Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

аза лтты университет1

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
22.47 Кб
Скачать

Қазақ ұлттық университеті

СОӨЖ

Тақырып; Үңгір ескерткіштері және ашық тұрақтар архитектурасы

Тексергена ; Оралбай Е

Орындаған ; Абасова А

2014-2015 ж.ж

Үңгір ескерткіштері және ашық тұрақтар архитектурасы

Жоғарғы палеолит кезеңінің ескерткіштері – шамамен осыдан 35 – 40 мың жыл бұрын, тас дәуірінің алғашқы кезеңінде қалыптасып дамыған тарихи және мәдени ескерткіштердің жиынтық атауы. Жоғарғы палеолит кезеңінің ескерткіштерінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері жөнінде ортақ тұжырым орнықпаған. Жоғарғы палеолит кезеңінің ескерткіштеріне үңгірлер қабырғасы мен төбесіне түрлі түсті бояулармен салынған суреттер, малта тастар мен ірі аң сүйегіне, мүйізіне ойып салынған әр түрлі геометрикалық, зооморфтық бейнелер жатады. Францияның оңтүстігі, Испания, Италияның оңтүстігі осындай ескерткіштер сақталған негізгі орталықтар болып есептеледі. Олардың ішіндегі белгілілері Альтамира, Ляско, Руфиняк, Фом де Гом, т.б. үңгірлер қабырғаларындағы суреттерде бизондар,жылқылар, бұғылар, мүйізтұмсықтар, мамонттар бейнеленген. Жоғарғы палеолит кезеңінің ескерткіштерінің ең белгілісі – Франциядағы “үш ағайындылар” деген үңгірден табылған, басына бұғының мүйізінен жасалған бетперде киген бақсының бейнесі. Мұндағы суреттерде адамдар аң терісін киген қалпында бейнеленген. Кейін мұндай ескерткіштер Франко-Кантабрийден басқа Оралдағы Шұлғантас, Капов үңгірлерінен де табылды және оларда, негізінен, мамонттар бейнеленген шартты белгілер көп. Жоғарғы палеолит кезеңінің ескерткіштерінің екінші тобына Дон өзенінің бойындағы Костенки тұрағынан табылған кішігірім әйел мүсіндері, Сібірдегі Буретов, Мальта ескерткіштері, т.б. жатады. Бұлар сол заманғы адамдар қоғамында күрделі діни наным-сенім, дүниеге көзқарас, эстет. талғам деңгейлерінің біршама жоғары болғандығын дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл ескерткіштер олардың тұрмыс-салтын, әлеуметтік қарым-қатынастарын зерттеуде өте құнды тарихи дерекболып есептеледі Қазақстанның Оңтүстік бөлігін адамдар тас ғасырының ерте палеолит дәуірінде мекендеген. Бұл адамзат тарихы дамуының басты кезеңі, б.з.д. 1 млн-нан 140 мың жыл арасын қамтиды. Осы өңірде адамдардың тас ғасырынан бастап мекендегеніне сол дәуір ескерткіштері – тұрақтар, шеберханалар мен Қаратау жоталары аймағынан табылған тас құралдар – шапқылар мен өзектастар дәлел. Түркістан қаласы жанындағы Қосқорған және Шоқтас қасынан таяуда табылған ерте дәуір адамдарының тұрағы бірегей ескерткіш болып табылады.

Орта палеолит (мустье) дәуірінде (б.з.д. 140-тан 40 мың жыл арасы) тас өңдеудің неғұрлым озық үлгілерін игере бастағаны, адамдардың тасты өткірлеп ұштау, қырып жону құралдарын меңгергені байқалады. Кейінгі мустье дәуірінің ең бір көрнекті ескерткіші – Қаратау тауындағы Арыстанды тұрағы болып саналады.

Кейінгі палеолит дәуірінде (б.д.д. 40-тан 10 мың жылдар) адамдардың көбеюімен бірге олардың тіршілік аймағы да кеңейіп, мекендері мен еңбек құралдары да көбейе түсті. Тас өңдеудің де озық тәсілдерін игерді. Дөңгелек пішінді құралдардың орнын призмалық өзектастар алмастырды, еңбек құралдары мен аң аулауға арналған әртүрлі құралдар – түйреу мен кесу құралдары, қырғыш пен жоңғыштар, найза ұштары мен тескілер пайда болды. Найза және сүңгі ұштары сүйектен өрнектеліп жасалды. Бұл дәуірдің назар аударарлық ескерткіші – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ.

Мезолит (орта тас ғасыры) және неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.д. 12-ден 4 мың жылдықтар арасын қамтиды) дәуірінде адам өмірі мен өндірісте едәуір өзгерістер болды. Адамдар садақ пен жебе, тегістеп өңделген тас құралдарын жасады. Кесу, тесу, тас бетін тегістеу техникасын меңгерді. Құрал саптарының басына өңделген ұсақ тастарды (микролит) бекітуді үйренді. Осы әдіспен пышақ пен қол орақ, балта мен шот, дән үккіштер жасалды. Жаңа тас ғасырында (неолит) адамдар саз балшықтан ыдыстар (керамика) жасауды да үйренді. Бұл дәуірге Отырар (Қызылқұм) ауданы аймағындағы Маятас тұрағы, Жаңашілік-1, 2, 3 орындары жатады.

Неолит дәуірінің соңына қарай егіншілік пен мал тарихы ғажайып өлке шаруашылығы пайда болып, дами бастады. Бұл кезеңге тән тұрақтар Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде кездеседі, олардың ішіндегі Түлкібас ауданындағы Қараүңгір өзенінің оң жағасында орналасқан неолиттік үңгір – Қараүңгір тұрағынан қазба барысында алуан түрлі құралдар алынды. Қазба жұмыстары кезінде тас құралдар, үй жануарларының сүйектері, саз балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары мен оттық қалдықтары табылды.