Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

БП_

.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
374.78 Кб
Скачать

Қандай дәрігерлік қателік кетті?

* Дәрігер іс-әрекетінде қателік жоқ

* Тромболитикалық терапия өмірлік көрсеткішпен жүргізілген

* Тромболитикалық терапия тағайындауға қарсы көрсеткіш болмағандықтан, дәрігер іс-әрекетінде қателік жоқ

* Пациентке болатын қауіптіліктер, салдары және ем нәтижелері туралы ақпарат берілмей, құқығы бұзылған

*+ Пациенттің денсаулығына зиян келтіретін (ТЛТ жүргізуге қарсы көрсеткіш бар) медициналық көмектің кемшілігі бар

! Науқас В., 85 жаста артериялық гипертензия және бұрын болған ми инсульт салдарымен қалалық кардиология ортаталығына түсті. Госпитализациядан 2 күн бұрын пациент жарақат алған. Жедел жәрдем бригадасының жолдама қағазында оң жақ сан сүйегі мойыны сынғаны көрсетілген, бөлімшеге жатқызылды. Қарап тексергенде науқаспен тілдесу қиын, дизартрия. Сол жақтық гемипарез. Оң аяқтың сыртқы ротациясы. ЭКГ-де жедел коронарлық патология анықталмады.

Қандай дәрігерлік қателік кетті?

* Ешқандай қателік кетпеді, дәрігердің барлық әрекеті дұрыс

* Жарақаттанған аяқтың рентгенографиясы жасалмады

*+ Қабылдау бөліміндегі дәрігердің пациентке немқұрайлы қарауы

* Ауру сезімінің ажырату диагностикасы жүргізілмеген

* Дәрігер өзінің алған білімі мен лауазымын саралап отырып, іс-әрекетінің бұрыстығын және науқасқа зиян келтіруі мүмкін екенін білу керек еді.

!. Комплаенттік деген не?

* Өз сезімдерін тани білу қабілеті

* Клиенттің әрекеттеріне шыдамды болып қалу қабілеті

*+ Пациенттің қылығы мен дәрігерден алған ұсыныстары арасындағы сәйкестік дәрежесі

* Дәрігердің (немесе кез-келген медицина қызметкерінің) қызметтік іс-әрекеті кезінде байқаусыз қателесуі

* Медициналық қызметкердің немесе мекеменің пациенттің денсаулығына зиян келтіру арқылы немқұрайлы немесе қажетсіз көрсетілген медициналық көмектің заңды түсінігі

! Науқас З., 60 жаста, бұрыннан артериальды гипертензиясы бар, үдемелі стенокардия, постинфарктты кардиосклероз СЖЖ IIA 3 ФК диагнозымен стационарда ем алуда. Объективті: науқас ісінген, апатиялы. Тері жабындыларының құрғақтығы байқалады. Емдеуші дәрігер қалқанша без гормондарын ақылы өтуді ұсынды. Науқас келісті.

Дәрігер іс-әрекетінде заңды бұзушылық бар ма?

* Ия, ҚР үкіметінің 15 желтоқсан 2009 жылғы № 2136 "Кепілді ақысыз медициналық көмектің тізімін бекіту туралы" қаулысында бұл зерттеу ақысыз жүргізіледі

*+ Жоқ, дәрігер ҚР үкіметінің 25 шілде 2002 жылғы № 828 «Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарында ақылы медициналық қызметтерді көрсету ережесі туралы» қаулысына сәйкес жасады

* Жоқ, ҚР 4 маусым 2003 жылғы № 430-II Заңына сәйкес кез-келген медициналық мекеме ақылы қызмет көрсете алады

* Ия, кардиологиялық профильде бұндай зерттеу жүргізілмейді

* Ия, бұндай зерттеу тағайындауға көрсеткіш жоқ

! Науқас Ф., 65 жаста, ЖИА-мен көп жылдан бері ауырады, төс артындағы қысып, басып ауру сезіміне, күш түскенде ентігуге шағымданады. ЭКГ-де: алдыңғы-бүйір қабырғасында субэндокардиальды зақымдану. Келесі күні туыстарымен сөйлескенде емдеуші дәрігер кардиопротекция мақсатында FDP ерітіндісін сатып алуды ұсынды.

Осы жағдайда дәрігер тактикасы дұрыс па?

* Амбулаторлы-емханалық этапта ұсыныс беру керек

* Осы препараттың тағайындауына көрсеткіш бар, сондықтан дұрыс

*+ Пациенттің ақысыз ем алу құқығы бұзылды

* Препаратты тағайындауға қажеттілік жоқ

* Препаратты миокард инфарктысында тағайындауға болмайды

! Шетелдік фармакологиялық фирманың өкілі өзінің фирмасының ұстанымын тықпалау мақсатында емхананың әкімшілігіне ақшалай сыйақы беру үстінде ұсталды. Осы жағдайда өкілге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қолданылады ма?

* жоқ, өйткені ол заңсыз әрекеттер жасамады

* жоқ, өйткені заң жеке тұлғаларға ғана қолданылады

* жоқ, өйткені ол шетелдік фирманың өкілі

*+ия, бұл заң ҚР территориясындағы барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады

* ия, өйткені заңның күші ТМД мемлекеттерінің территориясында орналасқан,мүліктік игілікті заңсыз түрде лауазымды тұлғаға пайдалануға ұсынатын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады

! Төменде көрсетілген қағидалардың қайсысы ҚР – ның «Қылмысқа қарсы күрес» заңының қағидасы болып табылады?

* гуманизм

* демократия

* міндетті жауакершілік

* кінәлінің жауапкершілік

*+заң және сот алдында бәрі тең қағидасы

! Сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық туралы дерек берген тұлға жайлы ақпарат:

* әскери құпия

* қызмет құпиясы

* өндірісші құпиясы

*+мемлекеттік құпия

* қолдануға арналған ашық дерек

! Медициналық орталықты құрал жабдықтармен қамтамасыз ететін фирманың қызметкері, қосалқы адам арқылы, орталық басшысына раритетті кітапты сыйлады. Басшыға кітап қажет болатын, бірақ ол пара болып көрінді. Пара туралы заң бойынша сыйлықпен не істеу керек?

* фирманың қызметкеріне кітапты қайтару

* кітап пара болмағандықтан оны өзінде қалдыру

* отыз күнге дейін арнайы мемлекеттік фондқа тегін беру керек

* қосалқы адам арқылы алынған сыйлық ,пара болып саналмайды

*+арнайы фондтан жоғары тұрған лауазымды кісінің рұқсатымен сатып алу

! Науқас стационарлық емге жеңілдік алу үшін емхана меңгерушісіне ақшалай сыйлық ұсынды. Пара беруші жауапқа тартылмайды, егерде:

* науқас ауруханадан шыққаннан кейін бір ай ішінде өз ерімен болған жайды баяндаса

*+лауазымдағы адам тарапынан тонаушылық болса

* пара госпитализацияға жеңілдік үшін берілген

* науқас ауруханаға госпитализацияланады

* ақшалай сыйлық 10 АЕК-тен аз

! Қандай жағдайда лауазым иесінің жемқорлық мақсаты нәтижесінде алынған заңсыз қызметтері қарауға жатады және заңсыз алынған қызметтер көлемі мемлекет кірісіне кіреді?

* егер лауазым иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса

* жемқорлықпен күрес жүргізуші бөлімнің қарауы бойынша

* егер пара көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен асса

* тек жоғарыда тұрған лауазым иесінің бұйрығы бойынша

*+барлық жағдайда