Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biznesti__1201_yymdastyru_ShPOOR (1).docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
84.67 Кб
Скачать

4. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.

«Кәсіп», «кәсіпкерлік»,«кәсіпкер» ұғымдары арабтың ежелгі «касабун» деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, ұтыс, ұтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Бизнестің көп кездесетін түрі кәсіпкерлік (предпринимательство). Кәсіпкер деген терминді француз экономисті Ришар Кантиллом енгізген.

Кәсіпкерліктің объектісі – адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі – өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы – әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнына пайданы көп келтіруі немесе шығындар барынша азайту. Нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі – жаңашылдық (новаторлық), ерекше мағынадағы новаторлық – өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды: заң-құқылық, психололгиялық, тарихи жақтары бар. Кәсіпкерлік қатынастарды қарастыруды ең алдымен субъектісі мен объектісін анықтаудан бастау қажет.

Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке-дара өндірісті (кәсіпорын) ұйымдастырудан көрінеді. Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы – міндетті шарттар.

1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне;

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.

3. Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

4. Мыналарды:

есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;

акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

лотереялар өткізуді;

ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;

сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;

мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;

радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

аудиторлық қызметті;

бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

5. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар..

«Кәсіп», «кәсіпкерлік»,«кәсіпкер» ұғымдары арабтың ежелгі «касабун» деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, ұтыс, ұтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Бизнестің көп кездесетін түрі кәсіпкерлік (предпринимательство). Кәсіпкер деген терминді француз экономисті Ришар Кантиллом енгізген.

Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

Тиімді бизнесті жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық және т.б. жағдайлар қажет, яғни бизнеске қолайлы орта керек.

Экономикалық жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: тауарға сұраныс пенұсыныстың бар болуы; кәсіпкер үшін оның шамасы жетерлік ақша – қаражаттың бар болуы; жұмысшы күші т.б.

Әлеуметтік жағдайға сатып алушылардың тауарды иемденуге ықыласы мен мүмкіндігі жатады. Бұл жерде тұрғындардың табысын, сатып алушылардың талғамдары мен өмір сүру салтын, демографиялық жағдайды ескеру қажет.

Мамандардың біліктілігін, оларды оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктерін, сондай-ақ фирма қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын қамтамассыз етумен олардың жақсы жұмыс істеу ықыласын ынталандыруды жатқызуға болады.

Құқықтық жағдайларға мыналар жатады: мемлекеттік қолдау түрлері(мемлекеттік тапсырмалар, жеңілдіктер және басқалар), салық жүйесі, кеден жүйесі және несие жүйесі, адал кәсіпкерлікті ынталандыратын заңдар, т.б

6. 1861-1917 жылдар аралығындағы Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы » деп аталатын бірінші бөлім екі бөлімшеден тұрады.

« Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының тарихи және саяси алғышарттары» атты бөлімшеде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік өлкесін отарлауын аяқтауы, патша үкіметінің жүргізген реформаларының кәсіпкерліктің қалыптасуына ықпалы қарастырылған.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ресей империясы қазақ даласында реформалау процесін қолға алды. Қазақстанның отар аймаққа айналуы, оның барлық аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына түбірлі өзгерістер әкелді. Осы кезеңде жүргізілген саяси реформалардың барысында, оңтүстік өлкедегі кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал еткен факторлар қалыптасты. Ресей империясы енгізген заңдардың отаршыл сипатына қарамастан, олар қазақ қоғамының өмір салтына жаңа серпілістер алып келді. Натуралды шаруашылыққа бейімделген жергілікті халық, саяси өзгерістердің әсерімен жаңа ізденістер арнасына түсті.

«Кәсіпкерліктің қалыптасуының экономикалық базасының құрылуы» деген бөлімшеде орыс отарлауы қарсаңындағы қазақ жерінің дәстүрлі шаруашылығы, қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызған инфрақұрылымның дамуы зерттелінген.

Аймақтың ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарға дейінгі экономикасы дәстүрлі шаруашылық негізінде дамыды. Сонымен қатар, осы уақытта өлкенің экономикасы орыс және ортаазиялық әскери шабуылдардан әлсіреген болатын. Ал, патша әкімшілігінің тарапынан жүзеге асырылған экономикалық мазмұндағы іс-шаралар, қазақ қоғамының әлемнің экономикалық жүйесінде болып жатқан өзгерістеріне тартылуына әсер етті. Әсіресе, капиталистік қатынастардың негізгі белгілерінің бірі болып табылатын – кәсіпкерлікті қалыптастыруға қажетті экономикалық алғышарттар туындады. Дегенмен, оңтүстік өңірдегі кәсіпкерліктің қалыптасуына тек ресейлік капиталистік қатынастардың енуі ғана емес, сол сияқты аймақтың климаты, құнарлы жер және су ресурстарының ықпалы да зор болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында оңтүстік өңірге капиталистік қатынастардың енуін күшейткен, оның ішінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен факторлардың бірі – теміржол құрылысы болып табылады.

Теміржолдар салу арқылы, патшалық Ресей Орта Азия мен Шығысқа баратын жолын ашып, сыртқы сауданы дамытуға мүмкіндік алды. Теміржолдар салу ісі ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясын жылдам қарқынмен қамти бастады. Теміржол құрылысының салынуы Қазақстанда тауар-айырбас және ақша-тауар қатынастарының дамуына ықпалын тигізді. Сонымен бірге, қоныс аудару процесінің күшеюіне де әсер етті.

Қорытындылай келе, 1861-1917 жылдар аралығында қазақ жерінде кәсіпкерліктің қалыптасуына негіз болған экономикалық алғышарт жасалды. Осы кезеңде қазақ жерінде кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуші факторлар туындады. Оның ішіндегі ең негізгілері - банк-несие жүйесі мен теміржолдардың салынуы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстігі жаңа экономикалық аймаққа айнала бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]