Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

дискурс. гулизат

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
32.4 Кб
Скачать

Мәтінге берілген анықтамалар.

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Мәтін туралы зерттеулер.

  2. Мәтінге байланысты пікірлер.

ІІІ Қорытынды

1.1Мәтін (текст;text)— 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).

2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);

З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);

4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);

5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);

6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін

( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);

7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).

Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.

2.1Ұзақ жылдар бойы тілдік жүйені зерттеуге ден қойып келген лингвистер кейінгі кезде тілдік жүйенің сөйлеу кезіндегі көрінісін зерттеуге бет бұрды. Антропологиялық ізденістердің нәтижесінде адам, оның іс-әрекеті бірінші кезеңде тұрды. Адам өзін қоршаған ортаны мәтін арқылы танып біледі. Өзіне қажетті ақпаратты мәтін арқылы алып, мәтін арқылы жібереді. Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болады. Ол адамдар қарым-қатынасының алғышарттары мен ұйымдастырылуын сипаттайды.

Мәтін лингвистикасы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған, соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тың сала. Ол барлық гуманитарлық, философиялық ойлаудың негізі болумен бірге мәтін лингвистикасы пәнінің шығуына түрткі болған. Мәтін лингвистикасы пәнінің филология ғылымдарының бір саласы болып қалыптасуы қазіргі лингвистиканың даму бағытын көрсетеді.

Қазірде мәтін ұғымы жаңаша сипатқа ие болды. Соның нәтижесінде, мәтін терминін дискурстық терминологияға, мәтіннің статикалық қалпынан динамикаға көшіріп, басқаша зерттеуді қолға алды. Ғылымда дискурс, дискурсивті талдау сияқты ұғымдар көрініс тапты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс. Аталған дискурс терминін қолдануда осы кезге дейін бірізділік жоқ. Соған орай дискурске түрлі анықтамалар беріліп, тұжырымдар жасалуда.

Мәтін туралы ілім – мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарынан зерттейтін тіл білімінің іргелі саласы. Мәтін лингвистикасының өзге пәндермен байланысы. Мәтінді лингвистикалық талдау аспктілері: әдебиет теориясы, психология, мәдениеттану.

Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін Қ. Жұбановтың 30-жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса да кездестіреміз. Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы көбінесе ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі де жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы сөзде бұл кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Сөзді қалай құрудың тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті»,– деп көрсетеді

Ал қазіргі қазақ тіл білімінде дискурс термині соңғы кезде сөйлеудің дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиль аясында тіл ғылымында ерекше орын ала бастады.

Шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан, мәтін ретінде лингвистикалық талдауға негіз болады.

Мәтін – қимыл әрекеттегі тіл. Тілдің негізгі бірлігі сөз, сөйлем емес – мәтін. Мәтін лингвистикасын дискурсивті талдаудың бір бөлімі, компоненті ретінде тану, сөйлеу мен мәтіннің өзара байланысы – дискурс мәтін талдаудан басталады. Ғалым Н.Уәлиев атап көрсеткендей, «Мәтін – дискурстық әрекеттің өнімі, нәтижесі, туындысы

Мәтін жазбаша түрде ғана емес, сөйлеу әрекеті жағдайында да пайда болады. Сондықтан қарым-қатынас үстіндегі сөйлеу әрекеті өзіндік ерекшеліктері арқылы даралана отырып түрлі қасиеттерге ие болады. Ол термин ретінде тіл білімінде « дискурс», «дискурстық талдау» деп беріліп жүр.

Осыған орай Ю.А. Левицкий: «Речь можно осуществляться в двух формах–устной и письменной. Следовательно и тексты могут быть устными и письменными» ,– деп атап көрсетеді

Сонымен тіл білімінде дискурс, дискурсивті анализ (талдау) сияқты ұғымдар қалыптасты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс.

Дискурс туралы ойлар қазақ тіл білімінде де, дәл сол терминмен аталмаса да қолданыста болған деуге болады. «Дискурс» сөзінің алғашқы мағынасы «ақылды ойлану» (разумные размышление) деген ұғымға да жақын. Дискурс терминінің жан-жақты кеңеюіне, әр түрлі сипатқа ие болуына Д. Ван Дейк мектебі әсер етті. Мектеп өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-прагматикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатынын айтқан. Бүгінде дискурс сөйлеуші---- мәтін-----тыңдаушы тұрғысында қарастырылып, тыңдаушының қабылдауына айрықша көңіл бөлініп отыр.

Дискурс ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап лингвистикада алғашында «сөйлеу»мағынасында қолданылса, жалпылама түрде «коммуникативтік оқиға», «коммуникативтік жағдай» терминдерімен берілуде.Сондай-ақ, дискурс дәстүрлі стиль ұғымын ары қарай нақтылау үшін және жеке жазушы, ақынның мысалы, Абай тілі, Әуезов стилі дейтін бұрыннан қалыптасқан тіркес мағынасын жаңалап айтатындар. Мәселен, қазіргі орыс саяси дискурсы, ғылыми дискурс, педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем әдебиет дискурсы, әдеби сын дискурсы деп аталып жүр.

Мәтіннің қатысымдық табиғаты – дискурс. Дискурс – тілдік әрекет, сөйлеудің жолы, тәсілі. Дискурс – іс-әрекет, сұхбаттасушылардың өзара қарым-қатынасы.

Мәтін мен дискурс теорияларының негізгі нысандары болып табылатын прагмалингвистика да тіл білімінде айрықша көрініс табуда. Осы уақытқа дейін мәтін тек жазбаша материалдарға қатысты қолданып, жазуға байланысты қарастырылып келді. И.Р. Гальперин, Л.М. Лосева сияқты зерттеушілер мәтінді тек жазба тілге тән деп көрсетіп келді. Ол кезде дискурсқа мән берілмеген.

2.2 Мәтіннің ауызша және жазбаша формада келуіне А.А. Залевская былай деп пікірін білдіреді: «Как отмечается в работе (О.Б. Сиротинина и др.) это один из дискуссионных вопросов, по-разному решаемый лингвистами: некоторые из них признают текст только в письменной речи, другие допускают существование текста и в устной, но только монологической речи, третьи считают возможным говорит о тексте в диалогической речи как реализации любого речевого замысла. Большинство ученых все же считает текстом только определенным образом построенную, организованную речь»

Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Р. Гальперин, С.И. Гиндин, З.Я. Тураева, Л.Г. Бабенко, А.А. Залевская, Г.Я. Солганик, Ю.А. Левицкий, Л.В. Поповская  т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Олардың зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация, мәтін құрылымы, көмекші сөздердің ерекше жұмсалуы, мәтіндегі ұсақ тілдік бірліктер (фонема, морфема), мәтіннің жалпы құрылысы, мәтін типологиясы т.б. мәселелер жайында сөз қозғалады.

Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліккен кезде қазақ тіл білімінде де бұл мәселеге қатысты қазақ тіл білімінің негізін салушы        А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен де алғашқы ойларды кездестіреміз. Бұл жайлы қазірде қазақ тіл білімінде Б. Шалабай сынды ғалымдарымыз өз пікірлерін былайша білдіруде: «Біздің ойымызша, ғалым А. Байтұрсынұлы мәтінді «шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. А. Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытындыдан тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз болатынын, айтушының ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты» Бұдан басқа да көптеген ғылыми ойларды зерделей отырып, мәтінтану казақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады деуге әбден болады.

Соңғы кездері қазақ тіл білімінде де мәтін мәселелеріне ерекше назар аударыла бастады. Мәтіннің түрлі аспектілерінің табиғатын тануға бағытталған еңбектердің қатарына Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, Г.Смағұлова, Г.Әзімжанова, А.Таусоғарова, С.Жусанбаевалардың  зерттеу еңбектерін, газет мәтінін қарастырған  Б.Момынова, Қ.Есеновалардың, көркем мәтінді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған С.Құнанбаева,  Ж.Т. Қайшығұловалардың  еңбектерін жатқызуға болады.

Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болып келеді. Мәтін авторының ойланып белгілі бір бағытты таңдауының нәтижесі болады. Осыдан жалпы мәтін құралады.

Мәтінге қатысты көптеген мәселелер өз шешімдерін тапты, алайда сыры ашылмай келе жатқан жайттар да кездеседі. Осы уақытқа дейін мәтіннің орныққан анықтамасы белгіленбей келеді. Көптеген ғылым салаларындағы кейбір ұғымдардың тиянақты анықтамасын дәлме-дәл берудің қиындығы сияқты «мәтін» ұғымына да тұрақты бір анықтама берілмей келеді. Мұның дәлелі ретінде осыдан 10-15 жылдар бұрын бұл ұғымның ешбір анықтамасыз-ақ қабылданып келгенін айтсақ та жеткілікті тәрізді. Мәтінге түрлі ғылым салаларында берілген анықтамаларды жинақтай келе екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, қысқа, жинақы берілген анықтамалар. Екіншісі, керісінше жан-жақты қамтылған анықтамалар. Мұнда зерттеушілер мәтіннің сырын ашуға, маңызды белгілерін толық беруге тырысқан. Бірінші жағдайдағы анықтамаларда мәтіннің негізгі, маңызды қасиеті беріледі. Мәтінге берілген анықтамалардың екінші типінің көпшілігінде ерекше белгілерімен қатар кешенді касиеттері де көрінеді. Басым бөлігі мәтіннің табиғатына сай болып келеді. Анықталған терминологиялық дәрежеге жеткен жоқ. Мәтін әртүрлі ғылым салаларында, түрлі бағыттарда қарастырылуда. Соған орай мәтінге берілген анықтамалар сан алуан. Қазірде тіл білімінде мәтінге берілген үш жүздей анықтамалар кездеседі. Мәтіннің анықтамаларының көптігін айта келе, М.И. Откупщикова «Сөйлемге берілген анықтама қанша болса, мәтіннің сонша анықтамасы бар» деп көрсетеді.Дегенмен жұртшылық біршама мойындаған мәтін анықтамаларының саны соншалықты көп те емес. Солардың ең негізгі бірнешеуін көрсете кетейік:

Мәтін дегеніміз - жазба құжат түрінде обьектіленген аякталғандықты білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып (атау) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әр түрлі типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден (күрделі фразалық тұтасымнан) тұратын белгілі бір мақсаты, грамматикалық нұсқамы бар сөздің (речь) шығармашылық процесінің туындысы. Мәтін - жүйелі, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы. Мәтін - обьективті әлемнің субьективті бейнесі, кең мағынада екі сананың қарым-қатынасқа түсінуінің бір жолы. Мәтін - (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреулерге бағышталған, әрі сол бағышталғанымен ғана күнды бағалы.  Мәтін - өзіңді жеткізудің, көрсетудің бір түрі, өзіңді ойлай білетін субстанция ретінде табу жолы. Іс-әрекет, қылықта өзіндік мәтін түрінде түсіндіріле алады. Адам іс-әрекеті потенциалды мәтін және ол өзі уақытынын сүхбаттылық контексі арқылы ғана түсіндіріледі .

Сонымен қатар мәтін жайында айтылғанда жоғары деңгейдегі тілдік жүйедегі фонема, морфема, сөз, сөз тіркестері, сөйлем сиякты тілдік бірліктер туралы сөз қозғалады. Мәтін сөйлеу кезінде тілдік жүйені пайдаланудың қорытындысы ретінде «тілдік әрекетте» қаралады. Мұндай жағдайда мәтін -тіл бірлігі. Мәтін қарым-қатынастағы адамдардың байланысқа түсіп ақпарат алмасуына негіз болатындықтан қарым-қатынас бірлігі болып қалыптасады.

Мәтінді тіл, сөйлеу, интеллект факторларының бір-бірімен өзара байланысқан біртұтас кешені деп қарастырып, мәтіннің басты белгісіне сыртқы және ішкі формалар бірлігін жатқызуға болады.

        Келесі бір ауқымдылықты танытатын жайт — мәтіннің тіл білімінде ғана емес, өзге ғылым салаларында да орын алуы. Мәселен, мәтін әдебиеттану, психология, философия, тарих, мәдениеттану, әлеуметтанудың да зерттеу нысандарынан көрініс табады. Мәтінге қатысты пікірлер филологияда тіл білімімен қатар әдебиеттанудан да орын алады. Тіптен мәтін ұғымының өзі біраз уақыт әдебиеттану ғылымының еншісінде қарастырылды.Сол себепті болса     керек,     лингвистиканың     жас     саласы     мәтін     лингвистикасын «транс лингвистика» деп атап келді. Алайда, мәтін лингвистикасының мақсаты - тіл мен әдебиеттануға ортақ категорияларды анықтау еді.

Мәтін психологияның да зерттеу нысаны болғандықтан психологияда мәтінді адамдық әрекеттің ерекше бір түрінің нәтижесі деп қарайды. Ұзақ уақыттан бері психологтар мен лингвистердің айрықша назарын аудартып жүрген жайт - мәтінді қабылдау мен түсіну. Ал лингвистер мәтін лингвистикасында түсіну процесін ерекше қарастырады. Мәтінде адамның психологиялық ерекшеліктерінің көптеген түрлерін беретін қабылдау процесі түсінуге тікелей байланысты болып келеді. Психологтар үшін қабылдау, түсіну процесіне тікелей қатысты. Демек, мәтін психологиялық жағынан өзіндік табиғатына сай адамның ойына бағытталады және осы қасиеті негізінде оны оқушы өз түйсігімен қабылдайды.

Мәтін философия ғылымынан да ерекше орын алады. Бұл ғылым саласында мәтін философиялық тұрғыдан қарастырылып, түрлі тұжырымдар жасалады.  Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым Г.Смағұлова: «Егер мәтін адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін лингвистикалық мағынамен қатар ұғымдық категориялармен бірге (грамматика, логика), онтологиялық (философиялық) категориялармен де байланысты болады»,-дейді.

 В.П. Руднев «Словарь культуры XX века: Ключевые понятие и тексты» атты еңбегінде мәтін философиясына қатысты жеті қағиданы ұсынады. Ғалым бұл аталған еңбегінде «мәтін» сөзінің этимологиясын береді. Онда латын тілінде берілген үш негізге сүйенеді: textum (мата, киім, байланыс, қиылыс,қатар); textus (құрылым,қосылыс, байланысқан баяндама); texo (тігу, қосу, үйлестіру, түптеу)

Мәтінді пәнаралық құбылыс ретінде көрсете отырып, жоғарыдағы айтылған ойларды тұжырымдай келе, мәтіннің маңыздылығы зерттеушілердің қандай терминологияны қолданып, қандай теориялық қағиданы ұстанатынынан емес, оның қандай нәтиже беретіндігінен көрінеді. Жалпы алғанда «Егер біз сөйлесек, онда тек мәтіндермен сөйлесеміз» деген ойды айтуға болады.

Тіл қызметі-басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін - қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы ертеден болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады.

«Мәтін» (текст) сөзінің этимологиясы латынның texo-«тоқимын», «тігемін», «өремін» етістігіне ұштасады, textus -«мата», («ткань») дегенді білдіреді (орыстың «текстиль» сөзін еске алайық»). Басқаша айтқанда, «мәтін» (текст) сөзі семантикасының негізінде «тігу», «өру» метафорасы жатыр. Салыстыру үшін: «мән-мағынасыз әлденені айтуды» білдіретін, «плести» етістігі, «сплетни» зат есімі немесе көне орыс кітап сөзі «плетение словес»; қазіргі лингвистер мен сыншылардың еңбектеріндегі «ткань текста» метафорасының қолданылуы.

Алдымен, Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте «Текст (от лат. textus – ткань, сплетение, соединение) объединенная смысловой связью последовательность знаковых единиц, основными свойствами которой являются связность, цельность» И. Р. Гальперин мәтінді аяқталған, объективтелген жазба құжат ретінде,... бірқатар ерекше бірліктері мен атауы бар, түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты бар сөйлеу шығармашылығының туындысы деп анықтайды

О. И. Москальская мәтіннің коммуникативтік маңыздылығын айқындай отырып,... « «мәтін» деп бір жағынан, бір немесе бірнеше сөйлемдерден тұратын, сөйлеушінің ойы аяқталған, кез келген айтылған пікірді түсінсек, екінші жағынан, повесть, роман, газет немесе журнал мақалалары, ғылыми мақалалар, түрлі құжаттар тағы басқа осы сияқты тілдесім (речевые) туындылары» деген анықтама береді

А. Ф. Алефиренко мәтінді төмендегідей анықтайды: «Мәтін – бұл тұтастық, коммуникативті құрылым, оның компоненттері автордың коммуникативті интенциясымен ұйымдастырылып, иерархиялық, семантикалық құрылымға бірлескен»

Мәтін- мағыналық және грамматикалық байланыстармен біріккен айтылым,күрделі фразалық тұтасым,үзінділер,тараулар және т.б. сөз бірліктерінің бірізділігі.(Салганик)

Мәтін-өзіңді жеткізудің ,көрсеудің бір түрі,өзіңді ойлай білетін субстанция ретінде табудың жолы.(Бахтин)

Мәтін-сөйлеу процесінің сапалы түрде ұйымдасуының нәтижесі.Мәтін әдеби тілдің жазбаша варианты негізінде пайда болып және өмір сүріп,одан әрі дамитын тілдік құрылым.Мәтіннің ажыратылуы тек осы жазба варианты негізінде жүзеге асады.(Қазақ тілі)

Мәтін» ұғымын қалыптастыруда, түсіндіруде, талдауда қазақ лингвист ғалымдары да айтарлықтай еңбек етіп келеді, әсіресе соңғы жиырма жыл көлемінде ғылыми сапасы жоғары талай-талай зерттеулер жарық көрді. Осы тұрғыда Р. Сыздықтың, Б. Шалабайдың, С. Мұстафинаның, З. Ерназарованың, Г. Әзімжанованың, Г. Есмағұловтың, Д. Әлкебаеваның, Г. Әбікенованың, А. Әділованың, М. Маретбаеваның, Г. Смағұлованың, Ж. Қайшығұлованың, Г. Кәріпжанованың және т.б. еңбектерін атаймыз.

3Қорытынды: мәтін психологиялық жағынан өзіндік табиғатына сай адамның ойына бағытталады және осы қасиеті негізінде оны оқушы өз түйсігімен қабылдайды. Жалпы алғанда «Егер біз сөйлесек, онда тек мәтіндермен сөйлесеміз» деген ойды айтуға болады. Тіл қызметі-басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін - қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы ертеден болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады.