пальпация жасағанда қимылдап алаңдайды. Ішек перистальтикасы әлсіз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Қан талдауы: эритроциттері - 3 млн., Нб -108 г/л. Нт - 28, лейкоциті -8 мың., зәрінде өзгеріс жоқ. Алдын ала диагнозы қандай? Науқасқа қандай қосымша диагностикалық зерттеулер жасау керек? Шұғыл операция жасау керек пе?

  1. 65 жастағы науқас шұғыл хирургия бөліміне эпигастри мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне және лоқсып, бір рет құсқандығына шағымданып түскен. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін ауырған. Анамнез жинау барысында ӨТА, ЖИА және семіздіктің үшінші дәрежесімен ауратындығы белгілі болды. Жалпы жағдайы орташа. Тері мен шырышты қабатында өзгеріс жоқ. Тыныс алуы қалыпты, ентігу байқалмайды. ҚҚ- 140/80 мм.с.б. РS -94 минутына . Тілі құрғақ, ақ жабындысы бар. Тері асты май қабаттарына байланысты іші үлкен, кеппеген, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі байқалуда. Өт қалтасы анықталмайды. Ортнер, Кер симптомдары бар. Дене қызуы - 37,6 С. Лейкоцит -10 000. УДЗ қортындысы: Өт қалтасының көлемі 9-6-5см. Қабырға қалыңдығы 0,5см. Қуысында 1-2см тастар. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Д. 72 жаста шұғыл хирургия бөліміне ауырғаннан кейін бес тәуліктен кейін келіп түскен. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі. Науқас үйінде но- шпа қабылдаған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 С. Қалтырау, жалпы әлсіздік, мазасыздануы пайда болған. Көзі сарғайған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында анықталуда, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары ЖИА, қант диабеті. Лейкоцит – 12 мың, билирубин-76 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 12-7см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0, 6 см., холедох – 0,9 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас А. 45 жаста, қабылдау бөліміне емхана жолдамасымен келген. Ауырғанына 7 тәлік болған. Ауыр жұмыс істегеннен кейін оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімі ұстама тәрізді, но -шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте ауруы басылған, бірақ дене қызуы 38,6 С, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаттарында өзгеріс жоқ. Ішінің кебуі байқалмайды, тыныс алу кезінде қозғалыста, жұмсақ, тек оң қабырға астында бұлшықет қатайуы анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы осы аймақта оң. УДЗ : өт қалтасында тас анықталды, қабырғасы 0,6 см. Бауыр астында сұйықтық бар. Лейкоциттер – 14 мың. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. 62 жастағы науқас ауырғанан кейін жеті тәуліктен кейін ауыр жағдайда қабылдау бөліміне келіп түскен. Ауру сезімі оң қабырға астында басталған, но шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 с, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану белгілеріне байланысты жағдайы нашарлаған. Көзінің сарғаюы анықталуда. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары: ревматоид артриты, қант диабеті. Лейкоцит – 17 мың, билирубин – 86 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 16-8 см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0,6 см. холедох 1,0 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. 73 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, бір рет өт аралас құсумен шағымданып келген. Осы аталған шағымдар кешкі астан кейін кенеттен пайда болған. Анамнезінде ӨТА, қан қысымы ауруымен, қант диабетімен ауратындығы анықталды. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ 140/90 мм.с.б. PS 84 минутына. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кеппеген, жұмсақ, терең пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер, Кер симптомы оң. Щеткин - Блюмберг симптомы теріс. Дене қызуы 37,2 гр., лейкоциттері -7 мың, УДЗ: Өт қалтасында конкременттер, қабырғасы 0,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р. 64 жаста хирургия қабылдау бөліміне ішінің ауруына, құсуына, лоқсуына шағымданып келген. Ауру сезімі төрт тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында басталған. Науқас өз бетімен емделген, жағдайы жақсармаған. Дене қызуы 38.С, әлсіздік, мазасыздану белгілері пайда болған. Түскен кезде жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -9 мың. УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы -0,7 см., қуысында көптеген конкременттер бар, іштің ойпаттарында сұйықтық анықталуда. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Н., 76 жаста қабылдау бөліміне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Ауырғанына 4 күн болған. 12 жылдан бері ӨТА ауырады . Сонымен қатар қан қысымы ауруымен тізімде тұрады. Бұрын бірнеше рет емделген. Түскен кезде жағдайы орташа. Терісі сарғайған. Қ|Қ 150/90 мм.с.б. пульс – 96 минутына. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеті қатайған. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің оң жақ жартысында анықталуда. Лейкоцит – 14 мың. Жалпы билирубин – 186 мкмоль (тіке -164 мкмоль, тіке емес -24 мкмоль). УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы 0,5 см., қуысында конкременттер көлемі 0,5 см ден 2,0 см., холедох – 1,5 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас В., 74 жаста ауыр жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілген. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі, лоқсу, құсу. Ауырғанына 5 тәулік болған. Науқас өз бетімен емделген, но-шпа қабылдаған, ауру сезімі басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38.С., лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың ЖИА мен қант диабетімен ауыратындығы белгілі болды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр. Көзі сарғайған. Жиі тыныс алуда, ҚҚ – 100/60 мм.с.б.,пульс- 110 минутына. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші біркелкі кепкен, оң жақ жартысында ауруы басым, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы байқалуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Лейкоцит -10 мың. Жалпы билирубин -38 мкмоль/л. УДЗ өт қалтасы үлкейген, тас көлемі 2,5 см. қабырғасы 0,6 см., холедох 0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р., 45 жаста шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезіміне лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Майлы тамақтан кейін кенеттен ауру сезімі басталған, лоқсып, құсқан. Түскен кезде жағдайы орташа. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, жұмсақ , Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Дене қызуы -37,4.с., лейкоцит -8,0 мың. УДЗ өт қалтасының көлемі 8-4 см. қабырғасы екі көлеңкелі. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас С. 52 жаста оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып, хирургия қабылдау бөліміне келіп түсті. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін кенеттен қатты ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың айтуынша бұрында осындай ауру сезімі болған, спазмолитик қабылдаған соң басылатын. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. Тілі құрғақ, ақ жабынды бар. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеттің қатайуы анықталуда және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит – 17 мың, дене қызуы 38,4.с. УДЗ өт қалтасы 14,0-6,0 см., қуысында конкремент бар көлемі 0,4-2,4 см. қабырғасы 0,5 см. Холедох-0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Г. 78 жаста шұғыл түрде өте ауыр жағдайда келіп түсті. Шағымы: ішінің ауруы, әлсіздік, мазасызданумен келген. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі басталған, бірнеше рет құсқан. Науқас ауыр жағдайда жеткізілген. Ауырғанға дейін науқас жедел бронхитпен амбулаторлы емделген. Соңғы екі тәулікте жағдайы нашарлаған, ентігу, дене қызуы 38.с., әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тілі ылғал. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Кер және Ортнер симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Лейкоцит 19,6 мың, УДЗ: өт қалтасы 9-4 см., қуысында конкременттер. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу.

  1. Науқас К. 52 жаста, шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезімімен келіп түскен. Екі сағат бұрын кенеттен ұстама тәрізді ауру сезімі басталған. Ауру сезімі но шпа қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы орташа. Тілі ылғал, таза. Іші кеппеген, жұмсақ, ауру сезімі пальпация барысында жоқ. Кер және Ортнер симптомдары теріс. Лейкоцит -7 мың. УДЗ өт қалтасы - 4 см. қуысында конкременттер 1,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Аурудың 3 тәулігінде науқастың жағдайы: әлсіреген, адинамикалық, тілі құрғақ, іркілген тағаммен көп ретті құсу, іші кепкен. Ішінің оң жағында және қасаға үсті аймақта ауырсыну және аздаған қатаю, тахикардия бар. Лейкоцитоз 20 000. Жалпы шолу рентгенограммасында – бірең-сараң сұйықтық деңгейі анақталады, әсіресе ішінің оң жақ бөлігінде. Анамнезінде: жас кезінде оң жақ шап жарығы бойынша операция жасалған. Диагнозы қандай? Хирург тактикасы?

  1. Науқас К. 52 жаста, шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезімімен келіп түскен. Екі сағат бұрын кенеттен ұстама тәрізді ауру сезімі басталған. Ауру сезімі но-шпа қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы орташа. Тілі ылғал, таза. Іші кеппеген, жұмсақ, ауру сезімі пальпация барысында жоқ. Кер және Ортнер симптомдары теріс. Лейкоцит -7 мың. УДЗ өт қалтасы - 4 см, қуысында конкременттер 1,3см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Е. 65 жаста, ішінің барлық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келіп түскен. Науқаста жалпы әлсіздік мазасыздану болған. 4 тәулік бұрын ауырған, оң қабырға астындағы ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, бірнеше рет құсу болған. Осындай ауру бұрында болған, бірақ спазмолитик қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы өте ауыр. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс -110 минутына. Тілі құрғақ, сұр түсті жабынды. Іші кепкен, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда, оң жақ қабырға астында пайда болады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -21 мың. УДЗ: іш қуысында сұйықтық. Ішек ілмегіне жел жиналған. Өт қабы көлемі 9-6 см., қуысында 2,0 см дейінгі конкременттер, қабырғасы 0,6 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 46 жаста, оң қабырға астындағы қатты ауру сезіміне шағымданып, хирургиялық қабылдау бөліміне келген. 5 сағат бұрын ұстама тәрізді ауру сезімі оң қабырға астында пайда болған. Осы ауру сезімі оң жақ бел аймағына берген. Лоқсу және құсу болған. Бұрын ауырмаған. Жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаты өзгермеген. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс- 98 мин. Тілі ылғал, ақ жабындысы бар, іші жұмсақ, ауру сезімі оң қабырға астында және мезогастрий аймағында. Кер, Мерфи симптомы оң. Оң жақта Пастернацкий симптомы анықталуда. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу .

  1. Науқас П. 50 жаста, қабылдау бөліміне денесінің сарғаюы мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келген. 3 тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, құсуға ұласқан. Денесі сарған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ – 120/80 мм.с.б., пульс-96 минутына. Тілі ылғал, жабынды бар. Іші жұмсақ, кеппеген, оң қабырға астында бұлшықеті қатайған, ауру сезімі бар. Кер, Ортнер симптомдары оң. УДЗ өт қалтасы үлкейген, қуысында конкременттер бар. Қабырғасы 0,5 см. Лейкоциті – 16 мың. Жалпы билирубин – 86 мкмоль/л.( 50/36). Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 36 жаста, шұғыл хирургияға эпигастри аймағындағы ауру сезіміне, бірнеше рет құсқандығына шағымданып келген. 6 сағат бұрын майлы көп тамақ ішкеннен кейін пайда болған. Ауру сезімі үдемелі болған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-130/80 мм.с.б., пульс – 100 мин. Тілі ылғал, ақ жабынды анықталуда. Іші жұмсақ, кебіңкі, пальпация кезінде эпигастри аймағында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеттің қатайуы бар, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Керте, Мейо-Робсон симптомы оң. Диагнозы және қосымша зерттеу тәсілдері, емі.

  1. Науқас К. 26 жаста, шұғыл хирургияға ауыр жағдайда жеткізілген. Шағымы: эпигастри аймағындағы ауру сезімнің беліне берілуі, бірнеше рет құсуы. Науқастың айтуынша 36 сағат бұрын көп мөлшерде арақ ішіп, майлы тамақ жеген, кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болған. Науқаста қозу, елеру көрінісі бар, сұрақтарға дұрыс жауап бермеуде. Терісі бозарған, сарғыш түс анықталуда. ҚҚ-80/50 мм.с.б., пульс – 115 мин. Тілі құрғақ , сұр жабындысы бар. Іші жұмсақ, кебіңкі, пальпация кезінде ауру сезімі, бұлшықеттің қатайуы бар, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Керте, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары оң. Лейкоциті - 14 мың, зәр диастазасы -1024 бірлік. УДЗ ұйқы без көлемі үлкейген, құрылымы өзгеріске ұшыраған. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 56 жаста, шұғыл хирургия бөліміне келіп түскен. Науқас эпигастри аймағындағы ауру сезіміне, лоқсуға, бірнеше рет құсқандығына шағымданып түскен. 12 сағат бұрын арақ ішкен, кейін ішінде кенеттен ауру сезімі басталған. Ауруханаға түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-120/80 мм.с.б., пульс – 94 мин. Тілі ылғал, жабынды бар. Іші жұмсақ, кеппеген, тексергенде эпигастри және оң қабырға астында ауру сезімі бар, бұлшықеттің қатайуы анықталуда. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң. Лейкоцит-14 мың, зәрдегі диастаза - 256 бірлік. УДЗ іш қуысында патология жоқ. Қосымша зерттеу тәсілдері? Қандай аурумен дифференциалдық диагностика жасалуы керек.

  1. Науқас П. 62 жаста, хирургия бөліміне іші ауырып, бірнеше рет құсқандығына шағымданып түскен. Науқастың айтуынша 6 тәулік бұрын майлы тамақтан кейін ішінде ұстамалы ауру сезімі пайда болған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-140/80 мм.с.б., пульс – 96 мин. Тілі ылғал, жабынды бар. Іші кепкен, пальпация кезінде ауру сезімі жоғарғы бөлігінде. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ. Керте, Мейо-Робсон симптомдары оң. Іш ойпаттарындағы тұйықтық анықталмайды. Нәжіс пен желдің шықпағанына 3-тәулік болған. Зәрі қалыпты. Дифференциалдық диагнозы және қосымша зерттеу тәсілдері.

  1. Науқас Д. 36 жаста, эпигастри аймағында ауру сезіміне, бірнеше рет құсуына шағымданып түскен. Науқастың айтуынша 36 сағат бұрын ішімдік ішкен, кейін эпигастри аймағында белдемелі ауру сезімі пайда болған. Бірнеше рет лоқсып, жеңілдік әкелмейтін құсқ болған. Түскенде жағдайы орташа. ҚҚ-140/80 мм.с.б., пульс – 106 мин. Тілі құрғақ, ақшыл жабынды бар. Іші кепкен, пальпация барысында іштің барлық аймағында бұлшықеті қатайған, ауру сезімі бар. Іш ойпаттарында тұйықтық сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -17 мың, зәрдің диастазасы -1024 бірлік. УДЗ – ұйқы безі көлемі үлкейген, құрылымы өзгерген, іш қуысында сұйықтық анықталуда. Дене қызуы 37,6.с. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Т. 40 жаста, ауруханаға ішінің ауруымен дене қызуының көтерілуімен келген. Үш апта бұрын жедел панкреатитпен жатып емделіп кеткен. Үш күн бұрын эпигастри аймағында ауру сезімі пайда болғн, дене қызуы 38,5.с. көтерілген, кешке қалтыраған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-120/80 мм.с.б., пульс – 86 мин. Тілі ылғал. Іші кеппеген, ауру сезімі анықталуда, бұлшықеттің қатайуы бар. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ, Керте, Воскресенский симптомы оң. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталмайды. Лейкоцит – 14 мың, диастаза -256 ед. УДЗ ұйқы без құрылымы өзгерген, үлкеймеген, сұйықтық деңгейімен қуыс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай сатысы және емі.

  1. Науқас К. 34 жаста жедел хирургиялық бөлімшеге белдемелі эпигастрии аймағындағы ауру сезімі және көп реттік құсу шағымдарымен, ауыр жағдайда келіп түсті. Екі күн бұрын науқастанған, тағам және алкоголь қабылдауымен байланыстырады,ауру сезімі күшее бастаған. Түскен кездегі жалпы жағдайы ауыр. Науқас қозу, адекваты емес, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Тері жамылғылары бозғылт түстес. АҚҚ-130/90 мм.с.б.б., пульс – 110 рет мин. Тілі құрғақ,сұр түспен қапталған. Іші шамалы үлкейген, жұмсақ, пальпацияда ауру сезімі және эпигастрии бұлшықеттерінің қатаюы байқалады. Щеткина-Блюмберг симптомы іштің бүкіл аймағында оң және Керте, Мейо-Робсона, Воскресенский симптомдары оң. Лейкоциттер - 18 мың, зәр диастазасы -1024 бірлік. УДЗ ұйқы безі өлшемінің ұлғаюы, ұйқы безі құрылымы өзгеріске ұшыраған. ФГДС:12 елі ішектің артқы қабырғасының шырышының домбығуы, ішек шырышының эрозиясы. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р., 46 жаста, бұл науқасқа жедел панкреатитке консервативті емнен кейін, операция жасалған. Консервативті ем жүзеге аспағаннан кейін және механикалық сарғаюдың өршуі есебінен лапаротомия жасалды. Операция барысында құрсақ қуысында 1,5 л. геморрагиялық сұйықтық анықталды. Кіші май қалтасын ашу барысында геморрагиялық сұйықтық, ұйқы безінің денесі мен басында қан ошақтары бар. Өт қалтасы шамадан тыс ұлғайған, керілген, қуысында конкремент жоқ. Диагнозы және емдеу тактикасы

  1. Науқас А. 29 жаста, ауруханада жедел панкреатитпен емделгеніне 3,5 апта болған. Соңғы үш тәулікте эпигастри аймағында түзіліс пайда болған, ауру сезімі үдеген. Дене қызуы 38,8.с., қалтырау болған. Лейкоцит – 18 мың, ЭТЖ - 46. УДЗ ұйқы безі маңында сұйықтық, құрылымында өзгеріс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай фазасы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Е. 60 жаста, эпигастри аймағындағы ауру сезіміне және бірнеше рет құсуына шағымданып түскен. Ауырғанына 3 тәулік болған, майлы, ащы тамақтардан кейін пайда болған. Науқас ЖИА, гипертониялық аурумен, созылмалы колитпен ауыратыны белгілі болған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс – 98 мин. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, пальпация кезінде барлық аймағында ауру сезімі бар. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, Керте, Мейо-Робсон симптомы оң. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталмайды. 3-тәуліктен бері нәжісі болмаған. Жел шықпаған. Зәрі өзгеріссіз, қалыпты шығуда. Лейкоцит - 10 мың, Дене қызуы бір қалыпты. Дифференциалдық диагнозы және қосымша зерттеу әдістері.

  1. Науқас Г. 42 жаста, майлы тамақтан кейін эпигастри аймағында ауру сезімі басталып, беліне берген, бірнеше рет құсқан. Ауырғанына 2-тәулік болған. Науқастың жалпы жағдайы орташа. ҚҚ – 130/80 мм.с.б., пульсі - 86 мин. Тілі ылғал. Іші қалыпты, жұмсақ, пальпация кезінде ауру сезімі эпигастри мен оң қабырға астында анықталуда. Перитонит белгілері жоқ. Сол жағында Пастернацкий симптомы оң. Зәр шығаруы жиілеген. Үлкен дәреті дұрыс. Қызуы 37,6.с., лейкоцит – 10 мың. Зәр анализы: белок - 0,33, лейкоциттер және цилиндрлер көп мөлшерде, зәрдегі диастаза -512 бірлік. Керекті қосымша зерттеулер. Дифференциалдық диагностикасы.

  1. Науқас У. 42 жаста, үш күн бұрын көп мөлшерде майлы тамақ ішкеннен кейін эпигастри аймағы қатты аурған. Ауру белгісі беліне берілген. Бірнеше рет құсқан. Жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға келген. Түскендегі жағдайы орташа. ҚҚ-140/90 мм.с.б., пульс – 106 мин. Тілі құрғақ, жабынды бар. Іші кепкен, пальпация кезінде іштің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі бар, бұлшықетінің қатайуы анықталуда. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ, Керте, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары оң. Іштің ойпаттарындағы тұйықтық анықталмайды. 3 тәуліктен бері нәжісі болмаған. Жел шықпаған. Зәрі қалыпты. Лейкоциты – 14 мың, диастазасы -512 бірлік. Диагнозы және қосымша зерттеу әдістері.

  1. Науқас Д. 36 жаста, шұғыл түрде хирургия бөліміне келіп түскен. Түскендегі шағымы: ішінің ауруы, бірнеше рет құсуы. 36 сағат бұрын кенеттен басталған. Науқастың айтуынша ішімдік ішкен. Ауру сезімі беліне берген. Жағдай орташа. ҚҚ-140/80 мм.с.б., пульс – 106 мин. Тілі құрғақ. Іші кепкен, пальпация кезінде ауру сезімі эпигастри аймағында, бұлшықеті қатайған. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталуда. Щеткин-Блюмберг симптомы барлық аймақта анықталуда. Лейкоциттері -17 мың, диастазасы - 1024 бірлік. УДЗ – ұйқы безі көлемі ұлғайған, құрылымында өзгеріс анықталуда. Іш қуысында сұйықтық. Дене қызуы 37,6.с. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 70 жаста, ауруханада жедел панкреатиттің орташа дәрежесімен емделіп шыққан. Үш аптадан кейін эпигастри аймағында ауру сезімі және дене қызуы 38,6. С. пайда болған. Жалпы жағдайы орташа. ҚҚ -150/90 мм.с.б., пульсі - 96 мин. Тілі ылғал. Іші жұмсақ, ауру эпигастрида, осы аймақта көлемі 5-6-4 см түзіліс анықталуда. Тітіркену белгілері жоқ. Қосымша зерттеу тәсілдері. Диагнозы және емі.

  1. Науқас Т. 40 жаста, ауруханаға ішінің ауруымен дене қызуының көтерілуімен келген. Үш апта бұрын жедел панкреатитпен жатып емделіп кеткен. Үш күн бұрын эпигастри аймағында ауру сезімі пайда болғн, дене қызуы 38,5.с. көтерілген, кешке қалтыраған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. ҚҚ-120/80 мм.с.б., пульс – 86 мин. Тілі ылғал. Іші кеппеген, ауру сезімі анықталуда, бұлшықеттің қатайуы бар. Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ, Керте, Воскресенский симптомы оң. Іштің ойпаттарында тұйықтық анықталмайды. Лейкоцит – 14 мың, диастаза - 256 ед. УДЗ ұйқы без құрылымы өзгерген, үлкеймеген, сұйықтық деңгейімен қуыс анықталуда. Жедел панкреатиттің қандай сатысы және емі.

  1. 65 жастағы науқас шұғыл хирургия бөліміне эпигастри мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне және лоқсып, бір рет құсқандығына шағымданып түскен. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін ауырған. Анамнез жинау барысында ӨТА, ЖИА және семіздіктің үшінші дәрежесімен ауратындығы белгілі болды. Жалпы жағдайы орташа. Тері мен шырышты қабатында өзгеріс жоқ. Тыныс алуы қалыпты, ентігу байқалмайды. ҚҚ- 140/80 мм.с.б. РS - 94 минутына . Тілі құрғақ, ақ жабындысы бар. Тері асты май қабаттарына байланысты іші үлкен, кеппеген, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі байқалуда. Өт қалтасы анықталмайды. Ортнер, Кер симптомдары бар. Дене қызуы - 37,6 С. Лейкоциті - 10 000. УДЗ қортындысы: Өт қалтасының көлемі 9-6-5 см. Қабырға қалыңдығы 0,5 см. Қуысында 1-2 см тастар. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Д. 72 жаста шұғыл хирургия бөліміне ауырғаннан кейін бес тәуліктен кейін келіп түскен. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі. Науқас үйінде но-шпа қабылдаған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 С. Қалтырау, жалпы әлсіздік, мазасыздануы пайда болған. Көзі сарғайған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында анықталуда, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары: ЖИА, қант диабеті. Лейкоциті – 12 мың, билирубин-76 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 12-7 см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0,6 см, холедох – 0,9 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас А. 45 жаста, қабылдау бөліміне емхана жолдамасымен келген. Ауырғанына 7 тәлік болған.Ауыр жұмыс істегеннен кейін оң қабырға астында ауру сезімі пайда болған. Ауру сезімі ұстама тәрізді, но-шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте ауруы басылған, бірақ дене қызуы 38,6 С, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа. Терісі және шырышты қабаттарында өзгеріс жоқ. Ішінің кебуі байқалмайды, тыныс алу кезінде қозғалыста, жұмсақ, тек оң қабырға астында бұлшықет қатайуы анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы осы аймақта оң. УДЗ: өт қалтасында тас анықталды, қабырғасы 0,6 см. Бауыр астында сұйықтық бар. Лейкоциттері – 14 мың. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. 62 жастағы науқас ауырғанан кейін жеті тәуліктен кейін ауыр жағдайда қабылдау бөліміне келіп түскен. Ауру сезімі оң қабырға астында басталған, но-шпа қабылдаған соң басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38,6 с, қалтырау, әлсіздік, мазасыздану белгілеріне байланысты жағдайы нашарлаған. Көзінің сарғаюы анықталуда. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, кебу белгілері жоқ. Пальпация кезінде ауру сезімі оң қабырға астында, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин Блюмберг симптомы теріс. Қосалқы аурулары: ревматоид артриты, қант диабеті. Лейкоциті – 17 мың, билирубин – 86 ммоль (46/30). УДЗ – өт қалтасы 16-8 см., қуысында конкременттер бар, қабырғасы 0,6 см, холедох 1,0 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. 73 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауру сезіміне , лоқсу, бір рет өт аралас құсумен шағымданып келген. Осы аталған шағымдар кешкі астан кейін кенеттен пайда болған. Анамнезінде ӨТА, қан қысымы ауруымен, қант диабетімен ауратындығы анықталды. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ 140/90 мм.с.б. PS 84 минутына. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кеппеген, жұмсақ, терең пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер, Кер симптомы оң. Щеткин - Блюмберг симптомы теріс. Дене қызуы 37, с, лейкоциті -7 мың, УДЗ: Өт қалтасында конкременттер, қабырғасы 0,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р. 64 жаста хирургия қабылдау бөліміне ішінің ауруына, құсуына, лоқсуына шағымданып келген. Ауру сезімі төрт тәулік бұрын кенеттен оң қабырға астында басталған. Науқас өз бетімен емделген, жағдайы жақсармаған. Дене қызуы 38.С, әлсіздік, мазасыздану белгілері пайда болған. Түскен кезде жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -9 мың. УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы -0,7 см., қуысында көптеген конкременттер бар, іштің ойпаттарында сұйықтық анықталуда. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Н., 76 жаста қабылдау бөліміне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Ауырғанына 4 күн болған. 12 жылдан бері ӨТА ауырады . Сонымен қатар қан қысымы ауруымен тізімде тұрады. Бұрын бірнеше рет емделген. Түскен кезде жағдайы орташа. Терісі сарғайған. Қ/Қ 150/90 мм.с.б. пульс – 96 минутына. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеті қатайған. Ортнер, Кер симптомдары оң. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің оң жақ жартысында анықталуда. Лейкоцит – 14 мың. Жалпы билирубин – 186 мкмоль (тіке -164 мкмоль, тіке емес – 24 мкмоль). УДЗ: өт қалтасы үлкейген, қабырғасы 0,5см., қуысында конкременттер көлемі 0,5 см ден 2,0 см., холедох – 1,5 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас В., 74 жаста ауыр жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілген. Шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі, лоқсу, құсу. Ауырғанына 5 тәулік болған. Науқас өз бетімен емделген, но-шпа қабылдаған, ауру сезімі басылған. Соңғы екі тәулікте дене қызуы 38.С, лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың ЖИА мен қант диабетімен ауыратындығы белгілі болды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр. Көзі сарғайған. Жиі тыныс алуда, ҚҚ – 100/60 мм.с.б., пульс- 110 минутына. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші біркелкі кепкен, оң жақ жартысында ауруы басым, осы аймақта бұлшықеттің қатайуы байқалуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Лейкоцит -10 мың. Жалпы билирубин – 38 мкмоль/л. УДЗ өт қалтасы үлкейген, тас көлемі 2,5 см, қабырғасы 0,6 см, холоедох 0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Р.45 жаста шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезіміне лоқсу, құсуға шағымданып түскен. Майлы тамақтан кейін кенеттен ауру сезімі басталған, лоқсып, құсқан. Түскен кезде жағдайы орташа. Тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, жұмсақ. Пальпация кезінде оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Ортнер және Кер симптомдары оң. Дене қызуы - 37,4.с., лейкоциті - 8,0 мың. УДЗ өт қалтасының көлемі 8-4 см, қабырғасы екі көлеңкелі. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас С. 52 жаста оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып, хирургия қабылдау бөліміне келіп түсті. Екі күн бұрын майлы тамақтан кейін кенеттен қатты ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсып, бірнеше рет құсқан. Науқастың айтуынша бұрында осындай ауру сезімі болған, спазмолитик қабылдаған соң басылатын. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа. Тілі құрғақ, ақ жабынды бар. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Бұлшықеттің қатайуы анықталуда және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит – 17 мың, дене қызуы 38,4.с. УДЗ өт қалтасы 14,0-6,0 см., қуысында конкремент бар көлемі 0,4-2,4 см. қабырғасы 0,5 см. Холедох - 0,7 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Г. 78 жаста шұғыл түрде өте ауыр жағдайда келіп түсті. Шағымы: ішінің ауруы, әлсіздік, мазасызданумен келген. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі басталған, бірнеше рет құсқан. Науқас ауыр жағдайда жеткізілген. Ауырғанға дейін науқас жедел бронхитпен амбулаторлы емделген. Соңғы екі тәулікте жағдайы нашарлаған, ентігу, дене қызуы 38.с., әлсіздік, мазасыздану пайда болған. Тілі ылғал. Іші кеппеген, жұмсақ, пальпация барысында оң қабырға астында ауру сезімі анықталуда. Кер және Ортнер симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Лейкоцит 19,6 мың, УДЗ: өт қалтасы 9-4 см., қуысында конкременттер. Қандай аурулармен дифференциалды диагностика жасалуы керек және қосымша зерттеу.

  1. Науқас К. 52 жаста, шұғыл түрде оң қабырға астындағы ауру сезімімен келіп түскен. Екі сағат бұрын кенеттен ұстама тәрізді ауру сезімі басталған. Ауру сезімі но-шпа қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы орташа. Тілі ылғал, таза. Іші кеппеген, жұмсақ, ауру сезімі пальпация барысында жоқ. Кер және Ортнер симптомдары теріс. Лейкоцит -7 мың. УДЗ өт қалтасы - 4 см. қуысында конкременттер 1,3 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас Е. 65 жаста, ішінің барлық аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келіп түскен. Науқаста жалпы әлсіздік мазасыздану болған. 4 тәулік бұрын ауырған, оң қабырға астындағы ауру сезімі пайда болған, кейін лоқсу, бірнеше рет құсу болған. Осындай ауру бұрында болған, бірақ спазмолитик қабылдаған соң басылған. Жалпы жағдайы өте ауыр. ҚҚ-150/90 мм.с.б., пульс -110 минутына. Тілі құрғақ, сұр түсті жабынды. Іші кепкен, ауру сезімі барлық аймақта анықталуда, оң жақ қабырға астында пайда болады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцит -21 мың. УДЗ: іш қуысында сұйықтық. Ішек ілмегіне жел жиналған. Өт қабы көлемі 9-6 см., қуысында 2,0 см дейінгі конкременттер, қабырғасы 0,6 см. Диагнозы және емдеу тактикасы.

  1. Науқас К. 40 жаста клиникаға мынандай шағымдармен келді: оң жақ мықын аймағының ауру сезімі, құсу, лоқсу. 10 сағат бұрын ауру сезімі эпигастрий аймағында басталған, лоқсу болды. Но-шпа таблеткасын ішкенен кейін ауру сезімі басылды. Содан кейін ауру сезімі оң жақ мықын аймағына түсті. Науқастың айтуы бойынша алдында ауру сезімі асқазанда болатын бірақ ношпа таблеткасынан кейін басылатын. Анамнезінде 10 жыл бойы асқазан және он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Бірнеше рет амбулаториялық және стационарлық ем қабылдаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта . АҚҚ 120\80 мм. рт. ст. пульс - 88. Тері жабындылары бозғылт түсті, таза. Іші үрленбеген , жұмсақ эпигастрий аймағында, оң жақ мықын аймағында ауру сезімді . Оң жақ мықын және шап аймағында іш бұлшық еттерінің қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоциттері - 10 мың. ЖҚА қалыпты. Гинеколог тексерген: гинекологиялық аурулар жоқ. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз.

  1. Науқас С. 32 жаста клиникаға ауыр жағдайда мынандай шағымдармен түсті: іштің бүкіл аймағындағы ауру сезіміне, көп рет құсумен. Ауру жедел басталды. 3 күн бұрын ауру сезімі оң жақ мықын аймағында пайда болды. Медициналық көмекке бармай үйінде анальгин қабылдаған. Жалпы жағдай ауыр . АҚҚ 100\60 мм рт ст пульс - 140 рет 1 мин. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші үрленген, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпаторлы іштің бүкіл аймағында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Үлкен дәрет 3 күн бойы жоқ. Дене температурасы - 38,4о. Лейкоциттері -15 мың. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас С. 32 жаста клиникаға ауыр жағдайда мынандай шағымдармен түсті: іштің бүкіл аймағындағы ауру сезіміне, көп рет құсумен. Ауру жедел басталды 3 күн бұрын ауру сезімі оң жақ мықын аймағында пайда болды. Медициналық көмекке бармай үйінде анальгин қабылдаған. Жалпы жағдай ауыр. АҚҚ 100\60 мм рт ст пульс - 140 рет 1 мин. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші үрленген, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпаторлы іштің бүкіл аймағында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Үлкен дәрет 3 күн бойы жоқ. Дене температурасы - 38,4о. Лейкоциттері -15 мың. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас В. 22 жаста мынандай шағымдармен түсті: іштің букіл аймағындағы ауру сезіміне. Ауру сезімі 22 сағат бұрын оң жақ мықын аймағында пайда болып содан кейін бүкіл іш аймағына таралған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульс- 120 рет 1 мин. Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған. Іш қуысы тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпаторлы іштің бүкіл аймағы қатайған. Щеткин - Блюмберг симптомы оң. Бауыр тұйықтылығы сақталған, аускультативті ішектің шуылдары естілмейді. Сіздің диагнозыңыз? Іс-әрекетіңіз?

  1. 25 жастағы келіншекте кенеттен ауру сезімі сол жақта іштің төменгі бөлімінде пайда болды. Ауру сезімі тұрақты және тік ішекке беріледі. Соңғы 2 айда әйелдер кеңесінде емделген. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 38о С. пульс 102 рет минутына. Тілі ылғалды. Іші тыныс алу актісіне қатысады. Пальпаторлы іштің төменгі бөлігінде, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері айқын қатайған, ауырады. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің төменгі аймақтарында оң. Ровзинг, Ситковский оң. Тік ішектің алдыңғы қабырғасын пальпациялағанда ауру сезімі байқалады. Қынаптық зерттеуде, жатыр мойнын ығыстырғанда іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі күшейеді. Сіздің диагнозыңыз? Не істейсіз?

  1. Науқас 40 жаста клиникаға қанағаттанарлық жағдайда, жедел аппендициттің типті клиникалық көрінісімен түсті. Бірақ операция кезінде құрт тәрізді өсінді өзгермеген. Іш қуысында көп мөлшерде мөлдір серозды сұйықтық болды. Іш қуысын ревизиялағанда дивертикул Меккелі жоқ. Париетальді іш пердеде, аш ішекте және тоқ ішекте және шажырқайда көптеген ақшыл төмпешіктер анықталды. Науқаста қандай ауру? Немен дифференцациялау қажет? Қалай емдеу керек ?

  1. Науқас 16 жаста суицидтік жағдайда инені жұтып кояды, хирургияға ауырғаннан кейін 1 тәуліктен соң түсті. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Пульс 100 рет 1 мин АҚҚ 100\60 мм. рт ст. Іші аздап үрленген, пальпаторлы оң жақ мықын аймағында қатайған ауырады. Щеткин Блюмберг симптомы оң. Желі дұрыс шықпайды. Сіздің тактикаңыз.

  1. Науқас 55 жаста, 5 тәулік бұрын жедел гангренозды перфоративті аппендицит және жергілікті іріңді перитонит диагнозымен операция жасалынған. Операциядан кейінгі уақыт жараның іріңдеуімен жүрді. Оң жақ мықын аймағынан операциядан кейінгі жарадан жоғары жерде инфильтрат анықталды, терінің қызаруы, ісігі, пальпация кезінде ауырады. Лейкоцитоз 12 мың, t-38,5 °C. Сіздің диагнозыңыз? Тактикаңыз.

  1. Науқас А. 34 жаста жедел флегманозды гангренозды аппендициттен кейін 7 тәулікте қалтырау, тік ішекте ауру сезімі, тенезмдер және кіші дәретінің жиілеуімен ауру сезімі байқалды. Тік ішекті тексергенде кіші жамбас қуысында инфильтрат анықталады. Жылы ромашкалық клизмадан және антибиотик емін қабылдаған соң 3 күннен кейін, науқастың жағдайы жақсармады. Тік ішекті қайта тексеруде инфильтраттың жұмсаруы байқалды. Дене қызуы гектикалық деңгейге жетті. Сіздің диагнозыңыз? Емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас У. 58 жаста 2,5 тәулік бұрын эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болып кейін оң жақ мықын аймағына түсті. Бір рет құсты және жүрек айныған. Науқас үйінде анальгин ішкен және іш қуысына грелка қойған, содан кейін ауру сезімі басылған. 2 тәулікте ауру сезімі қайта басталып, бүкіл іш қуысына таралған, көп рет құсқан. Науқастың жағдайы ауыр. Есі шатасқан, эифориялық. Пульсі 128 рет мин., АҚҚ 95/60 мм. рт. ст. Тілі құрғақ. Іші қатайған барлық жерінде ауырады, бірақ оң жақ мықын аймағында қаттырақ. Щеткина-Блюмберг симптомы барлық аймақтарда оң. Дене қызуы 37,2ºС. Лейкоцитоз – 18 х 109/л. Перитониттің себебін көрсетіңіз? Оперативті қатысудың ерекшелігін көрсетіңіз?

  1. Науқас 36 жаста ауруханаға жедел түрде ауру басталысымен 3 сағаттан соң түсті. 5 жылдан бері он екі ішектің ойық жара аурумен зардап шегеді. Ішінің қатты ауру сезіміне шағымданады. Оң жақ бүйірімен екі аяғы ішіне бүгілген күйінде мәжбүрлік қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт,пульсі 160 рет мин. АҚҚ 90/60 мм.сб. Іші демалу актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасында тақтай тәрізді кернелуі, барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жалпы шолу ренгенографияда диафрагманың оң жақ күмбезі астында орақ симптомы бар. Диагнозы? Емдеу тактикасы.

  1. Науқас Ж., 63 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауыруына, ішінің кебуіне, нәжісінің жүрмеуіне шағымдануымен келіп түсті. Ауырғанына тәулік болған. Қарап тексергенде іші кепкен, ассиметриялы, шолпыл шуы анықталады, ішінің барлық аймағы тимпанит, перистальтика анықталмайды. Сифонды клизма жасау кезінде 0,5 л артық сұйықтық енгізілмеді. Науқастың диагнозы қандай? Науқастағы мүмкін болатын симптом қандай? Хирург тактикасы?

  1. Науқас А., 67 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, ішінің кебуі мазалайды. Екі тәулік бойы ауырады. Анамнезінде: ұзақ уақыт іш журмеуі мазалайды, 10 кг салмақ жоғалтқан. Қарап тексергенде іші кепкен, ассиметриялы, ішінің барлық аймағында тимпанит, перистальтикасы әлсіз. Науқастың диагнозы қандай? Қандай зерттеу әдісі бірінші ретте қажет? Қандай оперативті ем қажет ?

  1. Науқас М., 64 жаста стационарға келіп түсті. Анамнезінде ауырғанына 1 апта болған. Объективті қарап тексергенде: уыттану синдромы мен су-тұз алмасуы бұзылуы есебінен науқастың жалпы жағдайы ауыр. Ішін қарап тексергенде: Валь, Шланге, Скляров, Спасокукоцкий симптомдары оң. Науқастағы мумкін болатын диагноз қандай? Операция алды дайындық мөлшері?

  1. Науқас К., 72 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, ішінің кебуімен, нәжіс пен желдің шықпауы шағымдарымен келіп түсті. Ауырғанына үш тәулік болған. Соңғы уақытта іші жүрмеуі мазалаған және дене салмағы төмендеген. Тексеріліп қаралмаған. Жоғарыдағы шағымдармен стационарға келіп қаралған. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шолпыл шуы анықталады, ішінің барлық аймағында тимпанит, перистальтикасы анықталмайды. Жоғарыдағы қандай ауру болуы мумкін? Қандай зерттеу әдісі бірінші ретте қажет?

  1. 25 жастағы ер кісі хирургия бөлімшесіне ішінің қатты толғақ тәрізді ауырсынуына, құсу, нәжісінің жүрмеуіне және желдің шықпауымен келіп тусті. Анамнезінде аппендэктомия бар. Спортпен айналысу барысында шұғыл ауырған. Қарап тексергенде: науқас уайымдаулы, бозарған, суық тер басқан. Пульс 100 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с бб. Іші керілген, ауырсынулы. Рентген зерттеуінде көптеген Клойбер тостағаншалары деңгейлері анықталады. Қандай емдеу тактикасы осы жағдайда оптимальды болып табылады?

  1. Науқас Ш., 74 жаста, қабылдау бөлімшесіне ішінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, ішінің кебуімен, бес тәлік бойы нәжісінің журмеуімен келіп түсті. Анамнезінде: жиі іші жүрмеуі, дефекация кезінде шырыш және қан шыққан. Алдын тексерілмеген. Қарап тексергенде: іші біріңғай кепкен, перкуторлы тимпанит, перистальтикасы анықталмайды, пальпацияда ауырсынулы. Per rectum: ампула бос. Мүмкін диагнозы қандай? Диагностика әдістері? Хирургтің тактикасы? Операция көлемі?

  1. Әйел кісі 64 жаста, соңғы айда дене салмағының төмендеуі, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, бас айналуына, екі күн бұрын ішінің төменгі оң жақ квадратының ауырғанын сезген. Содан кейін науқас дәрігерге қаралған. Объективті: көзге көрінетін тері жабындысының, іш кофигурациясының өзгерісі байқалмайды. Пальпаторлы: ішінің төменгі оң жақ квадрантында ісік тәрізді консистенциясы тығыз, шеткі шекаралары тегіс, аурсынусыз, аз қозғалмалы, диаметрі 6 см шамасында. Жалпы қан талдауында – анемия. Диагнозы қандай? Диагностикалау әдістері?

  1. Науқас Г. 22 жаста, ішінің оң жағында тартып, толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданады. 2 жыл бұрын ішінің тұйық жарақатына байланысты құрсақ қуысының мүшелеріне операция жасалған, ішек жыртылуын тігіп кеткен. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пальпаторлы көбіне ішінің оң жағы ауырсынады, перитонеальды симптомдар теріс. Ішіндегі ауырсыну қозғалғанда күшейеді. Науқас мәжбүрлі қалыпта болуға тырысады. Науқаста жеңілдік әкелмеген аздаған улкен дәрет болған. Өздігінен клизма қабылдаған, Эффект болмаған. Терең пальпацияда оң жақ мықым аймағында операциядан кейінгі тыртыққа берілетін ауырсыну анықталған. Соқыр ішек аздап керілген, аздап ауырсынады. Іш бұлшық еттері қатаймаған. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында патологиялық өзгерістер жоқ. Ішек стимуляциясы және сифонды клизма оң нәтиже берген. Іштегі ауырсыну басылған. 2 тәулік өткен соң науқас қанағаттанарлық жағдайда уйіне шығарылған. Қандай ауру жайлы және ішек өтімсіздігінің қандай түрі болуы мумкін? Зерттеу әдістері?

  1. Науқас 66 жаста. Жедел ішек өтімсіздігі бойынша операция жасалуда. Науқаста жедел ішек өтімсіздігінің бірінші белгілері 3 тәулік бұрын пайда болған. Операция үстінде сигма тәрізді ішекті бітеген ісік табылған. Ісіктен проксималды тоқ ішек кенет керілген, сұйықтықпен және газбен толған. Ісіктен дисталды, сигма тәрізді ішек бос. Көзге көрінетін метастаздар жоқ. Науқасқа қандай оперативті ем көрсетілген?

  1. Науқас Л.,23 жаста, 3 сағат бұрын ішіне аяқпен соққы алған. Іштегі ауру сезімге, ауыздың құрғақтылығына, лоқсуға, әлсіздікке шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ. 120/60 мм.сын.б., пульс 110 рет мин., толуы қанағаттанарлық, ритмді. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпациялағанда іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің айқын қатаюы анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл аймақтарда оң. Перкуторлы тимпанит анықталады, бауырдың тұйықтығы жоғалған. Аускультацияда бірең-сараң әлсіз ішек қозғалыстары анықталады. Сіздің диагнозыңыз? Науқасты жургізу тактикаңыз?

  1. Науқас Т., 29 жаста іштің бүкіл аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі бұдан 22 сағат бұрын басталып, оң жақ мықын аймағында орналасып, кейіннен бүкіл ішке таралды. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульс 120 рет мин. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпациялағанда іштің бұлшық еттері бүкіл аймақтарда айқын қатайған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы тимпанит анықталады. Бауырдың тұйықтығы сақталған, аускультацияда ішек қозғалысы тыңдалмайды. Сіздің диагнозыңыз? Не істейсіз?

  1. Науқас Ш.,65 жаста, 3 тәулік бойы оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, оның оң жақ иыққа берілетініне, лоқсуға, құсуға шағымданады. Ауру сезімі тамақты қабылдағаннан кейін күшейеді. Кешке температурасы 38*С, әлсіздік. 5 сағат бұрын науқастың жағдайы нашарлап, іштің бүкіл аймақтарында ауру сезімі, қорқыныш сезімі, ентігу, құсу пайда болды. Объективті: тері жабындылары бозғылт, суық термен жабылған, температура 39,5*С, пульс120 мин. Тілі құрғақ. Іші кебіңкі. Пальпаторлы ауру сезімі бұлшық еттердің қатаюы, көбіне іштің оң жақ бөлігінде, осы аймақта Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас В. 36 жаста. Анамнезінде он екі елі ішектің ойық жара ауруы. 2 апта бұрын қыжыл, аш қарынға эпигастрий аймағында ауру сезімі күшейе түсті. 2 сағат бұрын эпигастрий аймағында пышақ сұққандай ауру сезімі, жеген тағаммен бір рет құсу пайда болды. Бүкіл іш аймағындағы кескендей ауру сезіміне, ішінің ауруына байланысты тыныс алудың қиындауына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, бет әлпеті күйзелісті, мәжбүрлік қалыпта бүйірінде аяғын ішке қарай тартып жатыр. Пульс 86 рет мин, АҚҚ. 100\60 мм с.б.б. Жүрек және өкпе жағынан нормадан ауытқулар жоқ. Тілі таза, құрғақ. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатыспайды, пальпацияда қатайған және бүкіл аймақтарында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Бауырдың тұйықтығы жоғалған. Диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Жас әйелде Д., сол жақтағы іштің төменгі бөлігінде аяқ астынан ауру сезімі пайда болды. Ауру сезімі тұрақты сипатқа ие, тік ішекке иррадиацияланады. Соңғы 2 жылда әйелдер кеңесінде емделді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температура 38* С, пульс 102 рет мин.. Тілі ылғалды. Іші тыныс алу актісіне қатысады. Пальпаторлы іштің төменгі бөлігінде, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері айқын қатайған. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің төменгі аймақтарында оң. Ровзинг, Ситковский симптомдары теріс. Тік ішектің алдыңғы қабырғасын пальпациялағанда ауру сезімі байқалады. Қынаптық зерттеуде, жатыр мойнын ығыстырғанда іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі күшейеді. Сіздің диагнозыңыз? Не істейсіз?

  1. Науқас 30 жаста клиникаға қанағаттанарлық жағдайда, жедел аппендициттің типті клиникалық көрінісімен түсті. Бірақ операция кезінде құрт тәрізді өсінді өзгермеген. Іш қуысында көп мөлшерде мөлдір серозды сұйықтық болды. Париетальді іш пердеде, аш ішекте және тоқ ішекте және шажырқайда көптеген ақшыл төмпешіктер анықталды. Науқаста қандай ауру? Немен дифференцациялау қажет? Қалай емдеу керек?

  1. Аппендэктомиядан кейін 7 тәулікте науқас мынандай шағымдармен келді: іштің ауру сезіміне, тенезмдер, дене қызуының жоғарлауымен. Тік ішекті саусақпен тексергенде алдыңғы қабырғасы салбыраған. Сіздің диагнозыңыз, емдеу тактикаңыз?

  1. Аппендэктомиядан 3 сағаттан кейін науқаста бір мезетте әлсіздік, бас айналу, АҚҚ төмендеуі, қызыл қан көрсеткіштерінің төмендеуі болды. Қандай асқыну дамыды? Емдеу тактикаңыз.

  1. Науқас Ж. 76 жаста 3 сағат бұрын кенет іштің төменгі аймағында ауырсынуға шағымданды, суық тер ағып, жүрек айныды. Анам­не­зінде белгілі болғандай, ол 3 күн бойы іш қатумен қиналған, кей кезде үлкен дәреті қара қанмен шыққан. Соңғы жарты жылда іш қатуы жиілеген, науқас біртіндеп іш керілуін байқаған. Соңғы 4 күнде үлкен дәреті болмаған, жел шығуы тоқтады. Объ­ек­тивті қарағанда: тілі құрғақтау, терісі бозғылттау. Тәбеті төмендеген. Пульсі  96 рет мин. Пер­кус­сияда – іші тим­па­нит, біршама керілген, және ауырсынуы төменгі аймағында, көбіне сол жағында, сол жерде іштің тітіркенуі оң мәнді. Болжам ди­аг­ноз.

  1. Науқас 36 жаста ауруханаға жедел түрде ауру басталысымен 3 сағаттан соң түсті. 5 жылдан бері он екі ішектің ойық жара аурумен зардап шегеді. Ішінің қатты ауру сезіміне шағымданады. Оң жақ бүйірімен екі аяғы ішіне бүгілген күйінде мәжбүрлік қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт,пульсі -160 рет мин. АҚҚ 90/60 мм.сб. Іші демалу актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасында тақтай тәрізді кернелуі, барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жалпы шолу ренгенографияда диафрагманың оң жақ күмбезі астында орақ симптомы бар. Диагнозы? Емдеу тактикасы.

  1. Науқас Т., 63 жаста. Науқас көп жылдар бойы ӨТА ауырған, қолында бірнеше рет жасалған УДЗ қорытындысы бар. Екі күн бұрын сондай шаншу оң қабырға астында қайталанған, дене қызуы көтеріліп, құсқан. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, тері жабындысы бозарған. АҚҚ 120/80, пульсі 120 рет минутына. Пальпация кезінде ішінің оң жақ жартысында қатты ауру сезімі бар және бұлшық етінің қатайғандығы анықталған. Перкуссияда: тұйықталған дыбыс анықталуда. Іштің оң жағында Щеткин –Блюмберг симптомы айқын. Қан құрамында - лейкоцитоз (19, 6х109/л), нейтрофильдер сол жаққа ығысқан. Диагнозы? Емдеу тактика.

  1. Науқас И., 76 жаста, жедел холецистит клиникасымен үшінші тәулікте келіп түскен. Науқастың жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 38,1° С. Пульсі 92 рет минутына. Ішінде тек оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, сол аймақта бұлшық етінің қатайғанын және өт қалтасының түбі анықталуда. Мэрфи, Ортнер симптомдары оң. Басқа аймақта ауру сезімі жоқ. Науқас консервативтік ем қабылдауда. Кенеттен науқас жағдайы нашарлаған, ішінде қатты ауру сезімі пайда болған, терісі бозарған, құсық және ентігу байқалған. Пульсы 120 рет минутына. Іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта, Щеткин - Блюмберг симптомы оң. Қандай асқыну болуы мүмкін? Емдеу тактикасын анықтаңыз?

  1. Науқас Ю., 65 жаста, жедел деструктивті холецистит, перитонит клиникасымен ауруханаға келіп түскен. Науқасқа жасалған консервативтік емнен ешқандай нәтиже болмаған. Перитонит клиникасы үдеуде. Сол себептен науқас операцияға алынған. Іш қуысындағы ағзаларға ревизия жасау барысында, өт қалтасы үлкейген, қуысындағы өт босамайды, беті инфекцияланған. Бауыр астында, оң жақ бүйір каналында мөлшері 300 мл болатын геморрагиялық сұйықтық бар. Ішпердемен асқазан көлденең тоқ ішек байламында стеарин тамшылары байқалуда. Ұйқы безінің басы үлкейген, қатты. Диагнозы қандай? Емдеу тактикасын анықтаңыз.

  1. Операция кезінде хирург шашыранды перитонитті, құрсақ қуысындағы геморрагиялық сұйықтықты іштің париетальды бөлігіндегі стеаринді табақшаларды, шарбылық қапшықтық абсцесін анықтады. Бірінші кезекте қандай ауру жайлы ойлауға болады?

  1. Науқас, 60 жаста, жедел деструктивті калькулезды холециститке байланысты операция холецистэктомия жасалған. Өт жолдары қалыпты. Операциядан кейін бауыр асты кеңістікте қалдырылған түтіктен 100,0 мл өт аққан. Перитонит белгілері жоқ. Өт ағудың себебі не?

  1. Науқаста бес күн бұрын эпи­га­ст­ральды аймақта ауырсыну пайда болды, және ауырсынуы оң жақ мықын аймағына ауысты. Науқас тет­ра­цик­лин және аналь­гин қабылдады, дәрігерге сосын келіп қаралды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тем­пе­ра­ту­расы  37,4С, пульсы  88 рет./мин. Оң жақ мықын аймағында 128 см көлемді тығыз­эла­сти­калық кон­си­стен­ция сезіледі, қозғалмайды,нақты шекараларымен,аздап ауырсынады. Щет­ки­н-Блюм­бер­г белгісі теріс. Лей­ко­ци­ттер  11,0109/л. Болжам диагноз?

  1. Науқас 26 жаста жедел ап­пен­ди­ци­тке байланысты оң жақ мықын аймағында ауырсыну басталғаннан кейін 17 сағаттан соң оперативті ем жасалынған. Опе­ра­цияда құрт тәрізді өсіндінің перфорациялануымен ган­гре­ноз­ды ап­пен­ди­цит байқалды. Оң жақ мықын айағындағы  50 мл шамасында іріңді бөлінді табылды. Хи­рур­гтың негізгі тактикасын айтыңыз.

  1. Сіз 25 жасар науқасқа жедел флег­мо­нозды ап­пен­ди­ци­тке байланысты операцияны Вол­ко­ви­ч-Дья­ко­но­в тәсілімен операция жасап отырсыз. Іш қуысын ашып қарағанда оң жақ мықын аймағында жамбас астауында біршама сабан түстес сұйықтық алынды. Жара бетіне соқыр ішектің күмбезін шығарып кетуге мүмкіндік туды. Құрт тәрізді өсінді жуандаған, ги­пе­ре­мияланған, фиб­ри­нмен қапталған. Бірақта құрт тәрізді өсіндіні сыртқа шығару мүмкін емес. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]