Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

БП_

.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
374.78 Кб
Скачать

*+ Иә, кепілденген медициналық көмек-тромболизистік терапияны жүргізу

* Иә, диагнозды қойғаннан кейін науқасты тұрғылықты жері бойынша клиникаға жіберуі керек еді

* Иә, науқасты бірден тұрғылықты жері бойынша госпитализациялау керек еді

* Жоқ, тромболизис бұл кезде керек емес еді

* Жоқ, науқас құқықтарының барлығы сақталған

! Ер адам 36 жаста, шахтер, шахтадағы жарылыс кезінде омыртқаның ауыр зақымын алған. Ауруханадан шыққан соң және ұзақ реабилитациядан кейін арбамен қозғала бастаған. Мүгедектік тобы анықталып, бірнеше рет санаторийда емделген. Өндіріс орындарынан жұмыс қарастырған, бірақ сәтсіз. Әлеуметтік қорғаныш пен алдын алудан басқа, мүгедектікке қатысты ҚР мемлекеттік саясаты нені қарастырады?

* Мүгедектерге медициналық қызмет көрсететін арнайы медициналық ұйым құру;

* Барлық мүгедектерге еңбек етуге тыйым салу;

* Барлық мүгедектерге еңбек етуге рұқсат беру;

*+ Қоғамға интеграциялау

* Мүгедектерді изоляциялау

! Біріншілік медициналық алдын алу әдістеріне жатқызуға болады:

* Оперативті араласулар;

* Реабилитациялық ем;

* Превентивті ем;

* Ауруларды емдеу;

*+ Егу жүргізу;

! Жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесінде 1200 адам тіркелген, олардың 452 фертильді жастағы әйел адамдар. Ағымдағы жылы учаскеде 13 нәресте туылды. Туылудың жалпы көрсеткішін есептеу үшін дәрігерге қажет:

*Тірі және өлі туылғандар саны мен тұрғындардың орташа жылдық саны;

* Өлі туылғандар саны мен тұрғындардың орташа жылдық саны;

*+ Тірі туылғандар саны мен тұрғындардың орташа жылдық саны;

* Тірі туылғандар саны мен әйел тұрғындар саны;

* Туу саны мен әйел тұрғындар саны;

! Жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесінде телемастер отбасында үй консервісін тағамға қолданғандықтан улану жағдайы болды. Қызмет көрсету учаскесінде дәрігер эпидемиялық аурушылдықты зерттеу үшін төменде аталған қандай құжаттарды қолданады?

* Сырқатнама

* Науқастың амбулаторлы медициналық картасы

* Стационарда болғандағы статистикалық картасы

* Анықталған қорытынды диагнозды тіркеуге арналған статистикалық талон

*+Тағамдық және жедел кәсіптік улану, жұқпалы ауру жайлы шұғыл жариялау

! Жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесінде ағымдағы жылы 15 нәресте туылды. Бір әйелдің нәрестесі өлі туылды. Туылу көрсеткішін есептеуде дәрігер бір жылдағы туылғандар санын ескеруі қажет:

* Тірі және өлі

* Жетілмей туылғандар

* Жетіліп туылғандар

* Өлі

*+ Тірі

! «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халық денсаулығын қорғау ісіндегі солидарлы жауапкершілік принципі бірлескен жауапкершілікті білдіреді:

* Аймақтық және республикалық органдарының;

*+ Басқарудың барлық деңгейіндегі денсаулық сақтау органдарының;

* БМСК жүйесімен қатар ауруханалардың;

* Науқас және оның отбасы мүшелерінің;

* Мемлекет пен азаматтардың;

! 78 жастағы әйел люмбоишиалгия диагнозымен емделіп, ҚҚСЕЗ мен дексаметазон инфузиясын қабылдады. Емделу кезінде науқаста әлсіздік күшейіп, АҚҚ төмендеуі, үлкен дәретінің қызыл түстес болғаны байқалды, медбике дәрігерге хабарламаған. Көп ұзамай науқаста ауыр гипотония әсерінде летальді жағдай дамыды. Қайтыс болғандағы диагнозында өлім себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі деп көрсетілген, секцияда асқазан мен ішектерде көптеген жедел жаралар анықталған. Төменде аталғандардың қайсысы стационардың сапалы жұмысын көрсетеді:

* Дәрігерлер квалификациясы

* Төсек қорының жабдықталуы

* Орта медқызметкер квалификациясы

* Дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі

*+ Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың сәйкестік жиілігі

! Статистикалық мәліметтер бойынша ҚР-да пневмония мен респираторлы аурулардан қайтыс болған 1 жасқа дейінгі балалар өлімі барлық өлім себептері ішінен 3 орынды алады. Төменде аталған пневмококкты инфекцияның алдын алу әдістерінің қайсысы қазіргі кезде тиімді әрі экономикалық жағынан қолайлы?

* Отбасы жағдайы ауыр балаларға витаминотерапия жүргізу;

* Барлық жедел респираторлы инфекцияға антибиотикотерапия жүргізу;

* Балаларды ерте жасынан емдеу;

* Балаларға иммунизация жүргізу;

*+ Егулер;

! 28 жастағы ер адам, қашық аймақтық жүк көлігін жүргізуші, кезекті алдын алу тексеруінде АИВ-қа тест оң болды. Отбасылы, 2 баласы бар. Әңгімелесу барысында анықталғаны – науқастың осы патология жайлы естуі бар және оны гонорея мен мерез сияқты деп санайды. Төменде аталғандардың қайсысы берілген патологияның қауіпті таралуына ықпал етеді?

*+ тұрғындардың АИВ/ЖИТС жайлы аз ақпаратталуы

* вирусқа қарсы препараттардың жеткіліксіздігі

* медициналық көмектің жеткіліксіздігі

* аурухана төсек-қорының жетіспеуі

* алдын ала тексерулер сиректігі

! 35 жастағы әйел адам гинекологиялық тексеруден соң, онкодиспансерге қайта тексеруге жіберілді. Бұл мекемеде тек ісік ауруымен науқастар емделеді деп санаған әйел, құрбыларына диагноз нақтылынған жағдайда өзіне қол жұмсайтынын айтады. Диспансерде науқас емделуге жатқызылады. Әйелдің психологиялық жағдайына назар аударылмады, себебі мінезінің тұрақсыздығын спирттік затты қолданумен байланыстырған. 2 күннен соң науқас «балаларды қарауға» үйіне сұранып, уланған. Осы жағдайда қайғылы жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

* Емдік қате жіберілген – нарколог кеңесі жүргізілмеді.

* Әдістік қате жіберілген – науқасты стационардан шығармау керек.

* Науастың құрбыларының қателігі – дәрігерге науқастың ойын хабарламады.

* Медқызметкер қате жібермеді, стандартты тәсілдер орындалды.

*+ Деонтологиялық қате жіберілді – науқаспен психологиялық жұмыс жүргізілмеді.

! Дәрілік заттар, медициналық тағайындалған өнімдер мен техника жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілеріне қайсысы жатады?

* Дәрілік заттардың айналымы

* Дәрілік заттар, медициналық тағайындалған өнімдер мен техниканың өндірілуі және реализациясы

*+Дәрілік заттар, медициналық тағайындалған өнімдер мен техниканың айналымы

* Дәрілік заттар, медициналық тағайындалған өнімдердің өндірілуі және реализациясы

* Дәрілік заттар, медициналық техника өнімдерінің айналымын реттейтін құқықтық актілер, стандарттар мен ережелерінің сақталуы

! Дәрілік формуляр ұғымына қандай анықтама сәйкес келеді?

*+Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін топтастырылған дәрілік заттардың тізімі

* Медициналық көмекті көрсету үшін топтастырылған өмірлік маңызды дәрілік заттардың тізімі

* Дәрілік қамтамасыздандырудың стандарты

* Емдеу стандарты

* Дәріханадағы дәрілік заттардың ассортименті

! Дәрілік заттарды сатып алу (закуп) принциптері ұғымына қандай анықтама сәйкес келеді?

*+Сатып алуда қолданылатын ақшаның оптимальді және эффективті жұмсалуы; сатып алу процесінің мөлдірлігі; отандық өнім өндірушілерді қолдауы

* Сатып алуда қолданылатын ақшаның оптимальді және эффективті жұмсалуы; потенциальді өнім берушілер арасындағы анық емес конкуренциясы

* Сатып алуда қолданылатын ақшаның оптимальді және эффективті жұмсалуы; сатып алу процесінің мөлдірлігі; шет елдік өнім өндірушілерді қолдауы

* Сапалық стандарттарына дәрілік заттардың сәйкестілігі

* Отандық өнім өндірушілерді қолдауы

! Дәріханада мерзімі өткен дәрілік затты сатып алуына байланысты науқасқа қайда шағымдану керек?

* +Сәйкес аймақтағы мемлекеттік фармацевттік инспекторына

* Дәрілік заттардың айналымын бақылайтын жергілікті басқару органдарына

* Санитарлы-эпидемиологиялық қызметке

* Тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымға

* Денсаулықсақтау департаментіне

!Дәрілік заттың халықаралық патентті емес атауына қандай анықтама сәйкес келеді?

* Фармацевттік компания ұсынған дәрілік заттың атауы

* Денсаулықсақтау министрлігі ұсынған дәрілік заттың атауы

* Денсаулықсақтау департаменті ұсынған дәрілік заттың атауы

* Фармбақылау ұсынған дәрілік заттың атауы

* +Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы

! Дәрілік препарат анықтамасына қайсысы жатады?

* Құрамында биологиялық активті заттары бар және дәрілік заттар ретінде қолданылатын дәрілік табиғи шикізат

*+Белгілі дәрілік пішіні бар дәрілік зат

* Дәрілік препараттарды дайындауға арналған дәрілік субстанция

* Дәрілік заттың белгілі бір жағдайы

* Құрамында биологиялық активті заттары бар және дәрілік заттарды өндіру мен дайындауда қолданылатын дәрілік табиғи шикізат

! Дәрілік формулярді кім бекітеді?

* Мемлекеттік фармацевттік инспектор

* Басты мемлекеттік фармацевттік инспектор

*+Денсаулықсақтау ұйымының басқарушысы

* Емдеу мекеменің басқарушысы

* Үкіметтің басқарушысы

! Науқастардың шағымдары бойынша орталық дәріханада тексеру жүргізілгенде, бірнеше қатар бұзылыстар анықталынды. Бұл дәріхананың фармацевттік қызметіне лицензиясын кім тоқтатады?

* ҚР мемлекеттік фармацевттік инспекторы

* ҚР басты мемлекеттік фармацевттік инспекторы

* Сәйкес аймақтардың басты мемлекеттік фармацевттік инспекторы

*+ Облыстық (республикалық маңыздылығы бар қалалардың, астананың) орындаушы органдары

* Фармацевттік және медициналық қызметтің бақылау комитеті

! 16 жастағы қыз балада бүйрегінің зақымдалуымен өтетін жүйелі қызыл жегі анықталынды. Ревматолог иммуносупрессивті мақсатпен рецепт бойынша ақысыз берілетін селл-септ препаратын тағайындады. Дәріханаға келгенде бұл препараттың жылдық лимитінің шыққандығын білді. Өкілетті (уполномоченный) органның келісімі бойынша ақысыз амбулаторлы емдеудегі белгілі категориядағы азаматтарға дәрілік заттарды қосымша беру туралы шешімді кім қабылдайды?

* Республикалық мемлекеттікбасқару органдары

*+Облыстық (республикалық маңыздылығы бар қалалардың, астананың) өкілді (представительные) органдары

*Фармацевттік және медициналық қызметтің бақылау комитеті

* Емдеу мекемесі

* Дәріхана

! Дәрігер науқасқа дәрілік препарат тағайындағанда оның жанама әсерлері туралы толық мәлімет бермеді. Науқастың қайта сұрауында, дәрігер бос еместігін айтып қайтадан мәлімет берген жоқ. Науқастың, бұл дәрілік заттың қауіпсіздігі, эффективтілігі, сапасы жайында мәлімет алу үшін, басқа медициналық мекемеден білуге құқығы бар ма?

* Құқығы жоқ

* Құқығы жоқ, ол тек емдеуші дәрігерден білуі қажет

*+ Құқығы бар, ол өкілетті және мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан мәлімет ала алады

* Құқығы бар, ол дәріханадан біле алады

* Құқығы бар, ол фармацевттік компаниядан біле алады

! Анамнезінде іріңді отиттен кейін пайда болған естудің төмендеуі бар жұқпалы эндокардитпен ауыратын науқасқа антибактериальді ем – гентамицин тағайындалған. Аурудың ауырлығын мен анамнезін ескере отырып науқас бұл дәрілік препараттың тағайындауынан бас тарта ала ма?

* Жоқ бас тарта алмайды

*+Ия, бас тарта алады, оның қауіпсіздігі, эффективтілігі, сапасында күдігі бар болса

* Ия, тек қысқа мерзімге бас тарта алады

* Жоқ бас тарта алмайды, бірақ дәрінің мөлшерін азайтуға болады

* Жоқ бас тарта алмайды, бірақ препараттың енгізу жиілігін азайтуға болады

! Дәрігер 16 жастағы науқасқа стационарлы ем қабылдағанда дәрілік заттың клиникалық зерттеуіне қатысуға ұсыныс берді. Науқас келісім берді де оған зерттелетін препарат тағайындалды. Бұл жағдайда дәрігер дұрыс жасады ма?

* Ия, дәрігердің қателіктері жоқ

* Дәрігер науқастан қолхат алу керек еді

* Науқастың кәмілетке толмағандығын ескере отырып, дәрігер оған зерттеуге қатысуға ұсыныс жасамау керек еді

*+ Дәрігер науқастың заңды өкілдерінен жазбаша келісімін алу керек еді

* Дәрігер стационардың бас дәрігерінен жазбаша келісімін алу керек еді

! Фармакологиялық және дәрілік заттардың клиникалық зерттеуін қай топта жүргізуге болмайды?

* Олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімі бар кәмелетке толмағандарға

* Жүкті әйелдерге арналған, оларға және ұрыққа зиян келтіру қаупі жоқ дәрілік препараттарды жүкті әйелдерде

*+Әскери қызметтегілерге

* Психикалық бұзылыстарын (ауруларын) емдеуге арналған дәрілік заттарды психикалық бұзылыстары мен аурулары бар науқастарға

* Кәмелетке толмағандарға, егер дәрілік заттар тек балаларды емдеуге арналса және клиникалық зерттеудің мақсаты дәрінің ең қолайлы мөлшерін таңдау болған жағдайда

! Науқасты қарап тексеріп, ем тағайындаған емхананың дәрігері тағайындаған препаратты одан сатып алуға ұсыныс берді. Ол ондағы дәрілік препарат дәріханамен салыстырғанда арзанырақ тұратындығын айтты. Бұл жағдайда дәрігер дұрыс жасады ма?

* Ия, дәрігер бәрін дұрыс жасады

* Дәрігер төлеу үшін науқасты емхананың кассасына жіберу керек еді

*+ Дәрігердің дәрілік препаратты сатуға құқығы жоқ еді

* Дәрігер науқастың жазбаша түрде келісімін алу керек еді

* Дәрігер емхананың бас дәрігерінен жазбаша түрде келісімін алу керек еді

! Дәрігер дәрілік затты алу үшін науқасқа ақысыз рецепт жазып берді, оған науқастың аты жөнін, препараттың саудалық (торговое) атауын, дозасын және қабылдау жолын көрсетті. Дәріханаға келген науқасқа берілген рецептіні қарап болғаннан кейін провизор препаратты бермеймін деп жауап берді. Провизор бұл жағдайда дұрыс жасады ма?

* Жоқ, провизор науқасқа препарат беру керек еді, себебі рецепт дұрыс толтырылған

* +Ия, себебі дәрігер дәрілік заттың халықаралық патентті емес атауын көрсетпеді

* Ия, себебі дәрігер науқастың аты жөнін дұрыс жазбады

* Ия, себебі дәрігер рецептті тек латын әріптермен толтырды

* Ия, себебі дәрігер рецептті тек орыс әріптермен толтырды

! Қазақстан Республикасында бақылауда болатын наркотикалық, психотропты заттардың және прекурсорлардың қандай тізімі I Кестеге жатады:

* БҰҰ халықаралық Конвенциялары мен ҚР заңдылығына сәйкес айналымы бақылауда болатыннаркотикалық және психотропты заттар

*+БҰҰ халықаралық Конвенциялары мен ҚР заңдылығына сәйкес айналымы рұқсат етілмейтін наркотикалық және психотропты заттар

* БҰҰ халықаралық Конвенциялары мен ҚР заңдылығына сәйкес айналымы шектелген және қатаң бақылауда болатын наркотикалық және психотропты заттар

* БҰҰ халықаралық Конвенциялары мен ҚР заңдылығына сәйкес айналымы бақылауда болатын прекурсорлар

* БҰҰ халықаралық Конвенциялары мен ҚР заңдылығына сәйкес айналымы рұқсат етілмейтін прекурсорлар

! Емханада кардиологқа кезекте отырған науқаста кенет жағдайы нашарлады: төс артындағы қысып ауратын сезімі, бас айналу пайда болды. Медициналық көмек көрсету үшін біріншілік көмек беруге арналған аптечкадан препарат қолданды. Бұл аптечкаға көрсетілген қандай дәрілік заттар тобы кіреді (халыққа жедел көмек көрсетудегі бірінші көмек беруге арналған аптечка):

* Парацетамол, дицинон, эналаприл

* Ибупрофен, викасол, бисопролол

* Анальгин, линекс, амлодипин

*цетилсалицил қышқылы, аммиак ерітіндісі, нитроглицерин

* Кетонал, аскорбин қышқылы, клофелин

! Ревматолог науқаста ревматоидный артрит диагнозын қойып, оған базисті ем – метотрексат препаратын тағайындап, дәріханалардан сатып алуды ұсынды. Дәрігер дұрыс жасады ма?

* Ия, дұрыс

* Жоқ дұрыс емес, ол бұл препаратты тағайындамау керек еді

*+Жоқ дұрыс емес, ол метотрексатқа ақысыз рецепт жазып беру керек еді

* Жоқ дұрыс емес, ол метотрексатты тек емхананың дәріханасында алуды ұсыну керек еді

* Жоқ дұрыс емес, ол метотрексатты тек қаланың орталық дәріханасында алуды ұсыну керек еді

! Қант диабетімен ауыратын науқаста инсулиннің 5-6 күндік қоры қалды. Оған емханада дәрілік заттарды жеткізетін мекеме уақытында дәрі-дәрмектерді жеткізбегендіктен ақысыз рецепт бойынша инсулин берілмеді. Бір аптадан кейін науқас қант диабетінің декомпенсациясына байланысты ауруханаға түсті. Науқастың инсулинді дер кезде алмағандығында кімнің кінәсі болды?

* Дәрігердің

* Дәріхананың

*+ Дәрілік заттарды жеткізетін мекеменің

* Денсаулықсақтау мекеменің

* Жергілікті орындаушы мекеменің

! Қант диабеті бойынша инсулинотерапия қабылдайтын науқасқа дәрігер глюкометр және оған арналған тест-сызықтарын сатып алуға ұсыныс берді. Осындай бақылау құралдарын ақысыз алуға науқастың құқығы бар ма?

* +Құқығы бар, себебі инсулинотерапия қабылдайтын науқастарға бұл бақылау құралдары ақысыз беріледі

* Құқығы жоқ, себебі инсулинотерапия қабылдайтын науқастарға тек глюкометрлер ақысыз беріледі

С) Құқығы жоқ, себебі инсулинотерапия қабылдамайтын науқастарға ғана бұл бақылау құралдары ақысыз беріледі

* Құқығы жоқ, себебі инсулинотерапия қабылдайтын науқастарға бұл бақылау құралдары ақысыз берілмейді

* Құқығы жоқ, себебі инсулинотерапия қабылдайтын науқастарға тек глюкометрлерге арналған тест-сызықтары ақысыз беріледі

! Әйел адам 26 жаста, жүктіліктің 32 аптасы, жергілікті жердегі кардиологқа тыныштық жағдайдағы ентігуге, жүрек қағысына, 2 тәулік бойы мазалаушы айқын жалпы әлсіздікке шағымдалып келді. Кардиолог гипотоникалық тип бойынша НЦД диагнозын қойып, тыныштандыратын препараттар тағайындаған. 3-ші тәулікте жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көмегімен әйел перзентханаға жеткізілді. ЭХОКГ-да тексергенде: айдау фракциясы (ФВ)-26%, жүректің барлық қуыстарының дилатациясы анықталды. Кардиолог-консультант қарағанда перипортальды кардиомиопатия диагнозы қойылып, соған байланысты уақытысынан бұрын жедел босандырылды. 6 тәулік өткеннен кейін әйел қайтыс болды.

Медициналық көмектің қай кезеңінде қателік жіберілді?

* Жедел жәрдем бригадасы пациентті кардиологиялық стационарға жеткізу керек еді

* Барлық кезеңде медициналық көмек дұрыс көрсетілді

* Жедел босандыруға көрсеткіштер болмады

* Әйел медициналық көмекке уақытысында қаралмады

*+ Емханадағы кардиолог ЭХОКГ жасамаған

! Ер адам, наркоман 32 жаста, ентігуге, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы қолайсыздық сезіміне, қалтырау мен жалпы әлсіздікке шағымдалып, ауырғанына 5 тәулік болғанда жедел жәрдем бригадасымен кардиология бөлімшесіне жеткізілді. ЭКГ-де: вольтаж төмен, сол қарынша алдыңғы қабырғасында ишемия. Қарап тексергенде «шабыс» ритмі, Боткина-Эрба нүктесінде диастолалық шуыл, оң жедел фазалық көрсеткіштер анықталды. Q-сіз миокард инфарктісіне арналған стандартты терапия тағайындалды. Ем қабылдаған уақыт ішінде науқастың жағдайы айтарлықтай жақсармады. 10-шы тәулікте ЭХОКГ жасалып, қолқа қақпақшасының вегетациясы анықталды.

Осы жағдайда дәрігердің тактикасы дұрыс па?

* Емдеуші дәрігердің тактикасы дұрыс

* Аурудың клиникалық көріністеріне дұрыс көңіл аударылмаған

* Дұрыс. Науқастың жағдайы ерте ЭХОКГ жасауды қажет етпеді.

* Дұрыс. Медициналық көмекке кеш қаралды.

*+ Дұрыс емес. ЭХОКГ-ны бірінші кезекте жасау қажет еді.

! Ер адам 35 жаста, кардиология бөлімшесіне алғаш анықталған стенокардия диагнозымен жатқызылды. 4 тәуліктен соң дәрігер науқастың өтінішімен стационардан одан тілхат алмай шығарып жібереді. Келесі күні науқас ауыр халде жансақтау бөлімшесіне түседі. Науқастың туыстары стационардан ерте шығарып жіберген дәрігерді кінәлап сотқа арыз берді.

Бұл жағдайда кім дұрыс емес?

* Бұл жағдайда екі жақта кінәлі

* Өз жағдайын бағаламаған пациенттікі дұрыс емес.

* Өз денсаулығына тек пациент пен туыстары жауапты

* Сотқа берген туыстары дұрыс емес: бұл пациент пен дәрігер арасындағы жағдай

*+ Пациенттен болатын салдардан қорғайтын тілхат алмаған және туыстарына ескерпеген дәрігер дұрыс жасамады

! Эмпатия деген не?

* Пациентке уақыт бөлу қабілеті

* Пациентке жауап беру мүмкіндігін беру қабілеті

* Пациентке шыдамды болу қабілеті

* Жеке сезімдерімен қатынаста қалу қабілеті

*+ Пациенттің көңіл күйін түсініп, субъективті әлеміне ене білуі

! Науқас Д., 67 жаста, Қалалық кардиология орталығына ST сегменті көтерілу жедел коронарлық синдром диагнозымен жедел жеткізілді. Жедел жәрдем бригадасымен 5 мың. бірлік гепарин енгізіліп және стрептокиназамен ТЛТ жүргізілді. Қабылдау бөлімінде науқас 3 апта бұрын асқазан ойық жарасы асқынуымен емделгені белгілі болды. Қарап тексергенде: Hв - 65 г/л, эритроцит-2,7х1012/л. ЭФГДС: көп мөлшерде қан кетуді анықтады.

Қабылдау бөліміндегі дәрігердің тактикасы қандай болу керек?

* Жансақтау бөлімшесіне жатқызылады

* Гематолог шақырылып, қан тобы мен резус-факторды анықтайды

* Қан тобы мен резус фактор анықталып, эритроцитарлы массаға тапсырыс беріліп, жансақтау бөліміне ауыстырылады

* Туыстарынан ақпараттық келісім алынып, қан тобы мен резус фактор анықталып, жансақтау бөліміне ауыстырылады

*+ Қан тобы мен резус фактор анықталып, туыстарынан ақпараттық келісім алынып, эритроцитарлы массаға тапсырыс беріліп, реаниматолог пен хирург шақырылады

! Стационарда тәулікке дейінгі қайтыс болу көрсеткіші қалай анықталады?

*+ Бірінші тәулікте шығып кеткен науқастардан қайтыс болған науқастардың проценті

* Бірінші тәулікте түскен науқастардан қайтыс болған науқастардың проценті

* Стационарда операция жасалған науқастардан қайтыс болған науқастардың меншікті салмағы

* Шығып кеткен науқастардан негізгі аурумен қайтыс болған жағдайлар проценті

* Түскен науқастардан стационарда негізгі аурумен қайтыс болған жағдайлар проценті

! Пациент Н., 57 жаста кардиология орталығына жедел коронарлық синдром диагнозымен түсті. Шұғыл коронароангиография (КАГ) жасалып, ұсынылған стенттеуден науқас бас тартты. Жүргізілген консервативті емнен кейін жағдайы жақсарып шығарылды. 10 күн өткен соң науқас жергілікті жердегі дәрігерден стенттеу үшін КАГ жүргізу мақсатында жатқызылуға жолдама талап етеді, бірақ жүрек-қантамыр жүйесі жағынан шағымы жоқ.

Дәрігер қалай жасау қажет?

* Жолдама беру керек

* Жүктемелік сынамалар тағайындау қажет

* Стенттеу үшін КАГ жүргізуге негіз жоқ екенін айтып, науқасқа жолдама бермеу керек

*+ Аурудың белгілері жоқтығын ескеріп, қазіргі уақытта тері арқылы операция жасаудың қажеттілігі жоқтығын түсіндіру

* Пациенттің келісімінсіз зақымдалған тамырға стенд қоятын интервенционисттің үстінен шағым беру.

! Науқас М., 77 жаста, қант диабеті декомпенсация сатысында және бір ай бұрын ми инсультін алған, жан сақтау бөліміне Q-миокард инфаркты диагнозымен жатқызылды. Тропонин деңгейі - 22,59. Консервативті терапия жүргізіліп жатыр. КАГ жүргізілу ұсынылмады.

Дәрігер тактикасы негізді ме?

* Жоқ, негізсіз. КАГ жүргізуден бас тартуға негіз жоқ.

* Ия, негізі бар. КАГ бұл пациентке абсолютті қарсы көрсеткіш

*+ Ия, негізі бар. КАГ жағдайы тұрақталғаннан кейін жүргізілу қажет

* Жоқ, негізсіз. Тропониннің жоғарғы деңгейі КАГ жүргізуді талап етеді

* Ия, негізі бар. Бұл процедура осы науқасқа қажеті жоқ

! Науқас С., 74 жаста, ырғақ бұзылысымен ЖИА бар ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсті. Емді ретсіз түрде алып жүрді. 7 сағат бұрын жүректің жиі соғуы мазалағасын 2 таблетка дигоксин қабылдаған. Об-ті: есі анық, АҚ – 90/50 мм с.б.б., ЖСЖ – 47 рет минутына. Аритмологпен қаралып, консервативті ем ұсынылды. Жүргізілген емнен гемодинамикасы тұрақты. Бірақ туыстары ЭКС имплантациясын талап етеді.

Пайда болған дауды қалай шешуге болады?

* Туыстарына түсіндірмей үзілді кесілді келіспеу

* Консервативті ем жүргізіп, сосын ЭКС имплантациялау

* Туыстарының талабын қанағаттандырып, уақытша ЭКС қою

* Туыстарының талабын қанағаттандырып, тұрақты ЭКС қою

*+ Науқас пен оның туыстарына ЭКС имплантациясының қажеттілігі жоқтығын түсіндіру

! Науқас А., 59 жаста, Қалалық кардиология орталығына ұзақтығы 20 мин-тан көп сол жауырын астына берілетін төс артындағы басып ауру сезіміне, аз ғана күш түскендегі ентігуге, жүрек соғысының жиіленуіне, жалпы әлсіздікке шағымдалып, шұғыл түрде жатқызылды. Бұрын жүректің ишемиялық ауруымен тексерілмеді және емделмеген. ЭКГ-де: STIII, AVF сегменттің элевациясы. Жағдайдың шұғылдығын ескеріп, реанимация бөлімінде пациенттің келісімінсіз коронароангиография жасалған, сол уақытта анафилактикалық шок дамыған.

Дәрігер қандай қателіктер жіберген?

* Жүргізілген процедура қарама-қарсы болды

* КАГ алдында тромболитикалық терапия жүргізілу қажет болды

* Басқа әдістер болсада емнің қолайлысы таңдалмаған

*+ Пациентке диагнозы және болатын қауіптіліктер туралы ақпарат берілмей, құқығы бұзылған

* КАГ нәтижелері, клопидогрель қабылдаудың ұзақтығы және өздігінен тоқтатқанда болатын асқынулар туралы әңгіме жүргізілмеген

! Науқас Б., 65 жаста Қалалық кардиология орталығының Q-миокард инфарктысы диагнозымен жансақтау бөлімінде комалық жағдайда жатыр. Кома гипертониялық криз кезінде жүргізілген тромболитикалық терапиядан соң дамыған геморрагиялық инсульт нәтижесінде болды.