Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

makro_esepter

.pdf
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
256.64 Кб
Скачать

Сабақ № 1 Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, жұмыссыздық, инфляция.

Сабақтың мақсаты: макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу және талдау бойынша теориялық білімді практикада бекіту.

Материалдар мен жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, дәріс материалдары бар электронды тасымалдағыштар.

Жұмысты орындау мазмұны мен тәртібі:

1.«Жаттығулар» бөліміндегі есептер мен жаттығуларды орындаудаформулалар мен Оукен заңын ескере отырып, экономикалық қызмет нәтижелерін, жұмыссыздық көрсеткіштерін, инфляцияны есептеу керек.

2.«Блиц-тесттердің» жалғыз дұрыс жауабы беріледі.

3.Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап берілуі тиіс.

4.Глоссарийде берілген терминдердің анықтамасы жазылуы керек.

5.Жұмыс А4 қағазында сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғары жағы 2 см,

төменгі жағы 2 см параметрлерімен, жол аралығы 1 болатындай етіп, 14 Times New Roman шрифтімен рәсімделеді.

6.Оқытушыға «жаттығулардың» жазбаша нұсқасы тапсырылады.

7.Жұмыстың толықтығы, дұрыстығы, студенттің әдебиеттерді ұтымды

қолдана білуі, дұрыс рәсімделуі, лабораториялық жұмысты бағалау барысында ескеріледі.

Жаттығулар:

 

 

1. Қазақстан экономикасының 1999 жылғы көрсеткіштері

бойынша төмендегідей

дерек берілген (млрд.тг.):

 

 

Трансферттік төлемдер............................................................................................

 

4,0

Жалпы ішкі инвестициялар...................................................................................

 

16,2

Бизнеске жанама салық....................................................................................

........

7,0

Жеке табыс салығы...................................................................................................

 

2,6

Таза экспорт..............................................................................................................

 

1,1

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы.....................................................................

 

2,8

Амортизация.............................................................................................................

 

7,9

Жеке тұтыну шығындары......................................................................................

 

77,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық......................................................

 

1,4

Мемлекеттің сатып алған тауарлар мен қызметтеріне кеткен шығындары.......

8,5

А) ЖІӨ мен ҚБТ (қолда бар табыс) көрсеткіштерін есептеу керек,

 

В) жеке жинақ қандай?

 

 

С) экономикадағы капитал қорының өсім көлемін табыңыз.

 

 

2. Экономикада төмендегі көрсеткіштер берілген:

 

 

Тұтыну................................................................................................

2300 млрд.тг.

Инвестициялар (І).....................................................................................

700 млрд.тг.

3

Мемлекеттік шығындар (G)....................................................................

800 млрд.тг.

Мемлекеттік трансферттер (TR).............................................................

100 млрд.тг.

Мемлекеттік қарыз бойынша пайыздық төлемдер (N).........................

100 млрд.тг.

Салықтар (Т)..............................................................................................

800 млрд.тг.

А) жеке жинақты табу керек Sp,

В) мемлекеттік жинақты табу керек Sq,

С) тапшылықтың 80%-ын облигация қаржыландырады, мемлекеттік облигация құнын және тапшылықты жабу үшін қажетті қосымша ақша көлемін тап.

3. ЖҰӨ-нің нақты және потенциалдық деңгейлері төмендегі кестеде көрсетілген: 1995 ж. экономика толық жұмысбастылық жағдайында дамыған. Жұмыссыздық деңгейі 6%.

жыл

Потенциалды ЖҰӨ у*

Нақты ЖҰӨ у*

 

 

 

1995

3000

3000

 

 

 

1996

3800

3705

 

 

 

1997

4125

3712,5

 

 

 

І. 1996 ж. қатысты деректер бойынша анықтау керек.

А) ЖІӨ-нің нақты және потенциалдық деңгейі арасындағы айырмашылықты (абсолюттік және % бойынша)

В) Оукен заңын пайдалана отырып 1996 ж. жұмыссыздық деңгейін (Оукен саны 2,5 тең) есептеу керек.

ІІ. 1997ж. катысты деректер бойынша жоғарыдағы шарттарды орындау керек.

4.Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығының теңдеуі P=Pe+0,1(Y-Y*)+ ε,

мұндағы ε - ұсыныс сілкінісі. Жиынтық сұраныс қисығы Y=2500-15Р. Бастапқыда P=Pe=100, өндірістің потенциалды деңгейі (Y*) 1000-ға тең. Ұсыныстың жағымсыз сілкінісі болды, бұл әр өндіріс көлеміндегі бағаның 20 пунктке өсуіне әкелді (ε =20). Жиынтық сұраныс қисығы бұрынғы қалпында қалды. Сілкіністен кейінгі қалыптасқан баға деңгейі мен теңдестік өндіріс көлемін табу керек.

5.Қысқа мерзімдегі AS қисығының теңдеуі Y = Y *+600 (P -P e). AD қисығы Y =

2000-200P теңдеуімен берілген. Потенциалды өндіріс көлемі 1100-ге тең. Бастапқы теңдестік жағдайында P=Pe=1. Жұмыссыздықты азайтуға бағытталған мемлекеттік шығындарды арттыру шарасының нәтижесінде AD қисығы Y=2100-200P түріне ие болды. Егер экономикалық агенттердің бағаны күтуі бұрынғы қалпында қалды деп есептесек, экономикадағы жаңа тепе-теңдіктің (қысқамерзімдік) координаталары қандай?

6.Экономика төмендегі деректермен сипатталады:

Жыл

Нақты жұмыссыздық деңгейі,%

1991

5

1992

4

4

1993

5

1994

6

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6%-ға тең, ЖІӨ деңгейі ауытқуының циклдік жұмыссыздық динамикасына сезімталдық коэффициенті (Оукен саны) 3-ке тең.

а) нақты ЖІӨ-нің потенциалды ЖІӨ-нен әр жылғы салыстырмалы ауытқуының мәнін есептеңіз; ә) егер 1993 жылы нақты ЖІӨ 2000-ды құраса, потенциалды ЖІӨ көрсеткіші қандай болады?

7 . Экономика төмендегі деректермен суреттеледі:

-халықтың жалпы саны 200 млн. адамды құрайды;

-жұмысбастылар саны 112 млн. адамды құрайды;

-еңбекке қабілетті жастағы халық саны 160 млн. адам;

-фрикциондық жұмыссыздар 6 млн. адамды құрайды;

-құрылымдық жұмыссыздар саны 2 млн. адам;

-циклдік жұмыссыздар саны 5 млн. адам;

-нақты жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейден 4%-ға артық;

-потенциалды ЖІӨ 2500-ге тең;

-ЖІӨ-нің циклдік жұмыссыздық динамикасына сезімталдық коэффициенті 2,4-ке тең.

Есептеңіздер:

а) жұмыссыздықтың нақты деңгейін;

ә) нақты ЖІӨ-ді.

8. Экономика төмендегі деректермен суреттеледі:

Жыл

Номиналды пайыздық ставка, %

Инфляция деңгейі, %

1-ші

7

3

2-ші

9

5

а) нақты пайыздық ставка 1-ші жылмен салыстырғанда 2-ші жылы қанша пайызға өзгерді?

ә) егер инфляция деңгейі 5%-дан 11%-ға дейін өсіп, номиналды ставка 9%-ды құраса, екінші жылы нақты пайыздық ставка қандай болады?

9.Экономика келесі деректермен суреттеледі: жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6

%-ға тең; жұмыссыздықтың нақты деңгейі 7,33%-ды құрайды; потенциалды ЖІӨ жылына 3%-ға өседі; ЖІӨ-нің циклдік жұмыссыздық динамикасына сезімталдық коэффициенті 3-ке тең. Келесі жылы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тұсында экономикада ресурстар толық жұмыспен қамтылу үшін өндірістің нақты көлемі қаншалықты тез өсуі керектігін есептеу керек.

10.Филлипс қисығы π=πе -0,3(u-u*) + ε теңдеуімен берілген. Күтілетін инфляция 10%-ды, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5%-ды құрайды, ұсыныс сілкінісі орын алған жоқ. Ұлттық Банк инфляцияны төмендету мақсатында экономикадағы ақша ұсынысын қысқартты. Бұл іс жүзіндегі жұмыссыздықтың 10%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Егер инфляциялық күтім өзгермесе, нақты инфляция деңгейі неге тең болады?

5

11.Филлипс қисығы π=π-1-0,5(u-u*) теңдеуімен берілген делік, мұндағы u*=0,06. Егер нақты инфляция деңгейі өткен мерзіммен салыстырғанда 5%-ға төмен болса, іс жүзіндегі жұмыссыздықтың деңгейі қандай болғаны?

12.Халық саны 100 млн. адам, 16 жасқа дейінгілер мен ұзақ уақытқа изоляцияланған адамдар саны - 24 млн. Жұмыс күші құрамынан кеткендер 30 млн.адам. 4,6 млн. адам – жұмыссыздар. Жұмыс күшін және жұмыссыздық деңгейін есептеңіз.

Блиц-тест:

1.ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасында қандай тәуелділік бар?

А. Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ азаяды В. Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өседі С. Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өзгермейді

D. Жұмыссыздық өзгермейді, ЖҰӨ азаяды

Е. Олардың арасында ешқандай тәуелділік жоқ.

2.ЖҰӨ тербелісі мен жұмыссыздық деңгейі қозғалысының өзара байланысының сипаттамасы:

А. Кейнс «кресі» В. ЖҰӨ дефляторы С. Оукен заңы D. Фишер теңдігі

Е.

Филлипс қисығы.

 

3. Жылдық инфляция деңгейі 11%. Сіз 100$ ақшаңызды қарызға бердіңіз. Енді бір жылдан кейін одан 105$ нақты табыс алғыңыз келеді. Ол үшін Сіз қандай атаулы пайыз мөлшерлемесін белгілеуіңіз қажет:

А. 11%

В.5%

С.17,6%

D.13,3%

Е.16%.

4. Оукен коэффициентінің мәнін көрсетіңіз:

 

А. 3

В. 4

С. 1

D. 2

E. 2,5.

5. Экономикадағы потенциалдыЖҰӨ - 40 млрд. теңге, ал нақты ЖҰӨ - 32 млрд. теңге деп ұйғарайық. Сонда ЖҰӨ-нің ауытқуы пайыз түрінде төмендегідей

болады:

 

 

 

 

А. 20

В. 80 С. 8 D. 125

Е. 25.

 

 

6. Жабық экономика жағдайында ЖҰӨ тең:

 

 

А. C+I+G

В. C+G+Xn

С. C+I+Xn

D. S+C+G

Е.

C+I+G+Xn.

 

 

 

7.Егер, нақты ЖҰӨ көлемі 6% төмендесе, ал егер сол жылы тұрғындар саны 3% қысқарса, онда…

А. Жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ төмендеді В. Жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ өсті С. Нақты ЖҰӨ өсті, ал номиналды ЖҰӨ төмендеді D. Номиналды ЖҰӨ өзгермеді

Е. Бағалар 3% төмендеді.

8.Экономикада 1 данасы 500 теңге бағамен 50 дана көйлек және 1 кг 100 теңге болатын 20 кг қант өндіріледі. Бұл жағдайда елдің ЖҰӨ-і тең болады:

А. 27 000

В. 25 000

С. 2000

D. 23 000

E. 20 000.

9. ЖҰӨ = 5000 $, С = 3200 $, G = 900 $, NХ = 80 $, онда I қанша болады?

А. 820

$

В. 4920$

С. 4180$

D. 350$ Е. 4980$.

6

10. Егер жеке табыс 570, жеке табыс салықтары 90, тұтыну 430, халықтың жалпы пайыздық төлемдері 10, жеке жинақтар 50-ге тең болса, қолда бар табыс неге тең:

А. 480 В. 500 С. 470 D. 400 Е. 560.

Бақылау сұрақтары:

1.Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі неде?

2.Макроэкономикада қандай үлгілер қолданылады?

3.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді атаңыз

4.ЖІӨ дегеніміз не және ол қалай есептеледі?

5.Жұмыссыздықтың қандай түрлері бар?

6.Жұмысссыздық деңгейін қалай анықтаймыз?

7.Инфляция қарқыны қалай есептеледі?

8.Инфляцияның қандай түрлері бар?

Глоссарий:

ЖІӨ

ҰТ

ТІӨ

ҚБТ

ЖТ ЖІӨ дефляторы

Экономикалық цикл Оукен заңы Жұмыссыздық Инфляция Филлипс қисығы.

Жұмысты орындаушы:

Жұмысты қабылдаушы:

_______________________

__________________________

студент қолы, тобы, күні

оқытушы қолы, күні

Әдебиет:

1.Макроэкономика. Мамыров Н.К., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.Ә.- Алматы: «Экономика», КазЭУ, 2003.

2.Макроэкономика. Оқу құралы. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. - Алматы: Қазақ университеті, 2008.

3.Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. – М.: «ДИС», 1999.

4.Бугаян И.Р. Макроэкономика. – Рост. на-Д. Феникс, 2000.

5.Макроэкономика. Бункина М.К. и др. – М.: «ДИС», 2000.

6.Макроэкономика: Европейский текст. Бурда М., Виплош Ч. – М.: «Судостроение», 1998.

7.Макроэкономика. Долан Э.Дж., Линдсей Д. – СПб., 1994.

8.Макроэкономика. Дорнбуш Р., Фишер С. – Алматы: «Білім», 1997.

9.Ивашковский С.Н. Макроэкономика. Учебник. – М.: «Дело», 2000.

10.Ивашковский С.Н. Экономика. Микро и макроанализ. – М.: «Дело», 1999.

7

11.Тарасевич Л.С. Макроэкономика. – СПб.: Унив. экономики и финансов, 1999.

12.Макроэкономическая статистика: Учебное пособие. – М.: «Дело», 2000.

13.Протас В.Ф. Макроэкономика: структурно-логические схемы. – М.: «Банки и биржи», 1997.

14.Селищев А.С. Макроэкономика: Учебник. Под ред. проф. А.И.Леусского. – СПб.: «Питер», 2001.

15.Смирнов А.Д. Лекции по макроэкономическому моделированию. Учебное пособие. –М.: ГУ ВШЭ., 2000.

16.Макроэкономика. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов,

1997

17.Долан Э.Дж. Макроэкономика. – СПб., 1994.

18.Макроэкономика: глобальный подход. Сакс Дж.Д., Ларрен Ф.Б. – М.: «Дело», 1996.

19.Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. СПб., 1994.

20.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для ВУЗ-а. Пер. с англ. Под ред. В.П.Колесова. – МГУ экономический

факультет, ЮНИТИ, 1997.

21.Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. - М.:Джон энд Санз, 1994.

22.Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994.

23.Макроэкономика: Учебник. Под общ.ред. А.А.Абишева, К.А.Хубиева.- Алматы: «Экономика», 2009.

24.Макроэкономика: Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. - М.: «Дело исервис»,

2001.

25.Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.

26.Вечканов Г.С. Макроэкономика. - СПб.: «Питер», 2006.

27.Макроэкономика: Оқу құралы. Ә.Ә.Әбішев, К.А.Хубиев. – Алматы: «Экономика», 2008.

28. Макроэкономика: Оқулық. Ү.С.Байжомартов, Б.А.Жүнісов, С.И.Игильманова. – Ақтөбе «Актобе-Принт», 2010.

29.Киселева Е.А. Макроэкономика: курс лекции. – М.: Эскмо, 2006.

Сабақ № 2 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі. Тұтыну және жинақтау.

Сабақтың мақсаты: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты графикалық тұрғыдан талдауды меңгеру және тұтыну мен жинақтау функцияларын зерттеу. Материалдар мен жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, дәріс материалдары бар электронды тасымалдағыштар.

Жұмысты орындау мазмұны мен тәртібі:

1. «Жаттығулар» бөліміндегі есептер мен жаттығуларды орындауда жиынтық сұраныстың және қысқа, ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныстың ерекшелігін

8

ескерген жөн. 1-жаттығуда AD-AS үлгісі, 2-,3-жаттығуларда Кейнс кресі, ал 4-, 5- жаттығуларда ақшаның сандық теориясынң айырбас теңдеуі қолданылады.

2.«Блиц-тесттердің» жалғыз дұрыс жауабы беріледі.

3.Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап берілуі тиіс.

4.Глоссарийде берілген терминдердің анықтамасы жазылуы керек.

5.Жұмыс А4 қағазында сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см, жоғары жағы 2 см, төменгі

жағы

2 см параметрлерімен, жол аралығы 1 болатындай етіп, 14 Times New Roman шрифтімен рәсімделеді.

6.Оқытушыға «жаттығулардың» жазбаша нұсқасы тапсырылады.

7.Жұмыстың толықтығы, дұрыстығы, студенттің әдебиеттерді ұтымды қолдана білуі,

дұрыс рәсімделуі, лабораториялық жұмысты бағалау барысында ескеріледі.

Жаттығулар:

1.Алғашында экономика ұзақ мерзімдік теңдестік жағдайында болды және төмендегілермен сипатталды:

Ұзақ мерзімдік ұсыныс қисығы (LRAS) y=2800 деңгейінде вертикаль, ал қысқа мерзімдік (SRAS) ұсыныс қисығы P=1,0 деңгейінде горизонталь түрде берілген, AD қисығы y=3,5 M\P теңдеуімен берілген, мұндағы M=800. Ұсыныстың жайсыз сілкінісі болды. Соның нәтижесінде баға 1,4(SRAS*) өсіп, ал потенциалды өндіріс y*=2500(LRAS*) деңгейіне төмендеді.

А) егер үкімет пен ҰБ экономикаға араласпаса, яғни АD бұрынғы күйде қалса, ұзақ және қысқа мерзімдік у мен Р шамаларының жаңаша теңдестік мәндері қандай болады?

В) егер ҰБ тұрақтандыру саясатын жүргізсе, экономикадағы өндіріс көлемі 2800 тең болуы үшін қанша көлемді қосымша ақшаны айналысқа шығару керек?

С) егер экономикадағы өскен ақша саны әрі қарай қолдау тапса, ұзақ мерзімдік теңдестік нүктесінің координаталары қандай болады?

2.Экономика төмендегідей деректермен сипатталған:

Y=C+I,

C=100+0,8Y,

I=50.

Анықтау керек:

А) табыстың теңдестік деңгейін; В) тұтыну мен жинақтаудың теңдестік деңгейін;

С) егер өндірістік көлемі 800 тең болса, өнім қорының жоспарланбаған өсуі қандай? D) егер автономдық инвестициялар 100-ге дейін өссе, теңдестік өндіріс қалай өзгереді? Автономдық шығындар мультипликаторының мәні қандай? Теңдестік деңгейінің өзгерісін график түрінде көрсетіңіз.

3. Экономика төмендегідей деректермен сипатталады:

Y=C+I+G+Xn,

C=300+0,8Yd,

9

I=200+0,2y, Xn=100-0,04y, G=200,

t=0,2, Yd=Y-ty,

Табу керек:

А) табыстың теңдестік деңгейін, В) автономдық шығындар мультипликаторын.

4.Жыл басындағы ақша массасы М=172 млрд.тг., ақшаның айналыс жылдамдығы өзгерген жоқ, және ол V=0,8-ге тең. Баға деңгейі Р-де өзгеріссіз. Жыл соңында ақша саны 1,5 есе көбейді. Пайызбен есептегендегі экономиканың өсуінің (құлдырауының) көлемін анықтау керек.

5.Жыл басындағы экономика төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:

М1=100млрд.тг., Р1=10тг., V1=0,6. Жыл аяғында М2=120 млрд.тг., Р2=15тг., V2=0,8.

Экономикалық динамика өзгерістерін (өсу немесе құлдырау) пайыз бойынша анықтау керек.

Блиц-тест:

1. Жиынтық сұраныс қисығы (AD) нені көрсетеді?

А. Әр бір баға деңгейінде сатып алушылар алуға дайын тауарлар мен қызметтердің санын В. Ақша санын ұлғайтуды

С. Проценттің нақты ставкасын төмендетуді D. Салық ставкаларының өзгеруін

Е. Капиталдың бағасының деңгейін төмендетуді.

2.Қандай теңдеудің негізінде жиынтық сұраныс қисығы құрылады:

А. Ақшаның сандық теориясы В. Оукен заңы С. Инвестиция функциясы

D. Кобб-Дугластың өндірістік функциясы Е. Тұтыну функциясы.

3.Егер бағалар деңгейі төмендеп, өндіріс құлдыраса, бұл қандай құбылыстың нәтижесінде болып тұр:

А. Жиынтық сұраныс қисығының солға қарай жылжуымен В. Жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай жылжуымен С. Тұрғындар жинақтарының қысқаруымен

D. Жиынтық сұраныс қисығының оңға қарай жылжуымен Е. Жиынтық ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуымен.

4.Егер экономикадағы жағдай жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық бөлігіне сәйкес келсе, онда жиынтық сұраныстың өсуі мына құбылысқа әкеледі

А. Баға деңгейіне емес, нақты көрсеткіштердегі ЖҰӨ көлемінің өсуіне ықпал етеді В. Бағалардың төмендеуіне және ЖҰӨ нақты көрсеткіштердегі көлемінің өсуіне

10

С. Нақты көрсеткіштердегі ЖҰӨ динамикасына емес, бағалардың өсуіне ықпал етеді

D. Бағалар деңгейінің де, нақты көрсеткіштердегі ЖҰӨ көлемінің де өсуіне

Е. Бағалардың өсуіне және ЖҰӨ нақты көрсеткіштердегі көлемінің қысқаруына.

5.Ақша массасы көлемінің өсуі ұлттық өнімнің нақты көлеміне және жұмыспен қамтылу деңгейіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді:

А. Жиынтық ұсыным қисығының классикалық бөлігінде В. Жиынтық ұсыным қисығының кейнстік бөлігінде С. Жиынтық ұсыным қисығының аралық бөлігінде

D. Жиынтық ұсыным қисығының аралық және кейнстік бөліктерінде Е. Жиынтық ұсыным қисығының барлық бөліктерінде.

6.Жиынтық ұсыныстың классикалық нұсқасында жиынтық сұраныс өскен жағдайда:

А. Баға деңгейі өседі, нақты ЖҰӨ көлемі өзгермейді В. Баға деңгейі өседі, нақты ЖҰӨ көлемі азаяды С. Баға деңгейі де, ЖҰӨ-нің нақты көлемі де көбейеді

D. Баға деңгейі де, ЖҰӨ-нің нақты көлемі де өзгермейді Е. Бағаның деңгейі өзгермейді, нақты ЖҰӨ көлемі көбейеді.

7.Қолда бар табыс нолге тең болса, онда:

А. Жинақтау көлемі нолге тең В. Тұтыну көлемі нолге тең С. Инвестиция көлемі нолге тең

D. Мультипликатор әсері болмайды Е. Барлығы дұрыс емес.

8. Кейнстің тұтыну функциясын көрсетіңіз:

А. С=С0+МРС*Ү В. С=С0-МРС*Ү С. С=С0/МРС*Ү D. С=МРС*Ү/С0

Е. С=МРС*Ү-С0, мұндағы С0- автономды тұтыну.

9.Тұтыну функциясы С=25+0,7(Y-T). Бұл функциясы коэффициенттерінің экономикалық мәнін беріңіз:

А. Автономдық шығындар 25, қолда бар табыстың 1 теңгесінің 0,7-сі тұтынуға, 0,3-і жинаққа кетеді В. Қолда бар табыс өскен кезде жинақ 0,3-ке артады, тұтыну 0,7-ге қысқарады

С. Жинақ 0,7-ге, тұтыну 25-ке тең

D. Жинақ 25-ке тең, ал табыс өскен кезде тұтыну 0,3-ке қысқарады Е. С=25,7 және ол қолда бар табыс өскен кезде артады.

10.Табыс деңгейі Y=10000 теңге, салықтар Т=1000 теңге болса, онда С=2500+0,5

(Y-T) функциясындағы тұтыну көлемінің шамасы қандай:

А. 7000

В. 4500

С. 2000

D. 2500

Е. 9000.

Бақылау сұрақтары:

1.Жиынтық сұраныс дегеніміз не және оны қандай компоненттер құрайды?

2.Жиынтық сұраныс қисығының көлбеулігін немен түсіндіресіз?

11

3.Жиынтық ұсыныстың қысқа және ұзақ мерзімдер бойынша ерекшелігін түсіндіріңіз.

4.Макроэкономикалық теңдестік қандай жағдайда орын алады?

5.Тұтыну мен жинақтау арасында қандай байланыс бар?

6.Тұтыну және жинақтау функцияларын түсіндіріңіз.

Глоссарий:

 

Жиынтық сұраныс

 

AD қисығы

 

Жиынтық ұсыныс

 

AS қисығы

 

Кейнстік кезең

 

Классикалық кезең

 

Тұтыну

 

Жинақтау

 

Тұтынуға орташа бейімділік

 

Тұтынуға шекті бейімділік

 

Жинақтауға орташа бейімділік

 

Жинақтауға шекті бейімділік.

 

Жұмысты орындаушы:

Жұмысты қабылдаушы:

_______________________

__________________________

студент қолы, тобы, күні

оқытушы қолы, күні

Әдебиет:

1.Макроэкономика. Мамыров Н.К., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.Ә.- Алматы: «Экономика», КазЭУ, 2003.

2.Макроэкономика. Оқу құралы. Мухамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т., Рахматуллаева Д.Ж. - Алматы: Қазақ университеті, 2008.

3.Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. – М.: «ДИС», 1999.

4.Бугаян И.Р. Макроэкономика. – Рост. на-Д. Феникс, 2000.

5.Макроэкономика. Бункина М.К. и др. – М.: «ДИС», 2000.

6.Макроэкономика: Европейский текст. Бурда М., Виплош Ч. – М.: «Судостроение», 1998.

7.Макроэкономика. Долан Э.Дж., Линдсей Д. – СПб., 1994.

8.Макроэкономика. Дорнбуш Р., Фишер С. – Алматы: «Білім», 1997.

9.Ивашковский С.Н. Макроэкономика. Учебник. – М.: «Дело», 2000.

10.Ивашковский С.Н. Экономика. Микро и макроанализ. – М.: «Дело», 1999.

11.Тарасевич Л.С. Макроэкономика. – СПб.: Унив. экономики и финансов, 1999.

12.Макроэкономическая статистика: Учебное пособие. – М.: «Дело», 2000.

13.Протас В.Ф. Макроэкономика: структурно-логические схемы. – М.: «Банки и биржи», 1997.

14.Селищев А.С. Макроэкономика: Учебник. Под ред. проф. А.И.Леусского. – СПб.: «Питер», 2001.

15. Смирнов А.Д. Лекции по макроэкономическому моделированию. Учебное пособие. –М.: ГУ ВШЭ., 2000.

12

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]