Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
максаты.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
226.3 Кб
Скачать

ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Бизнес –жоспар

Нарықтық қатынастарға көшкен жаңа экономикалық жағдай өнеркәсіптерге ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа көзқарасты ұсынады. Олар қабылдаған шешімнің максималды тиімділігін қамтамасыз ететін, жоспарлаудың нысандары мен модельдерін іздеуі тиіс.

Осындай шешімдерге жетудің ең оңтайлы нұсқауы болып, жоспарлаудың прогрессивті нысаны – бизнес - жоспар болып табылады. Бизнес - жоспарға өнекәсіптерге алыс және жақын болашаққа қойылған мақсаттары мен есептері, экономика жағдайынын, өндірістің күшті және әлсіз жақтарының бағалауы, нарықты талдау мен қажеткелер туралы ақпараттар кіреді. Оған қойылған мақсаттарға жетудің ресурстарын бағалау мен бәсеке шарттары кіреді.

Бизнес – жоспар ұсынылған жобаның тиімділігін көрсетіп, жаңа серіктерді тартуға мүмкіндік береді. Ол сіздің өндірісіңіздің жетілдіруінің жаңа мүмкіндіктерін тапқаныңызға, және де бұл мүмкіндіктер арқылы өнеркәсіптер мақсаттарын тиімді іске асырып, және қойылған мақсаттарды және жоба есептерін іске асырудың тиімді, тізбектелген программасы бар болғанына көз жеткіздіреді 18.

    1. Бизнес жоспар мақсаты

Орындалып отырған жобаның басты мақсаты Аякөз қаласындағы транспортты желі негізінде, SDH технологиясының базасында NGN – Next Generation Network келесі ұрпақ желісін салу. Жобаны жүзеге асыратын, осы желінің құрылысымен айналысып және болашақта қызмет көрсететін «Казақтелеком» АҚ.

Орындалып отырған жобаның басты мақсаты дәстүрлі қызметтерді, сонымен қатар мультисервисті, интелектуалды түрдегі қызметтерді және аналогты желілерді TDM технологиясымен жасалған дәстүрлік коммутаторларды орнатпастан модернизациялау процессін жүзеге асыратын келесі ұрпақ желісін (NGN) жобалау болып табылады.

Қазіргі уақытта қолданушылардың қызметке деген талаптары жаңа стратегия бағыттарын анықтауға және желілік инфраструктураларды жетілдіруге итермелейді. Жаңа қызметке деген сұраныстар – дестелі телефония, мәліметті тарату, бейне – конференциялық байланыс, сөздік және әмбебап почта, телеоқыту, VPN, сонымен қатар қосымша ақпараттық қызметтер - әлемде жоғарғы қарқында даму. Қазіргі уақытта Европада және АҚШ – та 50% жуық корпоративті қолданушылар IP-VPN – ге, ақпараттық қауіпсіздігін басқару қызметіне инвестиция салуға дайын.

Келесі ұрпақ желісі (NGN) қолданушылардың қазіргі уақытта немесе келешекте қызмет санының максималдылығына қол жеткізуін қамтамассыз етеді. «Кез келген жерде және кез келген уақытта, кез келген қызметке қол жеткізу» деп қысқаша NGN – нің негізгі бағытын келтіруге болады. Мұндағы желінің мәні жалпы түсінікпен алып қарағанда кез келген типтегі трафиктерді тарататын әмбебап коммуникациялық орта болып табылуы керек.

NGN желісі дестелі коммутация технологиясын қолдана отырып сөзді, бейнені, мәліметтерді таратуға арналған әмбебапты көп мақсатты желі. Негізінен, бұл желі Internet және телефон желілерінің жақсы жақтарынан құралған қосылыс десе де болады. Тәжірибе жүзінде алып қарастыратын болсақ критикалық крек кездерде мәліметтерді тарату және сөздік байланыстың кепілдендірілген сапасын қамтамассыз етеді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қарастырмағанда, NGN – бұл кез келген медиатрафик түрін таратуға және телекоммуникациялық қызметтің шектелмеген спектрін, сонымен қатар қызмет көрсетудің әртүрлі сапасын қамтамассыздандыратын гетерогенді мультисервисті желі.

Транспортты желіде мұндай желі қызмет көрсету сапасын (QoS) қолдайтын әртүрлі типтегі дестелі таратулар үшін толық байланысты инфрастуктура құрады. Жалпы алынған мәліметтер негізінен NGN желісі ақырғы құолданушыға ІР хаттамасының үстінде қызмет жеткізуді ұйымдастыратын виртуалды жеке желі идеологиясына көшуде.

OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінде NGN желісі дестелі телефониядан (VoIP) бастап интелектуалды телефонияға және Web – қызметтерге дейінгі көптеген әмбебап қызметтерді ашады. Келесі ұрпақ желісі қолданушының орналасқан жеріне және оның қолданып отырған интерфейсіне (Ethernet, xDSL, Wi-Fi және т. б.) тәуелсіз қызметке қол жеткізуін қамтамассыз ететіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан желіде қолданатын кез келген қызметтің түріне әртүрлі ортадағы кез келген қолданушылардың қол жетуінің ықтималдылығы толық десек қателеспейміз.

Бірегей әмбебаптық ортаға өтудің экономикалық тиімділігі бар. Сондықтан, ОКС-7 сигнализациясын, дестелі коммутация негізінде мәліметтер трафигін және сөздік трафикті таратудағы бірегей транспортты желіні құру магистральді байланыс арналарын салуға жұмсалатын шығындардың көлемін азайтуға көмегін тигізеді.

NGN желісінің архитектурасы регионалды магистральді деңгейден құралған мультисервисті желі құруды көздейді. Региональді деңгейде мультисервисті желі абоненттерді желіге қосуды және оларға транспортты және қолданбалы қызмет (Value Added Services) түрлерін көрсетуді қамтамассыз етеді. Сонмен қатар бұл желі басқа регионалдық желінің инфокоммуникацияларымен түйісе алады. Магистральді деңгейде құрылатын NGN регионалды сегменттен келетін конвергентті трафиктің мөлдір транзиттелуіне жауап береді. Сондықтан NGN архитектурасының басты ерекшелігі ол дестені тарату және маршруттау және транспорты инфраструктураның базалық элементі ( арналар, маршрутизаторлар, коммутаторлар, шлюздер) қызметке қол жеткізудің және шақыруларды басқару механизімдерінен және құрылғыларынан физикалық және логикалық бөлінген.

Қазіргі уақытта дестелі технологияға негізделген бірегей әмбебап инфраструктурада желімен бірге өзінің классикалық телефондық қызметтерін көрсететін арнамен коммутациялау желілері де қолданылып келеді және келешекте әліде қолданылады.Сондықтан дәстүрлік желілердің қызметтерінің әлі де жетістіктері бар екендігін айтып кету керек: олар ұйымға өздерінің сенімді интерфейстерімен және уақытпен тексерілген жүйелерінің арқасында тұрақты табыс түсіріп отырады. Келешекте қанша дегенмен де біраз уақыт бойы түрлі технологияларға негізделген паралель желілермен жұмыс істеуге тура келеді.

Сондықтан, келесі ұрпақ желісін NGN ендіру кезінде дестелі желімен бірге арнамен коммутациялайтын гибридтті желі де жұмыс істеп тұрады. Әрине, дегенмен бұл екі технологиялар арасында тек физикалықдеңгейде ғана емес сонымен қатар қызмет көрсету деңгеінде де өзара қатынас құруға болады.

Медиа – шлюздерді конфигурациялауды және орнатуды керектігін талдау (Кесте 4.1)

Кесте 4.1 - Аякөз қ. қолданыстағы желінің негізгі сиппатамасы

ОТД желісінің жалпы сыйымдылығы

179729

обл.орталығының ҚТС желілерінің сыйымдылығы

68339

Аналогты ҚТС сыйымдылықтары

6000

V5.2 бар болуы

Бар

Қолданыстағы АМТС арналарының саны

1238 (41хЕ1)

2006/7 ж.ж. арналар санын бағдарламалау

0/0

Қосу нүктелері

АМТС

Ескерту

6750 №№ МСАД орнату жоспарланған

Резюме

Көрші облыстың NGN желісінің медиа-шлюзына қосылу нұсқауланады

NGN желісін орнату кезінде келесі талаптар орындалуы керек:

  • TDM технологиясы негізінде жасалған қолданыстағы сандық инфраструктураның сақталуы;

  • Жаңа қызмет түрлерін көрсету және артық жүктемелерді өткізу үшін NGN фрагменттерін тұрғызу;

  • Сөзді дестемен тарату технологиясын ендіру кезінде телефон байланысы сапасының төмендкуіне жол бермеу;

  • TDM, мобильді және VoIP желілерінде бірмезгілде жұмыс істеу үшін әмбебап қызметтерді енгізу.

NGN технологиясының негізгі басымдылықтары:

  • Жоғарғы масштабтылығы;

  • Модульді кеңейтілімділігі;

  • Әртүрлі өндірушілердің құрылғыларын қолдауы;

  • Жылдам құрастырылуы және жаңа қызмет түрлерін енгізу;

  • Қол жеткізу әдісінің және транспортты желі типіне тәуелсіз желі элементтерін және жаңа қызмет түрлерін қосу;

Желілік ресурстарды эффектиыті қолдану арқылы эксплатация құнының төменділігі.