Добавил:
kiopkiopkiop18@yandex.ru Вовсе не секретарь, но почту проверяю Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

6 курс / Нефрология / nefrologia_kaz

.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.03.2024
Размер:
192.94 Кб
Скачать

Зәрқышқылды диатез//

Жедел пиелонефрит//

Бүйрек ісіктері//

+Зәр-тасты ауру//

Уретрит

***

55 жастағы науқаста егер қатты оссалгия, тәул 16 мг протеинурия , жалпы белок 85 г/л, СОЭ өте жоғары, мұндай науқаста бірінші кезекте жоққа шығару керек://

+Миеломды нефропатия//

Жеделгломерулонефрит//

Бүйрек амилоидозы//

Паранеопластикалық нефропатия//

Бүйректің ишемиялық ауруы

***

Науқас 66 жаста , нефротикалық синдром 1 жылдан бері бар, 25жылдан ревматоидты артритпен ауырады, білезік сүйетері «ласт моржа», АҚҚ 140/85 мм.сын.бағ бша,, Бірінші орында қай ауруды жоққа шығару керек?//

Подагралық нефропатия//

Миеломды нефропатия//

+Бүйрек амилоидозы//

Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық вариант//

Созылмалы пиелонефрит

***

Науқас С. 43 жаста, ұлты армян, бетіндегі және балтырындағы ісінулерге шағымдаып келді. Анамнезінен жасөспірім шағынан бастап, эпизодты түрде ішінің ауырсынуы, температураның жоғарылауымен жүріп өздігінен бір тәуліктен кейін басылып отырған. Науқастың әкесі бүйрек ауруынан қайтыс болған. Лабораторлы: протеинурия 2,35 г/л, Л 2-3 к/а, Эр 4-5 к/а. Дұрыс тактиканы таңдаңыз://

Преднизолон 20-0 мг/тәу, ұзақуақыт//

+Колхицин ішке 1,5-2 мг/тәу 1 рет қолданудан, ұзақ уақыт//

Метотрексатішке 5-10мг 1р/аптасына, үзақ уақыт//

Циклофосфамидішке 50-100 мг/тәу, ұзақ уақыт//

Хлорамбуцил 15-20мг 1р/тәу, ұзақ уақыт

***

Науқас Д, массивті ісінуге, зәр көлемінің төмендеуіне, бел тұсындағы ауырсынуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданды.Анамнезінен бұрын бүйрек ауруымен ауырмаған.ЖҚА: Нв-65 г∕л, гиперлейкоцитоз, БХАК: креатинин- 220ммоль∕л, мочевина-35 ммоль∕л. ЖЗА: сал.тығ- 1006, белок-3,3 г∕л. Патогенетикалық емді тағайындаңыз://

+Антибактериялық терапия//

аминохинолин қатарының туындылары//

АПФ ингибиторлары//

глюкортикоидтар мен цитостатиктермен пульс терапия//

кальция антагонистері

***

35 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және негізденіп өзгерген эритроциттер 1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл. Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы дамуы барынша мүмкін?//

коматозды жағдайды есепке алып мидың ісінуі//

АҚ жоғарылау және ұстамамен өтуін ескеріп эклампсия//

жедел өзекшелік ацидоз//

олигоурияны есепке алуып жедел бүйрек жетіспеушілігі//

+жоғары қысым мен өкпе ісінуінің дамуын есепке алып,жедел жүрек жетіспеушілігі

***

Ер адам 35 жаста, соңғы 6-7 жылдың ішінде басының ауыруы, үнемі АҚҚ жоғарылауы ем коррекциясына беріле бермейтін, АҚҚ 220/120-130 мм.сы.бағ. Тұрақты түрде ем қабылдамаған.Қарау кезінде: ІІІ дәрежелі семіздік, терінің түсі топырақ тәрізді, қасынған іздер бар. АҚҚ 200/120мм.сын.бағ. ЖҚА: Нв 86г/л, креатинин-0,970ммоль/л, мочевина-46,1ммоль/л, Сіздің тактикаңыз және неліктен?//

+гемодиализ, терминальды БЖ есепке ала отырып//

бүйрек трансплантациясы, СБЖ4 стадиясын есепке ала отырып//

преднизолонды үлкен дозада қолдану, аурудың белсенді процессін есепке ала отырып//

Инфекциялық процессті есепке ала отырып, антибактериялық терапия//

пульс-терапия цитостатиктермен, аутоиммунды процессті есепке ала отырып

***

Науқас А. 1985 г.р., бел аймағының шәншіп ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне 38,60С, ауырсынған зәр шығаруға шағымданды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Жүктілігі 22 апта.Қабақтар пастоздылығы.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты.АҚҚ - 130/80мм рт. ст., ЖСЖ - 80 рет 1 мин. ЖҚА: эритроциттер- 3,5х1012/л, Hb -130 г/л, L – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/ч. ЖЗА: сал. тығ. - 1012, белок - 0,066 г/л, L – 25 – 30 в п.зр., пл. эп. 6 -8 в п.зр., бактерии ++.Бүйрек УЗИі:астауша-тостағанша комплексінің деформациясы.Сіздің тактикаңыз және неліктен?//

Стероидты қабынуға қарсы препараттар//

+Антибактериялық препараттар//

Кортикостероидтар//

Цитостатиктер//

Гипотензивті

***

24 жасар науқас басының ауруы шөлдеу, жүрек құсу айну, мұрнынан қан кету, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мазалайды. 10 жыл көлемінде ауырады стационарда бірінеші рет ем қабылдаған. Объективті: бозғылт терісінде қасыған іздер, бел аймағының ұрғылау симптомы екі жақта да оң мәнді. АҚ – 180/110 мм. сын. бағ. ЖЖЖ – 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мың, ЭТЖ – 35 мм/сағ., мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л, билирубин 22 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005 г/л, ақуыз-4,5 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алағында, лейкоциттер – 8-12 көру алаңында. Осы асқынған жағдайда қандай терапия жүргізу керек?//

Цитостатиктер+антибиотиктер+иммуномодуляторлар+антиагреганттар//

Цитостатиктер+стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер+антиагреганттар+антикоагулянттар//

+Цитостатиктер+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар//

Антибиотиктар+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар//

Цитостатиктер+антибиотиктар+антиагреганттар+антикоагулянттар

***

Ig-A-нефропатиясының синонимы болып табылады://

Шенлейн-Геноха ауруы//

+Берже ауруы//

Такаясу ауруы//

Мошковица ауруы//

Рейтер ауруы

***

Созылмалы пиелонефриттің өршуін дәлелдеуде қандай зерттеуді жүргізген барынша жөн, не себепті?//

+Реберг сынамасын, шумақшалар фильтрациясын анықтауға мүмкіндік береді//

Зимницкий сынамасын, зәрдің салыстырмлы тығыздығының тәуліктік өзгеру аралығын көрсетеді//

Зәрдің жалпы анализін, зәрдің физико-химиялық қасиетін, микроскопиялық тұнбасын көруге мүмкіндік береді//

Нечипоренко сынамасын, 1мл зәрдегі формалық элементтерді анықтау үшін

тәуліктік протеинурияны анықтау

***

36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://

Хромоцистография//

Экскреторлы урография//

Бүйректің компьютерлі томографиясы/

Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу//

+Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

***

Науқас К., 44 жаста, созылмалы пиелонефрит, СБЖ II дәрежесі диагнозымен емделуде. Осы науқаста гемодиализ жүргізу неғұрлым тиімді://

Калий 5 ммоль/л көп болғанда//

Натрий 150 ммоль/л көп болғанда//

Мочевина 10 ммоль/л көп болғанда//

Қалдық азот 30 ммоль/л көп болғанда//

+Креатинин 1,2 ммоль/л көп болғанда

***

Бүйрек функциясының жіті жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында неғұрлым тиімді тағайындау://

Жаңа мұздатылған плазма//

Антибиотиктер//

+Диуретиктер//

Тұзды ерітінділер//

Плазма алмастырушылар

***

Науқас 32 жаста, кешкі уақытта мазалайтын қалтырауға, әлсіздікке, тәбеттің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: белден ұрғылау симптомы оң жақта «+». Қанда: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. 1008, лейк. – 8,12 к/а, бактериялар ++. Бүйректі удбтрадыбыстық зерттегенде неғұрлым болуы мүмкін ЕМЕС өзгеріс://

Екі бүйректің әртүрлі кішіреюі//

Тостағаншалар деформациясы//

Түбекшелер деформациясы//

Бүйрек контурының тегіс болмауы//

+Тамыр суретінің деформациясы

***

Науқасқа іш қуысына шолу рентгенографиясын жүргізгенде омыртқалардың көлденең өсіндісінің бойында конкременттер көлеңкесі анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Холецистолитиаз//

Созылмалы кальцификацияланған панкреатит//

+Нефролитиаз//

Мезентериялық лимфа түйіндердің кальцинаттары//

Холедохолитиаз

***

Созылмалы пиелонефрит латентті ағымының белсенділігін зерттеу әдісінің қайсысы анықтайды://

несептің жалпы анализі//

+Нечипоренко сынамасы//

Зимницкий сынамасы//

Тәуліктік протеинурияның анықтау//

Реберг-Тареев сынамасы

***

Науқас В., 75 жаста, госпитальға жатар алдындағы кезеңде бүйрек ұстамасы дамыды. Осы клиникалық жағдайда жедел жәрдем көрсеткен кезде анальгетикалық мақсатпен қандай дәрі дәрмек қолдану ұтымды болады//

ацетаминофен//

ацетилсалицил қышқылы//

+диклофенак//

фентанил//

омнопон

***

22 жастағы науқас терапия бөлімшесіне жатқызылды, диагнозы созылмалы екіншілік пиелонефрит, латенттік ағым, II белсенділік, өршу кезеңінде. Екі жакты нефроптоз. СБЖ 0. 11-12 апталы жүктілік. Пенициллиндік антибиотиктар қатарына дәрілік аллергиясы бар. Бұл клиникалық жағдайда эмпирикалық терапияда қандай антибактериалдық препаратты тағайындау ұтымды болады//

амоксициллин/клавуланат//

гентамицин//

+цефуроксим//

ванкомицин//

ципрофлоксацин

***

Реноваскулярлы гипертензияның ең қолжетімді және сенімді диагностикалық әдісі//

+бүйрек артерияларының селективті ангиографиясы;//

УДЗ;//

бүйрек томографиясы;//

радиоизотопты ренография;//

креатинин бойыншы клиренсті анықтау

***

Науқаста көп уақыт бойы белінің ауруы және лейкоцитурия түрінде патологиялық несеп шөгіндісімен аздаған протеинурияға урография жасады. Қандай тұжырымдама сәйкес келеді//

урограмманың дұрыс нұсқасы//

екі жақты нефроптоз, екі жақты пиелонефрит//

екі жақты пиелонефрит//

+оң жақты нефроптоз, екі жақты пиелонефрит//

сол жақты нефроптоз

***

Әйел 35 жаста,бір сағат көлеміндегі құрысуға, білезік буындарында, білезік-фалангалық және проксималды фалангаралық майда буындарында қысқан кездегі ауру сезіміне, дене қызуының 37,5° дейін кешке қарай жоғарылауына шағымданып келді. Барлық шағымдары баяу, белгісіз себептен алты апта бұрын басталды. ЖҚА: Эр – 3,4, Нб – 115 г/л, Л- 9,9 *109/л, Нф – 82%, Лф – 15%, ЭТЖ 25 мм/ сағ. Осы ауру кезінде қандай иммунологиялық көрсеткіш 95% арнайылылық танытады?//

Ревматоидты фактор//

+Антицитруллинді антиденелер//

Антинуклеарлы антиденелер//

С-реактивті белок//

Рибонуклеопротеинге қарсы антиденелер

***

Созылыңқы ағымдағы отиті бар, субфибрилитетпен 35 жастағы науқаста протеинурия 0,33 г/л, микрогематурия анықталды. ЖҚА өзгеріссіз. Диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдісін жүргізу қажет?//

+АНЦА титрі//

IgA, IgG, IgM деңгейі//

Иммунограмма – CD4, CD8//

ЖҚЖ, инфекцияларға зерттеу//

Айналымдағы иммундыкешендер

***

40 жастағы ер адам. Анасаркаға дейін массивті ісінулер анықталады, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖЗА: протеинурия 4 г/тәу, эр. 2 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

Пиелонефрит//

Нефритикалық синдром//

+Нефротикалық синдром//

Жеклеген зәрлік синдром//

Тез үдемелі гломерулонефрит

***

55 жастағы науқас жедел нефритикалық синдроммен және БЖЖ-мен стационарға түсті. Анамнезінде: бронх демікпесі 30 жылдан артық. Лабораторлы: гиперэозинофилия, п-АНЦА +, зәр тұнбасының микроскопия эритроцитарлы цилиндрлер. Болжам диагноз://

ГУС//

Өкпелік жүрек//

Гудпасчер синдромы//

+Чардж-Строусс синдромы//

Түйінді полиангиит

***

30 жастағы әйел адам, суықтанғаннан кейін әлсіз ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Анализдерінде: ЭТЖ 55 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л. Зәрде: протеинурия 1.5 г/л, макрогематурия. ШФЖ 47 мл/мин. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Пиелонефрит//

+Нефритикалық синдром//

Нефротикалық синдром//

Жекелеген зәрлік синдром//

Тез үдемелі гломерулонефрит

***

24 жастағы науқас С., басының ауыруы, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, мұрыннан қан кетулер, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы мазалайды. 10 жыл бойы ауырады. Объективті: бозғылт, теріде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта оң. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ – минутына 100 рет. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 көру аймағында, эритроциттер – 20-25 көру аймағында. Науқаста дамыған неғұрлым мүмкін асқыну://

+Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//

Жедел бүйрек жетіспеушілігі//

ДВС-синдром//

Бауыр жетіспеушілігі//

Гипертониялық криз

***

24 жастағы науқас қызды беті мен аяқтарының ісінуі, бел тұсы мен ұсақ буындарының ауырсынуы, лихорадка мазалайды.Теңізде демалғаннан кейін ауырған, бет ұштары мен мұрын үсті қызарған, қызба, буындық синдром пайда болған. Қанда: Нв-81 г/л, эритроциттер-2,8 млн., лейкоциттер-3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер-8, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер -10 көру аймағында, эритроциттер – 20 – 25 көру аймағында, гиалиндік цилиндрлер-10 дейін көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау://

+Глюкокортикоидтар//

Диуретиктер//

Уросептиктер//

Метаболиктер//

Антибиотиктер

***

30 жастағы науқас айқын ісінуге, тәулігіне зәр бөлінуінің 300 мл-ге дейін төмендеуіне, басының ауырсынуына, жүрек айнуына, күрт әлсіздікке, терісінің қышынуына, көзінің көруінің күрт төмендеуіне шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖЖЖ- 125 рет/мин. Қанда: мочевина–35 ммоль/л, креатинин – 1450 мкмоль/л, калий – 9,0 ммоль/л. Зәрде: салыстырмалы тығыздығы -1005, белок – 10,0 г/л, лейкоциттер – 1-2 көру аймағында, эритроциттер –1-2 көру аймағында. Емдеу тактикасын таңдаңыз://

+Гемодиализ жүргізу//

Плазмоферез тағайындау//

Антибиотик тағайындау//

Антикоагулянт енгізу//

Перитонеальді диализ жүргізу

***

Нефрологқа ісінулері бар, 31 жастағы ер адам қаралды. АҚ-180/100 мм с.б., сарысу креатинині – 300мкмоль/л. Бұрын әлсіздікке шағымданған. Артериялық қан қысымын өлшемеген, зәр анализдері бірінші рет зерттелді. Тұқым қуалаушылық – әкесінде АГ. Протеинурия анықталды - 0,9 г/тәу, эритроциттер, лейкоциттер – бірен-саран.. Диурез – 600 мл/тәу. СБЖ-н ЖБЖ-нен ажырату диагностикасын жасау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?//

Диурезді өлшеу//

Ісіктерді анықтау//

Толық биохимиялық зертеу//

Иммунологиялық зерттеулер//

+Бүйрек УДЗ

***

Науқас 25 жаста, жүктілік 32 апта. Оң жақ бел аймағында кенеттен ауру сезімі, зәрінде ал қызыл қанмен аралас. Госпитализацияға дейін 3 күн бұрын дене қызуының 37оС дейін жоғарылауы, бел аймағында қатты ауру сезімі, зәрінің қан аралас болуымен басталған. Спазмолитик қабылдағаннан жағдайы жақсармаған. Зерттегенде – АҚҚ-150/100 мм с.б, ЖСЖ-86 ′. Анализдерінде:, ЖҚА: Нв-136г/л, тромб-225мың, лейк-8мың, креат-620 мкмоль/л, мочев-35ммоль/л, К-6,5ммоль/л СРБ-15 мг/дл. ЖЗА: Ле –6-8, эритроцит – көп. Бүйрек УДЗ: оң бүйрегі ұлғайған және оң бүйректің астаушасы 6см ге дейін ұлғайған. Төменде көрсетілген жағдайдың қайсысы ЕҢ ДҰРЫС болып табылады?//

+БЖЗ, постренальді//

БЖЗ, ренальді//

БСЖ//

БСА//

тБСЖ

***

30 жастағы науқас, БСА 5 сатысы, полиурия, никтурия. Аз белокты емдәм қабылдайды. ААФи - фозикард 10 мг қабылдайды, АҚҚ 160/105мм с.б. Көзге көрінетін ісінулері жоқ. Артериялық гипертониямен күресуде қандай тактика барынша тиімді?//

Гемодиализ//

Перитонеальді диализ//

Гипотиазид қосу//

+АҚҚ және креатинин бақылауымен амлодипин тағайындау//

Коллоидты ерітінділермен инфузия

***

Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта сүйектеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Зәрінде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ- 45мл/мин. Қанда: кальций мен фосфор деңгейі қалыпты ал ПТГ жоғары (200 пг/л). Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау қажет?//

+Кальцитриол//

Фосфор препараттары//

Кальций препараттары//

Поливитаминдер//

Бифосфанаттар

***

40 жастағы науқас әйел, БСА 5 сатысы. Науқаста полиурия, АҚҚ180/100 мм.с.б., көзге көрінетін ісінулер жоқ. Биохимиялық қан анализінде: креатинин 540 мкмоль/л, К, Na көрсеткіштері қалыпты. ЖЗА: белок – 1,5 г/с. Диуретиктер және нормодипин қабылдау фонында АҚҚ 120/75мм с.б. дейін түсті. Аз белокты емдәмде. БАТ- на дайындау кезеңінде қандай ем тағайындаған дұрыс?//

Тек аз белокты ем дәм//

Диуретикалық ем//

Гемодиализ//

+АҚҚ және креатинин бақылай отырып, эритропоэтин және ААФ тежегіштері//

Коллоидты ертінділермен инфузия

***

Бүйрек трансплантациясы жасалған науқасқа антигипертензивті мақсатта ангиотензин айналдырушы ферменттің тежегіші тағайындалған. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайған. Трансплантат БЖЗ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?//

Инфекция//

Диетаның бұзылуы//

Жедел ажырау кризі//

+Трансплантаттың бүйректік артериясының тарылуы//

Емге селқос қарау

***

30 жастағы науқас, дене қызуының жоғарлауына байланысты ибуфен қабылдаған. Нәтижесінде бел аймағында ауру-сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Объективті: температура 37,6С, әлсіздік. ЖҚА: Нв 100 г/л.. ЭТЖ 22 мм/сағ. Тәуліктік диурез 300 мл. Зәрі күңгірт түсті, салыст. Тығ- 1007, белок 0,6 г/л, глюкоза +++, микроскопия: эпителий жаппай, Л 0-1 к/а, Эр 0-1 к/а, гиалинді цилиндрлер бірен-саран. Қан креатинині – 170 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз?//

Сепсис//

Жедел пиелонефрит//

+Жедел тубуло-интерстициальды нефрит, БЖЗ//

Жедел нефритикалық синдром//

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

***

Соседние файлы в папке Нефрология