Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
289.99 Кб
Скачать

Комерциялы емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

 

ИНЖЕНРЛІК ЖҮЙЕЛЕР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Барлық мамандық студенттері үшін дәрістер жинағы

5В073100  – Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

Алматы 2013 ж.

Құрастырушы: техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Ф.Р. Жандаулетова.Инженерлік жүйелер,желілер және құрылғылар;Барлық мамандық студенттері үшін дәрістер жинағы; 5В073100  – Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;Алматы : АЭжБУ, 2013 -  49 бет.

 

«Инженерлік жүйелер,желілер және құрылғылар» дәрістер жинағында 5В073100  – Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы студенттері үшіноқу материалының қысқа түсіндірмесі берілген .

Ил. 22, библиогр. - 16 назв.

 

Рецензент: доц. Башкиров М.В.

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялы емес акционерлік қоғамының 2013ж тәртібіне сай басылып шығарылған.

              © НАО «Алматы энергетика және байланыс университетінің» 2013 ж.

 

Мазмұны

Лекция 1.Кіріспе.Инженерлік жүйелердің топтасуы және олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері…………………………………………………………………………….4

Лекция 2.Сумен қамтамасыздандыру жүйесі және сұлбасы.......................

Лекция 3.Суды алып кетуші желілер.

Лекция 4.Жылумен қамтамасыздандыру жүйелері.

Лекция 5.Жылу желісінің құрастырмалы бөліктері.

Лекция 6.Ыстық сумен қамтамасыздандыру жүйелері

Лекция 7.Газбен қамтамасыздандыру жүйелері.

Лекция 8.Электрмен қамтамасыздандыру жүйелері.

Лекция 9. Және желдету кониционерлеу жүйелері.

Лекция 10.Транспорттық жабдықтар

Лекция 11.Инженерлік жүйелер мен желілерді тексеру құралдары.

Әдебиеттер тізімі

1 Лекция. Кіріспе. Инженерлік жүйелердің топтасуы және олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері .Инженерлік жүйелер туралы жалпы мәліметтер.

Лекцияның мақсаты:адамның жайлы өмір сүруіне өту қажетті және оның өндірістік жұмыстарына тиімді инженерлік жүйелер туралы жалпы мәліметтермен танысу.

Заманауи қалаларды және ірі елді мекендерді,сонымен қатар жеке ғимараттарды,құрылыстар мен өндіріс орындарын салу мәселесін шешу кезінде жобалау негіздері,құрылыс,ішкі және сыртқы инженерлік жүйелерді пайдалану турлы теориялық білім мен практикалық дағдылануды меңгеру қажет.Инженерлік жүйелер тізіміне адамның жайлы өмір сүруіне өте қажетті және оның өндірістік жұмыстарына тиімді шарттар жүйесі кіреді.

« Инженерлік жүйелер ,желі және жабдықтар» пәнін меңгеру кезінде бакалавр студенттері жылу энергиясын алу ,түрлендіру және тарату,сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету құрылғылары мен жұмыс істеу принципі,жылыту,желдету,кондиционерлеу,ыстық сумен қамтамасыздандыру,жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету заңдылықтарының негізін білуі қажет. Сонымен қатар, олар практикада есептеу негіздері жәнеішкі инженерлік жүйелер және ғимаратты және жеке объектілерді , елді мекендерді және өндіріс орындарын сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету сұлбалары; жылыту;желдет;кондиционерлеу;ыстық сумен қамтамасыздандыру;жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету туралы өздерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолдана білуі қажет.

«Сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету» бөлімінде ғимараттар мен елді мекендерді және өндіріс орындарын сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету жүйелері мен желілері туралы ұғым береді.

Сумен қамтамасыздандыру және суды алып кету жүйелері елді мекендерді ,жеке объектілекді және ғимараттарды сумен қамту,сонымен қатар ағынды суларды елді мекеннен шығаруды қарастырады.Сумен қамту жүйелері қолданылуы, қызмет көрсету аясы,суды қолдану тәсілі,орнатылған құрылғының қарқынмен қамтылуы бойынша бөлінеді.

Ғимараттар мен құрылыстарда жылулық жайлылықпен қамтамасыз етіледі- жылдың суық мезгілінде өмір суру және жұмыс жасауға қолайлы оптималды тепературалық жағдай.Ғимаратта жылулық жайлылықты жасау және оны сақтау үшін техникалық жетілдірілген құрылғылар қажет.

Жылыту-ғимараттар мен құрылыстарда ішкі ауа мен қоршаулардың ішкі беттік температурасын қажетті мөлшердеұстап тұруды қамтамасыз ететін инженерлік жүйелердің бір түрі.Жылдың суық мезгілінде бөлмедегі ауаның жағдайын қалыптандыру жылыту ғана емес желдету арқылы да жүзеге асады.

Желдету және кондиционерлеу ғимаратта адамның өзін жақсы сезінуі және өндірістік процесстерді тиімді жасау үшін қажетті микроклиматпен қамтамасыз етеді.

Бұл жүйелер бірігіп ғимаратқа қажетті мөлшерде температура,ылғалдық,қозғалмалық,қысым,ауа құрамы мен тазалығын қамтамасыз етеді.

Қажетті температуралық-ылғалдық шарттардың бұзылуы нәтижесінде жылулану және желдету жеткіліксіз ғимараттар мен құрылыстар тезірек қирайды.

Тұтынушылардың коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоғамдық және өндірістік ғимараттарда ыстық сумен қамту қажет.Тұтынушыларды ыстық сумен қамту үшін жекеленген және орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері қолданылады.

Бұл жүйелерде жылу энергиясын өндіру үшін жылу көздері қолданылады.Жылу көздері ретінде дәстүрлі жылу энергиясының көздері-қазандықтар мен ЖЭС,сонымен қатар күн,геотермалды және басқа да энергияларды түрлендіруші дәстүрлі емес құрылғылар қолданылады.

Тұрғын үйлерде,қоғамдық ғимараттарда және өндіріс орындарында жылу көзінен тұтынушыға жылу энергиясын тарату үшін жылу энергиясының көзі мен тұтынушыны байланыстырытын құбырлы жылу желілері қолданылады.Тұтынушыларға жеткізілген жылу энергиясы коммуналды-қолданбалы және өндіріс обьектілерін жылыту,желдету және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ,сонымен қатар өндіріс орындарын технологиялық қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Электрқауіпсіздігі деп адамды электр тогынан,электр доғасынан,электромагниттік өрістің зиянды және қауіпті әсерінен қорғайтын ұйымдастыру және техникалық шаралар мен құралдарды айтады.

Мұндай жүйені және оның жеке түйіндерін теоретикалық негіздеу мен құрастыру -халықтық қожалықтардың кез келген тарауында объекттерді жобалау жұмыстың басты бөлігі.

Өпдірісте,ауыл шаруашылығында,тау шаруашылығында,қозғалмалы құрылғыларда,ғимараттар мен құрылыстарда және т.б. электр қауіпсіздігінің бөлімшелері текке құрылмаған.

Бірақ барлық осы бөлімшелер орртақ ережелер мен электр қауіпсіздігінің негіздерінде жинақталады.Электр қауіпсіздігінің талаптары әр түрлі ежежелерге бағынады.

Қазіргі таңда өндіріс орындарында әр түрлі газ тәріздес отындарды тарату,сақтау және бөлу қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]