6 курс / Нефрология / nefrologia_kaz
.docxНауқас 22 жаста, ісінулерге шағымданумен қаралды, зәрде – протеинурия 3 г/тәу, гематурия. Морфологиясы: жарықтық микроскопияда ошақты мезангиалды депозиттер және ГБМ-ң қабаттасқан контуры (күмістендіруде). Иммунофлюоресценцияда: IgG және С3 мезангийде және шумақ капиллярларының субэндотелийінде гранулярлы жиналуы. Электронды микроскопия: иммунды депозиттермен мезангиалды пролиферация, ГБМ мен эндотелий аралығында мезангий интерпозициясы, жаңа базальды мембранамен қоршалған субэндотелиалды электронды-тығыз депозиттер. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз?//
Экстракапиллярлы ГН//
Минимальды өзгерістер//
Мембранозды нефропатия//
+1 типті мембрано-пролиферативті ГН//
Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз
***
Ер адам 32 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgAдепозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән?//
Жедел циклды//
Әрқашан болжамы қолайлы//
Ер адамдарда болжамы жақсы//
Тез үдемелі//
+Біртіндеп бүйректің созылмалы склероздануымен жүреді
***
27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?//
Плазмаферез жүргізу//
+Преднизолон тағайындау//
Циклоспорин тағайындау//
Босандыру//
Диклофенак натрий тағайындау
***
Қыз 18 жаста. бірінші жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ қолайлы болып табылады?//
Бисептол//
+Амоксиклав
Офлоксацин//
Гентамицин//
Нитрофурантоин
***
Айқын асциті бар науқаста лапароцентез кезінде бірден 2 литр асциттік сұйықтық алынды. Лапароцентезден кейін алынып тасталған әрбір литріне есеппен альбумин 3 г-нан енгізді. Тәуліктік диурезі 300 мл дейін азайған, бұл лапароцентездің эффективтілігін көрсетеді. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы 1006, белок – жоқ, эпителий 1-2 к/а; биохимиялық анализінде – натрий – 112 ммоль\л, креатинин – 405 мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну дамыды?//
Преренальді бүйректің жедел зақымдалуы//
+Гепаторенальді синдром
Жедел токсикалық нефрит//
Бүйректің ренальді жедел зақымдалуы//
Постренальді бүйректің жедел зақымдалуы
***
20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін болуына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті зәрдің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Зәр анализінде: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – оң. Жүктілікке қатысты қай болжам неғұрлым сәйкес келуі мүмкін?//
Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы//
Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі болуы мүмкін//
+Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі//
Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі//
20-22 аптаға дейін анықталмаған жүктілік
***
Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды (МАУ 100-150мг/тәу). Бұл жағдайда қандай мақсатпен қандай дәрілік зат тағайындауы қажет?//
+МАУ төмендету немесе/және жою үшін ААФ ингибиторын//
Қатаң гликемиялық профиль жеткілікті//
1 типті ҚД диеталық коррекциясы//
Диуретикалық мақсатпен фитотерапия//
МАУ төмендету үшін сулодексид
***
Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). МАУ-мен ҚД 1 типі бар науқасқа ААФи тағайындаудың ұзақтығы қанша?//
1 ай//
МАУ жоғалып кеткенше//
Әр жарты жыл сайын 2 айдан//
Жылына 6 айдан//
+Әрқашан МАУ бақылауымен, кейін зәрдегі ақуызға байланысты
***
Науқас 35 жаста. Балалық шақта бүйректің туа біткен аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. 6 жасында ота жасалынған. Қазіргі уақытта АҚ 160/100мм.с.б. Зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. БСА үдеуін баяулату үшін науқастың АҚ қандай деңгейде болуы керек?//
Өзін-өзі сезінуі жаксы болатын «жұмыстық артериялық қысымы»//
+120/80 мм с.б аспайтын АҚ//
110-140 /70-90мм с.б деңгейде болатын АҚ//
АҚ 140/90 мм с.б деңгейінде ұсталып тұруы қажет//
120/80 мм с.б деңгейдегі тек күндізгі АҚ бақылау
***
Науқас 35 жаста. Балалық шағында бүйректің туа біткен ақауына байланысты рецидивтеуші ЗШЖИ ауырған. 6 жасында ота жасалған. Қазіргі таңда АҚҚ 160/100мм сбб. ЖЗА: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ -45мл/мин. Төменде аталған препарат топтарының қайсы науқасқа ЕҢ таңдамалы түрде көрсеткіш болып табылады?//
Са каналдарының блокаторлары//
+ААФ ингибиторлары//
Бетаблокаторлары//
Өзекшелік диуретиктер//
Калий сақтаушы диуретиктер
***
29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен терапия сәтсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижесі: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресцентті – IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электродты микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Нефротикалық синдромның екіншілік сипаты жоққа шығарылды. Сіздің диагнозыңыз бен ең ыңғайлы емдеу вариантыңыз?//
Мембранозды нефропатия және симптоматикалық ем//
Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз және преднизолонмен емдеу//
Мембрано-пролиферативті ГН және преднизолон терапиясымен альтернирлеуші курс//
+Мембранозды нефропатия циклоспоринА-мен емдеу//
Экстракапиллярлы ГН метилпреднизолонмен пульс-терапия
***
62 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 23 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қараған кезде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз?//
Жедел тубулонекроз//
Ревматоидты васкулит//
Мембранозды нефропатия//
+Екіншілік амилоидоз//
ҚҚСЕП салдарынан нефропатия дамыған
***
22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, зәрінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?//
Моноприл тағайындау//
Гемосорбция жүргізу//
Преднизолон тағайындау//
Циклоспорин тағайындау//
+Босандыру
***
Перзентхананың санитариялық бақылау бөліміне 30 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80 мм рт. ст. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Зәр шығаруы ауру сезімінсіз. Зәр анализі: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын толық жауып тұр, оксалаттар. Қай антибактериялық препаратты ЕҢ мақсатты түрде тағайындаған дұрыс?//
Монурал 3 г/т p/os//
Сумамед 500 мг/т p/os//
+Цефтриаксон 1г/т, к/т//
Гентамицин 80 мг/т, б/е//
Ципрофлоксацин 500 мг/т, к/т
***
30 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына байланысты ибуфен қабылдаған. Нәтижесінде бел аймағында ауру-сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Объективті: температура 37,6С, әлсіздік. ЖҚА: Нв 100 г/л.. ЭТЖ 22 мм/сағ. Тәуліктік диурез 300 мл. Зәрі күңгірт түсті, салыст. тығ- 1007, белок 0,6 г/л, глюкоза +++, микроскопия: эпителий жаппай, Ле 0-1 к/а, Эр 0-1 к/а, гиалинді цилиндрлер бірен-саран. Қан креатинині – 170 ммоль/л. Сіздің болжама диагнозыңыз?//
Сепсис//
Жедел пиелонефрит//
+Жедел тубуло-интерстициальды нефрит, БЖЗ//
Жедел нефритикалық синдром//
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
***
22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?//
+Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы//
Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін//
Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі мүмкін//
Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі//
Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі
***
Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Бүйректің қатерлі ісігі//
+Пиелонефрит//
Бүйрек амилоидозы//
Бүйрек поликистозы//
Гломерулонефрит
***
36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://
Хромоцистография//
Экскреторлы урография//
Бүйректің компьютерлі томографиясы//
Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу//
Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы
***
М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау://
Цитостатиктер//
Антибиотиктер//
+Дезагреганттар//
Антикоагулянттар//
Глюкокортикоидтар
***
В. атты, 42 жастағы науқаста бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 мм с.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика://
Антибактериялық терапия//
Преднизолонмен пульс-терапия//
Цитостатиктер//
+Гемодиализ//
Бүйрек трансплантациясы
***
Науқас 24 жаста, бас ауыруы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы мазалайды. Ауырғанына 10 жыл болған. Объективті: бозғылт, терісінде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЖСЖ - 100/мин. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну://
Бүйректің жіті жетіспеущілігі//
+Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі//
ТДҚҰ-синдром//
Бауыр жетіспеушілігі//
Гипертониялық криз
***
Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуге, бетінің, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Астыңғы жақ сүйектің остеомиелитімен көп жылдан бері ауырады. Объективті: терісі бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанда: диспротеинемия гипоальбуминемиямен. Осы патологиядағы зәр синдромына неғұрлым тән://
Цилиндрурия никтуриямен//
Бактериурия лейкоцитуриямен//
Протеинурия лейкоцитуриямен//
Микрогематурия цилиндруриямен//
+Протеинурияның "бос тұнбамен" үйлесуі
***
Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсынулы жиі зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигеннен кейін ауырған. Объективті: АҚҚ-160/80 мм с.б.б. Пульс-минутына 90 рет. Оң жақ бел аймағында ұрғылау симптомы оң мәнді. Қанда: лейк-10,2 мың, ЭТЖ-32 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал. тығ.-1018, белок-0,036 г/л, лейкоциттер – бүкіл көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау://
Аминохинолин қосындылары//
+Антибиотиктер//
Преднизолон//
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар//
Сульфанидамидтер
***
Гломерулонефритпен ауыратын науқасқа құрамында төмен молекулалы гепарині бар терапия жүргізілуде (фраксипарин). Емнің екінші күні гематурия пайда болды. Неғұрлым тиімді тағайындау://
Фраксипаринің орнына гепарин-сульфат//
+Фраксипаринмен емді жалғастыру//
Фраксипариннің орнына индометацин//
Фраксипариннің орнына гемостатикалық терапия//
Фраксипариннің орнына дезагреганттар
***
40 жасар науқаста терінің тілмелі қабынудан кейін шөлдеу, олигурия, «ет жуындысы» түсті зәр, лоқсу, құсу пайда болды; АҚ 160/110 мм. сын. бағ көтерілу; денесінде, бетінде ісінулер пайда болды. Қан анализінде: комплементтің төмен деңгейі; зәр анализінде – протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Анағұрлым мүмкін болатын диагноз://
интерстициалды нефрит//
+жедел постстрептококкты диффуздық гломерулонефрит//
созылмалы диффуздық гломерулонефрит//
жылдам үдемелі гломерулонефрит//
жегілі нефритпен жүйелі қызыл жегі
***
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде науқастарда анемияның негізгі себебі болып табылады://
Темір тапшылығы//
В12 витаминінің тапшылығы//
Гемолиз//
Қан кетулер//
+Эритропоэтин тапшылығы
***
Зәр анализінде протеинурия 3,5 г/л жоғары, гипоальбуминемия, бұл өзгеріс байқалады://
+Нефротикалық синдромда//
Нефриттік синдромда//
Зәрлік синдромда//
Дизуриялық синдромда//
Қабыну синдромында
***
Ер адам 57 жаста, 12 жыл аралығында табан буындарының патологиясымен ауырады, соңғы бір ай көлемінде аяқтарында ісіктер, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыруы пайда болған. Объективті: дене салмағы жоғары, терісі бозарған, сарғыш реңкілі, құлақ қалқанында тофустар. Беті ісіңкі; балтыры және аяқ басы ісінген. Қанында: лейк-7,5х109/л, ЭТЖ-25 мм/сағ., зәр қышқылы-0,670 ммоль/л (қалыптыда 0,18-0,53 ммоль/л), креатинин-0,250 ммоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л ), мочевина-20 ммоль/л (қалыптыда 3,5-9 ммоль/л). Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық -1009, белок-0,55 г/л, гиалинді цилиндрлер -5-7 көру алаңында. Аталған диагноздардың қайсысы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебі болып табылады://
Бүйрек амилоидозы//
Зәр тас ауруы//
+Подагралық нефропатия//
Созылмалы гломерулонефрит//
Созылмалы пиелонефриттің өршуі
***
27 жасар науқас, әлсіздік пен ісінуне шағымданады. 10 жыл бұрын қатты суықтағаннан кейін бел аймағында ауырсыну болған, зәрінде ақ ауыз бар, қарағанда: АҚ 130/100 мм.сн. б/б., салыстырмалы тығыздығы - 1010, ақ уыз -5-6г/л, лейкоц. -5-6 к/а. эритроц. - 20-30 к/а, альбумин - 24%. Науқастың болжам диагнозы://
жедел гломерулонефрит//
бүйректің туберкулезді қабынуы//
созылмалы пиелонефриттің өршу кезеңі//
+созылмалы гломерулонефрит өршу кезеңі//
бүйрек амилоидозы
***
Науқаста көп жылдар бойы оң жақ бел аймағында ауырсыну байқалады. АҚ180/105 мм.сн.бб., қан анализінде: ЭТЖ жоғарылаған, жеңіл дәрежелі қаназдық. Зәр анализінде: салысырмалы тығыздығы 1012-1016, ақ уыз 0,09 г/л, лейк.-16-18 к/а, эритроцит 1-2 к/а. Науқастың болжам диагнозы://
жедел пиелонефрит//
жедел гломерулонефрит//
созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы//
+созылмалы гломерулонефрит, өршу фазасы//
гломеруло және пиелонефриттің бірігуі
***
Ер адам 27 жаста 4 жыл аралығында гломерулонефритпен ауырады. ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, бас айналу және бел аймағындағы ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түсті. Жағдайының нашарлауын суықтанумен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/100 мм. с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л), калий – 3,4 мкмоль/л (қалыптыда 3,5-5 мкмоль/л). Зәр анализінде: салыстырмалы тығ. - 1020, белок – 4,5 г/л, эритроцит - 3-5 көру алаңында, лейкоцит - 15-17 көру алаңында. Көрсетілген ем бағдарламасының қайсысы тиімді?//
Антибиотик +дезагрегант + преднизолон//
+Дезагрегант + антикоагулянт + цитостатик + ААФ ингибиторлары//
Цитостатик + преднизолон + антикоагулянт//
Антиагрегант + орталық альфаагонист + преднизолон//
Антикоагулянт + сорбент + бета-блокатор
***
Әйел адам 37 жаста бел аймағында ауырсыну, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанудан кейін бел аймағында ауырсыну, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: температура 370С. Бел аймағында соққылау симптомы екі жақта оң мәнді. Қанда: лейкоцит – 6,1х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: сал.тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоцит- 6-8 көру алаңында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 1 х 106/л, лейкоцит – 6 х 106/л. Қандай препаратты емдеу бағдарламасына қосу тиімді?//
Линкозаминдер//
+Пенициллиндер//
Тетрациклиндер//
Аминогликозидтер//
Нитрофуранды қосындылар
***
Науқас Н. 65 жаста, жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терінің қышыну, диурездің азаюы мазалайды. Анамнезі: созылмалы пиелонефритпен 18 жыл ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы боз сарғыш реңді, құрғақ, тырнақ іздері бар. Беті ісінген. Қанда: эритроцит - Науқас 35 жаста. Балалық шағында бүйректің туа біткен ақауына байланысты рецидивтеуші ЗШЖИ ауырған. 6 жасында ота жасалған. Қазіргі таңда АҚҚ 160/100мм сбб. ЖЗА: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ -45мл/мин. Төменде аталған препарат топтарының қайсы науқасқа ЕҢ таңдамалы түрде көрсеткіш болып табылады?//
Са каналдарының блокаторлары//
+ААФ ингибиторлары//
Бетаблокаторлары//
Өзекшелік диуретиктер//
Калий сақтаушы диуретиктер
***
Науқас 35 жаста. Балалық шағында бүйректің туа біткен ақауына байланысты рецидивтеуші ЗШЖИ ауырған. 6 жасында ота жасалған. Қазіргі таңда АҚҚ 160/100мм сбб. ЖЗА: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ -45мл/мин. Төменде аталған препарат топтарының қайсы науқасқа ЕҢ таңдамалы түрде көрсеткіш болып табылады?//
Са каналдарының блокаторлары//
+ААФ ингибиторлары//
Бетаблокаторлары//
Өзекшелік диуретиктер//
Калий сақтаушы диуретиктер
***
Науқас А. 31 жаста, бел тұсының орташа қарқынды, тартып ауырсынуына, дене қызуы 37,60С көретілуіне, жиі кіші дәретке шығуына шағым айтып түсті.Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Қабағы ісінкі. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. АҚ - 130/80 мм с.б. ЖСЖ– 80 рет/мин. Қанда: эритроцит - 3,5х1012/л, гемоглобин -130 г/л, лейкоцит – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/с. Несепте: салыстырмалы тығыздығы. - 1012, ақуыз- 0,066 г/л, лейкоцит – 25-30көру аймақта, бактериурия.Келесі зерттеу әдісін жүргізу қажет://
қандағы креатинина деңгейін анықтау//
қанның бактериологиялық егуі//
+несептің бактериологиялық егуі//
тәуліктік ақуыз жоғалту деңгейі//
Реберг-Тареев сынамасы
***
Науқас 40 жаста, бел тұсының ауырсынуына, шапқа берілуіне,несеп шығарғанда ашыуына, жүрек айнуына, құсуынашағым айтады. Қанда: лейкоцит-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/с. БХА: мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Неспте: салыстырмалы тығыздығы -1018, лейкоцит - 5-6 көру аймақта, эритроцит-20-25 көру аймақта, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Барынша тиімді емі://
Антибиотиктер//
Глюкокортикостероидтар//
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар//
+Спазмолитиктер//
Уросептиктер
***
Қабылдау бөліміне 63 жасар науқас келіп түсті. Анамнезі: ұзақ уақыт пиелонефритпен ауырады. Объективті: санасы сопор деңгейінде, дизартрия, беттің асимметриясы, сол жақты гемипарез байқалады. АҚ 180/100 мм.с.б. Қанда: гемоглобин-95 г/л, эритроцит -3.2 х 1012/л, лейкоцит-10,2 х 109/л, тромбоцит – 186 х 109/л, ЭТЖ - 25 мм/с. БХА: креатинин-1200 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), мочевина-35 ммоль/л. Несепте: ақуыз (белок) – 1,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру аймақта, эритроцит 0-1 көру аймақта. Гемодиализ жүргізуге шешім қабылдауға қажет зерттеу әдісі://
бүйрек УДЗ//
жұлын пункциясы//
+калий деңгейін анықтау//
бас сүйегінің рентгенографиясы//
ЭКГ және ЭхоКГ
***
24 жасар науқасты бас ауру, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазалайды. 10 жыл аралығында ауырады. Объективті: боз, теріде қасу іздері бар, «қағу» симптомы екі жақта оң мәнді. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ - 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин–96 г/л, эритроцит–2,8 млн., лейкоцит-8,2 тыс., ЭТЖ -35 мм/с. БХА: мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы 1005, ақуыз-4,5 г/л, лейкоцит – 8-12 көру аймақта, эритроциты – 20-25 көру аймақта. Барынша ықтимал асқынуы://
ТШҚҰ (ДВС)-синдром//
Бауыр жетіспеушілігі//
Жіті бүйрек жетіспеушілігі//
+Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//
Гипертониялық криз
***
Ер кісі H. 33 жаста, солжақ бүйірдің ауырсынуына және несептің қызыл түске дейін өзгеруіне шағым айтады. Несеп шығару барысында ауырсыну жоқ. Осы аталған жағдай соңғы 5 жылда үшінші реет қайталанған, әр бір қайталау жіті респираторлықинфекциямен байланысты болған. Конституциясы астениялық. Ісіктер жоқ. АҚ 135/90 мм.с.б. Қанда: гемоглобин -110г/л, лейкоцит -6х10/л, ЭТЖ -20 мм/час. Несепте: тығыздығы -1,012, ақуыз – 0,066 г/л, эритроцит 20-25 көру аймақта, лейкоцит 5-6 көру аймақта, жекеленгенгиалинді цилиндрлер. Антинуклеарлы антидене табылмады. Барынша ықтимал диагнозы://
+IgA - нефропатиясы//
жіті пиелонефрит//
жіті постстрептококті гломерулонефрит//
несеп-тас ауруы//
созылмалы пиелонефрит
***
Әйел 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан кейін ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм.с.б. Несепте: меншікті салмағы - 1020, ақуыз -4,4 г/л, лейкоцит – 6-10 көру аймақта, эритроцит -5-6 көру аймақта, гиалинді цилиндрлер -3-4 көру аймақта. Барынша ықтимал диагнозы://
бүйрек амилоидозы//
бүйрек туберкулезі//
нефротикалық криз//
+жіті гломерулонефрит//
созылмалы пиелонефрит
***
Жедел гломерулонефриттің негізгі себебі://
+Бета-гемолитикалық стрептококк//
Саңырауқұлақ//
Микобактериялар//
Қарапайымдылар//
Вирустар
***
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ерте белгісі://
Олигоурия//
Поллакиурия//
Анурия//
+Никтурия//
Дизурия
***
Несепте салыстырмалы тығыздықтың ерте төмендеуі?//
Созылмалы пиелонефрит//
Несеп-тас ауруы//
Жедел гломерулонефрит//
Екіншілік амилоидоз//
+Созылмалы гломерулонефрит
***
М. науқас аяқтарының, ішінің, бетінің масивті ісіктерімен бөлімшеге түскен. Тексергенде: тәуіліктік протеинурия 9 г/л. Анамнезінде: 8 жыл бойы бронхоэктазы ауруымен ауырады. Мүмкінболатындиагноздытаңдаңыз://
Пиелонефрит//
+Екіншілік амилоидоз//
Гломерулонефрит//
Бүйректің ісігі//
Интерстициальды нефрит
***
Урограмма бойынша ассимитриялық зақымдану, бүйректің тостағанша мен астаушасының, несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі тән://
+Пиелонефрит//
Бүйрек амилоидоза//
Бүйрек туберкулеза//
Гломерулонефрит//
Несеп тас ауруы
***
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ең ерте клиникалық симптомын атаңыз://
Ісіктердің пайда болуы//
+Анемияның дамуы//
Диспепсиялық бұзылыстар//
Диурездің төмендеуі//
Артериялық қысымның жоғарылауы
***
43 - жастағы ер адам, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің ісінуі шағымданады.Ұзақ уақыт созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Объективті: АҚ – 140/90 мм с.б.б. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 8,4 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру аймағында. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 20 мл/мин., өзектік реабсорбция – 99%. Көрсетілгендерден қай асқыну тән://
Бүйрек амилоидозы//
Бүйрек туберкулезі//
Нефротикалық криз//
Созылмалы пиелонефрит//
+Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
***
Науқас, 30жаста шапқа иррадияцияланған бел аймағының ауырсынуына, зәр шығарған кезінде ауырсыну, жүрек айнуы мен құсуға шағымданды. Қанында: лейк-8,6 мын., ЭТЖ-24 мм/ч, мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Зәр анализі: сал.тығ-1018, лейк - 5-6 в п/зр, эр-20-25 в п/зр, оксалаты +++. Қандай болжам диагнозын қоясыз://