Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОП акушер.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
372.74 Кб
Скачать
  1. Әйел перзентханадан босанғаннан кейін 3-ші тәулікте шығарылды. Осы кезде жатыр түбі қай жерде орналасуы керек:

    1. +кіндіктен 5-6 см төмен

    2. 7-8 см кіндіктен төмен

    3. 3 См кіндіктен төмен

    4. Қасағаның бойында

    5. Қасағандан төмен

  1. Әйел босанған кезде аралығы II дәрежеде жыртылды. Дәрігер жыртығына тігіс салды, терісін жібек жібімен тікті. Салынған тігісті дәрігер қашан алды:

    1. 3 тәулік

    2. +5 тәулік

    3. 7 тәулік

    4. 9 тәулік

    5. 12 тәулік

  1. Босанғаннан кейін әйел дәрігерге келесі сұрақ қойды: Нәресте емшекті сормайды, шаршап қалатынға ұқсайды. Не істеу керек, сіздің кеңесіңіз:

    1. Бұрынғы қалпымен емізе беру керек

    2. +бала жылаған сайын емшек беру

    3. Емізу арасында сауылған сүтті беру

    4. Емшек сүтімен бірге қосымша тағам беру

    5. Емізу арасында 5% глюкоза ерітіндісін беру

  1. Босанғаннан 7 тәулік өткенде әйел келесі шағымдарымен дәрігерге келді: кешке қарай дене қызуының 380С көтерілу, әлсіздік, жөтелу. Сүт бездерін зерттегенде жұмсақ, ұштарында жарықтар байқалады. Өкпелерінің төменгі бөлігінде тынысы бәсеңдеген, бірен-сараң сырыл естіледі. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөлігінде сәл ауыру сезімділік байқалады. Лохиялары – сукровица орташа мөлшерде бөлінеді. Сіздің тактикаңыз:

    1. Поликлиникада зерттеу: ЖҚА, өкпеге рентгенография, 3 рет қақырықты бактериоскопиялық зерттеу

    2. Көп мөлшерде антибиотиктерді тағайындау

    3. Клиникалық аурухананың терапевтикалық бөлімшесіне жатқызу

    4. +Перзентханаға жатқызу

    5. Фтизиатр зерттеу керек

  1. Босанғаннан кейін жүргізілген флюрография кезінде дәрігер науқстың өкпе туберкулезіне күдіктенді. Дәрігердің тактикасы:

    1. Фтизиатрдың кеңесі керек

    2. Бейспецификалық антибактериалді терапия тағайындау

    3. 3 рет қақырықты бактериоскопиялық зерттеу

    4. Өкпеге шолу рентгенография жүргізу

    5. Пульмонологтың кеңесі керек

  1. Босанғаннан 3 ай өткен соң әйел «Жүктіліктен қалай сақтанну керек?» деген сұрақпен келді. Сіздің кеңесіңіз:

    1. +Кемінде 6 сағат сайын баланы емізіп тұрса, 6 ай контрацептив қажет емес.

    2. Таблетка түріндегі таза прогестиндерді қабылдау керек («Мини-пили» типтес)

    3. «Депо-Провера» инъекциясын салу керек

    4. Тері астына «Норплант» имплантын еңгізу керек

    5. Құрамында левоноргестрелы бар жатыр ішілік «Мирена» серіппесін салу керек

  1. АИВ инфицирленген әйел босанғаннан 2 айдан кейін келесі сұрақпен келді: «Жүктіліктен қалай сақтануға болады?». Сіздің кеңесіңіз:

    1. +Презервативпен

    2. ЖІС арқылы

    3. Спермицидтермен

    4. Календарлық әдіспен

    5. Қынаптық диафрагмалармен

  1. Босанғаннан кейін әйел келесі сұрақпен дәрігерге келді: «Салмақ қоспау үшін қашан физикалық жаттығуларды жасауға болады?» Сіздің пікіріңіз:

    1. Перзентханадан шыққаннан кейін

    2. Бір аптадан кейін

    3. Бір айдан кейін

    4. Босанғаннан 8 апта өткен соң

    5. Босанғаннан 5-6 ай өткен соң

  1. Әйел баласын емізу кезінде ішінің төменгі аймағында ауру сезім пайда болуына шағымданып келді: Сіздің тактикаңыз:

    1. Жансаздыратын препараттар тағайындау

    2. Кіші жамбасты УДЗ арқылы зерттеу

    3. +Бұл табиғи үрдіс

    4. Жалпы қан және зәр зерттеулерін жүргізу

    5. Әйелге перзентханаға жолдама беру

  1. Лактостаздың емідеп есептеледі:

    1. +баланы жиі емізу

    2. Дегидратациялық терапия

    3. Ауру сүт безіне мұз тарту

    4. Лактацияны төмендету үшін гормондарды тағайындау

    5. Антибактериалді терапия

  1. Босанағаннан кейінгі мастит бойынша қауіп-қатер тобына кіреді:

    1. +анамнезінде мастит болған жағдай

    2. мастопатия

    3. босанғаннан кейінгі эндометрит

    4. Оперативті босандыру

    5. Экстрагениталді аурулар

  1. Босанғаннан кейінгі қабыну аурулардың этиологиясын анықтау үшін не істеу керек:

    1. Іріңді бактериологиялық егу

    2. Қанды бактериологиялық егу

    3. +жатыр қуысының бөлінділерін егу

    4. Сұтті егу

    5. Зәрді егу

  1. Нәресте туғанда салмағы жеткіліксіз деу үшін қандай параметрлері маңызды:

    1. + Нәрестенің салмағы

    2. Гестациялық жасы

    3. Нәрестенің салмағы және гестациялық жасы

    4. Жаңа туған нәрестенің мол шаранасы

    5. Нәрестенің туылғандағы бойы

  1. Кефалогематомамен туылған нәресте қандай қауіп-қатер тобына жатады:

    1. +инфекция

    2. анемия

    3. бұл қауіп-қатер тобына тіркейтіндей патология емес

    4. тыныс алу бұзылыстары

    5. Гипогликемия

  1. Босанғаннан кейін эндометрий құрымы қашан толығынан қалыпына келеді:

    1. 10-15 күнде

    2. 2-3аптада

    3. 4-5 аптада

    4. +6-8 аптада

    5. 9-10 аптада