Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

офтальм

.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.78 Кб
Скачать

А) шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың бұлыңғырлануы

В) әлсіз дәрежелі амблиопия

Г)бір көздің екі меридиандарының клиникалық рефракциясы біркелкі емес

Д) бір көздің екі меридиандарының клиникалық рефракциясы бірдей

79.Науқаста жақыннан көргіштіктің орташа дәрежесі, тұрақты аккомодацияның түйілуі. Қандай топтағы дәрілерді берген дұрыс?

А) миотиктер

Б) кортикостероидтар

В)мидриатиктер

Г) салицилаттар

Д) анестетиктер

80.Науқастың оң көзінің қасаң қабығының ноғаласы (бельмо). Көру жітілігі нөлге тең. Қандай ота жасаған дұрыс?

А) оптикалық мақсатта кератопластика

Б) тектоникалық мақсатта кератопластика

В) кератопротездеу

Г) косметикалық мақсатта кератопластика

Д) кератомилез

81.Қабақтардағы қабыну процесінің тез жазылуы байланысты:

А) қабақтардың қанмен қамтамасыз етілуі бай

Б) қабақтардың құрылысы қабатты

В) қабақ терісінің иннервациясына

Г) ірі венозды тамырлардың болмауы

Д) қабақтардың лимфа жүйесінің ерекшелігі

82.Блефариттің дамуына әкелмейді?

А) диабет

Б) авитаминоз

В) гипертония

Г) ішек құрттары

Д) рефракцияның ақаулары

83.Моракс- Аксенфельд диплобацилласынан болады?

А) жәй блефарит

Б) мейбомий блефариті

В) бұрышты блефарит

Г) қабыршақты блефарит

Д) демодекозды блефарит

84.Кірпік түптерінің қабынуын қалай атайды?

А) халазион

Б) теріскен

В) сыздауық

Г)қабақ абсцесі

Д) қабақ шемені (флегмона)

85. Науқаста құрғақ кератоконъюнктивиттің көрінісі:

А) склерит

Б) блефарит

В) Съегрен ауруы

Г) эписклерит

Д) аденовирусты конъюнктивит

86.Науқаста қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі. Қандай себеп?

А) саңырауқұлақты кератит

Б) ұшықтық кератит

В) цитомегаловирусты кератит

Г) бактериалды

Д) қасаң қабықтың өршіме жарасы

87. Науқастың қасаң қабығы ағаштың бұтағы тәріздес боялды. Қасаң қабықтың қандай қабаты зақымданған?

А) эпителий

Б) боумен табақшасы

В) десцемет табақшасы

Г)қасаң қабықтың өзіндік заты

Д)эндотелий

88. Ұшықтық кератитте қандай дәрі көмектеспейді?

А) ацикловир

Б) офтальмоферон

В) полудан

Г)пилокарпин

Д)интерферон

89.Саңырауқұлақты кератитпен науқасқа қандай процедура керек емес?

А) инфильтратты өткір қасықпен алып тастау

Б)5% йод ерітіндісімен күйдіру

В) леворин тамызу

Г) левомицетин тамызу

Д) нистатин беру

90.Артқы увеитке жатады:

А) ирит

Б) циклит

В) парспланит

Г)иридоциклит

Д) хориоидит

91.Науқаста көз алмасының тамырлы қабығының артқы бөлігінің зақымдануы. Қандай диагноз?

А)хориоидит

Б) циклит

В) иридоциклит

Г) парспланит

Д)ирит

92.Науқаста көз алмасының тамырлы қабығының барлық артқы бөліктерінің қабынуы. Қандай диагноз?

А) артқы циклит

Б) хориоидит

В) панувеит

Г)шеткі увеаретинит

Д) парспланит

93.Науқаста қасаң қабық пен тамырлы қабықтың ұшықтық қабынуы. Қандай дәрімен емдеу керек емес?

А) гентамицин

Б) Зовиракс көз майы

В) ацикловир көз майы

Г) мидриацил

Д) ацикловир таблетка түрінде

94.Увеитпен сырқаттанатын науқаста көзішілік қысым жоғары. Оның себебін анықтау үшін қандай шаралар жүргізу керек?

А) гониоскопия жүргізу

Б) көздің алдыңғы-артқы өлшемін анықтау

В) көздің рефракциясын анықтау

Г) бинокулярлы көруді анықтау

Д) басты рентгенге түсіру

95. Гетчинсон триадасына кереңдік пен тістердің өзгерісінен басқа кіреді:

а) фасцикулярлы кератит

б) паренхиматозды кератит

в)терең жайылған кератит

г)диск тәріздес кератит

д) нейропаралитикалық кератит

96. Көздің контузиясында болатын Фоссиус шеңберінің көрінісі:

а)қасаң қабықтың орталық маңының диск тәріздес бұлыңғырлануы

б) нұрлы қабықтың жарақаттық колобомасы

в)бұршақтың алдыңғы қапсуласындағы нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің ізі

г) бұршақтың артқы қабының қабаттарындағы домалақ пішінді бұлыңғырлану

д) макулярлы аймақтағы сақина тәріздес қан құйылу

97.Иридодиализ – бұл:

а) нұрлы қабықтың болмауы

б)қарашықтың пішінінің және көлемінің өзгеруі

в)нұрлы қабықтың түсінің өзгеруі

г)нұрлы қабықтың айналып кетуі

д) нұрлы қабықтың түбінен ажырауы

98. Метил спиртімен уланғанда болады:

а) қасаң қабықтың дистрофиясы

б)катаракта

в)увеит

г)тор қабықтың сылынуы

д)көру нервінің семуі

99. Кератиттің нәтижесінен болмайды:

а) қасаң қабықтың ноғаласы

б) қасаң қабықтың дегенерациясы

в) қасаң қабықтың васкуляризациясы

г) қасаң қабықтың бұлыңғыры

д) екіншілік катаракта

100. Астигматизмді түзету жүргізіледі:

а) цилиндрлік шынылармен

б) жанаспалы линзалармен

в) жәй шынымен

д) призмалық линзалармен

г) рефракциялық хирургия арқылы

101. Көздің басты оптикалық сындыру орталығы:

а) ақ қабық

б) қасаң қабық

в) нұрлы қабық

г) шыны тәрізді дене

д) тор қабық

102. Аметропияға жатады:

а) эмметропия

б) пресбиопия

в) аккомодацияның түйілуі

г) гиперметропия

д) псевдомиопия

103.Аккомодацияның түйілу белгілеріне жатады:

а) диплопия

б) анизейкония

в) конвергенция

г) астенопиялық шағымдар

д) макулопатия

104. Рефракцияның объективті тексеру әдісіне жатады:

а) офтальмометрия

б) периметрия

в) кампиметрия

г) биомикроскопия

д) рефрактометрия

105.Көз алмасының ішке қарай ығысуын атайды:

а) анофтальм

б)энофтальм

в)экзофтальм

г) гемофтальм

д) нанофтальм

106.Көз алмасының жоқ болуын атайды:

а) анофтальм

б)энофтальм

в)экзофтальм

г)гемофтальм

д)нанофтальм

107. Клиникалық рефракция – бұл:

А) қолайсыз жағдайлардың әсерінен рефракцияның түзілуі

Б) организм өскен сайын көздің оптикалық жүйесінің өзгеруі

В) алыстан жақсы көретін нүктенің орналасуы

Г) диоптрияпен өлшенетін оптикалық жүйенің күші

Д) тор қабыққа бас фокустың орналасуының қатынасы

108. Қасаң қабықтың сезімталдығы төмендейді:

А) қасаң қабықтың жалақтануында

Б) қасаң қабықтың өршіме жарасында

В) туберкулезді аллергиялық кератитте

Г) мерездің кератитте

Д) ұшықтық кератитте

109. Тор қабықтың ауруларында болмайтын белгі:

А) орталық көрудің төмендеуі

Б) шеткі көрудің тарылуы

В) ауыру сезімі

Г) көру кеңістігінің өзгеруі

Д) түсті ажыратудың бұзылысы

110. Туберкулезді – аллергиялық кератитте лимбтің маңында орналасқан жартылай мөлдір, домалақ, сұр түсті түйін қалай аталады?

А) инфильтрат

Б) фликтена

В) жара

Г) пустула

Д) пингвекула

111. Аккомодация қандай жаста төмендейді?

А) 60 жасқа таман

Б) 20 жасқа таман

В) 40 жасқа таман

Г) жасөспірім жаста

Д) 3 жастан кейін

112. Бұршақты алып тастаудың жаңа жетік тәсілі?

А) ИОЛ қондырумен факоэмульсификация

Б) қасаң қабықты тілу арқылы интракапсулярлы экстракция

В) экстракапсулярлы экстракция

Г) бұлыңғыр бұршақтың люксациясы

Д) конъюнктивалық қиықпен қасаң қабықтағы тілік арқылы

113. Науқаста бастапқы катаракта, оның бұлыңғырлану процесін азайту үшін не істеу керек?

А) көзілдіріктік түзету

Б) мидриатиктер тамызу

В) метаболизмді жақсартатын дәрілер

Г) хирургиялық ота жасау

Д) миотиктер тамызу

114. Науқаста катарактаның экстракциясынан кейін астигматизм дамыды. Қандай себеп әкелді?

А) экстракапсулярлы экстракция

Б) кіші тілік жасау

В) интракапсулярлы экстракция

Г) үлкен тілік жасау

Д) катарактаның факоэмульсификациясы

115. Нұрлы қабық қандай қантамырлармен қоректенеді?

А) артқы қысқа цилиарлы артериямен

Б) жас артериясымен

В) тор қабықтың орталық артериясымен

Г) алдыңғы цилиарлы артериямен

Д) көздің артериямен

116. Көз шарасының төменгі қабырғасы немен шекараласады?

А) самай шұңқырымен

Б) торлы лабиринтпен

В) гаймор қойнауымен

Г) фронталді қойнауымен

Д) ортаңғы ми шұңқырымен

117. Төменде аталған қандай дәрілер көзішілік қысымды төмендетеді?

А) 1% атропин ерітіндісі

Б) 0,5 % тимолол

В) ципролет

Г) 0,25% левомицетин

Д) 0,5% тропикамид

118.Ересек адамдарда көз алмасының өлшемі неше?

А) 20мм

Б) 25мм

В) 23мм

Г) 24мм

Д) 22мм

119.Дренажды жүйеге кіретін анатомиялық түзілім:

А) трабекула

Б) макула

В) жас безі

Г) Краузе безі

Д) бұршақ

120. Қандай жарақаттар орналасуы бойынша көздің сұқпалы жарақаттарына жатпайды?

А) қасаң қабықтық

Б) конъюнктивалық

В) корнеосклералді

Г) склералық

Д) лимбтік

121. Жарықты сезу қызметі морфологиялық немен қамтамасыз етіледі?

А) биполярлы жасуша қабатымен

Б) нерв жасушалары қабатымен

В) сауытшамен

Г) таяқшамен

Д) ганглиозды жасушалармен

122. Көру анализаторының шеткі бөлігіне не жатады?

А) сыртқы тізелік дене

Б) көру нерві

В) көру жолы

Г) тор қабық

Д) бас ми қыртысының шүйде бөлігі

123. Скотома дегеніміз не?

А) көру кеңістігінің концентрлі тарылуы

Б) көру кеңістігіндегі шектелген ақау

В) көру кеңістігінің сыртқы жарты бөлігінің түсіп қалуы

Г) көру кеңістігінің тарылуы біркелкі емес

Д) көру кеңістігінің ішкі жарты бөлігінің түсіп қалуы

124. Қасаң қабықтық синдромға жатады?

А) ауыру сезімі, көзінің алдында кемпірқосақ тәрізді шеңбер бейненің пайда болуы

Б) фотопсия

В) жарықтан қорқу, жас ағу, ауыру сезімі, бөгде дене сезімі, блефароспазм

Г) қабақтардың астында бөгде дене тұрғандай сезім, көздің ауыруы

Д) заттардың қисайып көрінуі

125. Мадароз дегеніміз не?

А) нұрлы қабықтың болмауы

Б) кірпіктердің болмауы

В)бұршақтың болмауы

Г) кірпіктердің дұрыс өспеуі

Д) қабақтың бір бөлігінің болмауы

126. Ұшықтық кератиттің терең түріне жатады?

А) диск тәрізді кератит

Б) көпіршікті

В) паренхиматозды

Г) ағаш тәріздес

Д) склерозды

127. Катаракта кезінде электрофизиологиялық зерттеу не үшін керек?

А) катарактаның экстракциясынан кейін көруді болжау үшін

Б) хирургиялық емдеу тактикасын анықтау үшін

В) ота алдында консервативті емді жүргізуді анықтау үшін

Г) отадан кейінгі емдеу такикасын анықтау үшін

Д) ИОЛ таңдау үшін

128. Жасқа байланысты катарактаның клиникалық ағымында келесі кезеңдер бар?

А) клиникалық көрініске дейін, бастапқы, жетілмеген, жетілген

Б) бастапқы, жетілмеген, жетілген, өте жетілген

В) бастапқы, дамыған, алысқа өршіген, терминалді

Г) бастапқы, жетілмеген, сүтті, өте жетілген

Д) бірінші, екінші, үшінші, төртінші

129. Жасқа байланысты катарактада консервативті емнің көрсеткіші:

А) бастапқы сатысында

Б) жетілмеген сатысында

В) жетілген сатысында

Г) өте жетілген сатысында

Д) консервативті ем жүргізілмейді

130. Артифакия бұл?

А) бұршақтың бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың болмауы

В) көзде жасанды бұршақтың болуы

Г) бұршақтың орнынан жартылай таюы

Д) бұршақтың орнынан толық таюы

131. Ядролық катарактасы бар науқасқа тән:

А) 1% пилокарпин ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

Б) 1% атропин ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

В) күндізгі мезгілде көру жітілігінің жақсы болуы

Г) квинакс ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

Д) түнде көру жітілігінің жақсы болуы

132. Ісінген жетілмеген катарактада қандай асқыну болады?

А) факолизистік глаукома

Б) факотоксикалық иридоциклит

В) факоморфиялық глаукома

Г) бұршақтың алдыңғы капсуласының жыртылуы

Д) бұршақ ядросының алдыңғы камераға шығуы

133. Афакияны түзетудің жетілген тәсілі:

А) интраокулярлы линзаны имплантациялау

Б) жанаспалы линза

В) көзілдірікті түзету

Г) бифокалді көзілдірік

Д) телескоптық көзілдірік

134. Афакия бұл?

А) бұршақтың бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың болмауы

В)көзде жасанды бұршақтың болуы

Г) бұршақтың жартылай орнынан таюы

Д) бұршақтың толық орнынан таюы

135. Аккомодация мезанизмі жақыннан іске қосылғанда, жалпы рефракциямен не болады?

А) көздің жалпы рефракциясы әлсірейді

Б) көздің жалпы рефракциясы күшееді

В) көздің жалпы рефракциясы эмметроптарда өзгермейді

Г)көздің жалпы рефракциясы миоптарда өзгермейді

Д) көздің жалпы рефракциясы гиперметропарда өзгермейді

136. Жақыннан көргіштіктің дамуына әкелмейтін себеп?

А) склераның әлсіздігі

Б) аккомодацияның әлсізігі

В) тұқым қуалайтын фактор

Г) көзішілік қысымның төмендеуі

Д) жалпы созылмалы ауру және ошақты инфекциялар

137. Аккомодация түйілуін қандай дәрілермен босатуға болады?

А) сульфацил-натрий

Б) левомицетин

В) атропин

Г) пилокарпин

Д) дексаметазон

138.Көздің қандай құрылымы көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?

А)шыны тәрізді дене

Б) цилиарлы дене

В) хориоиея

Г) нұрлы қабық

Д)бұршақ

139.Ашық бұрышты глаукоманың патогенезі:

А) алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықпен жабылып қалуы

Б) көздің дренажды жүйесінің дистрофиялық өзгерістері

В) алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің толық сіңбеуі

Г) нұрлы қабықтың бомбажы

Д) қарашықтың жабысып қалуы

140. Қабақтардың даму ақауы:

А)эпикантус

Б)поликория

В)кератоконус

Г) лентиконус

Д) афакия

141. Алдыңғы увеит кезінде көздің тамырлы қабығының қандай бөлігі зақымданады?

А) нұрлы қабық және цилиарлы дене

Б) тек қана нұрлы қабық

В) тек қана цилиарлы дене

Г) тек қана хориоидея

Д) тор қабық

142. Аталғандардың ішінде қайсысы көз алмасының тамырлы қабығына жатады?

А) қасаң қабық

Б) көру нерві дискі

В) склера

Г)цилиарлы дене

Д) тор қабық

143. Гранулематозды увеит жиі кездеседі?

А) стафилакоккты конъюнктивиттерде

Б) экзогенді ауруларда

В) пневмококкты кератитте

Г) стрептококкты кератоконъюнктивитте

Д) эндогенді ауруларда

144. Алдыңғы увеиттің емі басталады?

А) көзге мидриатиктер тамызумен

Б) этиологиясын анықтаумен

В)этиотропты еммен

Г) анестетик тамызумен

Д) аллергияға қарсы дәрілермен

145. Салюс – Гунн белгісі қандай ауруға тән:

А) диабеттік ретинопатияға

Б) жүкті әйелдердің ретинопатиясына

В) гипертониялық ангиопатияға

Г)тор қабықтағы жедел қанайналымның бұзылысына

Д) уытты (токсикалық) хориоретинит

146. Электроретинография тәсілімен нені зерттеуге болады?

А) тор қабықтың функционалдық жағдайын бағалау үшін

Б) көз түбінің қантамырларын

В) тор қабықтың тамырларындағы жылдамдықты анықтау үшін

Г) алдыңғы камера бұрышын зерттеу

Д) қасаң қабықтың сезімталдығын анықтау үшін

147. Конъюнктиваны зерттеуге арналмаған тәсіл?

А) биомикроскопия

Б) сыртқы байқау

В) бифокалді жарықтандыру

Г) офтальмоскопия

Д) бактериологиялық, цитологиялық зерттеу

148. Қасаң қабықтың негізгі қызметі:

А) жарықты өткізу, сұйықтық бөліп шығару

Б) жарықты өткізу, жарықты сындыру, қорғаныш

В) тіректік, жарықты сындыру, сұйықтық бөліп шығару

Г) түсті ажырату, жарықты сезу

Д) трофикалық

149. Қасаң қабықтық синдромға жатпайды?

А) жарықтан жасқану

Б) жас ағу

В) блефароспазм

Г) бөгде дене сезімі

Д) фотопсия

150. Алдыңғы камерадағы іріңді қалай атайды?

А) гифема

Б) лейкома

В) гипопион

Г) гемофтальм

Д) халькоз

151. Дәрігерге науқас оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, қызаруына, ауыруына шағымданады. Ауыру сезімі түнде күшейіп, жас ағумен, жарықтан жасқанумен бірге жүреді. Объективті: көз алмасының айқын перикорнеалді инъекциясы, гипопион, қарашықтың тұсында сұр түсті экссудат, артқы синехиялар байқалады. Көзішілік қысым 21мм.с.б. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:

А)жедел иридоциклит, миотиктер тамызамыз

Б) глаукоманың жедел ұстамасы, мидриатиктер тамызамыз

В) жедел иридоциклит, мидриатиктер тамызамыз

Г) глаукоманың жедел ұстамасы, миотиктер тамызамыз

Д) жедел хориоидит, гормондар тамызамыз

152.Цилиарлы дененің қабынуы қалай аталады?

А) циклит

Б) ирит

В) увеит

Г) хориоидит

Д) хориоретинит

153. Преципитат бұл?

А) қасаң қабықтың артқы жағындағы нүктелі бөліністер

Б) шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

В) бұршақтың алдыңғы капсуласының нұрлы қабықпен жабысып қалуы

Г) алдыңғы камерадағы ірің

Д) алдыңғы камерадағы қан

154. Артқы синехия бұл:

А) нұрлы қабық пен бұршақтың жабысуы

Б) қасаң қабықтың артқы бетінде нүктелі түзілімдер

В) шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген бұлыңғырлану

Г) бұршақтың алдыңғы бетінде қабыну түзілімдері

Д) алдыңғы камерада ірің

155. Гемералопия дегеніміз не?

А) көру кеңістігінің өзгеруі

Б) бір түстің түсіп қалуы

В) көру кеңістігінің екі жақты түсіп қалуы

Г) ымырттық көрудің бұзылысы

Д) аккомодация бұзылысы

156. Скотома бұл?

А) көру кеңістігінің ошақты ақауы

Б) көру кеңістігінің тарылуы

В) ымырттық көрудің бұзылысы

Г) көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы

Д) түсті ажыратудың бұзылысы

157. Хориоидея нені қоректендіреді?

А) тор қабықтың сыртқы қабаттарын

Б) тор қабықтың ішкі қабаттарын

В) тор қабықтың барлық қабаттарын

Г) тор қабықтың барлық қабаттары мен склераны

Д) тор қабықтың барлық қабаттары мен шыны тәрізді денені

158. Төменде аталған қандай белгі іштен туа біткен глаукомаға тән?

А) гифема

Б) гемофтальм

В) иридоденез

Г)гипопион

Д) буфтальм

159. Көздің сындыру орталары бұлыңғыр болғанда, тор қабықтың сылынуын қандай тәсілмен анықтауға болады?

А) көз ішіне жарық өткізу

Б) биомикроофтальмоскопия

В) офтальмоскопия

Г) ультрадыбысты тәсіл

Д) оптикалық когеренті томография

160. Соқыр дақ бұл?

А) көру кеңістігіндегі сары дақтың проекциясы

Б) көру нерві дискінің көру кеңістігіндегі проекциясы

В) көру нервінің әрбір бөлігінің көру кеңістігіндегі ақауы

Г) тор қабықтағы тамырлардың көру кеңістігіндегі ақауы

Д) жаңа түзілімдердің көру кеңістігіндегі ақауы

161. Гемианопсия бұл?

А) оң көздің көру кеңістігінің жартылай түсіп қалуы

Б) сол көздің көру кеңістігінің жартылай түсіп қалуы

В) бір көздегі көру кеңістігінің болмауы

Г) айқын екі жақты көру кеңістігінің тарылуы

Д) екі жақты көру кеңістігінің түсіп қалуы

162. Тор қабықтың пигментті дегенерациясында көру кеңістігінің зақымдануы сипаты?

А) көру кеңістігінің мұрын жақтан тарылуы

Б) көру кеңістігінің самай жақтан тарылуы

В) концентрациялық тарылу

Г) көру кеңісігінің жоғарыдан тарылуы

Д) Бьеррум дағы

163. Нұрлы қабықтың қызметі:

А) диафрагмалық

Б) жарықты сындыру

В) тіректік қызмет

Г) көзішілік сұйықтығын шығарады

Д) жарықты қабылдау

164. Сары дақтың маңында қандай фоторецепторлар орналасады?

А) таяқшалар

Б) фоторецепторлар жоқ

В) таяқша және сауытша бірдей мөлшерде

Г)сауытшалар

Д) пигменттер

165. Көзішілік сұйықтық түзіледі?

А) шыны тәрізді денеде

Б) нұрлы қабықта

В) хориоидеяда

Г) цилиарлы денеде

Д) тор қабықта

166. Экзофтальмометрия бұл:

А) көзішілік қысымды өлшеу

Б) көз алмасының алға қарай шығуы немесе ішке қарай ығысуын анықтау

В) тор қабықтың функционалдық жағдайын анықтау

Г) алдыңғы камера бұрышын анықтау

Д) нұрлы қабықты қарап шығу

167.Қандай ауруда гонископия жүргізген дұрыс?

А) конъюнктивит

Б)иридоциклит

В)блефарит

Г)хориоретинит

Д) глаукома

168. Күндізгі көруді қамтамасыз етеді?

А) сауытша

Б) таяқша

В) тор қабықтың ганглиозды жасушалары

Г) пигментті эпителидің жасушалары

Д) тор қабықтың биполярлы жасушалары

169. Ымырттық көруді қамтамасыз етеді:

А) сауытшалар

Б) таяқшалар

В) тор қабықтың ганглиозды жасушалары

Г) пигментті эпителидің жасушалары

Д)тор қабықтың биполярлы жасушалары

170. Скотопиялық көру:

А) түнгі көру

Б) ымырттық көру

В) күндізгі көру

Г) тауықтық зағиптық

Д) түсті көрудің бұзылысы

171. Бұршақты алып тастағаннан кейін көз қандай қызметін жоғалтады?

А) түсті ажырату

Б) ымыртта көруді

В) аккомодация

Г) көзішілік сұйықты бөліп шығару

Д) жарықты сезу

172. Катарактаны консервативті емдеу тәсілі:

А) иммунотерапия

Б) ісінуге қарсы

В) қабынуға қарсы

Г) зат алмасу процесін жақсарту

Д)десенсибилизация

173. Фликтена деп атаймыз?

А) түйін түріндегі қасаң қабықтағы инфильтрат

Б) десцемет қабатының жарық (грыжа) тәрізді томпаюы

В) көз алмасының сұқпалы жарақатында ішкі қабықтардың қысылып қалуы

Г) қасаң қабықтың тыртықтық бұлыңғыры

Д) ұшықтық көпіршіктер

174. Кератоглобус бұл?

А) қасаң қабықтағы қабыну процесі

Б)қасаң қабықтағы ісік

В)қасаң қабықтың пішінің өзгеруі

Г) қасаң қабықтағы тыртық

Д) қасаң қабықтың дистрофиясы

175. Екінші катарактаға әкелетін себеп:

А) көздің аурулары

Б) афакия

В) жасқа байланысты катаракта

Г) сферофакия

Д) катарактаның экстракапсулярлы экстракциясы

176. Қасаң қабыққа енген қантамырларын қалай атайды?

А) инфильтрация

Б) васкуляризация

В) лейкома

Г)склероза

Д) ноғала (бельмо)

177. Иридоциклитті емдеуге қажет емес дәрі:

А) атропин

Б)пилокарпин

В)мезатон

Г) кортикостероид

Д)антибиотик

178. Офтальмологқа 48 жастағы науқас келді. Ол оң көзі қабағының ісінуіне, ашуына, көзде бөгде тұрғандай сезімге шағымданды. 20 минут оның көзіне қышқыл түскен. Қандай ем ұсынасыз?

А) конъюнктивалық қуысты сумен ұзақ жуу

Б) анестетикті тамызу