Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САМОПОЗНАНИЕ Силлабус.docx
Скачиваний:
114
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
130.02 Кб
Скачать

2.3.Семинарлық сабақтар жоспары.

Семинар сабақтарын орындау үшін арналған тақырыптар бойынша әдістемелік нұсқаулар

Сұрақтарға жауап беру кезінде қиындық туған жағдайда негізгі әдебиеттер тізіміндегі әдебиеттерді қолданыңыздар.

Тапсырманы орындау барысында әлеуметтік педагогтың атқаратын негізгі қызметтік міндеттерін толық ашып көрсету керек. Е.А.Бөкетов атындағы әлеуметтік педагогикалық факультетінің оқу абономентінен аласыз 9 корпус (1 этаж).

Өзін-өзі тану бойынша психологиялық терминдік сөздік құрастырыңыз, онда жаға терминдік ұғымдар мен олардың анықтамасын толықтырасыз. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).

Сонымен қатар кәсіби портфолио дайындау қажет, онда практикалық материалдарыңыз жинақталады: анкеталар, тестер, сауалнамалар, рефераттар, баяндамалар жіне т.б. Сіздің оқу барысындағы жетістіктеріңіз 7-8 беттерде көрсетілген баллдық жүйе бойынша бағаланады7

Еске сақтаңыз түсiнiктеме- бұл кiтап, мақаланың қысқаша мазмұндамасы. Түсiнiктеменiң құрастыруы бойынша келесi жаднаманы қолданыңыз: мақсаттық тағайындауды оқырман тағайындауы, түрлері мен тағы басқа ерекшелiктерi, түсiнiктеме құжаттың қысқаша мiнездемесi болып табылады (кітаптың мақаланың) мазмұндық түрғыдан алғанда,

Семинар тақырыбы №1: Өзін-өзі тану сатылары. Өзін-өзі тану мәні.

Жоспар:

1. Курсқа кіріспе. Курс пәні мен міндеттері. Курстың негізгі ұғымдары.

2. Қажеттіліктер мен тұлғаның өзін-өзі дамытуы.

3. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзегесыру түрлері.

4. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы жағдайы мен құралдары.

5. Болашақ оқытушының кәсіби өсуіндегі өзін-өзі дамытудың мәні.

Сұрақтар

  1. «Өзін-өзі тану және тұлғаның өзін-өзі дамыту негізі» курсы пәні мен міндеттерін ашыңыз

  2. Курстың негізгі ұғымдарының анықтамасын беріңіздер: таным, өзін-өзі тану, даму, өзін-өзі дамыту,жүзеге асыру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзектілеу, өзін-өзі өзектілеу..

  3. Қажеттіліктер деген не және олардың тұлғаның өзін-өзі дамытуымен байланысы?

  4. Тұлғаның өзін өзі дамыту түрлері мен тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру жағдайы.

  5. Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру құралдары мен жағдайын ата. Олардың мазмұнын аш.

  6. Болашақ оқытушының кәсіби өсуіндегі өзін-өзі дамытудың мәнін ауызша сипатта. .

Тапсырма

  1. Семинар сағатына: психологиялық терминдер сөздігін құр (курстың негізгі ұғымдары).

  2. А. Маслоу«Қажеттіліктер пирамидасы». сехамасын құру.

  3. Орлов А.Б. Тұлға және адамның мәні; адамның сыртқы және ішкі // Вопросы психологии. – 1995. - №2 мақаласына конспект жазу.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3,4,6,9,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 20, 22, 23, 37,38,39.

Семинар тақырыбы №2: Менің ішкі әлемім. Өзін-өзі тану адамның өзіндік санасының құрылымдық компоненті ретінде.

Жоспар:

1.Сана және өзіндік сана.

2. Өзіндік санса құрылымы.

3. «Мен»- концепциясына ғалымдардың әртүрлі көзқарастары.

Сұрақтар

  1. Сана дегеніміз не? Ол қалай сипатталады?

  2. А.Г.Спиркинаның анықтамасын беріңіз.

  3. Өзіндік сананың анықтамасы. Сана мен сана сезім бір біріне қандай қатынаста болады? Сана сезімнің түрлерін ата.

  4. Өзіңдегі «МЕН»-нің көптүрлілігін дәлелде.

  5. Сана сезiмнiң құрылымы қандай?

  6. МЕН концепциясысы деп аталатын психологиялық құрылым қашан пайда болады?

  7. «Сана» және «өзіндік сана» ұғымдары қалай ұштасады ?

  8. В.В.Столин бойынша адамның өзіндік сана деңгейлерін анықтаңдар.

  9. Адамның «МЕН» тұжырымдамасын ашып көрсететін психологиялық ерекшелктер қандай?

Тапсырма

1.Өзіндк сананың психологиялық және философиялық концециялар оқып танысыңдар (Гегель, И.М.Сеченов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.Г.Спиркин, В.В.Столин, П.Р.Чамата, И.С.Кон, И.И.Чеснокова).

2. Сана мен өзіндік сананың құрылымдық элементі ретіндегі өзін-өзі тануды бейнелейтін схема құрыңдар.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11, 12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 22,23,31,33,36,37,40,41,42.

Семинар тақырыбы № 3: Мен және өзгелер. Өзін-өзі тану процесс ретінде: мақсаты, себептері, әдістері, нәтижелері.

Жоспар:

  1. Өзін-өзі танудың процесс ретінде мінездемесі.

  2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен себептерi.

  3. Өзін-өзі танудың әдiстері мен құралдары

Сұрақтар

1. Өзін-өзі танудың процесс ретіндегі мінездемесін бер.

2. Өзін-өзі танудың процесс ретіндегі заңдылықтарын атай аласыз?

3. Қандай қажеттiктер өзін-өзі тануға талпыныстар туындатады?

4. Мақсат пен себеп деген не?

5. Мақсаттардың қандай түрлері бар?

6. Өзін-өзі танумен байланысты себепрердің екі тобын атаңдар?

7. Өзін-өзі тану әдістерін ашып көрсетіңдер.

8. Өзін-өзі тану құралдарына не жатады?

9. Өзін-өзі тану нәтижелері қандай? Олар қалай көрінеді?

Тапсырма

  1. Өзін-өзі танудың процесс ретінде мінездемесін беру үшін өз өмірлік тәжірибеңізден мысалдар келтір.

  2. Жалған мақсат бейнесіне мысал келтір.

  3. Өзіңнің МЕН тұжырымдамаңызды схемасын сызып көрсет.

Негізгі әдебиеттер: 2, 8, 9, 12,13, 15,16.

Қосымша әдебиеттер: 20, 23, 33,36,37,39.

Семинар тақырыбы №4: Менің жақын шеңберім. Теңестіру және рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде.

Жоспар:

1.Теңестіру.

2. Рефлексия.

3. Өзін-өзі тану кедергілері.

Сұрақтар

1. Бiрнеше мағынадағы «теңестiру» ұғымына анықтама берiңiз.

2. Адам өміріндегі рольдік теңетіру қалай өзгеріп отырады?

3. Рефлексия деген не ?

4.Рефлексияның қандай түрлері бар?

5. Адамның өзін-өзі тану жолындағы кедергілерді атаңдар.

Тапсырма

1. Өзін-өзі тану, тұлғаның теңестіру және рефлесия мәселелеріне арналған 5-6 мақаланы таңдап ал, оларға аннотациялар құр.

2. Осы басылымдарға қысқаша шолу жаса.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6, 7, 8-16.

Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41,43.

Әдістемелік нұсқаулар

5-6 мақала таңдауы үшiн (1тапсырма) философиялық, психологиялық және педагогикалық мерзімді басылымдарға талдау жасау керек.

Семинар тақырыбы №5: Мен және қоғам. «МЕН» және жеке тұлғаның өмірлік сценарилары, өмірлік мағыналары.

Жоспар:

1. Жеке тұлғаның өмір сүру сценарилары. Өмір сүру сценариларының түрлері.

2.Өмірлік ұстаным. «МЕН» және мені қоршаған айнала. «МЕН» және жағдай.

3.Тұлғаның дамуын зертеудің қазіргі теориялар мен әдістер.

Сұрақтар

  1. Жеке тұлғаның өмір сүру сценарилары ұғымы деген не?

  2. Өмір сүру сценариларының түрлері ата.

  3. Мына жүйедегі өмірлік ұстанымыңыз қандай: «МЕН» және мені қоршаған айнала?

  4. Мына жүйедегі өмірлік ұстанымыңыз «МЕН» және жағдай.

  5. Тұлғаның дамуын зертеудің қазіргі теориялар мен әдістерді ашып көрсет (психоаналитикалық, құлықтық, адамгершілік, жүйелік, когнитивтік, іс-әрекеттік және т.б.).

Тапсырма

  1. Кітаптағы, кинофильмдегі кейіпкерлердің, туысқандарыңыздың, достарыңыздың өмір сүру сценариларын талдап көріңіздер.

  2. «Менің өмірлік ұстанымым»тақырыбына эссе жазыңыз.

  3. Балалардың, туысқандарыңыздың, достарыңыздың өмірлік ұстанымы анықтауға арналған тест сұрақтарын құрыңдар.

  4. Алдыңғы семинарға ұсынылған жаднаманы еске ала отырып әдебиеттер тізіміндегі оқулықтардың біреуіне қысқаша түсініктеме жаса.

Негізгі әдебиеттер: 1-9, 11,12,13,14,15,16

Қосымша әдебиеттер:17,19,21,22,24,25,26,27,29,30,38.

Әдістемелік нұсқаулар

Тапсырманы орындау барысында танымның эмпирикалық әдісін қолдан: бақылау, сауалнама, әңгімелесу.

Сауалнама барысында өте ұстамды болыңыз..

Семинар тақырыбы №6: Мен және әлем. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту негізінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруі.

Жоспар:

1. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіру.

2.Өзін-өзі жетілдіру-тұлғаның жекелігін дамыту ретінде,оның факторлары,жағдйы мен ұйымдастырылуы.

3.Өмірлік мақсаттар,өмірлік стиль.

Сұрақтар

1. «Өзін-өзі тану» ұғымның анықтамасын берiңiз.

2. Өзін-өзі жетілдіруде қандай екі ұстаным ерекшеленеді?

3. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі неге тәуелді?

4. А.Адлер теориясының мәні «толыққандылық емес комплексінен тұлғалық өсуге»?

5. Өмірлік мақсаттар мен өмірлік стиль дегенді қалай түсінесіз?

Тапсырма

  1. Сөздікке бұрынғы және қазіргі заманғы ұлы адамдардың тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне қатысты 10 афоризмдерін жаз.

  2. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр.

  3. Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз бен өмірлік стильіңіз жөнінде ойланып және дәптерге жаз, курс соңында жазғандарыңызды қайта шолып байқаңыз.

  4. Дж.Темплтонның афоризмі «Өзіңді бақылау табысқа әкеледі». Егер осымен келіссеңіз өмірлік мысалдармен дәлелде.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,9,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 31,32,34, 36,39.

Семинар тақырыбы №7: Оқытушы үлгісі өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі танудың бағыты ретінде.

Жоспар:

1. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі механизмдері ұғымы және оның өзін-өзі дамытудағы ролі..

2. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі түрлері.

3. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі ұстанымдары мен салалары.

4. Сенiмдiлiк және шығармашылық бұл адамның өзін-өзі іске асыруының шарты ретінде.

Сұрақтар

  1. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі деген не?

  2. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі механизмдері және оның өзін-өзі дамытудағы ролін ашып түсіндір.

  3. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі түрлерін сипатта.

  4. Әлеуметтік-жағымды өзін-өзі бекітуі ұстанымдары мен салаларын ата.

  5. Неге сенiмдiлiк пен шығармашылық тұлғаның өзін-өзі іске асыруының шарты ретінде анықталады ?

Тапсырма

  1. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).

  2. «Жетістік сатылары» схемасын құр (шығармашылық тапсырма).

  3. Алдыңғы семинарға ұсынылған жаднаманы еске ала отырып әдебиеттер тізіміндегі оқулықтардың біреуіне қысқаша түсініктеме жаса.

  4. «Өзіме жазылған хат» тапсырмасын орында

Негізгі әдебиеттер: 1,2,6,7,8,9,11,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21,22,24, 28, 30, 34,38,39.

Семинар тақырыбы № 8: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану ерекшелігі.

Жоспар:

1.Когнитивтiк психология және тұлғаны дамытудың когнитивтi теориялары.

2.Когнитивтi қабiлеттiлiктерiнiң тұлғаны дамытудағы рөлі.

3.Тұлғаның когнитивтi қабiлеттiлiктерiн танудың психологиялық құралдары.

4.Өздiгiнен дамудың тәсілдері

Сұрақтар

  1. Қандай тұлғаны дамытудың когнитивтi теорияларын атай аласыңдар?

  2. Когнитивтi қабiлеттiлiктерi тұлғаны дамытуда қандай рөль атқарады.?

  3. Тұлғаның когнитивтi қабiлеттiлiктерiн танудың психологиялық құралдарын ата.

  4. Қабілеттердің, қабылдаудың, тілдің, қиялдың,ойлаудың,естің өздігінен дамыыту тәсілдерін ашып көрсет.

Тапсырма

1. Бiрнеше когнитивтi теорияларды талдау негiзде танымдық процесстiң маңызды белгiлерiн айқындаңыз..

2. Нақты адамның жеке когнитивтi ерекшелiктерiн сипаттаңыз.

3. «Адамның шығармашылық қабiлеттiлiктерi» тақырыбына дәйексөздерді жазыңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.

Семинар тақырыбы №9: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану құралдары,жолдары әдістері.

Жоспар:

1.Адамның потенциалының iске асыруындағы өнерiнiң рөлi.

2.Шығармашылық қабiлеттер ұғымы, олардың компоненттерi.

3.Адамның шығармашылық қабiлеттерін дамыту құралдары, тәсілдер, әдiстер.

Сұрақтар

1. Шығармашылық деген не ме? Ол тұлғамен қалай байланысады?

2. «Шығармашылық потенциал» ұғымына анықтама берiңiз.

3. Шығармашылық потенциал компоненттерiн атаңыз.

4. «Шығармашылық қабiлеттер» ұғымын сипаттаңыз.

5. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiнiң компоненттерiн ашыңыз.

6. Шығармашылық қабiлеттердiң адамның дамуындағы рөл айқындаңыз.

7. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерін дамыту қандай құралдарын, тәсілдерін, әдiстерін атай аласыз?

Тапсырма

1. Сіздің ойыңызша кәсіби маман - әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі қандай шығармашылық қабiлеттердi игеруі керек.

2. Қандайда бір кәсіби маманның шығармашылық шеберханасымен танысыңыз (суретшi, артист, мұғалiм, драматург тағы басқалар)

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.

Семинар тақырыбы №10: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдау қазіргі мұғалімнің міндеті ретінде.

Жоспар:

1.Кәсiби даму және өздiгiнен даму.

2.Кәсiби шеберлік.

3.Кәсiби мәдениет, құзыреттiлiк, қалыптасу.

4. Кәсiби бiлiктiлiктi жоғарылату. Кәсiби дамудағы өздiгінен білім алудың рөлі.

Сұрақтар

1. Психологияда даму қалай түсіндіріледі?

2. «Өзін-өзі дамыту» ұғымының анықтасын берiңiз.

3. «Өзін-өзі бекiтуi, өзін-өзі жетiлдiру және өзін-өзі өзектілендіру» ұғымдарының мағынасын түсiндiрiңiз.

4. Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің кәсiби шеберлігі неде?

Тапсырма

  1. Сіздің ойыңызша кәсіби маман - әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі қандай тұлғалық қасиеттердi иеленуі керек

  2. Әлеуметтік педагогтың әлеуметтiк рөлдерiн талдаңыз.

Негізгі әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 34,41,42.

Семинар тақырыбы №11: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдауға мұғалімнің дайындығы

Жоспар:

  1. Кәсiби мәдениет, құзыреттiлiк, қалыптасу.

  2. Кәсiби бiлiктiлiктi жоғарылату. Кәсiби дамудағы өздiгінен білім алудың рөлі.

Сұрақтар

  1. Әлеуметтік педагог мамандығында «МЕН-үлгі» тұжырымдасы қалай айқындалады?

  2. «Кәсiби мәдениет», «кәсiби құзыреттiлiк» ұғымдарына анықтама берiңiз.

  3. Әлеуметтік педагог қандай қызмет атқарады?

  4. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетiлдiру қалай жүзеге асырылады?

Тапсырма

1. Тақырыптың негізгі ұғымдарын қолданып сөзжұмбақ құрастыр.

2. В педагогической периодике найдите статью о самопознании и составьте на нее аннотацию.

Негізгі әдебиеттер: 11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 32,41,42.

    1. Лабороториялық сабақтары жоспары – оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.