Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Makala

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
56.09 Кб
Скачать

В.И.Лениннің тезистерімен таныса келе Т. Рысқұлов оның Түркістан өміріне қайшы келетін көптеген тұстарын айқындайды. 1920 жылы 16 маусымда Т. Рысқұлов Башқұрт, Татар және Қырғыз (қазақ) республикаларының ұлт қайраткерлерімен (А.Байтұрсынов, Н.Ходжаев, Ә.Ермеков, З.Валидов, Ымағұлов) келісе отырып, осы тезистерге енгізген біршама түзетулері мен ұсыныстарын В.И.Ленинге жібереді.

Құжат авторлары В.И.Лениннің тезистерінің 11-ші және 12-ші тармақтарының мазмұнын қатты өзгертіп, өз тараптарынан 13-ші тармақ енгізген. Олар ұлт мәселесін шешу «бұратаналарды тонау мен оларға зорлық-зомбылық көрсету үйреншікті де заңды құбылысқа айналған мемлекетте» іске асыруы тиіс екенін, сондықтан да «бұратана кедей-кепшікті нақ сол отаршылардың қолымен немесе отаршыларға арқа сүйейтін жергілікті қолымен босатып» болмайтынын ескертеді. Бүкіл осы қасірет, дейді олар, бір ғана жағдайда: егер Ресейдің шығысында құрылған сол қуыршақ республикаларға (БОАК-тың хатшысы Лутовинов бірде айтқанындай) қазіргіден байыптырақ сипат пен мән беріліп, бұл республикалардың бұратана еңбекшілеріне партиялық, шаруашылық және әскери ұйым салаларында өз инициативасын танытуға мүмкіндік жасалатын болса ғана шешіле алады.

В.И.Лениннің аталған тезистеріне өз пікірін 1920 жылы 12 маусымда И.В.Сталин де жібереді, оның ойынша: «Ескі Ресейдің құрамына кірген ұлттар үшін біздің кеңестік үлгідегі федерация интернационалды тұтастыққа жеткізетін жол ретінде саналуы мүмкін және саналуы тиіс. Дәлел жеткілікті: бұл ұлттарда бұрын не өздерінің мемлекеттері болмаған, не оны әлдеқашан жоғалтып алған, сондықтан да кеңестік (орталықтанған) үлгідегі федерация оларға ешқандай айтыс-тартыссыз-ақ телінеді».

Т. Рысқұлов Түркістан Республикасының өкілетті делегациясының басшысы ретінде ұлт мәселесі бойынша Мәскеу қаласында аса күрделі саяси пікірталастар жүргізумен қатар, әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелермен де айналысты. Түркістан Республикасының өкілетті делегациясының барлық негізгі және қосалқы мүшелері белсенді қызмет атқарды. [32, 415 б.].

1920 жылы 27 мамырда делегацияның қосалқы мүшесі, Түркістан Республикасының Қаржы халық комиссары В.Көшербаевқа РСФСР Халық ағарту халық комиссариатынан мұсылман баспалары үшін араб әріптері мен түрліше әдебиеттер алу, Түркістан Республикасына іріктеп білікті ғылыми қызметкерлерді шақыру міндеті жүктелді. Сол күні В.Көшербаев пен делегацияның тағы бір мүшесі А.Ширванскийге РСФСР Қаржы халық комиссариаты мен Түркістан Республикасы Қаржы халық комиссариатының өзара арақатынасының басты принциптерін белгілеу тапсырылды. 1920 жылы 28 мамырда Т. Рысқұлов қол қойған мандат бойынша А.Ширванский мен В.Көшербаев Бүкілресейлік Халық Шаруашылығы Кеңесінде Түркістан Республикасының экономикасы туралы баяндама жасау құқына ие болды.

Т. Рысқұловтың өзі 1920 жылы 28 мамырда БХШК-де А.И.Рыковтың ұйымдастыруымен өткен Түркістандағы экономикалық құрылыс туралы шараларды әзірлеу мақсатында құрылған комиссияның мәжілісіне қатынасып, РСФСР мен Түркістан Республикасының экономикалық қарым-қатынасының өзара тиімді бағыттары туралы сөз сөйледі.

Түркістан Республикасының өкілетті делегациясы Мәскеуде болған уақыт ішінде РСФСР астанасында жүрген барлық Түркістан Республикасының азаматтарымен тығыз байланыс орнатып, олардың қызметтеріне жүйелі бағыт сілтеп отырды. Түрліше қиын-қыстау жағдайларға, қиыншылықтарға ұшыраған адамдар да Т. Рысқұловтан көмек сұрап келетін. Мысалы, Т. Рысқұлов Алашорда партиясының батыс бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі, ірі қоғам қайраткері Х.Досмұхамедовқа да қиналған кезде қол ұшын берді. Т. Рысқұлов қол қойған 1920 жылғы 11 маусымдагы № 39 мандатта былай деп жазылған: «Бұл мандат Түркістан Республикасының өкілетті делегациясы Ташкентке аттандырған жол. Досмұхамедовқа берілді. Делегация жодас Досмұхамедовқа Орынбор мен Ақтөбе бекеттері арасында бес адамнан тұратын өз отбасын іздестіріп, оларды өзімен бірге ала кетуге құқық береді. Жоғарыда аталғандарды басшылыққа ала отырып, өкілетті делегация эшелондармен Орынбор – Ақтөбе аралығында қатынап жүрген барлық жауапты қызметкерлерге жолдас Досмұхамедовты отбасымен бірге жолсапармен баратын Ташкентке дейінгі поездқа отырғызып, ала кетуді өтінеді». Ал, 1920 жылы 11 маусымда Түрікатком төралқасына жіберген жеделхатында: «дәрігер маман ретінде Досмұхамедовқа қызмет беруді» өтінген.

Т. Рысқұлов 1920 жылы 18 маусымда өзі қол қойған № 52 бұйрықпен Түркістан Республикасын Жабдықтау комиссиясын тағайындады. Жабдықтау комиссиясына Түркістан Республикасының экономикасына қажетті барлық өнеркәсіп және ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын, техникалық материалдар мен қондырғыларды және шаруашылққа қажеттіі басқа заттарды Түркістан Республикасына жеткізу міндеті жүктелді.

Түркістан Республикасының шаруашылық органдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Мәскеу қаласында қызмет атқарып жүрген Түркістан азаматтары мен Орталық қызметкерлерін Түркістан Республикасына қызметке шақырып отырды. 1920 жылы 18 маусымда Т. Рысқұлов Бүкілресейлік Халық Шаруашылығы Кеңесінің Жер шаруашылығы Бас басқармасының өкілі Н.М.Жалиловты «агрономдық, әсіресе малт шаруашылығы бойынша арнайы білім алған түркістандық болғандықтан және Түркістан үшін аса қажетті, таптырмайтын маман ретінде Түрікаткомның қарамағына жіберу» туралы мандатқа қол қояды. Оның өз келісімін ала отырып, Т. Рысқұлов Жер шаруашылығы Бас басқармасынан «азамат Жалиловты делегация поездымен бірге аттану үшін босатуды» сұрайды.

1920 жылы 19 маусымда Т. Рысқұлов РСФСР Жер шаруашылығы халық комиссариатына арнайы хат жазып Түркістанның ауыл шаруашылығын өркендету үшін қазіргі таңда техникалық және материалдық күш-қауттың жетіспейтіндігін, сондықтан да ең тиімді шара ретінде халық шаруашылығын электрлендіруді шұғыл қолға алып, бұл іске байланысты проблемаларды зерттеу үшін Түркістанға, Түрікатком қарамағына Орталықтан арнайы мамандандырылған комиссия жіберуді өтінеді. 28 маусымда БОАК-тың төралқасына жазған хатында Т. Рысқұлов Түркістан Республикасына 17 автокөлік сатуды өтінген.

1920 жылы 25 маусымда Т. Рысқұлов РСФСР Халық ағарту халық комиссариатының Музыка бөліміне хат жазып, онда дүниежүзілік ұлы классиктердің таңдамалы опералары жазылған күйтабақтар мен түрліше музыкалық аспаптар сатып алу үшін көмектесуді сұрайды.

Т. Рысқұлов 1920 жылдын 25-29 маусым аралығында Петроград қаласында болды. Петроградта болғаны туралы екі тарихи құжат мәлімет бере алады, оның біріншісі, Т. Рысқұловтың 1920 жылы 18 маусымда Мәскеу қалалық Төтенше Комиссиясынан (ЧК) Түркістан республикасының өкілетті делегациясының мүшелері – Т. Рысқұлов пен Н. Ходжаевтің және олардың жанындағы қызметкелердің Петроград қаласына барып қайтуға рұқсат сұраған өтініш хаты; екіншісі, В.В.Куйбышев (Ташкент) пен Ш.З.Элиаваның (Мәскеу) радио арқылы 1920 жылы 26 маусымда сөйлескен сөздері (Куйбышев: «Рысқұлов және делегация қашан келеді» деген сұрақ қойған кезде, оған Элиава: «Рысқұлов пен Ходжаев қазір Петроградта, қашан келетінін білмеймін, конгресс аяқталғанша қалуды жөн көрер деп ойлаймын» деп жауап берген).

Коммунистік Интернационалдың ІІ конгресі 1920 жылы 19 шілде – 7 тамыз аралығында өтті. Т. Рысқұлов Петроградта болған мезгілде ІІ конгресс әлі ашыла қлймаған болатын, сондықтан оның Петроградқа келуін мынадай себеппен түсіндіруге болады: яғни, конгреске жиналып жатқан делегаттардың түрліше топтарының саяси көзқарастарымен танысу, оларға Түркістан қайраткерлерінің ұлт мәселесі бойынша көзқарастарын жеткізу, осы арқылы шет елдік коммунистер мен саяси қайраткерлер арасынан өз тілеулестерін табу, егер мүмкіндік болып жатса, солардың көмегі арқылы өз талаптарын РКП (б) Орталық Комитетіне өткізу. [33, 44 б.].

1920 жылы 30 маусымда Т. Рысқұлов Петроградтан Мәскеуге қайтып оралған және сол күні-ақ БОАК-ның төралқасы мен РКП (б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросына екі хат жолдап үлгерген. БОАК-тың төралақсына жазған хатында Т. Рысқұлов Мәскеуден Ташкентке қайтып бара жатқан Түркістан Респуликасының өкілетті делегациясының қосалқы мүшелері мен қызметкерлері мінген поездың жол бойында ешқандай тінтуге ұшырамай, үздіксіз қозғалуы үшін арнайы мандаттың берілуін талап еткен; Екінші, № 85-ші хат сол күні РКП (б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросының атына жіберілген. Хатта Т. Рысқұлов Түркістан майданы Революциялық-әскери Кеңесі Еркеше бөлімінің бастығы Г.И.Бокийдің үсітінен талай рет жіберілген шағымдарға әлі күнге ешқандай назар аударылмай отырғанын ескертті. Т. Рысқұловтың хатында Г.И.Бокийдің Түркістан аумағына кетуі қатты талап етілген, өйткені: «Орталықтың орасан зор күші бар мандатымен қаруланған, сондай-ақ өз қарамағында қарулы жасақ ұстайтын жол. Бокийдің қызметі шалғайдағы провинциядағы кеңес генералының роліне өте жақын келеді». Хатта бұдан әрі Ерекше бөлімнің қанды қылмыстары әшкереленеді. «Шексіз, ештеңеге негізделмеген атулар халықты қатты террорландырып жібереді де және Түркістан Республикасының Орталық өкіметінің маңызын жоққа шығарады»,– дейді Т. Рысқұлов. Хаттың негізгі тексті жазылып біткен соң, соңынан Т.Рысқұлов пен делегацияның бір-екі мүшесі қол қойған және хаттың артқы бетіне қосымша текст жазылған. Қосымша тексте Т. Рысқұлов толып жатқан қылмыстары бола тұра Г.И.Бокийді Түріккомиссияның жаңа құрамына мүше етіп кіргізуге әрекеттеніп жатқан Орталықтың саясатын айыптайды және оның кетуі тиіс екенін үзілді-кесілді талап етеді.

Ерекше бөлімнің Түркістан Республикасындағы қанды қылмыстары В.И.Ленинге де, РКП (б) Орталық Комитетіне де жақсы мәлім болатын. Мысалы, П.Н.Лепешинскийдің В.И.Ленинге 1920 жылы 6 мамырда жазған хатында былай деп көрсетілген: «Ерекше бөлім мұнда (Түркістанда) мүлдем артық нәрсе... Бұл Ерекше бөлімнің барлық қызметі мынаған саяды: ол өзінің өмір сүріп отырғанын ақтау үшін ғана алғашқы кездескен «контрреволюционердің» желкесінен ұстауға мәжбүр», және «Ерекше бөлімнің тыңшылық құрамын құрайтын сән-салтанатты, көбіне сатқын, тұла бойлары арамдыққа батқан бірнеше жүздеген адамдар өздерінің қылмысты арандатушылық істерімен халықты ызаландырып отыр» А.Брискиннің 1920 жылы 31 шілдеде РКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Н.Н.Крестинскийге жазған хаты мұны толықтыра түседі: «Тұмсық сұқпаған жері қалмаған, «Қырғи көз», өз өкілеттігін масқара көпірткен, мейрімсіз және зәр шашқан, ешкіммен және ештеңемен санаспайтын.

Түркістан мен Ресейдің арасындағы орасан зор айырмашылықтарды түсінбеген (мысалы, мұсылман әйелдерін тінту) қызметі арқылы ерекше бөлім бүкіл халықты өзіне қарсы қойды» [34, 245 б.].

Г.И.Бокийдің қылмыстарын нақты мысалдармен дәлелдеген осындай құжаттарға қарамай В.И.Лениннің нұсқауымен ол 1920 жылы тамызда Түріккомиссияның жаңа құрамына енгізілді. Таратылуын Т. Рысқұлов пен басқа да мұсылман коммунистері табагды талап еткен Түріккомиссия осылайша сыннан өткен шовинист элементтермен нығайтылып отырды. Түріккомиссияның жаңа құрамына 1917 жылдың желтоқсан айынан бастап Кеңестік Ресейдің Революциялық-әскери трибуналының төрағасы, 1918 жылдың тамызынан бастап Бүкілресейлік Төтенше Комиссияның төрағасының (Ф.Э.Дзержинскийдің) орынбасары болған Я.Х.Петерстің енгізілуі В.И.Лениннің Түріккомиссияны эмиссарлық-репрессиялық органға айналдыруға тырысқанын көрсетті.

Т. Рысқұловтың талаптары алысты болжаған саяси талаптар болатын. Әділеттік іздеп келген В.И.Лениннің алдында мәселенің дұрыс шешілмеуі Т. Рысқұловтың Орталыққа сенімін жоғалтты. Теория мен мемлекеттік саясаттың, көтерілген ұран мен қайнаған өмрідің үйлеспейтіндігі, жүргізіліп жатқан саясаттың екіжүзділігі мен жалғандығы айқын көрінді.

Т. Рысқұловтың екі жарым ай мерзімге (1920 жылдын 5 мамыр – 12 шілде аралығында) Мәскеуге кеткен уақытында Түркістан Республикасының ішкі саяси жағдайы қатты өзгеріп кетті. Түріккомиссияның жік түсіру саясатының нәтижесінде мұсылман коммунистері ұлттық, таптық, тіпті рулық-тайпалық белгілері бойынша бір-бірімен өштескен саяси топтарға жіктеліп тынды. З шілдеде Өлкелік партия комитетінің төрағасы С.Тұрсынходжаев Мәскеуге, Т.Рысқұловтың атына маынадай мазмұндағы жеделхат салуға мәжбүр болады: «Түркістан Республикасының қазіргі таңдағы жағдайы Сіздің тез арада оралуыңызды қажет етеді». Ал, 1920 жылы 13 шілдеде Т.Рысқұлов олбыстық және уездік ревкомдарға таратқан № 695-ші жеделхатында былай деп мәлімдеген: «Мәскеуге барған жосапрлардан менің және Түрікатком төрағасының орынбасары Н.Ходжаевтың оралуына байланысты мен бүгіннен бастап өз міндетімді атқаруға кірістім».

Түркістанға оралған Т.Рысқұлов бастаған саяси топтың саяси билік басында ұзақ болуы ұзаққа созылмады. 1920 жылы 18 шілдеде олар отставка жариялайды. Өз қызметінен кету туралы мәлімдемелердің ішінен тек Т.Рысқұловтың арызы ғана қанағаттандырылады да, қалғандарына рұқсат берілмеді, оларды Түрікатком пленумына дейін өз қызметтерінде қалуға мәжбүр еткен. Осылайша, Түріккомиссия Т.Рысқұловты өз қарамағындағы пікірлес қайраткерлерден ажыратуға ұмтылды.

1920 жылы 19 шілдеде Түріккомиссяи Түркістан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінен таратып, орнына Уақытша Орталық Комитет ұйымдастырды. Түрікаткомға Түріккомиссияның ықпалындағы А.Рақымбаев сынды басшы отырлығызды.

А.Рақымбаев бастаған жергілікті коммунистердің жаңа тобының биікке жылжытылуы Түріккомиссияның шеберлікпен іс жүзіне асырған саясаты болатын, өйткені Т.Рысқұлов бастаған саяси қайраткерлердің беделінен қаймыққан бұлар алғашында жаңа қызметтеріне барғысы келмеген, бірақ Түріккомиссия тарапынан жасалынған қысымның нәтижесінде келісім беруге мәжбүр болған. Істің дәл осылай өрбігенін Я.Х.Петерстің Преобреженскийге жазған хаты дәлелдейді. Хатта нақты атап көрсетілген: «Жолдас Рысқұлов бастаған мұсылмандардың ұлттық қозғалысы құртылды» Одан әрі бұл ұлттық қозағлысты құрту үшін Түпіккомиссияның қандай тактика қолданғанына тоқталады: «Біздің ұстанған басты принципіміз мынау - өзіміз көлеңкеде тұрып ескі Түріккомиссияның құрамынан және біздің ұсынысымыз бойынша іріктелінген мұсылман жолдастардың басқа тобын билікке шығару... Мұсылмен жолдастардың билікке, яғни Халық Комиссарлар Кеңесі мен Түрікатком басына тіпті барғылары келмеді, ал бізге оларды партиялық тәртіпті бетке ұстай отырып зорламауымызғы тура келді» [35, 145 б.].

Хатының соңында Я.Х.Петерс жаңадан жоғарылатылған мұсылман коммунистеріне мынадай баға береді: «шалғайлық жетеді, себебі жаңа толқынмен жоғарылатылған қызметкерлердің бәр де ең бағалы алтындар емес, олардың көбі кездейсоқ ілінгендер болып, келешекте сахнадан жоғалуы мүмкін, мұндай жағадайдың болғаны қажет, өйткені билік басына жоғарылатылған жаңа мұсылман жолдастар өз қызметіне сай, әрі одан әрі өсуге қабілетті деп айта алмайсың».

РКП (б) Орталық Комитетіне жолдаған баяндамасында В.В.Куйбышев ТКП Уақытша Орталық Комитетінің ұйымдастырылғанын баяндайды, бұл комитеттің құрамына: «Түріккомиссияның көзқарасының жақтайтын жолдастардың» алынғанын мәлімдейді.

Т.Рысқұлов 1920 жылы 18 шілдеде ТКП Орталық Комитетінен шығатынын мәлімдесе, ал 22 шілдеде Түрікатком төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Сол күні Түрікаткомның жаңадан ұйымдастырылған төралқасы Т.Рысқұловтың кезекті еңбек демалысына кету, Түркістаннан Мәскеуге барып шығармашылықпен айналысу туралы өтінішін қанағаттандырды. Ал, ТКП Уақытша Орталық Комитеті 1920 жылы 21 шілдеде өткен пленарлы мәжілісінде: «Жолдас Рысқұловтың Мәскеуге аттануы туралы өтініші қанағаттандырылсын. Түрікаткомның отставка туралы арыз жазған басқа мүшелері жайлы мәселе ашық қалдырылып, пленум шақырылғанға дейін олардың өз қызметтерінде қалдырылуы міндеттелсін», деген қаулы қабылданды.

Сонымен, Орталық пен оның эмиссарлық органы Түріккомиссияның саясаты іске асырылып, Түркістан Республикасының саяси егемендігі, мұсылман халықтарының теңдігі жолында күрескен, өз мақсаттарын орындау жолында табандылығымен көзге түскен Т.Рысқұлов бастаған саяси топ билік басынан ығыстырылып шығарылды.

1920 жылы 29 шілдеде РКП (б) Орталық Комитеті Түркістан Республикасында қызмет атқарып жатқан Түріккомиссияға қосымша ретінде тағы бір орган – Түрікбюроны тағайындады.

Түркістан Республикасының саяси тізгіні осылайша Орталықтың қолына біржола көшті, жергілікті жерде оның саясатына қарсы тұратын саяси күш қалмады. Түрікбюроның құрамына: Я.Х.Петерс, Л.М.Каганович және екі адам кіргізілді. Тамыз айында Түркістан Республикасына Орталықтан түрліше жұмыстар үшін 150 адам тағы жіберілді.

Т.Рысқұловтың өмірінде жаңа кезең басталды, бұл – саяси сенімсіздік пен қуғындалу кезеңі болатын.

Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару комитетінің (Түрікаткомның) тарихында оның төрағасы болған жергілікті халықтардың тұңғыш өкілі. Т.Рысқұлов Түрікатком төрағасы болып 1920 жылғы 21 қаңтардан сол жылғы 22 шілдеге дейін, тура 6 ай мерзім жұмыс істеді. Осынау тарихи қысқа мерзімнің ішінде-ақ Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының саяси тарихының беттерінде өзінің жарқын бейнесіне мәңгіге қалдырып үлгереді.

Түрікатком төрағасы ретінде Т.Рысқұловтың атқарған сан-сала қызметінің негізгі бағыттары мен қорытындыларын түйіндей айтсақ мынадай: - 1920 жылы қаңтар айының соңында Түрікатком төрағасы қызметіне қол жеткізген Т.Рысқұлов, бұл органды – Түркістанның тарихи-объективті жағдай мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды; - Барлық өлкелік комиссариаттардың қызметі негізінен және міндетті түрде Түркістанның жергілікті халықтарының тұрмыс ерекшеліктері мен салт-дәстүрлеріне сәйкестендіріп қайта құрылды; - Т.Рысқұлов саяси-мелекеттік құрылыстың түрі ретінде кеңес өкіметін нығайтуға тырысты, бірақ ресми пролетариат диктатурасы деген атауға ие болған партиялық диктатураның орнауына бар мүмкіндікті пайдалана отырып қарсы шықты; - Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының заң актілері мен заңдық күші бар қаулыларын әзірлеуге және оларды қабылдауға, орасан зор көлемдегі әкімшілік-ұйымдастырушылық және бюджеттік сипаттағы практикалық мәселелерді шешуге, конституциялық және жеке заңдардың сақталуы мен орындалуын қадағалауға, үкімет мекемелері мен түрліше комиссариаттардың қызметін біріктіріп, бір ізділкке салуға тікелей басшылық жасады; - Орыс шаруалары мен орыс-казактарының қолындағы көшпелі халықтардың ата қоныс мекендерін тартып алуға және оларды қарусыздандыруға қол жеткізді; - Республикадағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдени шараларға да көңіл бөліп, бұл салалардағы мекемелердің қалыптасып, тұрақты жұмыс істеуіне қолғабыс жасап отырды; - Т. Рысқұловтың ерекше көңіл бөлген мәселесі – патша үкіметінің мейрімсіз отарлау саясатының зардаптарын жою мәселесі болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің боздақтарына қолдан келген көмегін көрсетті. Босқындардың туған жеріне, ата қоныс мекендеріне орналасуына мүмкіндік туғызды; - Т.Рысқұловтың Түрікатком төрағасы қызметінде сіңірген еңбегінің ең бастысы және маңыздысы – Түркістан Республикасының саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы табанды күресі болды. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, эконмикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады, бұл бағытта өз кезеңінің мүмкіндіктерінен әлдеқайда жоғары табыстарға да қол жеткізді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Революция и национальный вопрос. (Док. и мат. по истории национального вопроса в России и СССР в XX веке). Под ред.С.М.Диманштейна. Т.З. (Фев-окт. 1917 г.). М., «Изд. Комакадемии», 1930, 467 стр.

2. Сельскохозяйственный обзор Туркестанского края (Сыр-Даринская, Самаркандская и Закаспиийская области) за 1915 г. По данному текущей статистики. Выпуск – 1. Т., 1916.

3. Советы и ревкомы в Казахстане (окт. 1917-1920гг.). (Док. и мат.). А., 1971, 224 стр.

4. Средне-Азиатский экономический район: Очерки по экономике Средней Азии. Т., 1922, 127 стр.

5. Четвертое совещание ЦК РКП (б) с ответственными работниками национальных республик и областей в Москве 9-12 июня 1923 г. Стен. отчет. М., «Бюро Секретариата ЦК РКП (б)», 1923.

6. Абусаттаров Г.С. Из истории строительства местных организаций Компартии Туркестана. Т. «Фан», 1984, 143 с.

7. Азизханов А. Туркбюро-полномочный орган ЦК РКП (б). Т., «Узбекистан», 1977, 143 стр.

8. Акрамов А., Авлякулов К. В.И.Ленин, Турккомиссия и укрепление Советской власти в Средней Азии. Т., «Узбекистан», 1991, 342 стр.

9. Бецсембаев С. Ленин и Казахстан. (2-ое изд. доп. И переработанное). А., «Казахстан»,1987,392 стр.

10. Бейсембаев С., Кульбаев С. Турар Рыскулов. А., «Казахстан», 1974, 40 стр.

11. Бөкейхан Ә. Таңдамалы (Избранное). Гл.ред.Р.Нургалиев. Сост.: С.Аккулулы А., «Қазақ энцклопедиясы», 1995, 478 б.

12. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. А., «Ғылым», 1991, 256 стр.

13. Вощинин В. Очерки нового Туркестана. Свет и тени русской колонизации. Санкт-Петербург, 1914,86 стр.

14. Джургенов А. В борьбе единство мы нашли. А., «Казахстан»,1972, 167 стр.

15. Зевелев А.И. Из истории гражаданской войны в Узбекистане. Т., «Госиздат УзССР», 1959, 607 стр.

16. Зиманов С., Даулетова С., Исмагулов М., Казахский отдел народного комиссариата по делам национальностей РСФСР. А., «наука», 1975, 224 стр.

17. История Коммунистических организаций Средней Азии. Т.,1967, 778 стр.

18. Кастельская З.Д. Из истоии Туркестанского края (1865-1917 гг.). М., «Наука», 1980, 120 стр.

19. Каримов Р.Х. Узбекистан в период восстановления народного хозяйства СССР (1921-1925 гг.). Ташкент, «Узбекистан», 1974, 200 стр.

20. Керенский А.Ф. Россия на историческом повороте. Мемуары. Пер.с. англ. М., «Республика», 1993, 384 стр.

21. Козыбаев И.М. Историяграфия Кахахстана: уроки истории. А., «Рауан», 1990,136 стр.

22. Козыбаев М.К. История и современность. А., 1991, 252 с.

23. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992, 272 бет.

24. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., «Санат», 1995, 368 бет.

25. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? А., «Ана тілі», 1992, 208 бет.

26. Ким П.Г. Источникеведение истории Компартии Туркестанан (1918-1924). Т., «Узбекистан», 1982, 208 стр.

27. Манелис Б.А. Из истории государственно-правовых взаимоотношений Туркестанской АССР и РСФСР. Т., «Фан», 1966, 88 стр.

28. Макарова Г.П. Народгый комиссариат по делам национальностей РСФСР, 1917-1923 гг. Исторический очерк. М., «Наука»,1987, 173 стр.

29. Набиев Ф.Х. Социалистическое строительство в Узбекистане в годы гражданской войны (1919-1920) Т., «Фан», 1989, 123 стр.

30. Назарбаев Н. Пять лет независмости. А., «Казахстан», 1996, 624 стр.

31. Назаров С. Из истории деятельности Средазбюро ЦК РКП (б) (1922-1924). Т., «Узбекистан», 1965, 118 стр.

32. Нурпейсов К.Н. Становление Советов в Казахстане (март 1917 г. – июнь 1918 г.). А., «Наука», 1987, 240 стр.

33. Нұрпейсов К.Н Алаш һәм Алашорда. А., «Ататек», 1995, 256 б.

34. Победа Советской власти в Средней Азии и Казахстане. Т., «Фан», 1967, 781 стр.

35. Рассел Б. Практика и теория большевизма (Пер. с английского изд. 1920 года.). М., «Наука», 1991, 128 стр.

36. Россия на рубеже веков: исторические портреты. М., «Политздат», 1991, 378 стр.

37. Россия, 1917 год: Выбор истоического пути. М., 1989.

38. Садықов Т.С. Тарих тағылымы. А., «Ана тілі», 1992, 160 б.

39. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. А., 1966, 376 стр.

40. Сафаров Г. Колониальная революция. (опыт Туркестана). М., 1921, 238 стр.

41. Турсунов Х. Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане (1919-1924гг.). Т., «Узбекистан», 1971, 366 стр.

42. Тынышбаев М. История казахского народа. Сост. И авторы предисловия проф.Такенов А.С. и Байгалиев Б.А., «Қазақ университеті», 1993, 224 стр.

43. Ульмасбаев Ш., Слива С. Индустриальное развитие Узбекистана за годы Советской власти. Т., «Узбекистан», 1966, 270 стр.

44. Устинов В.М. Служение народу (Партийная и государственная деятельность Т.Рыскулова). А., «Казахстан», 1984, 231 стр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]