Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Босану биомеханизмі

.doc
Скачиваний:
305
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
56.83 Кб
Скачать

Бастың шалқайып келуі.

Бас орнығуының аномалиялары.

Бастың шалқайып келу түрлері:

А) бастың алдымен келуі;

Б) маңдаймен келуі;

В) бетпен келуі.

Барлық босанулар арасында жиілігі 0,5-1,6%-ті құрайды.

Себептері:

  1. Жатыр тонусының төмендеуі және кординациясы бұзылған жатыр жиырулары;

  2. Тар жамбас (әсіресе жалпақ жамбас);

  3. Жамбас түбі бұлшық еттерінің тонусы төмендеуі;

  4. Ірі нәресте немесе нәресте салмағының аздығы;

  5. Құрсақ бұлшық еттерінің әлсіздігі;

  6. Жатырдың қапталына ауытқуы және сирек кезде бастың да ауытқуы;

  7. Іштегі нәрестенің туа біткен қалқанша безінің ісігі;

  8. Шүйде-атланта (ауыз омыртқа) буынының тығыз қозғалуы.

Бастың алдымен келуі.

Бастың алдымен келуін қынап арқылы зерттегендегі мағлұматтарға сүйеніп білуге болады. Қынап арқылы зерттегенде: үлкен және кіші еңбек бір деңгейде екеуі бірден анықталады, болмаса үлкен еңбек сәл төмен, ал кіші еңбек сәл жоғары орналасады. Жебе (сагиттальды) жігі кіші жамбас кіреберіс жазықтығының көлденең өлшемінде, кейбір кезде аздап қиғаш өлшеміне сәйкес келеді.

Түрі (алдыңғы, артқы) әдеттегідей нәресте арқасының құрсақ қабырғасына қатысты орналасуымен анықталады.

Жамбас қуысымен нәресте басының қозғалу механизмі мынадан тұрады.

Босанудың бірінші сәті:

Әдеттегідей нәресте басы бүгілудің орнына сәл шалқаяды.

Екінші сәті:

Нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуімен бірге бас ішкі айналым жасайды, үлкен еңбек алға (симфизге) қарайды. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында жебе (сагиттальды) жік тік өлшеміне сәйкес келеді, маңдай симфизге (қасағаға) шүйде құйымшаққа қарай орналасады.

Үшінші сәті- бүгілу:

Нәресте басы жыныс ернеуін мынадай пішінмен жарып шығады. Жыныс ернеуінен бірінші үлкен еңбек және оған жақын төбе сүйектерінің бөліктері көрінеді. Шат доғасының астынан маңдай және маңдай бұдырлары шыққаннан кейін кеңсірік (glabella) (сурет 205) үстінде шат доғасымен жанасып, нәресте басы бүгіледі. Аралық үстінен төбе бұдырмағы көрінеді (сурет 206). Нәресте басы шалқаяды.

Төртінші сәті:

Шүйде бұдырымен аралық жанасып, шат доға- сы астынан бет және иек босайды.

Бесінші сәті:

Иықтың ішкі айналымы, бастың сыртқы айналымы. Нәресте денесінің босануы шүйдемен келу тәрізді өтеді.

Жанасу (тірелу) нүктелері.

Жыныс ернеуін жарып шығарда екі жанасу нүктелері құралады:

А) кеңсірік (glabella) үстінде;

Б) шүйде бұдырмағы.

Нәресте басы жыныс ернеуін тік өлшеммен (айналымы 34 см) жарып шығады.

Диагностика (қынап арқылы зерттеу).

Бастың алдымен келуін бастың шүйдемен келуінің артқы түрімен салыстырғанда мынадай принципиальдық ерекшеліктерді ескерген дұрыс.

  1. а) Бастың алдымен келген жағдайда үлкен (алдыңғы) және кіші (артқы) еңбек анықталады. Үлкен (алдыңғы) еңбек кіші (артқы) еңбектен төмен орналасады;

б) Шүйдемен келудің артқы түрінде әдетте тек кіші еңбек, кейбір кезде үлкен еңбектің артқы бұрышы анықталады.

  1. а) Бастың алдымен келген жағдайында жанасу нүктелері:

кеңсірік үстінде (glabella)

шүйде бұдырмағы

б) Шүйдемен келудің артқы түрінде:

маңдайдың шашпен

ұштасқан шекарасы

шүйде ойығы.

  1. а) Бастың алдмен келген жағдайында

нәресте басы жыныс ернеуін тік өлшеммен

(айналымы 34см) жарып шығады

б) Шүйдемен келудің артқы түрінде нәресте басы жыныс

ернеуін ортаңғы қиғаш өлшеммен (айна-

лымы 33см) жарып шығады.

  1. а) Бастың алдымен келген жағдайында бас

ісігі үлкен еңбек аумағында орналасады

(башенная головка)

б) Шүйдемен келудің артқы түрінде бас ісігі шүйдеде орналасады.

Бастың маңдаймен келуі.

Бастың маңдаймен келуі әдетте бастың алдымен келуімен бетпен келуінің арасында болады. Жамбас қуысына түскен нәресте басы маңдаймен жарып шығуы 0,021% жиілікпен кездеседі.

Себептері:

  1. Жамбастың тарлығы;

  2. Құрсақтың және жатыр тонусының төмендеуі;

  3. Жатырдың қапталына ауытқуы;

  4. Нәресте салмағының аздығы;

  5. Кіндіктің қыс қ аруы.

Бастың маңдаймен келуін аускультация, сыртқы және қынаптық тексеру арқылы анықтайды. Нәрестенің жүрек соғысы арқасына қарағанда көкірегінде жақсы естіледі. Сыртқы тексеру кезінде бастың маңдаймен келуін тек болжауға болады. Нақты диагнозды қынаптық зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып қоюға болады. Қынап арқылы зерттегенде: маңдай жігі, үлкен (алдыңғы) еңбектің алдыңғы қыры, кеңсірік үсті (glabella), надбровные дугисглазницами анықталады; ауыз және иек анықталмайды.

Босанудың бірінші сәті:

Нәресте басы кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына келгенде шалқаяды. Нәресте басының маңдай жігі жамбастың көлденең немесе қиғаш өлшеміне сәйкес келеді.

Екінші сәті:

Жамбас қуысында нәресте басы ішкі айналым жасағанда бетімен алға, ал шүйдесімен артқа қарайды.

Үшінші сәті:

Нәрестенің жоғарғы жағы шат доғасының астымен жанасқаннан кейін бас сәл иіліп, аралық үстінен шүйде көрінеді.

Төртінші сәті:

Нәресте басы аралықпен жанасқан соң бас кішкене шалқаяды, осы кезде беттің төменгі бөлігі және иек жыныс ернеуін жарып шыңады.

Бесінші сәті:

Нәресте иықтарының ішкі айналымы және бастың сыртқы айналымы бастың шүйдемен келуімен ұқсас.

Жетекші нүкте болып маңдай саналады.

Жанасу (тірелу) нүктелері.

Жыныс ернеуін жарып шығарда екі жанасу (тірелу) нүктелері құралады:

а) жоғарғы жақ;

б) шүйде бұдырмағы.

Нәресте басы жыныс ернеуін айналымы 35см-ге тең өлшеммен (circumferentia maxillo-parietalis) жарып шығады. Бас ісігі (башенная головка) маңдайда қалыптасады.

Бастың маңдаймен келгендегі босану ағымы кезінде босанушы әйелдің (аралықтың жыртылуы, жатырдың жыртылуы, т.б.) және нәрестенің (асфиксия, т.б.) жарақаттану қаупі жоғары болады.

Бастың бетпен келуі.

Нәресте басының шалқайып келудің жиі кездесетін түрі бастың бетпен келуі.

Себептері:

  1. Тар жамбас (әсіресе жалпақ жамбас) ;

  2. Жатырдың оң және сол бөліктерінің асимметриялық жиырылуы;

  3. Жатыр тонусының төмендеуі.

Нәресте басының бетпен келуінің біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратады. Біріншілік түрі жүктілік кезінде пайда болған нәрестенің қалөанша безінің ісігі әсерінен; екіншілік түрі көбінесе тар жамбас әсерінен болады.

Әдетте нәресте позициясын арқасына емес иегіне қарап анықтайды. Егер иегі алға қараса, бетпен келудің алдыңғы түрі; ал егер нәресте иегі артқа қараған болса, оны бетпен келудің артқы түрі дейді.

Босанудың бірінші сәті:

Нәресте басы жамбастың кіреберіс жазықтығына келгенде шалқаяды. Бет сызығы (маңдай жігімен басталып иекке дейіңгі сызық) кқлденең немесе сәл қиғаш өлшеммен сәйкес.

Екінші сәті:

Нәресте басы жамбас қуысымен төмен түседі.

Үшінші сәті:

Жамбас түбіне жеткенде нәресте басы ішкі айналым жасайды, иегі алға қарайды (сурет 208).

Төртінші сәті:

Нәрестенің қалың көгерген ернімен ісінген аузы жыныс ернеуін жарып шыға бастайды (сурет 209). Тіласты сүйегі шатпен жанасады (сурет 210), аралықтан маңдай, төбе және шүйде көрінеді, бас бүгіледі.

Бесінші сәті:

Иықтардың ішкі айналымы, бастың сыртңы айналымы (шүйдемен келуге ұқсас).

Нәресте басы жыныс ернеуін айналымы 33см вертикальды өлшеммен (circumferentia trachelobregmatica) жарып шығады. Жаңа туылған сәбидің басы алғашқы күндері шалқайып жатады.

Диагностика.

Нәресте басы бетімен келген кезде диагностика сыртқы пальпацияға, аускультацияға және қынаптық зерттеуге негізделеді. Жамбастың кіреберіс жазықтығынан жоғары аймақта сыртқы зерттеу нәтижесінде бір жақтан иек, екінші жақтан шүйдемен арқа арасындағы шұңқыр анықталады. Дифференциалды диагностика сүйектік түзілістерді анықтауға негізделген:

а) бетпен келуде иек, көз шарасының жоғарғы қыры ;

б) жамбаспен келуде құйымшақ, сегізкөз, шонданай бұдырмақтары анықталады.

Көз алмасын, ауыз қуысының шырышты қабығын, сыртқы жыныс мүшелерін зақымдап алмау үшін зерттеуді абайлап жүргізген жөн.

Босану ағымы.

Нәресте басы бетпен келген жағдайда босанудың бірқатар ерекшеліктері бар. Босану уақыты бастың шүйдемен келген кездегіден ұзағырақ. Қағанақ суының мезгілсіз кету жағдайы 2 есе жоғары. Осыған байланысты нәресте асфиксиясы, жарақаттануы және өлі туылу проценті де жоғары болады.

Бетпен келудің артқы түрінде өздігінен босану мүмкін емес. Бұл жағдайда кесар тілігі жасалады.

10