Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ СРСП 14-15.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
650.24 Кб
Скачать

Сау адамның бауыр қызметінің көрсеткіштері

Жалпы билирубин – 8,0 - 20,0мкмоль/л

Тура емес билирубин – 16 мкмоль/л

Тура билирубин – 0,5 - 5,0 мкмоль/л

АСТ – 35 МЕ/л ( 0,45 ммоль/сағ ˙ л)

АЛТ – 40 МЕ/л ( 0,68 ммоль/сағ ˙ л)

Сілтілік фосфатаза 0,14–0,36мколь/л

Зәрнәсіл – 3,5 - 8,5 ммоль/л

Жалпы холестерин –5,0ммоль/л дейін

Фосфолипидтер – 1,95 – 4,9 ммоль/л

Қалдық азот -14,28 – 28,56 ммоль/л

Аммиак 21,4 - 42,8 мкмоль/л

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 519-558

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 519-555

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010 Т. 2., С. 386-424

  4. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2009.-С. 411-420

  5. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516

  6. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 221-230

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2 С. 273-291

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С.576 - 595

  4. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 С.539-547.

  5. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195

бақылау

  1. Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

  2. Глоссарийді білу

  3. Тест тапсырмаларын орындау «Патологиялық физиология бойынша тесттік тапсырмалар» қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П. Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы. Б. 365-381

Конференция «ауыз қуысы дерттері және оның асқорыту жүйесі қызметі бұзылыстары патогенезіндегі маңызы»

Сабақтың мақсаты:

  • Ауыз қуысы ауруларында асқорыту бұзылыстарының патогенезі туралы білімін қалыптастыру

  • Ауыз қуысының кейбір ауруларының этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  • Аудиторияда баяндамамен сөйлеу коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

  • Тіл (қазақ, орыс, ағылшын) білімін жетілдіру

  • Рөлдік ойын дайындауда және кейс-стади патофизиологиялық сараптауда өзін өзі жетілдіру құзыретін қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Үш тілде баяндама жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Жүргізу түрі: екі немесе одан көп топша студенттері қатысуымен рөлдік ойын

Рөлдік ойын сценарийі

Қатысушылар:стоматология факультеті 3 курс студенттері

Басқарушылар:

Конференция төрағасы (модератор)

Конференция хатшысы (модератор)

Баяндамашылар – алыс және жақын шетел азаматтары

  1. Қазақстан (қазақ тілінде баяндама, резюме орыс және ағылшын тілінде) Тақырыбы: «Сиалоаденит пен сиалолитиаздың этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі»

  2. Украина (баяндама орыс тілінде, резюме қазақ және ағылшын тілдерінде). Тақырыбы: «Тіс жегі, пародонтита, пародонтоздардың этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі»

  3. Америка (баяндама ағылшын тілінде, резюме қазақ және орыс тілдерінде). Тақырыбы: «Самай-төменгі жақ буынының артриттері мен артроздары, этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі»

  4. Россия (баяндама орыс тілінде, резюме қазақ және ағылшын тілдерінде). Тақырыбы: «Стоматит, этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі»

  5. Индия (баяндама ағылшын тілінде, резюме қазақ және орыс тілдерінде). Тақырыбы: «Тістеудің ақауы, этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі»

Бірінші сцена.

Төрағаның кіріспе сөзі (үш тілде).

Конференция мәселесінің өзектілігі, ауыз қуысы ауруларының таралуы нақтыланады. и ауыз қуысы аурулары мен ішкі ағзалар мен жүйелер ауруларының өзара қатынасы көрсетіледі. Сонымен бірге іш қуысы ағзаларының дерттері тіс жақ жүйесіның қызметі бұзылыстарын дамытады. Ауыз қуысы дерттері асқорыту жүйесі қызметі бұзылыстарының патогенезінде маңызды рөл атқарады..

Екінші сцена.

Модератор Қазақстаннан келген баяндамашыны таныстырады.

Баяндамашы ұлттық киімде «Сиалоаденит пен сиалолитиаздың этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі» тақырыбындағы баяндамасын қазақ тілінде баяндап, көрсетілімі орыс тілінде беріледі. Баяндама соңында резюме ағылшын тілінде беріледі

Үшінші сцена.

Модератор Украинадан келген баяндамашыны таныстырады.

Баяндамашы ұлттық киімде конференция қатысушыларымен украин тілінде амандасады. «Тіс жегі, пародонтита, пародонтоздардың этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі» тақырыбындағы баяндаманы орыс тілінде баяндап, презентациясы қазақ тілінде көрсетіліп, резюме ағылшын тілінде беріледі.

Төртінші сцена.

Модератор Америкадан келген баяндамашыны таныстырады.

Баяндамашы «Самай-төменгі жақ буынының артриттері мен артроздары, этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі» баяндамасын ағылшын тілінде баяндайды, көрсетілімі қазақ тілінде беріледі. Резюме орыс тілінде.

Бесінші сцена.

Модератор Ресейден келген баяндамашыны таныстырады.

Баяндамашы «Стоматит, этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі» тақырыбындағы баяндаманы орыс тілінде баяндап, презентациясы қазақ тілінде көрсетіліп, резюме ағылшын тілінде беріледі.

Алтыншы сцена.

Модератор Индиядан келген баяндамашыны таныстырады.

Баяндамашы ұлттық киімде қатысушылармен танысқан соң «Тістеудің ақауы, этиологиясы мен патогенезі, оның асқорыту қызметі бұзылыстары патогенезіндегі рөлі» баяндамасын ағылшын тілінде баяндайды, көрсетілімі қазақ тілінде беріледі. Резюме орыс тілінде.

Жетінші сцена

Пікірталаста топша оқытушылары катысушылардың баяндамаларын талқылап, коммуникативті двғдысын, тіл бойынша білімін бағалайды.

Сегізінші сцена

Төраға қорытындылап, қатысушыларға үш тілде рахметін айтады.

Демонстрациялық материал: студенттерін өздігінен дайындалады.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010 Т. 2., С. 386-424

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2009.-С. 411-420

  3. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516

  4. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 187-257

Қосымша

Баяндама тақырыбына сәйкес студенттер өздері таңдайды.

Бақылау

    1. Баяндама көрсетілімінің сапасы, коммуникациялық дағдысы.

«Бүйрек патофизиологиясы»ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ мақсаты:

  • Бүйрек қызметі бұзылыстары бойынша клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру

  • Үш тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Қан және зәр анализдерін сараптау машығын жетілдіру

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Жүргізу түрі:

Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, кестелерді толтыру, тестілеу.

2,3 тапсырмаларды орындау үшін материалды келесі сұрақтар бойынша меңгеру керек:

  1. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Н

  2. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері

  3. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  4. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі

  5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  6. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі

  8. Нефриттік және нефроздық синдромдардың этиологиясы мен патогенезі (гломерулонефриттер мен пиелонефриттер мысалында)

  9. Несеп-тас ауруының этиологиясы мен патогенезі.

  10. Уремия, түсінік патогенезі;

  11. БСЖ кезіндегі тіс жақ тіндеріндегі өзгерістер.

1 тапсырма. Кейс-стади.

1 есеп. Зимницкий сынауын сараптап, клиренсті есептеңіз. Егер қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л).тәуліктік диурез – 950 мл. С= U зәр/ P плазма х Vзәр (мл/мин) өрнегін қолданыңыз.

Зимницкий сынауын сараптаңыз:

Уақыты

Зәр мөлшері

Зәрдің сал. тығыздығы

9

12

15

18

21

24

3

6

80

100

70

80

150

200

100

150

1030

1020

1025

1020

1021

1025

1025

1032

Бүйректің қызметі туралы қорытынды жасаңыз.

2 есеп. Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.

Диурез – тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер

Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер

АҚ – 175/95 мм с.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)

№ 3 есеп. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.

1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?

2. Анурияның патогенезі қандай?

4 есеп. Науқасқа 52 жаста, 12 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Дәрігерге соңғы кездері пайда болған күндіз ұйқышылдыққа, түндегі ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, апатияға, төс артындағы және эпигастр аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуы, іш өтуі, терісінің қышуына шағымданды.

Тексергенде: АҚ 165/95 мм.с.б., жүрек шекараларының солға кеңейгені, жүректің барлық жағынан перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; айқын азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин.

Зәр анализі: Тәуліктік диурез – 450 мл. Тығыздығы 1029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясында: көру аймағында біріндеген эритроциттер, лейкоциттер көп мөлшерде, түйіршікті цилиндрлер аздап кездеседі. ҚСҮ көрсеткіштері: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмендеген.

  1. Науқаста дамыған жағдайды қалай атайсыз?

  2. Осы жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?

  3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдардың және ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің туындау механизмі қандай?

  4. Науқастағы дамыған бұзылыс күшейгенде қандай жағдайға әкелуі мүмкін?

2 тапсырма. № 10 - сұрақты үш тілде талқылау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]