Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

қабылданған № 173 ҚР Үкіметінің Қаулысына сəйкес өзінің 500, 1000 жəне 5000 АҚШ долларындағы астық” вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиентеріне берді.

МЕМЛЕКЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ

 

ж а й

 

В Е К С Е Л Ь

Сериясы ГК-1

№ 0077315

Толтырылған күні:

Толтырылған орыны: 480091, Алматы қ.,

1 сəуір 1996 ж.

Төле би көшесі, 73 а

Ұсынылған күні:

Төлеу орыны: 480060, Алматы қ.,

______________

Гагарин көшесі, 135 ж

Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт компаниясы

1 0 0 0

(бір мың) АҚШ долларына балама вексельді ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша

теңгемен төлеуге сөзсіз міндетті

АКМОЛА облысы бойынша Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт компаниясының өкілдігі

(кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төленгу тиісті, соның атауы)

Төлеу мерзімі: ұсынылғаннан кейін 10 күн ішінде. 1996 жылдың 1-желтоқасынан бастап векселдер өтеледі.

1997 жылдың 1-наурызына дейін вексель төлеуге ұсынылуы тиіс.

Вексель “1996 жылғы астықтан бидайды мемлекеттің сатып алуы туралы” 1996 жылы 7 ақпанда қабылданған № 173 ҚР Үкіметінің Қаулысына сəйкес шығарылған жəне осы Қаулымен анықталған бидай сатып алушылардың бағдарламасына қатысушылар арасында айналыста жүреді

Корпорация

Бас

төрағасы

бухгалтер

Мөрдің

орыны

Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

167

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде “Қазақстан темір жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Енді жай жəне аудармалы вексельдің айналысы процесіне мəн берелік. Ол көрініс 12-ші жəне 13-ші суретте берілген.

 

1

 

 

 

Вексель беруші

2

Вексель ұстаушы

 

(сатып алушы,

3

(сатушы, төлемді

төлеуші)

4

алушы)

 

 

 

 

 

12-сурет. Жай вексельдің айналыс процесі

1 - сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті) сатушыға ұсынады; 2 - сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға (тапсырыс берушіге) тауарын, өнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3 – сатушы вексельде көрсетілген, яғни төлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 – сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.

 

1

 

Трассант

Трассат

 

(вексель беруші)

2

(төлеуші)

 

 

 

 

3

5

 

 

 

Ремитент

4

 

(қаражат алушы)

 

 

 

 

 

13-сурет. Аудармалы вексельдің айналыс процесі

1- вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) тауарын жəне оған қоса аудармалы вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 – төлеуші (трассант) акцептелген вексельді вексель берушіге (трассантқа) қайтарады; 3 – вексель беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке (аудармалы вексель бойынша қаражатты алушыға) жібереді; 4- вексельде келісілген төлем мерзімінде ремитент вексельді трассатқа төлеуге ұсынады; 5 – трассат вексельді төлейді жəне сонымен бірге вексельдің келесі бетінде төлегені туралы белгісін салады.

168

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]